Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАД ЛПЗ 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128.62 Кб
Скачать

Қоспа құрамы бойынша реттеуіш мінездемесін алу

1. Жұмыстың мақсаты:

1) Қоспа құрамы бойынша реттеуіш мінездемесін алу.

2) Қозғалтқыштардағы қоспа жасалу туралы түсінік;

2. Жұмыс орнының жабдықтары:

ЯМЗ-238, ЗИЛ-130, В-2 қозғалтқыштары, газдарды бөлу механизмдердің бөлшектері,торабтар мен плакаттар.

3. Жұмысты орнындау тәртібі:

Қозғалтқыштардағы қоспа жасалу туралы түсінік

Қоспа жасалу деп жалпы жағдайда, жанар пайда беру, бүрку, бұландыру және оның буының ауамен араласу процестерін айтады, қоспа жасалудың саласына жанар майдың толық жануы, қозғалтқыштың қуаттық және үнемділік көрсеткішьері тәуелді болады. Жанар май мен ауа қоспасын-жану қоспасы деп атайды. Жану қоспасы қозғалтқыш цилиндрінде жану өнімдерімен газдармен цилиндрде алдыңғы циклдерден қалған/ араласып жұмыс қоспасын түседі.

Козғалтқыш жұмысына жанар майдан сапасы ғана емес, сондай-ақ ондағы ауамен, жанар май құрамымен сипатталатын жану қоспа құрамы да айтарлықтай әсер өтеді. Жану қоспа құрамын ауаның жылдық коэффициенті бағалайды.

Мұнда L нақты - қоспадағы іс жүзіндегі ауаның мөлшері; Lтеор -жанар май толық жануға қажет теориялық ауа мөлшері. Коэффициент жұмыс қоспасының жану жылдамдығына осы кездегі берілінетін жылудың мөлшеріне, қуаттық және үнемділік көрсеткіштерге елеулі әсер өтеді.

-нің шамасына қарай жану қоспасы былай бөлінеді:

1/ Қалыпты жану қоспасы, бұнда іс жүзіндегі ауаның мөлшері, теориялық қажеттіге тең болады. L нақты L теор. және 1 кг жанар майға шамамен 15 кг-дай ауа келеді. Бұл қезде қозғалтқыштың жанар май шығыны біраз өсіп, ең жоғарыға жақын қуат береді.

2/ Байытылған қоспа, бұнда /практика жүзінде -ның шамасы 0,80 – нен 0,95-ке дейін өзгереді/ болып, ауаның жетіспеушілігі 20% -ке дейін болады. Бұндай қоспалар үлкен жылдамдықпен жанып, бұл кезде жұмыс істеген қозғалтқыш ең үлкен қуатқа ие бо­лады, сондықтан оларды қуатты жану қоспасы деп атайды.

3/ Бай қоспа, бұнда 0,65 -тен 0,75-ке дейін болады. Бұл кезде жану жылдамдығы оттегі жетіспеушілігінен төмендейді. Олармен жұмыс істегенде қуаттың көмуі, түтіннің шығуы, қозғалтқыштың қызуы байқалады, үлкен жанар май шығыны болады. Сондықтан бай қоспамен жұмыс жасауға жол бермеу керек.

4/ Кедейленген қоспа, онда (практика жүзінде -ның шамасы 1,0-ден 1,2-ге дейін және ауаның молдығы 20%-ке дейін барады. Бұндай қоспаның жану жылдамдығы біршама кемиді, бірақ қозғалтқыштағы жанар майдың шығыны өте аз болады, сондықтан оларды үнемділік қоспа деп атайды.

5/ Кедейлі қоспа > 1,2 жану жылдамдығының төменділігімен сипатталады, қозғалтқыштың жұмысы тұрақсыз болады, карбюратордағы «тарсылдар» қозғалтқыштың қызуын, қуаты кемуін және жанар май шығынының көбеюін байқатады. Карбюраторлық қозғалтқыштардың мұндай қоспада жұмыс істеуіне болмайды.

Жану қоспалары < 0,4 және > 0,3 болғанда электр ұшқынымен қозғалтқыш тұтанбайды. Практика жүзінде карбираторлы қозғалтқыштар, жану қоспалары шамасы 0,85-тен 1,15-ке дейін болғанда жұмыс істейді. Дизельдерге , ал практика жүзінде 1,15-пен 1,6 аралығында және оданда жоғары.

Қозғалткыштың типіне, жұмыс қоспасының тұтану тәсіліне және пайдаланатын жанар майдың сортына байланысты екі негізгі қоспа жасалу әдісі бар; сырттай және іштей.

Сырттай қоспа жасалу кезінде карбюраторлы қозғалтқыштарда жанар май ауа жану қоспасын даярлау сыртында арнаулы аспапта карбюраторда басталада. Сосын жану қоспасы цилиндрге беріледі. Іштей қоспа жасалуда дизельдерде жану қоспасын даярлау тікелей цилиндр ішінде, жанар майды бүрку кезінде жүреді.

Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйелерімен олардағы қоспа жасалу шарттарын салыстыра отырып келесідей ерекшеліктерді көрсетуге болады.

Карбюраторлы қозғалтқышта қоспа жасалу салыстырмалы баяу жүреді және кіргізу мен сығу тактілері кезеңінде, демек, иінді білік 360° шамасында айналғанда болады. Дизельдерде қоспа жасалу өте тез жүреді, практика жүзінде цилиндрге жанар май бүрку кезеңінде болады. Сонымен бірге сығылу тактісінің сонында ауа тығыздығы жоғарыда және сығу камерасының көлемі өте аз болғанда жүреді. Бұл жағдайда қоспа жасалудың жоғары сапасын қамтамасыа ету қиын. Сондықтан дизельдерде қоспа жасалуды жақсарту үшін, жанар май толық және түтінсіз жану үшін толық конструктивті құрылмалы-технологиялық комплексті жиынтықты шаралар қолданылады:

1/ Ауаның молдық коэффициентін 1,4-тен 1,66-ке дейін және одан жоғары өсіреді.

2/ Жану камерасына жанар майды жоғары қысыммен майда бүркілген күйінде форсунканың кіші диаметрі арқылы бүркеді.

3/ Цилиндрге жанар майды дер кезінде қоспа жасалуға жақсы жағдайлар туғанда беру /сығылған ауа температурасы жоғары болғанда жану қоспасы бұл кезде жылдам жанады, кебеді, тұтанады, біркелкі және дер кезінде жанады.

4/ Арнайы жану камераларын жасау, олардың конструктивті формасы цилиндрдегі ауа зарядының, әсіресе, сығу тактісі кезінде қарқыңды жануын қамтамасыз өтеді.

Дизельдерде іштей қоспа жасалуда жану камерасына жанар май бөліктерін газ-ауаның қоспасына-өндіру шартына байланысты; көлемді, қабыршақты және көлемді-қабыршақты тәсілді жанар май-ауалық қоспа жасалу болып бөлінеді. Осы тәсілдердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты олар жану камераларының арнайы құрылмалық формасына /пішініне/ сәйкес қолданылады.

Көлемді қоспа жасалуда жанар май ұсақ түйіршікті тамшылы сұйық күйінде тікелей жану камерасына бүркіледі, онда ол кебе отырып, ауамен араласып жанар-май ауалық қоспа түзеді. Жанар май ауалық қоспаның осындай түзілуі бұндай тәсілде іс жөнінде жану қамерасының ауалық заряд көлемі бойынша жүреді. Қоспа жасалу сапасын жанар майда бүрку жөнінде алатын кинетикалық /қозғалыс/ энергияның арқасында жанар майды өте кіші бөлшектерде ыдырату бойынша арттыруға болады. Ауаның құйынды энергиясы қоспа жасалудың, бұл тәсілінде жанар май энергиясынан елеулі аз. Көлемді қоспа жасалу цилиндрлері үлкен, жұмыс көлемдері және үлкен өлшемді жану камералары бар дизельдерге тән.