Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10. Жадыра_Тур кас кызм жосп жане болжау.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53.53 Кб
Скачать
  1. Туристік қызметті ұйымдастыру мен жоспарлау

    1. Туристік қызметті ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері

Туристік қызметтердің ұйымдастырылуы мен оларды жетілдірудің ұтымды жолдарын қарастыруда, іздену жұмысымызды туризм нарығындағы кәсіпкерлік субъектілердің туристік қызметтер көрсетуге деген казіргі қатынастарынан бастадық.

Өкінішке орай, Қазақстан және дамыған еуропа нарығында да туризмде көрсетілген қызметтің сапасына көп көңіл бөлінбейді. Туризм саласында кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне және жұмыс өтіліне сүйене отырып, іс әрекет жасайды. Көптеген туристік кәсіпорындар осы саладағы түбегейлі ғылыми зерттеулерсіз және сапалы іс-шараларсыз пайдаларын жоғарылатуға мүмкіндіктері болмай, клиенттері мен қызмет өндірісінің көлемін кеңейте алмады. Туризм саласындағы жоғары деңгейдегі сұраныстың пайда болуы осы саладағы ғылыми зерттеулер мен басқа да іс-шараларды жоспарлауға көп көңіл бөлу керектігін негіздеді.

Туризм индустриясы көптеген шағын және орта кәсіпорындармен сипатталады. Олардың қазіргі кезде кажетті зерттеу құралдары, «ноу-хау», немесе тәжірибелі жұмыстарды атқаруға жұмысшыларды жалдайтын қаражаты жоқ. Олар тек қана жарнама жүргізуді, өткізуді және нарықты зерттеу мен өнімді жетілдіру әрекеттерін жасайды. Бұл қызмет көрсетудің көптеген салаларында колданылады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігі үшін маркетингті қолдануына алып келеді, яғни бәсекелік күресте жетістікті қамтамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялык маркетингтік жоспар құрады.

Туризм саласының дамуы мен туристік қызметтерді, олардың мемлекеттік реттелу мәселесін зерттеуші ғалымдардың пікірлерін жалпылай келе, біздің көзқарасымыз бойынша: «Туризмді дұрыс ұйымдастыру - нарықтағы кәсіпорынның мінез-құлқының тұжырымдамасы, стратегиясы және тактикасы. Туризмді дұрыс ұйымдастырудың мақсаты - сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының негізінде оның өсуі мен мол пайда табу мақсатына жетуін көздейді» - деп тұжырымдауға болады.

Зерттеу жұмысымызда туризмді ұйымдастырудағы шет елдік тәжірибеге талдау жасай отырып, ұйымдастырудың екі үлгісін бөліп қарастырдық. Яғни, туризмді ұйымдастырудың еуропалық және азиялық үлгілері.

Туризмді ұйымдастырудың еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен танымал Италия, Испания және Франция елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі. Туристік саламен айналысатын министрліктің бөлімі мемлекеттік реттеу бойынша мынадай іс-шаралар жүргізеді: нормативтік-құқықтық негізін дайындайды, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен айналысады, статистикалық мәліметтерді өңдейді, аймақтардың осы бағыттағы қызметтерін реттейді, осы салаға қатысты көрмелер ұйымдастырады және шет елдердегі туристік өкілдіктерді басқарады.

Дамыған еуропалық елдердегі мемлекеттік туристік әкімшілік жергілікті басқару орындарымен және жеке бизнеспен бірлесе отырып тірлік жасайды. Ал, бұл өз кезегінде туризмді дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың міндеттерін шешуде жеке қаржылық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл саясаттың нәтижесі ретінде туристік қызметтерді реттеудегі аралас (мемлекеттік-жеке) меншікті институттарды алуға болады.

Туризмді басқарудың мұндай жүйесінің арқасында, аталған елдер жоғары индустриялы туризмі бар әлемдік туристік орталықтарға айналып отыр. Бұл елдердегі туризмнен келетін кірістер бюджеттің маңызды баптарына кіреді.

Туризм дамуының бастапқы кезеңінде мемлекеттік басқару органдарының маңызы үлкен. Оның себебі, алғашқы кезеңде туристік саланың инфрақұрылымын жасау үшін қуатты қаржылық салымдар қажет болады. Мұндай қаржылық көмекті тек мемлекет бере алады. Мемлекетке кірістер әкеле бастайтын жоғары дамыған және бәсекелестік мүмкіншілігі үлкен туризм саласы қалыптасқаннан кейін, мемлекеттік органдар негізінен туризм дамуын реттеуші қызметіне ауысады.

Туристік индустрияны ұйымдастырудың азиялық үлгісі Түркия, Египет, Тунис, Марокко және Қытай елдерінде таралған. Бұл үлгідегі елдерде туристік саланы ұйымдастыру мен басқару беделді әрі күшті министрлікке жүктелген. Бұл елдерде туризм экономиканың басым бағыттарының бірі болып саналады. Мемлекеттің көмегінің нәтижесінде аталған елдерде туризм мен курорттар жоғары ырғақпен дамуда.

Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін әлемдік туристік қауымдастықта өз орнын табудың мүмкіндігі туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет осы саланы ұйымдастыру мен басқаруды өз деңгейінде жүргізуі керек. Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, қазақстандық туристік өнім өзінің өмір сүру шеңберіндегі енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде туристік қызметтердің сапасын көтеруге қажетті табиғи және экономикалық әлеуеттердің деңгейін көтеру керек.

Айтылған мәселелерді қорыта келе, туристік қызметтерді ұйымдастыру мен реттеу жағдайларын, туризмнің экономикалық дамудағы құндылығын, кемшіліктерін және мүмкіндіктерін бағалаудың шетелдік тәжірибесін кешенді шолу, отандық туризмді дамытудың талдамалық негіздерін жасауға мүмкіндік беретіндігін атап өтуге болады.