Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қар. тәу бас. Құралай.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
721.41 Кб
Скачать

Қосымша ақпарат көздері

Жүгерінің қоры мен сұраныс бойынша ең жақсы ақпарат көзі- бұл АҚШ ауыл шаруашылығы Министрлігі (USDA).

Тоқсан сайын шығатын «Дәнді-дақылдар қоры»/ Grain Stocks есебіндеішкі және сыртқы шаруашылықты қоймалардағы жүгерінің қоры туралы, сонымен қатар, аталған қоймалардың сыйымдылығы туралы мәліметтер жарияланады. Қаңтар айының екінші аптасында шығатын жыл сайынғы мәліметтерде егіс алқабы, өнім мен жүгерінің АҚШ өндірушілері туралы ақпарат жарияланады. Ай сайын шығатын және электронды нұсқасы бар «Мал азығы бойынша болжамда»/ Feed Outlook жүгерінің ағымдағы қоры мен тұтынылуының болжамы талқыланады.

Жүгеріге деген сұраныс туралы ақпаратты USDA «Өгізшелер мен шошқалар»/ Hogs and Pigs, «Малды бордақылау»/ Cattle on Feed, сондай-ақ, «Үй малдары мен ет дайындау жағдайлары»/ Livestock and Situation есептерінен де білуге болады, онда жүгеріні қандай малдың тұтынатыны туралы деректер беріледі. Miller Publishing Company шығаратын, агробизнестің «Мал азығы өнімдері»/ Feedstuffs апталығында еркін сұранысқа әсер етуші факторлар туралы ағымдағы ақпаратты білуге болады.

* Жүгері белдігі – АҚШ Ортаңғы батысының батыс бөлігі, Огайодан Канзас және Небраскаға дейін, топырақ қабаты мен климат жүгері өсіру мен мал шаруашылығы үшін ыңғайлы.

Тауар: Бидай

Жеткізу айлары: наурыз, мамыр, шілде,

Қыркүйек, желтоқсан

1 бушель үшін доллармен және

центпен есептелетін құны Биржа: СВОТ

Ең төменгі тик: центтің ¼ =$12.50 Келісім-шарт көлемі: 5,000 бушель

Жеткізу айлары: наурыз, мамыр, шілде,

Қыркүйек, желтоқсан

1 бушель үшін доллармен және

центпен есептелетін құны Биржа: КСВТ

Ең төменгі тик: центтің ¼ =$12.50 Келісім-шарт көлемі: 5,000 бушель

Жеткізу айлары: наурыз, мамыр, шілде,

Қыркүйек, желтоқсан

1 бушель үшін доллармен және

центпен есептелетін құны Биржа: MGE

Ең төменгі тик: центтің ¼ =$12.50 Келісім-шарт көлемі: 5,000 бушель

Бидай өндірісі бойынша тарихи тұрғыдан маңызы бар әлемдік аумақтар бұрынғы КСРО республикалары болатын. Екінші орында АҚШ, оның соңынан біраз артта қалып, Қытай, Үндістан, Канада, және Франция алуда. АҚШ-та бидай өндірісі Ұлы жазықта* шоғырланған. Штаттардың арасында ірі өндірушілер – Канзас, Оклахома, Небраска және Колорадо штаттары болып табылады.

Өндірілетін бидайдың көбі жаздық болып келеді: ол күзде себіліп, өнімді маусымда және шілде айларында жинайды. Көктемде себіліп, күзде жиналатын бидайды, күздік деп атайды.

Бидайға деген үш бірдей белсенді фьючерсті келісім-шарт бар. Солардың ішінде ең өтімдісі Чикаго сауда палатасының алаңы; оның негізінде- жаздық, жұмсақ қызғылт бидай, оны крекерлер, печенье, пирогтар мен ұн тағамдарын әзірлеу үшін пайдаланады. Белсенділігі жағынан екінші орындағы фьючерсті келісім-шарт Канзасс биржасында саудаланады. Ол жаздық, қызғылт қатты сұрыпты бидайдың жеткізілуіне бағытталған; бұл америкалық бидай экспортының негізін құрайды. Миннеаполистің биржасында саудаланатын қатаң сұрыпты, күздік қызғылт бидайдың дәндерінде ақуыздың мөлшері көп, және бидайдың жұмсақ, ақуызы аз болатын сұрыптарымен араластырады. Өсіру кезеңдерінің және тұтынудың сәйкес келмеуіне қарамастан, үш бірдей нарықтағы бидай құнының айырмасы оншалықты көп емес.

Елден шығарылмайтын бидайдың барлығы дерлік азық-түлік өнімдерін әзірлеу өндірісіне жіберіледі. 100 фунт ұн дайындау үшін бидайдың 21/2 бушелі қажет болады. Алайда, кей жағдайларда, бидай мен жүгерінің бағасы салыстырылғанда, бидай үй малдары мен үй құстарының азығы ретінде де қолданыла алады.

Бидай бағасының қалыптасуына экспорт маңызды рөл атқармақ. Құрама Штаттар - әлемдегі ең ірі экспортер, ол ел сыртына бидайдың жылдық өнімінің жартысын шығарады. Әлемдегі басты бидай экспортерлері –

_________________________________________________________

* Ұлы жазық – теңіз деңгейінен 700-800 м жоғары тұрған тау бөктерінің үстірті, Жартасты таулардың шығыс баурайлары бойымен 3000 км дейін созылып жатыр. Ұлы жазық -500-800 км құрайды. Ұлы жазықтың негізгі учаскелері солтүстіктен оңтүстікке қарай – Миссури үстірті, орталық Ұлы жазық, Льяно-Эсткадо үстірті және Эдвардс құрайды. Климаты-континенталды, өсімдік қабаты – жазық далаға тән. Үстіртің оңтүстігінде құрғақ дала орналасқан. Аумақта бидай өндірісі мен мал жайылымы дамыған. Жазықты Ұлы астық сарайы деп те атайды.

Бразилия, Қытай, Жапония, Корея мен Нидерланды. Басқа елдердегі бидай өндірісінің деңгейі де АҚШ бидай бағасына өз әсерін тигізбей қалмайды. Оңтүстің жартылай шеңберде өсірілетін бидайы әлемдік нарыққа АҚШ бидайына қарағанда, жарты жылдан кейін ғана түседі.