- •Мазмұны
- •Туристік қызметті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •Туристік кәсіпорын қызметі
- •Туристік қызметті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •Туристік қызметті ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері
- •Туристік кәсіпорын қызметін жоспарлау
- •Туристік кәсіпорын қызметі
- •Туристік фирмалардағы жарнама қызметі
- •Туристік фирмада жоспарлаудың маңызы
- •Туристік фирмаларда маркетингті қолданудың маңыздылығы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Туристік кәсіпорынның қызметін жоспарлау және болжау»
(Туризм экономикасы пәні бойынша)
Мамандық 0201000 – «Туризм»
Орындаған: Жұмабекова Жадыра, ТЗ-401 топ білім алушысы
Жетекшісі: Тлеугали Аскербек Адилулы,
туризм пәнінің оқытушысы
«Экономикалық-құқықтық пәндер»
кафедрасында ҚАРАЛЫП
қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
________ А.Н.Жангелдина
«___»_________ ж.
Ақтөбе, 2015 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ...............................................................................................................4-5
Туристік қызметті ұйымдастыру мен жоспарлау
Туристік қызметті ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік
негіздері...........................................................................................................6-7
Туристік кәсіпорын қызметін жоспарлау..................................................7-13
Туристік кәсіпорын қызметі
Туристік фирмалардағы жарнама қызметі.............................................14-15
Туристік фирмада жоспарлаудың маңызы.............................................15-17
Туристік фирмаларда маркетингті қолданудың маңыздылығы............17-20
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................22
КІРІСПЕ
Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.
Курстық жұмыс мақсаты.
Жоспарлау функциясының мәні мынадай негізгі мәселелерді шешуге бағытталған:
қазір біз қай жердеміз? Менеджерлер ұйымның нақты неге қолжеткізе алатынын анықтау үшін оның негізгі аясы (қаржы, маркетинг,қызметкерлер құрамы) бойынша күшті және әлсіз жақтарын анықтауқажет;
біз қайда қозғалғымыз келеді? Менеджерлер қоршаған ортаның қауіптері мен мүмкіндіктерін анықтай отырып, ұйымның мақсаттары қандай болуы керек екенін және бұл мақсаттарға жетуге не кедергі болатынын анықтауы қажет;
бұны біз қалай жасамақшымыз? Менеджерлер алға қойған мақсаттарға жету үшін ұйым мүшелері не істеуі қажет екенін шешуікажет. Жоспарлау өндірістік жүйенің дамуын функңиялауда нақты шешімдерді қабылдауды көздейді. Бұл ұйымның болашақтағы дамуымен тиімді функциялануын қамтамасыз ете отырып, олардың белгісіздік жағдайын азайтады. Белгілі бір өлшемдерді қоюмен байланысты мұндай шешімдерді жоспарлауға жатқызған дұрыс.
Мұндай шешімдерді қабылдауда жоспарлау үрдісі кең мағынаға ие болады. Тар мағынасында - ұйымның қабылданған шешімдерді жүзеге асырудағы нақты қадамдарын анықтайтын арнайы жоспар құжаттарын салыстыруды жоспарлау деп түсіндіріледі.
Көбінесе жоспарда ұйымның даму болжамдары, оның және жекелеген бөлімшелерінің алдына қойған ағымдық және соңғы мақсаттары мен міндеттері, ағымдық қызметін үйлестіру тетігі мен ресурстарды бөлу, төтенше жағдайларға арналған стратегиялар көрсетіледі.
Туризм саласының дамуы, елде салыстырмалы түрде жақын арада басталды. Бiрақ жылдан жылға бұған көбiрек мән берiлуде. Саланың дамуын жақсы функционирлеу, қолдау көрсететiн iс-шараларсыз мүмкiн емес, соның iшiнде үкiмет жағынан, яғни дамыған сала мемлекетке үлкен пайда әкелуi мүмкiн.Шетелдік туристік ұйымдардың өркендеп өсуінің бірден бір көзі олардың көрсететін қызметтерінің сан алуандығы мен сапасы болып табылады, ал Қазақстанда бүгінгі таңда барлық қажетті атрибуттары бар толыққанды біртұтас туризм жүйесі әлі жоқ. Туристік ұйымдардың көбісінде әлі қызмет көрсетудің жарнама, сату қызметі, көлік, орналастыру, тамақтандыру, сынды компоненттер жолға қойылмаған. Осы айтылғанның барлығы әлі де болса даму сатысында ғана.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
