Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қар. тәу бас. Құралай.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
721.41 Кб
Скачать

Қосымша ақпарат көздері

Соя дақылдарының дамуы мен пісіп-жетілуі мықтап назарда ұсталады. USDA наурыз айының соңында шығаратын «Егіс болжамдарында» / Prospective Plantings, сояның болашақтағы өнімінің бағасы мен болжамы беріледі. Шілдеде егіс алқаптары туралы нақты мәліметтер жарияланып, тамыз бен қараша айларында – өнімнің ай сайынғы бағасы беріледі. Қоры туралы мәліметтер қаңтарда, наурызда, маусымда және желтоқсанда жарияланады.

Шет елдік ауыл шаруашылығы қызметінің апталық есептерінде соя бұршақтарына жасалған мәмілелер мен экспорттық міндеттемелер туралы ақпараттар жарияланады. «Май өнімдері бойынша болжамдар»/ Oil Crops Outlook және «Май өнімдері бойынша жылдық есепте» / Oil Crops Yearbook бүкіл соялық кешенге деген сұраныс пен ұсынысты бағалаудың болашағы мен статистикасы беріледі.

Май айыру, қоры мен сояның шығыны туралы ақпаратпен АҚШ статистика Бюросы қамтамасыз етеді. Сояны өңдеудің Ұлттық ассоциациясы (The National Oilseed Association, 300 L Street NW, Washington, ) DC 20005, телефон: 1-202-842-0463) соя бұршақтарын сату-сатып алуға қатысты сауда ережелерін қамтитын жылдық баспалар және апталық және айлық статистикалық есептер жариялайды. Осы материалдардың құны мен бар-жоғы туралы ақпаратты аталған ассоцияцияға тікелей байланысу арқылы алуға болады.

Тауар: Соя ұны

Жеткізу айлары: қаңтар, наурыз, мамыр,

шілде, тамыз, қыркүйек,қазан, желтоқсан

1тонна үшін

центпен есептелетін құны Биржа: СВОТ

Ең төменгі тик: 10 цент=$10.00 Келісім-шарт көлемі: 100 тонна

Соя майын және ұнын алу үшін соя бұршақтарын үгітіп, жаншиды. Соя ұны құнарлылығы жоғары азық болып саналады: сонымен қатар, оның бағасы да өзгеріп тұрады, өйткені, ұн ұзақ уақыт бойына сақтауға жарамсыз.

Соя ұны ақуыздарға бай (40-45%) және шошқа, ірі қара мен үй құстарына арналған сапасы жоғары азық болып саналады. Бұл елде соя ұны 100 өңдеуші зауыттарда өндіріледі. Соя ұнының жалпы көлемінің төрттен үш бөлігі ел ішінде тұтынылады, ал қалған бөлігі – шет елдерге экспортталады, ең алдымен Батыс Еуропаға, Канада мен Жапонияға. Әлемдік нарықта соя ұнының басты бәсекелестері балық және жер жаңғағынан жасалатын ұн. Балықтан жасалатын ұн негізінен Перуден келеді, ал жер жаңғағынан жасалатын ұн – Үндістаннан келеді.

Ұнның бағасы мерзіміне қарай өзгеріп тұрады: күзде бағасы құлдырап, қыс кезінде, сұраныс артқанда, шарықтап кетеді.

Соя ұны бойынша ұсыныстар жаншылатын бұршақ көлемімен анықталады, бұл өз кезегінде процестің ұтымдылығына байланысты болмақ. Егер бұршақтар салыстырмалы түрде арзан болса, өңдеушілер өз жұмыстарын жалғастырады, ал ұнның бағасы төмендей береді.

Соя ұнына деген сұраныс бәсекелес тауардың болуынан және бағасына, қордағы деңгейіне, шығындалу қарқынына, және ең бастысы, ақуызды азықтарды қажет ететін, үй малдарының көп болуына байланысты болмақ.

Қосымша ақпарат көздері

Соя ұнын жеткізу көп жағдайда соя бұршақтарын жеткізуге байланыысты болмақ. Қосымша ақпаратқа келсек- соя бұршақтарына арналған тарауды қараңыз.