Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қар. тәу бас. Құралай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
721.41 Кб
Скачать

Қазақстан қор биржасы

1993 жылы 13 қарашада Қазақстанда ең алғашқы заң жүзінде , өзін-өзі реттеуші ұйым- Қазақстан қор биржасы құрылды. Ол бағалы қағаздар нарығын бақылау мен қатар оған қатысушылардың іс-әрекеттерін реттеутін біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалайды.Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның директорлар кеңесінің қаулысымен құрылған - Активтерді басқарушылар Ассоциациясы. Оның атқаратын міндеттері:

  • Зейнетақы активтерін басқару компанияның тиімді қызмет етуі үшін жағдай жасау;

  • Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсету нарығында еркін бәсекелестікті дамыту;

  • Кәсіпкерлік әдептілікті сақтау және қызмет көрсету стандарттарын дайындау;

  • Ассоциация мүшелеріні заңды мүдделерін қорғау іс-шараларын қамтамасыз ету;

Ассоциацияның ұйымдық-басқару құрылымы мыналар:

  • Мүшелерінің жылдық жиналысы;

  • Директорлар кеңесі;

  • Басқарма:

  • Тексеру комиссиясы;

  • Тұрақты қызмет көрсететін (заңнамалар бойынша, қызмет істеушілер бойынша, есептеу және есеп беру бойынша) комитеттер ;

Ассоциация өз мүшелерінің тізімін жүргізеді. Тиімді әрбір ассоциация мүшесінің фирмалық атауы жөнінде ақпарат және мекен-жайы, оның ассоциациядағы өкілі туралы және қызмет істеушілердің мамандығы туралы мағлұматтар, ның ассо

Фьючерстік нарық және фьючерстік келісімшарт түсінігі

Фьючерстік нарық дегеніміз фьючерстік келісімшар бойынша биржалық тауарларды биржалық саудада сату формасы. Фьючерстік келісімшар- ол стандартты үлгідегі шарт, онда мәміле жасасқан тараптардың айқындаған бағасымен шартта көрсетілген мерзімде биржалық активті жеткізіп беру көзделеді. Фьючерстік келісімшарта стандартталған негізгі көрсеткіштері мынадай : тауар бағасы, тауар саны немесе көлемі, тауар партиясының мөлшері, төлем формасы, жеткізу мерзімі белгіленеді және де шарт жағдайын бұрмалағаны үшін санкция, арбитраж тәртібі және басқа

лар. Фьючерстік келісімшарта мәміле жасасқан тауар түрі,оның саны немесе көлемі , жеткізіп беру айы, негізгісі сол тауарда көрсетілген баға мен уақытының маңызы зор, өйткені сыртқы нарықта бағалар өзгергенмен келісімшарт бағасы өзгерілмейді.

Фьючерстік келісімшарты форвардтық келісімшартымен салыстыру арқылы түсінуге де болады. Форвардтық келісімшарт деген оның орындалу мерзімі шарт жасасқан кезге сай келмейді және ол уақыт шартта көрсетілетін келісім. Ал фьючерстік келісімшарт – ол биржалық активті болашақта дәл қазір екі жақ айқындаған бағамен сатып алу келісімі. Сондықтан да фьючерстік келісімшартпен форвардтық келісімшарттың біршама айырмашылығы бар:

Біріншіден, фьючерстік келісімшарт тек биржаларда, форвардтық келісімшарт биржадан тыс нарықта жасалады.

Екіншіден, фьючерстік келісімшарт - ол формасы бойынша да мазмұны бойынша да стандартты шарт. Ол жан-жақты стандартталған, тек бағасы сауда барысында белгіленеді. Ал форвардтық келісімшарттың формасы типтік болғанымен, барлық нақты жағдайлары, мысалы, алғашқы активтің саны, оның сапалық сипаттамасы және с.с жағдайлары мәміле жасасқанда екі жақпен ескеріледі.

Үшіншіден, фьючерстік келісімшарт бойынша оның орындалуы мен барлық есеп айырысуына биржа мен Клирингтік палата кепілдік береді,

Төртіншіден, форвардтық шарт алғашқы активті сатып алуға (сатуға

)жасалады. Оны орындамаған жақ ірі айыппұл төлейді.Ал фьючерстік келісімшарттың механизмі бойынша мәмілеге келген екі жақтың мақсаты – алғашқы активті сатып алу-сату емес, сол мәміледен фьючерстік нарықта пайда табу. Ол көбінесе алыпсатарлық шарт.

Бесіншіден, форвардтық шарт қор нарығының кез-келген алғашқы активіне жасалуы мүмкін, ал фьючерстік шартта алғашқы алғашқы акивтер биржаның мамандануына байланысты шектеулі болуы мүмкін.

Қорыта айтқанда, белгілі-бір биржалық активті жеткізіп беру мақсатында жасалған фьючерстік шарт шын мәнінде ол форвардтық шарт. Себебі мәміле бекіту мен орындау аралығындағы уақыт форвардтық шарттың мәні болып есептеледі.

Форвардтық шарт кез келген тауарларға жасалады. Ол кез келген сомаға және кез келген жеткізілім мерзіміне есептелуі мүмкін. Егер сіз келесі жылдың 2 шілдесінде сіздің жол бойындағы элеваторыңызға жеткізу үшін «күміс ханшайымы» сортындағы жүгерінің 1400 бушелін сатып алуға мәміле жасағыңыз келсе, сіз оны форвардтық контракттың көмегімен жасай аласыз. Фьючерстер нарығында сіз оны жасай алмайсыз.

Фьючерстік келісімшарт тауардың белгілі бір сорты немесе түріне, оның мөлшеріне және жеткізілім мерзіміне арналған. Мысалы, Чикаго сауда палатасындағы (СВОТ) жүгеріге фьючерстік келісімшартта №2 сортындағы сары жүгерінің 5000 бушелі қарастырылған. Жеткізілім айлары – наурыз, мамыр, шілде, қыркүйек және желтоқсан. Басқа жеткізілім айлары қарастырылмаған. Сөйтіп барлық фьючерстік келісімшарттар стандартталған. Ол белгілі бір фьючерстік келісімшарттарды өзара ауыспалы ету үшін жасалынған. Тауардың сорты, мөлшері және жеткізілім аулары биржада келісімшарт әзірленуі кезінде келісіледі. Тараптар үшін тек бағасын анықтау қалады.

Тағы бір айырмашылығы мәміле қай жерде жасалынатынымен байланысты. Форвардтық контракт қай жерде болса да жасалына береді. Фьючерстік келісім-шарттар биржаның сауда залының ішінде ғана және оның мүшелерімен ғана сатып алынады және сатылады.

Форвардтық және фьючерстік келісімшарттар арасындағы басқа үш айырмашылық кез келген мәміленің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын ақшамен байланысты. Егер екі тарап форвардтық контракт жасаған болса, кейінге белгіленген мерзімде ақша төлемін қарастыратын мәміле жасалынғанша дейін ақша қолдан колға берілуі қажет емес. Егер де сіз фьючерстік келісім-шарт сатып алған болсаңыз, сіз мәмілеге кепілді маржа салуыңызға тура келеді. Ол бөліп-бөліп төлеу емес, және акция сатып алу кезіндегідей ақша қарыз алу да қажет емес. Ол дегеніміз сенім белдіру депозиті, немесе тауарды алғаннан кейін ол үшін толық төлем жасауға ниетті екендігіңізді білдіретін кепілақы.

Егер сіз фьючерстік келісім-шартты сатып алғаннан кейін қолма-қол бағалар көтерілген болса, сіздің фьючерстік келісім-шартыңыздың бағасы да көтеріледі, себебі бұл екі құбылыс өз-ара байланысқан. Бұл жағдайда сіз өзіңіздің фьючерстік келісім-шартыңыз бойынша орындалмаған табыс* аласыз. Фьючерстік позицияны жаппай тұрып, сіз осы табысты қолма-қол немесе қолма-қол емес ақша түрінде бекітіп, өз қалауыңыз бойынша пайдалан аласыз. Форвардтық контракттермен ондай қарастырылмайды.

Сіз өз брокеріңізге сіз үшін жасалған фьючерстік мәміле үшін делдалдық ақы төлеуіңіз керек. Форвардтық контракттерде ондай да қарастырылмаған. Фьючерстік келісімшарттың маңызды қасиеттерінің бірі – одан шығу мүмкіндігі болып табылады. Егер сіз форвадтық контракт жасап, кейін ойыннан шыққыңыз келсе, екінші тарап оған өз келісімін беруі керек. Егер екінші тарап оған келісім беруден бас тартса, мәміле тұйыққа тіреледі. Егер де сіз фьючерстік келісім-шарт сатып алып, кейін ол сізге керек емес деп шешсеңіз, фьючерсіңізді сатып, өз позицияңызды жабуыңызға болады. (Осыдан фьючерстік келісім-шарттардың өз-ара ауыспалылығы неліктен маңызды екенін түсінуге болады.)

Фьючерстер сізге тікелей әсер етпеуі мүмкін басқа да кең көлемді экономикалық пайдалар әкеледі. Олармен сауда-саттықтар белсенді түрде жүргізілетіндіктен, фьючерстік нарықтар белгілі бір тауарға ағымдағы бағаны үнемі “ашып отырады”. Ол бағалар санаулы секундттар ішінде бүкіл әлемді шарлайды. Егер сіз фьючерстік мәміле жасағыңыз келсе, сізге сатушыны немесе сатып алушыны іздеудің керегі жоқ. Сатушылар және сатып алушылар (немесе олардың өкілдері) вирталды түрде жақын жерде бар және биржаның сауда залында сіздің ұсыныстарыңызды күтіп отырады. Бар мәселе тек бағаға тіреледі. Фьючерстік нарықтардың көбісі нақты қолма-қол тауарлардың баламалы жеткізілімін ұсына отырып, өз тауарларын қалыпты жеткізілім арналары бойынша қандай да бір себептермен жеткізе алмайтын өндірушілерді сақтандырады.