- •Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері
- •1.4.Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері
- •Қазақстан қор биржасы
- •Қазіргі фьючерстік нарықтар
- •Ірі қара мал; 40 000 фунт; фунтына центпен
- •Қазынашылық облигациялар (свот); 100,000 доллар; пункттерде және 100%-дың 32 үлесінде
- •Спекулянт.
- •Қысқа мерзімді хедж
- •Ұзын хедж
- •Маржалық сауда
- •Кредиттік оралым
- •Нарық бойынша күн сайынғы қайта бағалау
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Шартты бұйрықтар
- •Фундаментальді талдау
- •Фундаментальдік факторлар
- •Сұраныс және ұсыныс
- •Бағалық тренд
- •Сауда көлемі және ашық мүдде
- •Қаржылық фьючерстер
- •Өндірістік құралдар
- •Капиталды алыпсатармен басқару
- •Тәуекелді барынша құру
- •Энерго тасымалдаушылар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тамақ өнімдері және талшықтар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Дәнді дақылдар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Индекстер
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру
Тамақ өнімдері және талшықтар
Бұл категорияға какао, кофе, қант, мақта және апельсин шырыны кіреді. Осы тауарларға фьючерсті келісім-шарт Нью-Йорк сауда палатасының (NYBT) барлық алаңдары саудаланады.
_____________________________________________________
* Henry Hub- АҚШ-ғы табиғи газдың спотты және фьючерсті саудасының орталығы. Henry Hub- Эрат қ. Маңында орналасқан газ айдаушы стансаның атауы. Henry аталатын зауыт Sabine Pipeline компаниясына тиесілі (ChevronTexaco) бөлімшесі, 13 құбырдың түйісетін жер, ол АҚШ оңтүстік және орталық аумақтарын газбен қамтамасыз етеді. Henry Hub стансасы АҚШ-ғы табиғи газды спотты және фьючерсті саудалайтын ірі орталық болып саналады. Іс жүзінде Henry Hub- әлемдегі маңызы жоғары газды орындардың бірі. Henry Hub индексі бойынша Нью-Йорк тауар-шикізатты биржасы салыстырылады, және болашақта базалық барлық коэффициенттер саналатын, ауқымды индекстердің негізі болып шығуы да мүмкін.
Кестелер жоқ
Қант өндірісі үшін басыңқы шикізат- бұл қант қамысы.
Бразилия, Қытай, Үндістан мен Еуропа Одағы қанттың жетекші өндірушілері болып табылады, олардың үлесіне әлемдік өндірістің 30% келеді. Қанттың басты импорттаушылары – Америка Құрама Штаттары, Жапония, ТМД елдері, Оңтүстік Корея және Еуроодақ елдері. АҚШ-та тұрмыстық қажеттіліктер үшін қант сатып алу барлық тұтынудың 25% құрайды. Қалған бөлігі алкогольсіз сусын, тәттілердің өндірісіне келеді.
Қанттың құнына әсер етуші факторларға – қант қамыстары өсетін аумақтардағы ауа райы, қанттың қоры және бағаны ұстап тұруға бағытталған үкіметтің әрекеті жатады. 1978ж. кейбір жетекші өндіруші елдер қант бойынша Халықаралық келісімге қол қойды (ISA), бұл квота енгізу мен қорды реттеу жолымен бағаны бақылауды жүзеге асырудағы қадамдар болатын. Бұдан мардымды нәтиже шықпады.
Қантқа деген сұраныс жыл сайын артып келеді, ол әлемдегі халықтар санының өсуін және даму жолындағы елдердің өмір сүру деңгейінің жақсарғандығын көрсетеді. Бұл өсу жалғасын таба ма, бұл көп жағдайда алкогольсіз сусындарда және кондитерлік өнімдерде қант ауыстырғышты пайдалану дәрежесіне байланысты болмақ.
NYBT биржасында фьючерсті екі келісім-шарт бағаланады: №11 қантқа- бұл белсенді түрде саудаланатын жалпы әлемдік стандарт және № 14 қант – бағасы реттелетін, жергілікті қант нарығында (АҚШ) базаланады, шет жақтарға өте сирек шығарылады. Өндірілетін қанттың тек 10-15% әлемдік «еркін» нарыққа түседі, сондықтан, қантты жеткізудегі азғантай ғана өзгерістер қантқа деген әлемдік құнға біршама әсерін тигізуі мүмкін.
Қосымша ақпарат көздері
Шет елдік ауыл шаруашылығы қызметі (FAS) жыл сайын шығатын екі журнал шығарады: «Қанттың әлемдік нарықтағы жағдайы»/World Sugar Situation – қанттың әлемдік өндірісіндегі және қантты тұтыну деңгейін және өзгерістерді жариялап тұрады; және « Жекелеген елдердегі ахуал мен болжамдар» / Situation and Outlook in Selected Countries - қантты экспортқа шығаратын және импорттайтын негізгі елдердің барлығын қамтиды.
USDA ай сайын шығатын «Дәнді дақылдардың өндірісі»/Grop Production Reports журналы, оған қант қызылшасы мен қант қурайының өндірісі қамтылған. «Егістің болашағы»/ Prospective Planting наурыз айындағы санында қант қызылшасы бойынша, ал маусым айындағы «Егіс алаңдарында»/ Acreage – қант қурайының есебі жарияланады. Бұл әлем бойынша қант жеткізу туралы дер мерзімінде берілетін ақпарат көздері.
Жеке статистикалық неміс ұйымы – F.O.Lich бар. Тоқсан сайын шығатын «Қант пен оны алмастырғыш туралы халықаралық есепте»/ International Sugar and Sweetener Report қант қоры, қанттың бағасының өзгерісі және әлемдегі қанттың жеткізілуі мен сұранысы туралы деректер жарияланады. Есепті мына мекен-жай бойынша алуға болады: F.O.Lich, 80 Calvery Road, Tunbride Wells, Kent, TN1 2 UN, UK.
