- •Сынау стендтері мен өлшеу приборларымен оқып танысу
- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •2. Жұмыс орнының жабдықтары:
- •3. Жұмысты орындау тәртібі:
- •4. Есеп берудің мазмұны:
- •5. Бақылау сұрақтары:
- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •2. Жұмыс орнының жабдықтары:
- •3. Жұмысты орнындау тәртібі:
- •4. Есеп берудің мазмұны:
- •5. Бақылау сұрақтары
- •Ерте от алу бұрышы бойынша реттеуіш мінездемесін алу
- •Қоспа құрамы бойынша реттеуіш мінездемесін алу
- •4. Есеп берудің мазмұны:
- •5. Бақылау сұрақтары
- •Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштың ішкі жылдамдық реттеуіш мінездемесін алу.
- •4. Есеп берудің мазмұны:
- •5. Бақылау сұрақтары
- •Сынау стендтері мен өлшеу приборларымен оқып танысу
- •Қозғалтқыштың жүктеме сипаттамасын алу
- •Цилиндрларды айыру әдісімен әртүрлі режимдегі қозғалтқыштардың механикалық пәк анықтау.
- •Зертханалық жұмыстар бойынша есеп беруді қорғау және рәсімдеу
№ 1 Практикалық жұмыс
Сынау стендтері мен өлшеу приборларымен оқып танысу
1. Жұмыстың мақсаты:
1) Қозғалтқышты сынау стендтері мен өлшеу приборларымен оқып танысу
2) әртүрлі қозғалтқыштардың бөлшектерінің ерекшеліктері мен жұмыс тәртібін түсіну;
3) қозғалтқыштардың сынау стендтерін техникалық күту, жинау және бөлшектеу тәртібін үйрену;
2. Жұмыс орнының жабдықтары:
ЯМЗ-238Н, ЗИЛ-130, В-2, ПД-1-01 қозғалтқыштарына арналған стендтер ; КШМ бөлшектері бар стенд және кейбір басқа бөлшектері әртүрлі қозғалтқыштардың макеттерімен плакаттар.
3. Жұмысты орындау тәртібі:
Іштен жану қозғалтқыштарына сынау жүргізу қозғалтқыштың жұмыс көрсеткіштерін бағалау мен оларды салыстыру үшін, сонымен қатар қажетті жөндеуден кейінгі қозғалтқыштың көрсеткіштерін алу мақсатында жүргізіледі. Сынау жүргізудің сараптамалары оның техникалық жаңдайын, құрылымдық ерекшеліктерін көрсетеді.
Іштен жану қозғалтқыштарына сынау жүргізудің келесідей түрлері бар:
Белгілі бір мақсаттық бағытта: ізденістік, инспекциялық, ресурстық, сертификаттық және зерттеу жұмыстары үшін.
Сынау жүргізу құрыл,ыларын қолдана отырып: стендік, полигонды, жолдық, пайдаланымдылық, арнайы орндағы сынаулар.
Стенд қозғалтқышқа ТҚК мен КЖ жүргізуде обкадка жасау үшін арналған.
Іштен жану қозғалтқышын сынау зертханасы
Қозғалтқыштардың газодинамикасын сынау зертханасы
4. Есеп берудің мазмұны:
1. Қозғалтқышты сынау стендтері мен өлшеу приборлары бөлшектерінің ерекшеліктері мен жұмыс тәртібін түсіну.
2. қозғалтқыштардың сынау стендтерін техникалық күту, жинау және бөлшектеу тәртібі.
5. Бақылау сұрақтары:
1) Қозғалтқыштарды сынау стендтерінің түрлері?
2) Қозғалтқыштарды сынау стендтері қай жерде орналасады?
3) Сынау стендтерінің арналуы?
6. Оқулықтар:
1. Алиев В, Жүнісбеков П. «Тракторлар мен автомабильдер» Алматы 2005ж.
2. В.К. Вахламов «Подвижной состав автомабильного транспорта» Москва. АКАДЕМА 2003г.
№ 2 Практикалық жұмыс
Карбюраторлы қозғалтқыштың бос жүріс кезіндегі мінездемесін алу.
1. Жұмыстың мақсаты:
1) Карбюраторлы қозғалтқыштың бос жүріс кезіндегі мінездемесін алу.
2) Карбюраторлы қозғалтқыштың газдарды бөлу және декомпрессия механизмдерінің құрылысын білу;
2. Жұмыс орнының жабдықтары:
ЯМЗ-238, ЗИЛ-130, В-2 қозғалтқыштары, газдарды бөлу механизмдердің бөлшектері,торабтар мен плакаттар.
3. Жұмысты орнындау тәртібі:
Карбюраторлы қозғалтқыштың бос жүріспен жұмыс істеген кезде пайдаланылатын қоспаның аз болуынан дроссель жабық, араластырғыш камерасындағы қысымның сиреуі де шамалы болады, соның салдарынан негізгі мөлшерлеуші жүйенің бүріккішінен отын ақпайды. Сондықтан двигатель бос жүріспен істегенде отынды қысымның ыдырауы аз жері дроссельден әрірек беру керек.
Бос жүріс жүйесінде отын жиклері, ауа жиклері, каналдар мен реттеуіш винт кіреді. Дроссель жабық болғанда сұйылған қысым араластырғыш камерасының қабырғасындағы тесік арқылы каналмен отын жиклеріне беріледі.
Отын жиклер арқылы каналға жеткенде ол әуелі ауа жиклерінен ауаға қосылады, Одан әрі дроссельдің жоғарғы жағындағы қосымша тесіктен өтеді. Пайда болған эмульсия дроссельдің астындағы тесіктен шыққан жерінде ауамен араласып жану камерасына бүркіледі. Дроссельдің астындағы тесіктен шығатын эмульсия реттеуіш винтімен реттеледі. Дроссельдің жоғарғы жағындағы тесік бос жүрістен аз күшке көшуді қамтамасыз етеді. Мұндай жағдай дроссель ашылар алдында оның жоғарғы жағындағы тесіктен эмульсияның өткен кезінде болады.
