Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10. Жадыра_Тур кас кызм жосп жане болжау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53.53 Кб
Скачать
    1. Туристік кәсіпорын қызметін жоспарлау

Стратегия - кәсіпорынның мақсатқа жетуіне арналған біріккенәрекеттер үлгісі. Негізгі қызмет бағыттарын анықтайтын шешімқабылдау ережелерінің жиынтыгы стратегияның мазмұны болыптабылады.

Іскерлік өмірде стратегия үғымы ұйым мақсатына қалай жетеді,алдында тұрған мәселелерді қалай шешудің және оған қажеттішектеулі ресурстарды қалай бөлудің жалпы тұжырымдамасы ретіндетүсіндіріледі. Мұндай түжырымдама (екінші типті стратегияғасәйкес келеді) бірнеше әлементтерді біріктіреді. Ең алдымен, оларғамиссияны, жалпы ұйымдастырушылық және өзіндік мақсатгардыбіріктіретін мақсаттардың жүйесі кіреді. Стратегияның басқа әлементі-алға қойған мақсаттарға жетуге бағытталған саясатгың немесенақты ұйымдастырушылық әрекеттер ережелерінің жиынтығы [8].

Жалпы жағдайда кәсіпорында стратегияның мынадай негізгі төрт түрі

әзірленіп, жүзеге асырылуы мүмкін:

  • дамудың шоғырландырылған стратегиясы - нарықта алатынорынды күшейту стратегиясы, нарыкты дамыту стратегиясы, өнімдідамыту стратегиясы;

  • дамудың біріктірілген стратегиясы — кері сатылық бірігудіңжәнеілгерілеуші сатылық бірігудің стратегиясы;

  • дамудың әртараптандырылган стратегиясы – орталықтанғанжәнеқөлденең әртараптандыру стратегиясы;

  • қысқарту стратегиясы - жою стратегиясы, «егісті жинау»стратегиясы, шығындарды қысқарту стратегиясы.Кез келген стратегияда менеджер ұзақ мерзімде реттелгенжәнеүйлестірілген мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, бір-біріменбайланысты шешім қабылдай алатын жалпы қағидаларды косады.

Мұндай қағидалар төрт топқа бөлінеді:

  1. Фирманың қазіргі және болашақтағы қызметін бағалаукезінде қолданылатын ереже. Бағалау өлшемдерінің сапалық жағынбағдарлау, ал сан жағынан мазмұнын тапсырма деп атайды.

  2. Фирма өнімінің түрі мен оны әзірлеу технологиясын, өзөнімдерін қайда және кімге өткізетінін, бәсекелестерден қалай асыптүсуге болатынын және оның сыртқы ортамен қарым-қатынасынбелгілейтін ереже. Мұндай ережелердің жиынтығы өнімнің нарықтықстратегиясы немесе бизнес стратегиясы деп аталады.

  3. Ұйым ішіндегі орнатылатын тәртіп пен қарым-қатынастардыреттейтін ереже. Оларды ұйымдастыру түжырымдамасы деп театайды.

  4. Фирманың күнделікгі қызметін ереже бойынша жүргізу негізгіжедел тәсілдер деп аталады.

Стратегияны жүзеге асыру дегеніміз - орта және ұзақ мерзімдідеп қарастыруға болатын бағдарламаларды, бюджетті, тәртібін әзірлеуарқылы іске асыру. Стратегияны жүзеге асыру үрдісінде әрбір басшылықөзінің алдына қойған міндеттерді шешіп, бекітілген фукцияларды іскеасырады. Соңғы шешімді ең жоғарғы басшы қабылдайды. Стратегияныжүзеге асыру барысында оның қызметі бірізді бес кезеңнен түруымүмкін:

Бірінші кезең: орта жағдайын,мақсатты және дайындалғанстратегияны терең зерттеу. Бұл кезеңде мынадай мәселелер шешіледі:

  • ұсынылған мақсаттарды, әзірленген стратегияларды түзетужәне олардың өзара сәйкестіктерін, сонымен қоса қоршаған ортажағдайларының мазмұнын анықтау;

  • стратегияны жүзеге асыру үрдісіне дайындық мақсатынакәсіпорын кызметтері мақсатының мәні мен стратегиялық жоспаридеясын енгізу.

Екінші кезең: кәсіпорынның қолда бар ресурстарын тиімдіпайдалануға байланысты шешімдер кешенін әзірлеу. Бұл кезеңдересурстарды бағалау, оларды бөлу және жүзеге асырылатынстратегиямен сәйкестендіру жүргізіледі. Ол үшін ресурстардың дамуынаСыртқы Стратегия- Компанияныңжәне ішкінақты жайфакторбаламалар күйін таңдау толықтайстратегиямен жауап беретінәсері бағалау стратегиятуралы әзірлеу.

Үшінші кезеңде жогары басшылық ағымдағы ұйымдастырушылыкқұрылымына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды [7].

Төртінші кезеңде стратегияны жүзеге асыру үшін кәсіпорынғаміндетті түрде қажетгі өзгерістерді енгізу түрады. Ол үшін қарсы тұрумүмкіндіктерінің жоспары құрылады. Жүргізілетін өзгерістерді бекітумен нақгы қарсы түруды ең төменгі шамаға дейін азайту немесе жоютуралы шаралар кешені жасалады.

Бесінші кезеңде жаңадан пайда болған жағдайлар талап ететінболса, стратегиялык жоспарга түзетулер жасалады. Стратегияны жүзегеасыру нәтижелері бағаланады және алдыңғы кезеңдерге түзетулер жасайотырып, кері байланыс жүйесі арқылы ұйымның қызметін бақылау іскеасырылады.

Стратегиялық жоспарлау үрдісі сегіз кезеңнен түрады және тұйық циклді құрайды.

Стратегия - ұйымның ең басты мақсаты, миссиясының орындалуын және т.б. мақсаттарға қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған жоспарда көрсетілуі тиіс қызметгің негізгі бағыты. Стратегия толық кешенді жоспарға айналады [10].

Тиімді жоспарлау тәжірибиесінің мынадай ерекшеліктері бар:

  • стратегиялық жоспарлаудың функцияларын жүзеге асыруғакішігірім жоспарлы-экономикалық бөлім және онымен байланыстыстратегиялық шаруашылық бөлімшелер жауапты;

  • стратегиялық жоспардың негізгі әлементгері жыл сайыннемесе қажет болған жағдайда, мысалы тоқсан сайын өтетін жоғарыбасшылықтың жиналыстарында қалыптасады.

  • стратегиялық және жедел жоспарлау құралдарының келісуіболып табылатын фирмаішілік жоспарды құрайды.

Ұйымның мақсаты мен миссиясын анықтау. Ұйымның мақсаты- бұл ұйымның анық құрылу себебін білдіретін негізгі жалпымақсат. Ресми түрде бекітілген және қызметкерлерге тиімді түрдетаныстырылған миссияның маңызы өте үлкен. Сол миссия негізіндежасалған мақсаттар барлық басқарушылық шешімдердің өлшемдеріболып табылады.

Сыртқы орта факторларын мынадай салалар бойынша талдауға болады:

  1. Экономика. Ағымдағы және болашақтағы экономикалық жағдай кәсіпорын үшін шешуші рөл атқаруы мүмкін.

  2. Саясат. Кәсіпорынға әсер ететін саясатты анықтайтын жергілікті, аймақтық билік орындары мен басқармаларының нормативті қүжаттарын бақылап отыру қажет.

  3. Нарықтар. Үнемі өзгерісте болып отыратын нарықтық ортаәрдайым кәсіпорын талдаушыларының назарында болуы тиіс.

  4. Технологиялар. Өндіріс, жобалау, сауда, байланыс және т.б.салалардағы жаңа технологияларға экономикалық талдау жасауарқылы олардың перспективалы түрлері мен типтерін анықтайды.

  5. Халықаралық экономикалық байланыстар. Халықаралық қатынастардың өзгеруінен де қауіптер мен мүмкіндіктердің нәтижесі туындауы тиіс.

  6. Бәсекелестік. Бәсекелестерді талдау қүрамына бәсекелестердіңболашақ мақсаттарын анықгау, кәсіпорын қызмет ететін ортадағыбәсекелестердің арақатынасын, олардың күшті және әлсіз жақтарынтерең зерттеу жатады.

  7. Әлеуметтік мінез-құлықгар мен әлеуметтік күтімдер. Оларғакоғамда қалыптасып қалған кәсіпкерлікке деген көзқарас пентүтынушьшардың қүқығын қорғау жатады.

Осылайша, сыртқы ортаны талдау кәсіпорынға болашактакездесуі мүмкін қауіптер мен мүмкіндіктерді анықтауға көмектеседі.Басшылықты тиімді жоспарлау үшін сыртқы проблемалардан толықақпарат алу ғана емес, сонымен бірге үйымның әлеуетті мүмкіндіктерімен кемшіліктері туралы да білу қажет [14].

Ұйымның күшті және әлсіз жақтарын басқарушылық талдау .Баскарушылык талдау кәсіпорынның қызмет ететін саласын функциялық талдау мен бағалауға, оның күшті және әлсізжақтарын табуға бағытталған. Ең қарапайым жағдайда бес түрлі функция ұсынылады: маркетинг, қаржылық және бухгалтерлікесеп, еңбек ресурстары, сонымен бірге кәсіпорынның бейнесі менмәдениеті.

Маркетинг. Талдауды жеті салаға бөлу қажет:

  1. Нарықтың үлесі мен бәсекелестік. Жұмыс жасап тұрғанкәсіпорын үшін оның нарықтағы жалпы алатын пайызы маңыздымақсат болып табылады. Талдау кезінде кәсіпорынның бәсекелестерменсалыстырғанда өзгеру үрдістерін бекіту қажет.

  2. Қызметтер мен тауарлар номенклатурасының сапасы менәртүрлілігі. Кәсіпорын оны үнемі кеңейтіп отыруы қажет. Номенклатуратабыс әкелуі жағынан тиімді болуы тиіс.Талдаутиімділ іктен қаншалықтыауытқығанына баға береді.

  3. Нарықтық демографиялық статистика. Нарықтағы өзгерістермен тұтынушылардың кызығушылығына байланысты проблемалардыбағалау қажет.

  4. Зерттеу және әзірлеу. Тағы бір мәселе: жаңа тауар мен нарықтызерттеу және әзірлеу. Бәсекелестік ортада жаңа және жақсы тауарлармен қызметтердіәзірлеу, зерттеу қажет.

  5. Клиенттерге сатып алудың алдында және сатып алғаннанкейін қызмет көрсету. Тиімді қызмет көрсеіу көбірек тауар сату арқылы клиенттердің келуін жиілетуге ықпал етеді. Кәсіпорындарға жоғары сапалы қызмет көрсеткені үшін жоғары баға қойылады.

  6. Тиімді өткізім, жарнама және тауарларды жылжыту. Өтімділіктің, жарнаманың, тауарды жылжытудың тиімділігі мен үйлесімділігі маңызды басқарушылық функция болып табылады.

  7. Табыс. Маркетинг фукциясын талдауда жалпы ішкі өнім мен табысты тұрақты түрде бақылап отыру маңызды басқару тетігі болып табылады [6].

Қаржы және бухгалтерлік есеп. Көптеген кәсіпорындар үшін қаржылық және бухгалтерлік есептерді тексеру өте маңызды, себебікейбір мекемелерде қаржыны басқару функциялары жоқ немесебасшылар нақты қаржылық қиындықтардың себебін білмейді. Қаржылықжағдайды толықтай тексеру ұйым ішіндегі қазіргі және әлеуетті ішкіәлсіздіктерді табады, басшыларды ұйымның ұзақ мерзімді ішкі әлсізжәнекүшті жақтарымен таныстырады.

Өндіріс. Кәсіпорын дамуының маңызды факторларының біріоперацияларды үзіліссіз талдап отыру, тар мағынада, өндіріс депаталады. Тексеру жүргізу кезінде мынадай мәселелерге жауап беру қажет:

  • кәсіпорын бәсекелестермен салыстырғанда тауар мен қызметгіазырақ шығындармен өндіре ала ма? Егер жоқ болса, неліктен?

  • Жаңа материалдар қол жетімді ме? Кәсіпорын бір немесе бірнешежабдықтаушылардың шектеулі көлеміне тәуелді ме? Неліктен?

  • Өндірістік жабдықтар заманауи ма? Олар жақсы жұмыс жасайма?

  • материалды қорларды және тапсырыстарды орындау уақытыназайтуға бола ма?

  • Қорлар мен тапсырыстарды басқару жүйесі бар ма?

  • Өнім маусымдық өзгерістерге тәуелді ме және уақытшажұмысшыларды шақыруға тура келе ме? Бұл жағдайды қалай түзетугеболады?

  • Кәсіпорын бәсекелестер қызмет көрсете алмайтын нарықтардақызмет көрсете ала ма?

  • Кәсіпорында сапаны бақылау мен реттеудің тиімді және нәтижеліжүйесі бар ма?

Еңбек ресурстары. Кәсіпорындағы көптеген проблемалардың себебіперсоналдарға байланысты. Еңбек ресурстарына байланысты негізгіпроблемаларды мынадай мәселелерді анықгау арқылы шешуге болады:

  • Саланың бүгінгі және болашақтағы сипаты қандай?

  • Жоғары басшылықгың біліктілігі мен дайындығы қандайдеңгейде?

  • Марапаттаудың тиімді жүйесі бар ма?

  • Басқару кадрларының ауысу тәртібі жоспарланған ба?

  • Басқарушылардың санаттарга жоғарылату, оларды оқыту тиімдіме?

  • Бас мамандарды жоғалтты ма? Неге?

  • Қызметкерлер құрамының іс-әрекеттерін бағалау жүйесініңталдауы қашан жүргізілді?

  • Сапа шеңберлері немесе қызметкерлердің басқаруға қатысуыаркылы кызметшілердің жұмысы мен сапаны жақсартуға бола ма?

  • Қызметкерлер құрамы табысқа, мүлікке, кіріске атсалыса ма?

  • Еңбекті ұйымдастырудың тиімділігі қандай?

Ұйымдастырудың мәдениеті және түрі. Ұзақ мерзімді әлеуеттекөп салада дәстүрлі емес факторлар шешуші рөл атқарады.Ұйымдастырудағы атмосфера мен ахуал ұйымдастырудың мәдениетідеп аталады. Мәдениет кәсіпорындағы басты дәстүрлерді, ойларды,күтулерді көрсетеді. Басқарушылар мәдениетті белгілі бір типтегі жәнеуәждемелік типтегі жұмыскерлерді тарту үшін қолданады [9].

Стратегиялық баламалардың талдауы. Басқарушылар қолданатынстрагегиясын сырткы мүмкіншіліктер мен қауіп-қатерді ішкі олқылықтарменсалыстырғаннан кейін белгілей алады. Кәсіпорынқолданатын нақты стратегиялардың 2000-нан астам түрлері белгілі.

Бірақ экономикалық көзқарас бойынша, басқарушылардың алдындатек қана негізгі 4 баламалық стратегия бар. Олар: шектелген өсу, өсу,қысқарту және осы 3 стратегияның біріккен түрі.

Шектелген өсу стратегиясы. Стратегияның бүл түріне мақсаттаринфляцияда ескерілген нәтижелерге қарап белгіленуі тиіс. Бұлальтернативаның таңдалу себебі - ол өте оңай, ыңғайлы жәнетәуекелділігі аз стратегия түрі болып табылады. Бірақ бүл жағдайдажасырын инфляция орын алуы мүмкін. Жұмыстары сәтті жүріп жатканкәсіпорын үшін шектелген өсу стратегиясы мәжбүрленген стратегияболып табылады, өйткені бүл стратегияда өндірістің дүниежүзіидегіөсу қарқынынан аспайтын өсу жүзеге асырылады [8].

Өсу стратегиясы. Бұл стратегия алдыңғы жылдың нәтижелерінеқарай жыл сайын мақсаттардың деңгейін жоғарылату негізіндежүргізіледі. Сәтті дамып келе жатқан кәсіпорынға бүл стратегиядүниежүзіндегі даму қарқынын алып келеді. Бүл стратегиянытехнологиялар тез өзгеретін салаларда әртараптандыруға ұмтылатынбасшылар қолданады.

Қысқарту стратегиясы. Бұл стратегияны соңғы құрал стратегиясыдеп атайды. Қазіргі өнім көлемі оның алдыңғы өнім көлемінентөменқойылады. Бірақ көптеген кәсіпорындар үшін бұл рационализацияжәне өндірісті қайта бағдарлау жолы болып табылады [13].

Қысқарту баламасы мынадай түрде болады:

  1. Жою. Барлық активтердің жұмысын жоспар бойынша тоқтату.

  2. Жартылай жою. Кейбір жағдайларда бірнеше қызметтерді жоюпайдалы болып табылады.

  3. Қысқарту және бағытты ауыстыру. Дағдарыс саласында бірқызмет түрін жойып, өндірісгі басқа операңиялар түрімен ұлғайтупайдалы болып табылады.

Тіркесу стратегиясы. Бұл стратегия жоғарыда көрсетілген 3стратегияның біріктірілуі негізінде пайда болады және ол көбінесебірнеше салада жұмыс істейтін үлкен ұйымдарда колданылады.

Басқарушылар барлық стратегиялық альтернативаларды талдап шығып, кәсіпорынға ең тиімдісін таңдайды. Бұл таңдау кәсіпорынға ерекшеәсер етеді, сондықган бұл шешім дұрыс болуы керек.

Стратегияны таңдау. Кәсіпорын баскарушылары барлықбаламаларды талдап болғаннан кейін, нақты стратегияларды таңдайды.

Стратегияны таңдау - стратегиялық жоспарлаудың маңызды бөлігі жәнеұйым алдында тұрған мақсаттарды шешу үшін керекті құралдардытандауболып табылады [12].

Стратегияны таңдауда еркін кеңесшілер тобы ұсынған матрица(ЕКТ матрицасы) қолданылады, ол екі көрсеткіш арқылы өнімпортфелінің талдауы болып табылады:

  1. Сату көлемінің өсу қарқыны.

  2. Тауардың бастапқы бәсекелеспен салыстырғандағы үлесі.

Шаруашылык баламаларын қалыптастыру мамандардыңбасқарушылар және тауар мен қызмет түрлері бойынша ұсыныстарынанегізделеді, олар басынан бастап бір стратегияға бағытталуыкерек. Белгіленген бюджет негізінде әрбір балама бойынша өсукөрсеткіпггерін, пайдалылығын, төлем төлеу мүмкіндіктерін жәнекәсіпорын активтерінің өтімділігін бағалауға мүмкіндік беретін талдаужүргізілуі қажет. Шаруашылық іс-әрекеттің нұсқасы бірнеше түрлердіңішінен таңдалынады, олардың ішіндегі маңыздылары:

  • белгілі бір дәрежедегі сату және активтердің пайдалылығының,төлем төлеу қабілеттілігінің ең жоғары өсу қарқынын қамтамасыз ететін түрі;

  • белгілі бір сатудың өсу қарқыны және төлем төлеу қабілеттілігін қанағаттандыратын дәрежедегі ең жоғарғы табыс көлемін қамтамасыз тетін түрі.

Бірінші нұсқаны жоғары қарқынмен тиімді өсу мүмкіндіктеріболған жағдайда таңдауға болады, ал екінші нұсқа болашақта жоғарыөсу қарқындарын қамтамасыз ететін зерттеулер және өңдеулер үшінқаржы қорларын шоғырландыруда тиімді болып табылады [11].