Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қар. тәу бас. Құралай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
721.41 Кб
Скачать

Дәріс кешені

  • Брокерлерделдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасауға арнаулы өкілеттік беріледі. Ол тек өкілеттік шегінде әрекет етуге міндетті.

  • Дилерлерөз капиталын келісім жасайтын делдалдар.

  • Джобберлер – нарық конъюнктурасын бақылаушылар.

баға тәуекелі – қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы рыноктарындағы жағдай өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

валюталық тәуекел – жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі құндылық түріндегі валюталар бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;

елдiң (трансферт) тәуекелi - шет мемлекеттiң немесе шет мемлекет резидентiнiң қаржы тәуекелдерiне қатыссыз себептер жөнiндегі мiндеттемелер бойынша төлем қабiлетсiздiгi немесе жауап беру ниетiнiң болмауы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

кредиттік тәуекел – бағалы қағаз шығару талаптарымен белгіленген мерзімде инвесторға тиесілі негізгі борышты және сыйақыны эмитенттің төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Сондай-ақ кредиттік тәуекелге своптар, опциондар және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуларды реттеу кезеңінде міндеттемелерді әріптестің орындамауына байланысты туындайтын залал тәуекелі кіреді;

өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелi – өз мiндеттемелерiн орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздар өтімділігін жоғалту тәуекелі активтер сияқты олардың тез сатылу қабілеттілігімен, төмен шығасылармен және қолайлы бағалар бойынша айқындалады;

пайыздық тәуекел - сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруi салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi, оның iшiнде:

    • орналастырған активтер мен тартылған мiндеттемелердi (белгiленген сыйақы ставкалары кезiнде) қайтару және өтеу мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуiнен шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

    • өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаттамасы бар құралдардың бiрқатары бойынша алынатын және төленетiн сыйақыны есептеу және түзетудiң түрлi әдiстерiн қолдануға байланысты негiзгi тәуекел;

рыноктық тәуекел – қаржы рыноктарының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Рыноктық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері рыноктық тәуекелдің көздері болып табылады;

тәуекелдердi басқару жүйесi - бұл процеске төрт негiзгi элемент кiредi:тәуекелдi бағалау, тәуекелдi өлшеу, тәуекелдi бақылау және тәуекел мониторингi;

бағалы қағаз - мүлiктiк құқықтарды куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы;

бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаз бойынша сұраныстың және (немесе) ұсыныстың жарияланған бағасы;

бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркелген тұлға, сондай-ақ пай инвестициясы қоры;

биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттерiнiң арасында баға белгiлеудi алмастыру жүйесiн пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;

брокер - клиенттiң тапсырмасы бойынша, оның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы;

қаржы агенттiгi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгiлi бiр саласында мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi және осы мақсатпен Қазақстан Республикасының қаржы нарығында және (немесе) халықаралық қаржы нарығында қарыз алуды жүзеге асыратын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;

дилер - ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кiру құқығымен өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы;

инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы әртүрлi қаржы құралдарының не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкiнiң жиынтығы;

Қаржы менеджменті - кәсіпорын мен ұйымдардың ақша қаражат айналымы,қаржы ресурстарының қалыптасуын ,таратуын және пайдалану байланысты принциптер жүйесіне әдіс жасау, және іске асыру,басқару шешімдерін көрсетеді.

Қаржы-ақша қаражатының орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларын құру және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Қаржы резервтері-мемлекет,басқару органдары, бірлестіктер, кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдар болжанбаған шығындар мен арнаулы қажеттерді қамтамасыз ету үшін резервке сақтайтын ақша ресурстары.

Айналмалы капитал-құны түгелдей өндірілген тауарға көшіріліп,ол өткізілгеннен кейін ақша түрінде қайта оралатын өндіргіш капиталдың бір бөлігі.

Мониторинг-аймақтық саясат,межелі деңгейді сақталатын белгіленген мөлшерлерді бақылау.

Үстеме шығындар-өндіріс пен басқаруға шаруашылық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар:өндіріске жұмсалатын негізгі шығындарға қосымша шығындар болып табылады және олармен бірге өнімнің өзіндік құнына қосылады.

Айналым активтері-бірлестіктердің,кәсіпорындардың,ұйымдардың бухгалтерлік баланс активінде көрсетілген, нормаланатын және нормаланбайтын айналым қаражаты.

Делдал-тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасында жүрген тауарлардың айналысына ықпал ететін адам,фирма,ұйым.Заңда сатушылар мен сатып алушылыардың өзара шарт жасасуына және оны орындауына жәрдемдесетін адамдар,фирмалар және ұйымдар.

Кітаптың авторы қаржылық тәуекелді басқару немесе табысты сауда-саттық жүргізу үшін қажетті ақпаратты түсінікті бағытта жеткізеді. Қазақстанда қаржы тәуекелін басқару жолдары және шетел тәжірбиелерін сіздер бағаларға болжам жасауды үйренесіздер, маржиналдық сауданы хеджирлеу принциптерімен және негізгі фьючерстік стратегиялармен танысасыздар. Шетел тәжірбиелерінде шетел валюталарына фьючерстер, қор индекстері мен пайыздық мөлшерлемелер, маңызды биржалық тауарлардың екжей-текжейлі сипаттамалары, капиталды тиімді басқару мәселелері, фьючерстермен сауда-саттық жүргізудің техникалық және іргелі әдістерін қолдану – осының бәрі қамтылған мәселелердің толығымен қаралады.

АЛҒЫ СӨЗ

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық тәуекелді басқару мәселесі кәсіпкерлік үшін ең негізгі элемент болып табылады және сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Тәуекел- менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады.

Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығы кәсіпорын саласы қызметінің сенімділігіне көп байланысты. Кәсіпорын өткізетін операциялар тәуекелділікпен тығыз байланысты жүргізіледі. Тәуекел деп – кәсіпорын қызметінің операциясын өткізу жөніндегі қабылданған шешімі кезіндегі болжанған нәтижелерден теріс жағына ауытқу мүмкіндіктерін түсінеміз. Тәуекел пайданы жоғалтуға, едәуір шығындарға, ресурстық бағалардың қысқаруына, өтімділіктен айырылуына, тіпті қиынырақ жағдайда банкроттыққа алып келуі мүмкін, кәсіпорынға қолайсыз сыртқы және ішкі жағдайлардың әсер етуі мен жиналуының ықтималдығымен көрінеді.

Тәуекелдерді қабылдау – кәсіпорын қызметінің негізі. Қабылдаған шешімдер парасатты, басқаруға келетін және қаржылық мүмкіндіктер мен құзыры шегінде болатын болса ғана кәсіпорын табысқа жетеді. Активтер қаржылардың қандай да болсын сыртқа кетуін, шығыстар мен зияндарды жаба алатындай жеткілікті өтімді болуы керек. Кәсіпорын ісінің негізгі мағынасы мен ролі – салымдарды жию және тартылған қаржының сенімділігін қамтамасыз ету және парасатты саясат арқылы бұл қаржыны епті қолдану болатын болса, қалған барлық қызмет түрлері екінші кезекте болады. Осыған сүйене отырып, кәсіпорындарда әрдайым салымшылардың қаржыларын алғысы келетін тілектерін, займшылардың қажетті деңгейде қолданғысы келетін көкейтесті талаптарын қамтамасыз ететіндей жеткілікті қаржы болуы керек. Сонымен, салымшылар, реттеуші органдарда кәсіпорынға салынған қаржы қажетті ликвидтік деңгейі мен тәуекелді әртараптандыру деңгейінің арқасында сақталынады және қолда болады.

Егер қаржылық тәуекелді басқару туралы және де ол қаржы тәуекелдіктерін қысқартып айтарлықтай табыс алуға қалай көмектесе алатыны жайлы білгіңіз келсе, ең алдымен мына төмендегі қағидаларға көңіл бөлгеніміз дұрыс болады.

  • Келешекте иеленетін қаржыларды белгілеу;

  • Шетел валютасының банктік сальдосын валюта бағамының ауытқуларынан қорғау;

  • Кез келген құрамдағы және көлемдегі инвестициялық портфельдің нарықтық тәуекелдіктерін қысқарту;

  • Қолма-қол құралдар болмай тұра, пайыздық мөлшерлемелердің қолайлы өзгеруінен табыс алу;

  • Нақты тауар қорларын қолма-қол бағалардың төмендеуінен қорғау;

  • Сауда-саттықтағы кез келген тауарлар бойынша (астықтан,тауарлардан ) келешек бағаларын сақтандыру .

Біз мысал ретінде дәстүрлі тауар нарықтарын пайдалан отырып, мәселенің негіздерімен таныстырамыз. Содан кейін әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан фьючерстер нарығы болып табылатын қаржы фьючерстері тақырыбына ауысамыз. Оның ішіне фьючерстер және пайыздық мөлшерлемелерге фьючерстік опциондар, акциялар және шетел валюталары кіреді. Біз компьютерлермен жасалатын заманауи кереметтер туралы әңгімелесеміз: төмен комиссиялық шығындар, онлайн режиміндегі жылдам сауда-саттықтар және Интернеттегі ақпарат көздерінен экономикалық нарықтар туралы қажетті ақпаратты бір сәтте алу мүмкіндіктері туралы сөз етеміз.

Жұмыс арасында ғаламтордың тұңғиықтарын игеру керек болғанда, «қай жерді ашу» керектігін білетін боламыз, бағаларды болжау әдістерімен танысамыз және күндізгі трейдинг қалай жүзеге асырылатыны туралы қажетті білімдер аласыз.

Студенттерге қаржылық тәуекелдерді басқаруды оқыту осы оқу құралында тәуекелдердің пайда болуына, оқшаулануына, оны азайтуға және жабуға әсер ететін прогрессивтік тәсілдерді қолдану негізге алынған.

Оқу құралының авторы осы кітапта басылған кең көлемді материалдар, тәуекелді басқарудың әлемдік тәжірибесі үлгілері қарастырылды, Шетел тәжірбиелерін зерттей отырып, алынған үлгілерді өзіміздің Қазақстанда қолдана білу.

1.1. Қаржылық тәуекелі туралы түсінік және оның мәні мен мазмұны.

Тәуекел түсінігі туралы көптеген анықтамалар мен әртүрлі ғалымдардың айтқан сөздері көп. Кейбір зерттеушілердің ойынша ол термин араб сөзі делінеді. Басқалардың ойынша ол гректің ridsikon , ridsa – жартас, қия сөзінен шыққан. Тәуекел бұл –қиын құбылыс.Ол ықтималдылықпен және белгісіздікпен тығыз байланысты. Ықтималдылық – бұл іргелі термин. Оған оқиғаны мүмкіндігінің дәрежесіне байланысты сандық салыстыру жатады. Осы ықтималдылық бұл белгілі бір нәтижені алу мүмкіндігі. Көптеген оқиғаларда шешім қабылдау кезінде оқиғаның пайда болу жиілігі жөнінде статистикалық мәліметтер аз немесе мүлдем қолданылмайды. Сондықтан да өлшеудің екі жолы қолданылады. Ол шешім қабылдаушы тұлғаның субъективтілік өлшеуіштеріне негізделген. Мәліметтердің көлеміне деген байланыстылық біріншіден – субъектіге бағынышты, екіншіден- оқиғаның ықтималдылығы белгісіздікке әкеледі.

Белгісіздік - мәліметтің толық еместігі немесе анық еместігі. Белгісіздік табиғаты кең көлемде жіктелген. Төмендегілер белгісіздікті ақпаратқа және формасына байланысты жіктейді:

  • белгісіздік ( білімсізділік) ;

  • физикалық белгісіздік;;;

  • жеткіліксіздік(толықсыздылық, тиянақсыздылық, көмескілік) ;

  • мәнсіздік;

  • лингвистикалық белгісіздік.

Жоғарыда айтылғандарға қарап былай қорытындылауға болады: тәуекелдің негізінде нарықтық қызметтің ықтималдылық табиғаты мен оқиғаның белгісіздігі жатыр.

Тәуекелді табиғат пен қоғамның кейбір әрекетінен пайда болатын қауіп ретінде түсінуге болады. Тәуекел- бұл тарихи және экономикалық категория.

Тәуекел тарихи категория ретінде, адамның болуы мүмкін қауіпті түсіну деп көрінеді.Ол тәуекел қоғамның бүкіл даму жолымен тарихи байланысты екендігін куәлайды. Қоғамның дамуы, Л.Маргон мен Ф. Энгельс шығарған, тарихи- мәдениеттік периодизацияға байланысты, үш кезеңнен өтті: жабайлық, варварлық, өркениет, әрбіреуі өз кезеңінде үш табалдырықтан тұрады : төменгі, ортаңғы және жоғары.

Өркениет дами бастауымен тауарлы-ақша қатынастар пайда болып, тәуекел экономикалық категорияға айналды. Тәуекел экономикалық категория ретінде, болуға мүмкін немесе болуға мүмкін емес оқиға ретінде көрінеді. Ондай оқиғаның нәтижесінде үш экономикалық қорытынды болуы мүмкін: жағымды, нолдік, жағымсыз

Тәуекел адам іс-әрекетінің әрбір формасына тән, ол көптеген факторлар мен шарттармен байланысты болып, адамдар қабылдап жатқан шешімдердің оң қорытындысына әсер етеді. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, ойлаған қорытындыны ала- алмау тауарлы-ақша қатынастарының жаппайлығы мен шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестілігінде көрінеді.

Тұрақты экономикалық жағдайдағы батыстың өзінде, шаруашылық субъектілері тәуекелді басқару сұрақтарына үлкен көңіл бөледі. Ал біздің қазақстандық экономикамызда, кәсіпорын басқару тиімділігін төмендететін тұрақсыз экономикалық факторлар жағдайында, тәуекел кешенің басқаруға және талдауға көп көңіл бөлінбей жатыр.

«Тәуекел» түсінігі баяғыдан белгілі. Отандық экономикада тәуекел теориясын зертеу қажеттілігі XX ғасырдың 20 жж. дейін ғана болды. Кейін әкімшіл-әміршіл басқару әдісі орын алып, бұл нарықтық экономиканы қабылдамаумен, шаруашылық және әлеуметтік тәуекел проблемасын жоққа шығарды.

Тәуекел түсінігі, мәні мен табиғаты туралы көптүрлі ойлар бар. Ол тәуекел құбылысының көп аспектілігімен, нақты жұмыста аз қолдануымен, заңдық базада көрсетпеумен байланысты. Бір-бірін толықтыратын, тәуекел түсінігінің екі анықтамасын қарастырайық.

Біріншісі тәуекелді, өндірістік пен қаржылық іс-әрекет кезінде кәсіпорынның өз ресурстарының жартысын жоғалту, табысты ала-алмауы немесе қосымша шығыстардың пайда болу қаупімен түсіндіреді. Яғни тәуекел белгілі бір қолайсыз жағдайдың, сәтсіздіктің, қауіптің болуымен байланысты.

Басқарушылық шешімдердің көбісі тәуекелділік жағдайында қабылданады және оны бірқатар факторлар сипаттайды – толық ақпараттың жоқтығы, қарсы тенденциялардың бар болуы, кездейсоқтық элементтері және тағы басқалар.

Бизнес әлемінде сәттілік шешуші түрде кәсіпкерлік қызметтің таңдаған стратегиясының негізділігі және дұрыстылығына байланысты. Сондай-ақ критикалық жағдайдың ықтималдығы ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес.

Тәуекелсіз бизнес мүмкін емес. Тәуекелдің күшеюі – кәсіпкерлік тәуекелдіктің екінші қарама-қарсы жағы, сол үшін өзіндік өтем.

Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру үшін техникалық жаңашылдықтарды енгізуге және батыл іс-әрекеттерге бару керек, ал ол тәуекелдікті күшейтеді.

Осыдан мынадай шешімге келуге болады – кәсіпкер тәуекелдіктен қашпауы керек, оны азайту үшін тәуекел деңгейін бағалай білуі керек.

Кәсіпкердің ең маңызды мінез-құлық ережелерінің бірібылай: «Тәуекелден қашпау, одан да оны мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіруге тырыса отырып, оның алдын ала білу».

1.2 Кәсіпорында қаржылық тәуекелді басқару

Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың қабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибиеде көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы – ақшалай қатынастар және щаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан, капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономкалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көңіл бөледі.

Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел – менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.

Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық менеджмент әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм тәуекел менеджменті болып табылады. Тәуекел менеджментінің негізгі тәуекелді анықтау және төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.

Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы нарықтық экономикада үдей түседі. Кәсіпорынның дұрыс ұйымдастырылған тәуекелдік менеджменті табыстылық кепілі болып табылады.

Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекеділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдылығын, қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.

Тәуекелділік ықтималдылық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді.

Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдылығын білуімен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейлерден аспау ықтималдылығы ретінде қарау керек.

Тәуекелді өзін - өзі сақтандыру есебінен хеджирлеу жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандай да бір жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек.

Кәсіпкерлік тәуекел бұл бизнестің түріне байланысты компания қызметінің тәуекелі. Оның негізгі түрлері: өндірістік, коммерциялық және қаржылық тәуекел.

Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материялдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қателері, көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу.

Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтер өткізу процесінде пайда болады. Оның себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі,материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.

Қаржылық тәуекелді басқару процесі бес сатыдан тұрады:

  • Мақсаттарды анықтау

  • Тәуекелді анықтау

  • Тәуекелді бағалау

  • Оларды жүзеге асыру

  • Нәтижелерді бағалау

Қаржылық тәуекел кәсіпорнның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады.

Қаржылық тәуекелді шешуге нақты қаражаттарды таңдаған кезде инвестор келесі принциптерді назарда ұстауы керек: меншікті капитал мүмкіндігінен артық тәуекелге бармауы керек, аз нәрсе үшін көп нәрсені тәуекелге салмау керек, тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу қажет. Яғни берілген тәуекел бойынша, мүмкін болатын шығындардың ең көн мәнін есептеп, содан соң берілген тәуекелге итермелейтін кәсіпорынның капитал көлемімен, содан кейін салыстыру керек. Сонда ғана бұл тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға әкелмейтінін анықтауға болады. Басқаша айтқанда, бұл тәуекелді басқарудың жалпы стратегиясы.

Қаржылық талдау экономикалық процестер мен экономикалық қатынастарды зерттеу үшін қолданылады, ол шаруашылық жүргізуші субъектінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді және оптималды (үйлесімді) басқару шешімін қабылдау үшін пайдаланылады.

Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау, қаржылық ресурстарды қолданудың ең тиімді әдістерін анықтауға және шаруашылық жүргізуші субъектінің құрлымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Одан өзге, қаржылық талдау шаруашылық жүргізуші субъектінің жеке көрсеткіштерін және жалпы қаржылық қызметтің көрсеткіштердің болжаудың құрылуы ретінде қабылданады. Қаржылық талдау ұйымның ақшалай қаражатының қаржылық ағымының қозғалысының дұрыстығын бақылауға және қаржылық, материалдық ресурстардың жұмсалуының мөлшері мен нормативінің сақталуын тексеруге, жұмсалған шығынның тиімділігіін бақылауға мүмкіндік береді.

Тұрақты экономикалық жағдайдағы батыстың өзінде, шаруашылық субъектілері тәуекелді басқару сұрақтарына үлкен көңіл бөледі. Ал біздің қазақстандық экономикамызда, кәсіпорын басқару тиімділігін төмендететін тұрақсыз экономикалық факторлар жағдайында, тәуекел кешенің басқаруға және талдауға көп көңіл бөлінбей жатыр.

Қаржылық тәуекел шаруашылық іс-әрекетті асырғандағы ең қиын категория болып табылады, оған келесі сипаттамалар тән:

Бағалаудың субъективтілігі

Экономикалық табиғаты

Қорытындының ықтималдығы

Деңгейдің көптүрлілігі

Болудың объективтілігі

Салдардың белгісіздігі

Салдардың сәтсіз болуының күтілуі

Сурет 1. Қаржылық тәуекел категориясының сипаттамасы.

Экономикалық табиғаты бойынша, қаржылық тәуекел кәсіпорынның экономикалық іс-әрекетінде көрінеді, ол қаржылық іс-әрекетті асырғандағы табыс пен шығындармен тікелей байланысты. Экономикалық формаларды есептегенде қаржылық тәуекел шаруашылық процесті асырғандағы, экономикалық категория жүйесіндегі орын алатын экономикалық категория ретінде сипатталады.

Болудың объективлігіне байланысты, қаржылық тәуекел әрбір кәсіпорынның жұмысындағы объективті құбылыс, ол қаржылық операциялардың барлық түрімен бірге жүреді.

Нәтиженің ықтималдығына қарай, тәуекел категориясының ықтималдығы, кәсіпорын өз қаржылық іс-әрекетін асырғандағы, тәуекел жағадайының болу немесе болмауында көрінеді. Ықтималдықтың деңгейі субъективті және объективті факторлар арқылы анықталады, бірақ қаржылық тәуекелдің ықтималдық табиғаты оның тұрақты сипаттамасы болып табылады.

Салдардың белгісіздігімен байланысты, қаржылық тәуекелдің бұл сипаттамасы оның қаржылық қорытындылардың детерминантты еместігінде көрінеді, біріншіден, жүргізілетін қаржылық операциялардың табыс деңгейінде. Қаржылық операциялардың күтілетін қорытынды деңгейі, тәуекел деңгейі түріне байланысты үлкен диапазонда тербеліп отырады. Басқа сөзбен айтқанда, қаржылық тәуекел кәсіпорын үшін үлкен шығындар ретінде де, қосымша табыс ретінде де жүре алады.

Салдардың сәтсіз болуының күтілуіне қарай, жоғарыда, қаржылық тәуекелдің салдары оң және кері көрсеткіштер ретінде көрінетіні туралы айтылса да, бұл тәуекел шаруашылық тәжірибеде мүмкін болатын кері көрсеткіштер деңгейімен сипатталып, есептеледі. Ол қаржылық тәуекелдің кері салдары тек табысты ғана жоғалтпай қоймай, кәсіпорынның капиталын жойып, банкроттыққа әкеп соғатынына байланысты.

Деңгейдің көптүрлілігімен байланысты, белгілі бір қаржылық операцияға, не кәсіпорынынң қаржылық іс-әрекетіне тән қаржылық тәуекелдің деңгейі тұрақты болып табылмайды. Ең алдымен, ол уақыт көлемінде өзгеріп отырады, яғни қаржылық операциялардың іске асу ұзақтығына байланысты, себебі уақыт факторы қаржылық тәуекел деңгейіне дербес әсер етеді (каржылық құралдардың өтімділігі, ссудалық пайыз қозғалысының белгісіздігінде көрінеді).

Бағалаудың субъективтілігіне қарай, экономикалық құбылыс сияқты қаржылық тәуекелдің объективті табиғатына қарамастан, оның негізгі бағалау көрсеткіші – тәуекел деңгейі – субъективті. Бұл субъективтілік, яғни бұл объективті құбылысты біркелкі бағаламау, ақпараттық базаның толықтылығы мен сенімділігі, қаржылылық менеджерлердің маман деңгейі, тәукел-менеджмент сферасындағы тәжірибенің әртүрлі деңгейде болуында түсіндіріледі.

Қаржылық тәуекелдің қарастырылған категориялары оның түсінігін былай қыйсындауға мүмкіндік береді. Кәсіпорының қаржылық тәуекелі деп, белгісіздік жағадайда өз қаржылық іс-әрекетін асырғандағы кері қаржылық салдардың, табыс пен капиталды жоғалту формасында көрінетін, пайда болу ықтималдығы айтылады.

Тұтастай алғанда, тәуекел менеджменттің негізгі мақсаты – пайда әкелетін активтердің пайыздық кірісі мен кіріс әкелетін активтердің пайыз арқылы көрінетін пайыздық шығыстар арасындағы маржаны бақылау; активтер бойынша алынған өлшенген орташа мөлшерлеме мен міндеттемелер бойынша төленген орташа мөлшерлеме арасындағы спрэдті бақылау; бекітілген мөлшерлемемен байланысты активтер мен пасссивтердің бейбаланстылығымен алшақтығымен бақылау.

Қаржылық тәуекелдің жіктелуі мен түрлері

Кәсіпорындардың қаржылық тәуекелдері көп түрімен сипатталады және оларды тиімді басқару мақсатында келесідей негізгі белгілер бойынша сыныпталады.

Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады. Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.

Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық). Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:

1) ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;

2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).

Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.

Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция – инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.

Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.

Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді.

Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.

Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.

Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:

1) жіберіліп қойған пайда тәуекелі;

2) табыстылықтың төмендеу тәуекелі;

3) тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.

Жіберіліп қойған пайда тәуекелі – белгілі бір шараларды (мысалы, сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау т.с.с.) іске асырмау нәтижесінде жанама (қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған табыс) туындау тәуекелі.

Табыстылықтың төмендеу тәуекелі портфельдік инвестициялар, салымдар және несиелер бойынша дивидендтер және пайыздар мөлшерінің төмендеу нәтижесінде туындауы мүмкін.

Портфельдік инвестициялар инвестициялық портфельдің пайда болуымен байланысты және бағалы қағаздар және басқа активтерді сатып алумен түсіндіріледі. «Портфельдік» термині итальян сөзінен «Porte foglio» шығып, инвесторда бар бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді.

Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады: пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер.

Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі жатады.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының негізгі қарыз және несиегерге жататын пайыздардың төленбей қалу қаупі. Несиелік тәуекелге сонымен қатар қарыздық бағалы қағаздар шығарған эмитент қағаздар бойынша пайыздар немесе қарыздың негізгі сомасын төлей алмайтын жағдай да жатады.

Сонымен қатар несиелік тәуекел тікелей қаржылық жоғалтулар түрлілігі болуы мүмкін.

Тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі келесі түрлерін қамтиды: биржалық тәуекел, селективтік тәуекел, банкроттық тәуекел, сонымен қатар несиелік тәуекел.

Биржалық тәуекелдер өзімен бірге биржалық мәмілелерден жоғалту қаупін ұсынады. Бұл тәуекелдерге келесілер жатады: коммерциялық мәмілелер бойынша төлемеу тәуекелі, брокерлік фирманың комиссиялық сыйақы төлемеу тәуекелі және т.б.

Селективтік тәуекелдер (латын тілінен selectio – таңдау, сұрыптау) –инвестициялық портфель қалыптастырудағы басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда инвестициялау үшін бағалы қағаздардың түрін, капитал салымының әдісін дұрыс емес таңдау тәуекелі.

Банкроттық тәуекелі өзімен бірге капитал салымының әдісін дұрыс емес таңдау, кәсіпкердің меншікті капиталын толық жоғалту және өзіне алған міндеттемелер бойынша есептесе алмау нәтижесінде туындайтын қауіпті ұсынады. Нәтижесінде кәсіпкер банкротқа ұшырайды.

Қазіргі кезде кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерінің негізгі түрлеріне келесілерді жатқызады:

Тәуекелділіктерді әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: пайда болу сипаты; кәсіпкерлік функционалды салалары мен түрлері, ареал мен масштаб; проблеманы шешу кезеңдері; әсер ету ұзақтығы, сақтандыру мүмкіндіктері, мүмкіншілік деңгейі және тағы басқалары. Кәсіпкерлік тәуекелдіктердің түрлері 1.1-кестеде көрсетілген.

1.1-кесте. Кәсіпкерлік тәуекелдіктердің түрлері

Жіктелу белгілері

Тәуекелдік түрлері

Тәуекелдіктің сипаттамасы

1

2

3

Пайда болу табиғаты

Субъективті (кәсіпкердің жеке басымен байланысты)

Тәуекелге деген дамымаған қабілет; білім, тәжірибе, кәсіпқойлықтың жетіспеуі; негізсіз амбициялар; нарықтағы мінез-құлық ережелерін бұзу; келісімді жеткілікті түсінбеу және тағы басқалары.

Объективті

Ақпараттың жеткіліксіздігі; апаттар; инвестициялаудың, салық салудың, несиелеу шартының, заңдардың, ақпарат деңгейінің, нарық коньюктурасының кенет өзгеруі және тағы басқалар.

Мәселенің шешілу кезеңіне байланысты

Шешім қабылдау кезеңінде

Ақпараттың жеткіліксіздігінен, оның сапасының төмендігінен немесе жалған хабарды пайдаланудан тәуекелдіктің деңгейін анықтау тәсілін пайдаланудағы қателік; немесе керісінше, бұл тәсілдерді жақсы иелену.

Шешімді іске асыру кезеңінде

Дұрыс шешімді іске асырудағы қателіктер, субъективті шарттардың кенет өзгеруі.

Масштаб бойынша

Жергілікті, жеке өндіріс деңгейінде

Жеке фирмалардың (кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімдерінің) тәуекелдігі.

Салалық

Саланың ерекшелігімен байланысты тәуекелдік

Аймақтық

ҚР-дың, елдің экономикалық аймақтарының субъектілерінің территориясы деңгейінде кәсіпкерлікті қамтиды.

Ұлттық

Кәсіпкерлікті макроэкономика (салық салудағы, несиелеудегі, заңдардағы, саясаттағы кенет өзгерулер нәтижесінде) деңгейінде қамтиды.

Халықаралық (еларалық)

әлемдік нарық коньюктурасындағы өзгерістермен, елдер арасындағы қарым-қатынастармен, масштабты апаттармен байланысты.

Пайда болу ортасына байланысты

Сытрқы

Экономикалық саясаттағы, өндірістің макрошарттарындағы кенет өзгерістер; үлкен территориялардағы апаттар; валюталық тәуекел және тағы басқалар.

Ішкі

Кәсіпорынның мамандануымен байланысты тәуекелдіктер: өндірістік, қаржылық, сақтандыру.

Сақтандыру мүмкіндігі бойынша

Сақтандырылатын

Сақтандырушылардың тәуекелін өзіне алатын ұйымдармен сақтандыруға және сандық анықтауға берілетін.

Сақтандырылмайтын

Деңгейін бағалау мүмкін емес форс-мажорлы тәуекелдер, сондай-ақ сақтандырушының тәуекелін.

Кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша

Қаржылық

Фондтық нарықтағы тәуекелдік: өтімділік, ақпараттық, валюталық және тағы басқа; банктік-несиелік, пайыздық, портфельдік; жалпы нарықтық бағалаудың төмендеуі (инфляциялық); банк клиентінің ерекшелігімен байланысты лизингтік және факторингтік тәуекелдіктер.

Заңдық

Заңдардағы кенет өзгерістермен және заң шығаратын актілердің сапасының төмендігімен түйіндес.

Өндірістік

өндірістегі мәжбүр болатын үзілістермен, өндірістік қорлардың істен шығуымен, айналым құралдарынан айырылумен, шикізат, құрал-жабдықтардың уақытылы жеткізілмеуінен және тағы басқалары.

Коммерциялық

Нарық коньюктурасының және басқа да коммерциялық қызметтердің шарттарындағы кенет өзгерістер салдарынан

Инвестициялық

Инновациялық қызметтегі, инвестициялық ортадағы күтпеген жағдайлармен, белгісіздіктермен сипатталады.

Сақтандыру

Сақтандыру қорын құру, басқару, сондай-ақ меншік мүлікті, ақша қаражаттарын және персоналды басқару.

Инновациялық

Инновациялық ортадағы белгісіздіктерден туындайтын (инновациялық идеяның туындауынан, оны өнімде немесе технологияда іске асырудан бастап, сәйкес өнімді нарықта өткізумен аяқтау).

Әртараптандыру мүмкіндігі бойынша

Жүйелі

Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір ортасына тән (бұлай жалпы құнды қағаздарлың бағасының төмендеуінің тәуекелділігі фондтық нарықта жүйелі саналады).

Өзіндік

Берілген қызметтік ортада нақты операциядан кәсіпкерлік табыс алумен байланысты.

Мүмкіншілік деңгейі бойынша

Минималды

Есепті көрсеткіш табыстың 0-25% -ға дейін жоғалтулар болуы мүмкін деңгейімен сипатталады.

Жоғары

Есепті көрсеткіш табыстың 25-50%-дан жоғары болмайтын жоғалтулар.

Критикалық

Есепті көрсеткіш табыстың 50-75%-ға дейін жоғалтулар.

Жіберуге болмайтын

Мүмкін болатын жоғалтулар жеке құралдар мөлшеріне жақын, яғни фирманың банкротқа ұшырау қаупі бар тәуекел деңгейінің пайызы 75-100-ге тең.

*Новиков И.А. Стратегия управления банковскими рисками- 2004г

    1. Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері

Кез келген қаржылық немесе шаруашылық оперциялардың тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-бірімен байланысты. Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тәуекел деңгейін бағалай және оның нақты операция табыстылының деңгейімен байланыстылығын бағалай білу қажет.

Тәуекелдің мәні мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына – салынған капиталдан табыс алуға – тәуекелді анықтауға сәйкес келеді.

Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді болатыны белгілі. Капиталды салу мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі «бұл жобаның тәуекелі төменірек сияқты» дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, өбінесе тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуекелге сәйкес келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де анықтауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады.

Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады. Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады): орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді өзгермелілігімен (вариация).

Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні мүмкін болатын нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің орташа көлемнен ауытқу өлшемі мен деңгейін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін бағалаудағы дисперсия өзімен бірге тәуекелді салымдардың орташа күтілетін салымдардан нақты қаржылық нәтижелердің квадраттық ауытқулардың орташа салмақты көлемін ұсынады:

σ²==(x-x²)/n,

мұндағы σ² - дисперсия;

x – қаржы ресурстарының салымының әр жағдайы үшін күтілетін мәні;

x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні;

n – қаржы ресурстарының салымдарының саны(жиілік).

Дисперсия қаржылық тәуекелдің жиілігінің абсолютті тербелісін сипаттайды, ал тербелістің салыстырмалы дәрежесін вариация коэффициенті көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады:

v=σ/x·100,

мұндағы v – вариация коэффициенті;

σ – орташа квадраттық ауытқу;

x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні.

Вариция коэффициенті 1-ден 100%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Вариация коэффициенті қаншалықты жоғары болады, соншалықты тербеліс күшті. Вариация коэффициентінің түрлі мәндеріне келесідей сапалы баға бекітілген: 10% -ға дейін – салымдардың төмен тербелісі; 10-25% - қаржылық тәуекелдің орташа тербелісі; 25%-дан жоғары – қаржылық тәуекелдің жоғары тербелісі.

Дисперсия мен вариацияны қолданған кезде тәуекелдің қаржылық нәтижені алудың математикалық ықтималдылығы бар екенін ескеру қажет. Бұл ықтималдылық субъективті эксперттік жолмен немесе объективті қаржылық тәуекелдің деңгейін математикалық есептеу негізінде анықтауға болады.

Кәсіпорынның тәуекелдерін бағалаудың негізгі әдістері болып статистикалық әдістер есептеледі. Олардың ішіндегі перспективалы әдіс қаржылық тәуекелдерді факторлық талдау (факторлық жүйе моделін қолдану) болып табылады. Мысалы, диверсификацияланған инвестициялық тәуекелді инвестиция объектісінің даму перспективаларының бар-жоқтығы бойынша, бәсекелестік деңгейі, тапсырыстар саны, келісілген шарттар саны бойынша, ал диверсификацияланбаған – несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, инфляциялық күтілімдер, ел экономикасының дамуының жалпы беталыстары бойынша бағаланады.

Қаржылық тәуекелді бағалаудың басқа да аналитикалық әдістері кеңінен қолданылады. Іскерлік белсенділік, қаржылық тұрақтылық коэффициенттері есептеледі, банкроттылыққа ұшырау ықтималдылығы анықталады, жалпы қаржылық даму деңгейі талданады.

Тәуекел деңгейінің түрлі салыстырмалы сипаттамалары жасалып, рейтингтер анықталады.

Тәуекелді бағалаудың перспективалы әдісі модельдеу болып табылады. Бұл әдістің негізгі қиындағы нақты жағдайларға байланысты модельді дұрыс таңдау. Модельдер қаржылық тәуекел ықтималдылығын бағалап, нақты жағдайды болжамдауға мүмкіндік береді.

Тәжірибеде тәуекелдерді бағалауда аналогиялар әдісі қолданылады. Қаржы менеджерлері, мамандар түрлі шығарылымдар немесе басқа кәсіпорындар тәжірибесі негізінде белгілі бір жағдайлардың болуы, қаржылық нәтижелер алу ықтималдылығын, қаржылық тәуекел деңгейін анықтайды. Осы әдіс негізінде көптеген кәсіпорындардың тактикасы мен стратегиясы құрылады. Бірақ әр кәсіпорынның өзіндік кадрлік, шикізаттық және салалық сипаттағы ерекшеліктері бар екенін ескеру қажет.

Тәуекелді бағалаудың негізгі әдісі кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді талдау, оның қаржылық тұрақтылығы пен төлемқабілеттілігін талдау болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау кеңінен тараған. Оның мақсаты – кәсіпорынның балансы мен қаржылық нәтижелер және оларды қолдану туралы есебі негізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму динамикасын бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен қолдануына, олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни пассивтер) назар аударылады.

Қаржылық жағдай тұрақтылығының баланстық моделі кеңінен танымал. Бұл модель негізінде қаржылық тәуекел облысы анықталады және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық деңгейі талданады:

Ф + З + Дс = Ис + Кт + К + Р,

мұндағы Ф – негізгі құралдар немесе басқа айналымнан тыс активтер;

З – запастар мен шығыстар;

Дс – ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, дебиторлық қарыздар және басқа активтер;

Ис – меншікті қаражаттар көздері;

Кт – орташа, ұзақ мерзімді несиелер және қарыздық қаражаттар;

К – қысқа мерзімді несиелер;

Р – кредиторлық қарыздыр.

Қаржылық тәуекелді бағалау үшін қаржылық тәуекел ықтималдылығын сипаттауға мүмкіндік беретін коэффициенттерді (мультипликаторлар) есептеуде негізделетін мультипликативті әдісті қолдануға болады. Белгілі көрсеткіштерді (коэффициенттерді) есептеу есеп берудің белгілі баптары арасындағы қатынасын анықтауда негізделеді.

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін компьютерлік имитациясы перспективалы болып табылады. Қазіргі кезде тәуекелді бағалау бойынша дайын бағдарламалық өнімдер жиынтығы жасалған. Әр кәсіпорынның қаржылық тәуекелді жекеше модельдеу мүмкіндіктері бар.

Қаржылық жағдайды болжамдау қаржылық тәуекел ықтималдылығын анықтауға, болашақта кәсіпорынның даму перспективасын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге болжамдау қаржылық талдау мен жоспарлауға сүйенеді.

Қаржы тәуекелніің сыртқы белгілері келсесілер: міндеттемелерді орындамау, төлемдерді тоқтату, салықтарды төлеу мерзімдерінің кешіктірілуі, өндірістік, коммерциялық дәстүрлі байланыстардың бұзылуы. Ішкі белгілері: өндірістің тоқтап қалуы, өткізу көлемінің төмендеуі, жұмысшылардың қызметтен босатылуы, мерзімі өтіп кеткен кредиторлық қарыздың жоғары үлесі, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің төмен көрсеткіштері, қаржыландыру көздері ретінде қарыздық қаражаттарды қолдану үлесінің жоғарылылығы.

Кәсіпорынның тәуекелін бағалау үшін рейтингілік әдіс қолданылуы мүмкін. Оның мәні: негізгі көрсеткіштер корреляциялық-регрессиялық талдау көмегімен топтастырылады. Кейін кәсіпорынның эксперттік өлшем бойынша белгілі көрсеткіштердің орта салмақты рейтинг мәні (орны) ретінде есептелетін интегралды рейтингі анықталады. Келесі кезеңде кәсіпорындардың талданатын топтарындағы тәуекел деңгейі бойынша әр кәсіпорынның интегралды рейтинг мәні есептеледі. Рейтингте бірінші орынды экономикалық потенциалы жоғары және төмен деңгейлі тәуекелді кәсіпорын алады.

Кәсіпорынның экономикалық қызметінің тәуекелін сапалы бағалау төмендегілерді қарастырады:

- тәуекел факторларын анықтау;

- тәуекел туындайтын жағдайларды талдау;

- тәуекелдердің потенциалды облысын анықтау.

Әр кәсіпорында жіберілетін тәуекелдің облысын анықтау қажет. Тәуекел облысы – жалпы жоғалтулар бекітілген тәуекелдің шекті мәнінен аспайтын мүмкін болатын жоғалтулардың кейбір зонасы.

Тәуекел көлеміне (зона) салалар ерекшеліктері, халық шаруашылығының құрылымдық қайта құру жағдайында сала жағдайының өзгерісі, өндірістің мерзімдік сипаты, капитал айналымдылығының жылдамдығы, өндірілетін өнім диверсификация мүмкіндігі, клиенттер мен жабдықтаушылыр диверсификациясы, әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі әсер етеді.

Саланың арнайы тәуекелдерін ескеру қажет. Тәуекелдің келесі облыстары бар:

- тәуекелсіз зона;

- минималды тәуекел облысы;

- жоғары тәуекел облысы;

- критикалық тәуекел облысы;

- жіберуге болмайтын тәуекел облысы.

Кез келген кәсіпорынданың , қаржылық әрекетінің барлық түрлері көптеген тәуекелмен тығыз байланысты. Оның ықпал ету дәрежесі нарықтық экономикаға байланысты біршама артуда. Тәуекел шаруашылық

Валюталық тәуекел: мәні мен түрлері

Қазақстанның валюта нарығы қарқынды дамуда. Банкаралық және қор нарығындағы операциялар көлемі өсуде. Бұл ең алдымен компаниялардың жоғары пайда түсіруімен байланысты. Алайда жоғары табыс әрқашан жоғары валюталық тәуекелмен қатар жүреді.

Валюталық тәуекел бұл валюта бағамының өзгеруі нәтижесінде зиян шегу қауіпін білдіреді, яғни валюталық операциялар жүргізу барысында валюталық өзгерістердің нәтижесінде шығынға ұшырау. Сипатына қарай тәуекелді жүйелі(сыртқы) және жүйелі емес (ішкі) деп қарастыруға болады.

Сыртқы тәуекел трейдермен бақыланбайды, яғни ол жеткілікті капиталы болмай макроэкономикалық көрсеткіштерге әсер ете алмайды.

Ішкі тәуекел минимумға жеткізілуі мумкін. Мұнда тәуекел көптеген факторларға тәуелді және бұл факторларға трейдер әсер ете алады және әсер етуі тиіс.

Валюталық тәуекел негізінен компанияның немесе банктің шетел валютасымен қаражаттарды тартып, оларды орналастыру нәтижесінде туындайды. Тәжірибеде валюталық тәуекелдің бірнеше түрлері қолданылады, атап айтсақ:

  • Айырбас бағамының өзгеру тәуекелі;

  • Конверсионды опециялар тәуекелі;

  • Трансляциялық тәуекелі;

  • Форфейтингтік тәуекелі;

Айырбас бағамының өзгеру тәуекелі. Валюта бағамы - бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бағасы. Валюталардың бағамдарын анықтау бағамдау (котировка) деп аталады. Бағамдау екі түрге : тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей бағамдауда шетел валютасының құны ұлттық валютасымен бейнеленеді.

Ұлттық валюта

Тікелей бағам = --------------------------

Шетел валютасы

Жанама бағамдауда үлттық валютаның шетел құны валютамен бейнеленеді.

Шетел валютасы

Жанама бағам = ----------------------------

Ұлттық валюта

Мысалы, тікелей бағамдауда: 1 АҚШ доллары = 147 тенге болса, ал жанама бағамдау бойынша 1 тенге = 0,006 АҚШ доллары

Кросс бағам – бұл үшінші валюаға байланысты анықталытын екі валютаның шекті қатынасы.

Шетел валютасының долларға қатынасты бағамы

Кросс бағам=--------------------------------------------------------------------

(тенге) Ұлттық валютаның долларға қатынасты бағамы

Валюталық тәуекелдің төмендегідей мынадай негізгі әдістері болады:

  • валюталық тәуекелдерді сақтандыру;

  • хеджирлеу;

  • диверсификациялау

Валюталық тәуекелдерді сақтандыру валюталық тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістерінің біріне жатады. Халықаралық тәжірбиеде валюталық тәуекелдерді сақтандырудың төмендегідей үш тәсілі қолданылады:

1. контрагенттерінің бірінің біржақты іс-әрекеті;

2.банктік және ұкіметтік кепілхаттар;

3.мәмілеге қатысушылардың өзара келісімдері;

Валюталық тәуекелді сақтандыруда қорғаныс келісімдері, яғни валюталық бағамдардағы өзгерістерге сәйкес валюталық мәміле келісім-шартты немесе контрактінің орындалуы барысын қайта қарау мүмкіндіктері өзара келісіледі. Нақтырақ айтсақ, валютаның бағамындағы өзгерістерден экспортерді немесе несие берушіні сақтандыру үшін бағамдағы өзгеріске байланысты төлем сомасын қайта қарау туралы келісім несиелік немесе коммерциялық контрактінің шартында көзделеді.

Хеджирлеу валюталық тәуекелді сақтандырудың құрамдас бөлігі ретінде белгілі бір операцияларды жүргізу және мерзімді контрактілерді жасауды білдіреді.

Хеджирлеу тәсілдеріне құрылымдық(активтер мен пассивтерді, алашақ және берешек қарыздарды) теңестіру, төлем мерзімін өзгерту, қаржылық құралдар жатады.

Құрылымдық теңестіру валюталық бағамның өзгерісінен туындайтын зияндардың алдын алу мақсатында активтер мен пассивтер құрылымын теңестіріп отыруды қолдауды білдіреді. Бұл негізінен ашық валюта позиция лимитін ұстап отырумен тікелей байланысты.

Валюталық тәуекелдің әсері маңызды көлемімен, уақыт бірлігіне трансакциялауды үлкен айналымымен, құрылымдық өзгерістердің үлкен дәрежесімен және техникалық демеудің күрделі жүйесімен сипатталатын бизнестің бағыттарына сыни тұрғыдан позицияланады. Осыған байланысты тәуекелді бақылау мен азайту үшін ішкі бақылау мен ішкі аудит, тәуекелдің лимитттік жүйесі сияқты көптеген басқару құралдарын қолдану ұсынылады.

`

Операциялық валюталық тәуекелі

Бұл тәуекел айырбас бағамы өзгеруіне байланысты, болжамды ақшалай қаражат ағынына тигізетін тікелей әсерінің нәтижесінде пайда алу немесе залал шегу мүмкіндігі ретінде анықтауға болады. Сатылған тауарға, шетел валютасын алатын экспортер ұлттық валютаға қатысты шетел валютасының бағамы төмендегенде ұтады, ал шетел валютасында төлем жүргізетін импортер ұлттық валютаға қатысты шетел валютасының бағамы көтерілгенде ұтылады.

Cонымен, операциялық тәуекел мәмілелер шетел валютасымен жасалған кезде валютасымегн көрсетілген тауарлар мен қызмет түрлерін экспорттау мен импорттау барысында. Ал, трансляциялық тәуекел керісінше, шетелдік еншілес филиалдарын баланс есептерін базалық валютаға ауыстыруына байланысты туындайды. Қорыта айтсақ, егер операциялық тәуекел шетел валютасының бағамының өзгерістеріне қатысты ақша қаражаттарының ағымы тап болатын тәуекел болып табылса, онда трансляциялық тәуекел- еншілес компанияның активтері мен пассивтері басты компанияның валютасымен есептелетін баланстық есепті құрастыру барысында туындайтын шығындардың тәуекелі.

Егер экспорттың шот-фактурасы шетел валютасында ресімделсе, онда ұлттық валютадағы экспорт құнының тұрақсыздығы экспортты тежеуі мүмкін, себебі ақырында экспортталатын тауарлардың пайда түсетіндей сатылуы күмән тудырады. Бағасы шетел валютасымен белгіленген ұлттық валютадағы импорт құнының тұрақсыздығы импорттан болатын шығын тәуекелдігін арттырады, ұлттық валютаға қайта есептеген кезде баға бәсекесіз болуы мүмкін. Осылайша, айырбас бағамының тұрақсыздығы халықаралық саудаға кедергі келтіруі ықтимал.

Тауарлар шетел валютасында бағаланып жатқан кезде экспорттық операциялар пайдалылығының тұрақсыздығы бағаны экспорттаушы компанияның негізгі ұлттық валютасында белгілесе жеңіп шығуға болатындай көрінуі мүмкін. Бірақ, бұл бар болғаны нәтижесінде жеткізушімен жұмыс жасағысы келетін, шот-фактураны импорттаушы елдің валютасында ресімдеуге дайын импортерге төнген валюта тәуекелдігі. Сондай-ақ, ұлттық валютаға қайта есептеген кезде тауар экспортынан түсетін табысқа зиян келтіретін шетел валютасының құнсыздануы ұлттық валюта бағамының көтерілуіне және экспорттың шетел валютасындағы бағасының өсуіне әкеледі, нәтижесінде оның бәсекеге қабілеттілігі төмендейді. Әсіресе, бағаның өзгеруіне сезімтал сұраныс жағдайында талқандаушы нәтиже ерекше болады. Сипатталған проблема автомашина, тоқыма өнімдері мен алкагольді ішімдіктерді экспорттаушыларға өте жақсы таныс.

Контракт үшін тендерге түскен кәсіпорындар сату көлемінің тұрақсыздығына ұшырауы мүмкін. Мұндай кәсіпорын ұлттық валютадағы тендер, бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуін білуі тиіс, ал шетел валютасындағы тендер валюталық тәуекелге әкеліп соғады. Тендердегі ұтыс тек қана валюталық тәуекелге байланысты, а ұтылыс болмауы керек. Бірақ бұл да өз кезегінде болашақта проблемаларға алып келеді, мұндай жағдайда тәуекелді азайтатын ең қажетті құрал ол – валюталық опцион.

3-тақырып. Пайыздық тәуекел және оның типтері.

Жіберіп алынған пайда тәуекелі – кәсіпкерлік қызметті жүргізу процесінде қаржылық жоғалту немесе табысты жоғалту жанама түрде әртүрлі шараларды уақытында қолданбауы нәтижесінде болуы.

Табыстылықтың төмендеуіне байланысты тәуекелділіктер портфельдік инвестициялар бойынша әртүрлі салымдар мен несиелер бойынша пайыздар (проценттер), сыйақылар, дивидендтердің мөлшерінің төмендеуіне байланысты табысты жоғалту ықтималдылығы. Табыстың төмендеуінің екі түрі бар:

  1. Пайыздық тәуекел;

  2. Несиелік тәуекел;

Пайыздық тәуекелділік - әртүрлі инвестициялық институттарда, коммерциялық банктерде және несиелік мекемелерде несиелер бойынша ставкаларды әртүрлі салымдар мен депозиттер бойынша ставкалармен салыстырғанда төмендеп кетуіне байланысты табысты жоғалту ықтималдылығы.

Несиелік тәуекелділік – несие алушының негізгі қарызы және пайыздары бойынша төлем қабілетінің төмендеуі нәтижесінде кредиторлармен есеп айырысу мүмкіншілігін жоғалту ықтималдылығы.

Тікелей қаржылық жоғалту тәуекелдіктің төрт түрі анықталған:

  1. Биржалық тәуекелділік;

  2. Селективті тәуекелділік;

  3. Банкроттық тәуекелділік;

  4. Несиелік тәуекелділік (кепілсіз).

Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсімі бағалы қағаздардың бағамдық құнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін. Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата алмайды.

Тұрақтандырылған деңгеймен салыстырғандағы орташа нарықтық пайыздың төмендеуі кезінде тұрақты пайызды орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды айналысқа шығарған эмитент пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан төмен пайызды қаражаттар тарта алатын еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздармен байланысты.

Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында пайыздық мөлшерлемелердің тез өсуі кезінде қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де мән береді.

4 – тақырып. Трансляциялық тәуекел есебі.

Бұл тәуекел, сондай-ақ есеп айырысу немесе баланстық тәуекел деген атаймен белгілі. Әр түрлі елдердің валютасымен көрсетілген активтер мен пассивтердің арасындағы сәйкессіздік мүмкіндігі тәуекелдің осы түрінің қайнар көзі болып табылады.

Трансляциялық тәуекел дәрежесін анықтауға тысысу есеп-қисабын көптеген жылдар бойы пайдаланып келген сан түрлі әдістері жөнінде пікір алшақтығын тудырды. Шын мәнінде,бас компания өзінің филиалы есеп-қисабын жүргізетін валюталық бағамның өзгеруінен көтеретін шығын тәуекеліне бағынышты. Нақтырақ айтсақ, филиалдың таза активтерінің толық құны тәуекелге ұшырайды, Басқаша айтқанда баланстық тәуекел шетел валютасымен есептелген активтер мен пассивтердің арасында теңгерімсіздік туындаса пайда болады. Бас компания филиалдың таза активтері мен пассивтерімен теңгерілмеген дәрежеде тәуекелге тап болады, және де активтер сияқты несие де сол шетел валютасымен алынса.