Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
14-28 тақырыптар.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

Сабақтың құрылымы:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі

  • ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

  • ІҮ. Сабақтың бекіту

  • Ү. Бағалау

  • ҮІ. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Алтын Орда қанша уақыт өмір сүрді?

  • Алтын Орда туралы мәліметтерді қандай деректреден білеміз?

  • «Орда» ұғымы қандай мағынаны білдіреді?

  • Мұсылман діні қай хандардың тұсында қабылданды?

  • Алтын Орданың ыдырауына не себеп болды

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ақ Орданың құрылуы,жер аумағы.

  2. Этникалық құрамы.

  3. Орданың ішкі-сыртқы саяси жағдайы.

  4. Шаруашылығы.

Ақ Орданың ішкі және саяси жағдайын баяндағанда, алдымен Орданың билеушілерімен таныстырамын. Ақ Орда хандарының мемлекеттің дамуына қосқан үлестері мен Орданы сақтап қалу үшін жүргізілген соғыстары туралы төмендегі кестені пайдаланып, түсіндіремін

Ақ Орда ханддары

Хандардың мемлекеттің тарихындағы қызметтері.

Ақ Орданың халқы диқаншылықпен және жартылай көшплеі мал шаруашылығымен айналысқан. Оқушыларға төмендегі сұрақтары негізге алып, аталған шаруашылық түрлеріне сипаттама беру тапсырылады.

1.Диқан деген кім?

2.Диқаншылық қай жерлерде жақсы дамыды?

3.Олардың негізгі өсіретін дінді дақылдары мен бау-бақша өнімдерін атаңдар

4.Диқаншылар қандай еңбек құрал-саймандарын пайдаланды?

5.Көшплеі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы деген не?

6.Малдың қандай түрлері көп өсірілді?

7.Жайлауға, қыстауға қандай жерлер таңдап алынды?

8. Көшпенділер отырықшы халықпен қандай байланыстар жасады?

ІҮ. Сабақтың бекіту:

1.Ақ Орда қай кезде құрыла бастады?

2.Ақ Ордаға қарсы Темір әулетінің соғыстары қашан аяқталды.

3.Ақ Орда тарихында ерекше рөл атқарған хандарды атаңдар?

4.Ақ Орда тарихы қандай кезеңдерге бөлінді?

5.Ақ Орданың орнына қандай мемлекет құрылды

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: 24-параграфты оқу.Сұрақтарға жауап беру.

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Күні:

Сабақтың тақырыбы: §25. Моғолстан

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды Моғолстан мемлекетінің құрылуымен,этникалық құрамымен таныстыра отырып, саяси тарихындағы негізгі оқиғалар туралы жан-жақты түсінік беру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды дасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды тарихи оқиғалардан сабақ алуға, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:аралас- құрамдас

Көрнекілігі: карта, Қазақстан картасы, презентация

Пәнаралық байланыс: дж тарих 7 класс

Сабақтың құрылымы:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі

  • ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

  • ІҮ. Сабақтың бекіту

  • Ү. Бағалау

  • ҮІ. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • .Ақ Орда мен Қазақ хандығын не байланыстырады?

  • Не себепті Ақ Орда хандары өздерінің астанасы оңтүстік өңірде орнатуға ұмтылады?

  • Алтын Ордамемлекеті мен Ақ Орда мемлекеті арасында қандай айырмашылықтар болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1.Моғолстанның құрылуы,жер аумағы

2.Халқының этникалық құрамы.

3. Моғолстанның ішкі сыртқы жағдайы

4.Моғолстанның ыдырауы.

Моғолстанның этникалық құрамының қалыптасуы

Жетісу аймағындағы б.д.д III-II ғ. Бастап ,үйсін,қаңлы тайпалары мекендеген.

V-VI ғасырларда түрік тілді тайпалар қоныстана бастаған.

XIII ғасырда моғолдың арлат,чорас,калучи тайпалары келіп, жергілікті халықпен араласып түркіленіп кетті.

Қорытынды: Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар болды-дулат,қаңлы,үйсін,арғын,баарн,барлас,бүлғашы т.б. Моғолстанның ішкі-сыртқы саяси жағдайын былай баяндаймын.

Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады.Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп,бір орталыққа бағындырды. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаоасы болды. Ол мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады. Тоғлық Темір 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір хан қаза болады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда Ілияс Қожа хан Әмір Темір арасында шешіші «Батпақ шайқасы» болады., екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылады.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

1.Моғолстан атауы қайдан шықты?

2.Әмір Поладшы деген кім?

3.М.Х.Дулатидің деректері бойынша «Маңлай-Сүбе» жері қай жерде орналасқан?

4.Моғолстанның орталығы қай қала болды?

5.Ташкент маңында өткен «Батпақ шайқасын» сипаттаңдар.

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: 25-параграфты оқу. Сұрақтарға жауап беру.

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Күні:

Сабақтың тақырыбы: §26. Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

Сабақтың мақсаты:

  • Әмір Темірдің шыққан тегі және оның Орта Азияны билеген тұсында жасаған шапқыншылық жорықтары мен оның зардаптары туралы толық түсініктіқалыптасыру;

  • Әмір Темірдің Алтын Орда,Ақ Орда, Моғолстан хандықтарымен болған ұрыстарының нәтижелері мен оның зардаптары туралы айта отырып, оқушыларды талдау жасауға,өз көзқарастарын білдіруге, қорытынды жасауға дағдыландыру:

  • Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі: түсіндіру,

Көрнекілігі: карта Әмір Темір портреті, жорықтары картасы

Сабақтың құрылымы:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі

  • ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

  • ІҮ. Сабақтың бекіту

  • Ү. Бағалау

  • ҮІ. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақпен өткен сабақтың өте тығыз байланысты екенін ескере келіп,үйге берілген тапсырманы талдаудан бастаймын.Талдау барысында мына төмендегі сұрақтарды негізге аламын

1.Моғол атауы қайдан шыққан?

2.Мемлекеттің негізін қандай тайпалар құрады?

3.Моғол мемлекетінің қоғамдық құрылысы және саяси жағдайы туралы не білесіңдер?

4.Әмір Темірдің шапқыншылығы Моғол мемлекетінің дамуына қандай ықпал етті?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Әмір Темірдің Мауараннахрдағы билікті иеленуі.

2. Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары.

3. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорығы.

4. Әмір Темір жорықтарының зардаптары.

Әмір Темірдің басқа мемлекеттерге жорықтарының бағыттарын анықтау үшін әрбір оқушы оқулықтағы 9-картамен жұмыс жасайды. Картадағы шартты белгілерді түсіндіреді. Мәтіннің мазмұнын баяндай отырып, кісі аттары мен жер су аттарын, оқиға болған жылдарыды оқушылардың қабылдауына жеңілдету үшін төмендегідей тапсырмалар беріледі. Мұнда тікелей оқулықпен жұмыс жасалады. Жауаптары дәптерге жазылады.

Әмір Темір Тоқтамыс:

1.Екеуін қандай оқиғалар байланысьырады?

2.Ол оқиғалар қай жылдары болды?

3.Қандай жер аттары естеріңде қалды?

Әмір Темір –Ұрұс хан және оның ұлы Темір - Мәлік

1.Бұларды қандай оқиғалар байланыстырды?

2.Ол оқиғалар қай жылдары болды?

3. Қандай жер аттары естеріңде қалды?

Әмір Темір-Қамар ад-дин:

1.Екеуін қандай оқиғалар байланыстырды?

2.Ол оқиғалар қай жылдары болды?

3. Қандай жер аттары естеріңде қалды?

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • 1.Әмір Темір неге хан атағын иелене алмады?

  • 2.Мауараннахр мемлекеті қай жерде орналасты?

  • 3.Тоқтамыс неге ҰРұс ханға өшікті?

  • 4.Темір жорықтарының барлығы сәтті болды ма?

  • 5.Темір шапқыншылығының ең ауыр зардаптары неден көрінеді?.

Ү. Бағалау: белсенділігіне қарай бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: 26-параграфты оқу. Картадан Әмір Темір жорықтарының бағыттарын көрсету. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §27. ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы Ноғай Ордасы.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды XIII -XV ғасырлардағы Қазақстан жер аумағында өмір сүрген Ноғай Ордасының және Сібірді мекендеген түрік тайпаларының тарихымен, мәдениетімен таныстыру;

  • XIII -XV ғасырлардағы Қазақстанның батысы мен солтүстігіндегі негізгі оқиғаларды көрсете отырып, оқушылардың өзіндік ойлау, пікір қорыту және тарихи танымдық қабілеттерін дамыту;

  • Аталған мемлекеттердің ішінде қазақ тайпаларының басым болып,өз мемлекеттерін қалыптастыруға алғанына мақтан ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: топтық жұмыс

Көрнекілігі: карта

Сабақтың құрылымы:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі

  • ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

  • ІҮ. Сабақтың бекіту

  • Ү. Бағалау

  • ҮІ. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • 1.Әмір Темір неге хан атағын иелене алмады?

  • 2.Мауараннахр мемлекеті қай жерде орналасты?

  • 3.Тоқтамыс неге ҰРұс ханға өшікті?

  • 4.Темір жорықтарының барлығы сәтті болды ма?

  • 5.Темір шапқыншылығының ең ауыр зардаптары неден көрінеді?.

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. .Ноғай Ордасы.Жер аумағы мен халқының этникалық құрамы.

2. Сарайшық қаласы.

3.Қоғамдық құрылысы.

4.Ноғай Ордасының саяси тарихы

5.Ноғай Ордасының ыдырауы

6.XIII-XV ғасырлардағы Солтұстік Қазақстан және Батыс Сібір

7.Сібір хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

Өздік жұмыс: Жаңа тақырыпты оңай меңгерту үшiн сыныпты eкi топқа бөлiп тапсырма беремiн:

1-шi топқа тапсырма - Ноғай Ордасының қоғамдық құрылысын, саяси тарихын Ақ Ордамен салыстыру.

2-шi топқа тапсырма – Батыс Сiбiрдi басқарған Шай­бани әулетi билеушiлерiнiң iшкi және сыртқы саясатымен таныстыру.

1-топтың тапсырмасы бойынша төмендегi схеманы тол­тыру қажет:

Ноғай Ордасы ~ жер аумағы

~ этникалық құрамы

~ қоғамдық құрылысы

~ саяси жағдайы

АқОрда ~ жер аумағы

~ этникалық құрамы

~ қоғамдық құрылысы

~ саяси жағдайы

Бұл өзiндiк жұмыс оқушылардың өткен тақырыптарды қайталап, еске тyсipyiнe мүмкiндiк берiп, бiлiмiн жетiлдiре түседi.

2-топтың тапсырмаеы бйынша төмендегi кecтeнi толтыру қажет:

Сібір хандығының жер аумағы орталығы

Хандары

Хандық тарихындағы

ірі оқтғалар

Топ болып жұмыс жасау тиiмдi, себебi оқушылар өздерiне берiлген тапсырманы талдай отырып, сабақты то­лық игеруiне мүмкiндiк жасайды. Eкi топ бiрiн-бiрi толықтырып отырады.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • «Ноғай» атауы кайдан шыққан және онын; «Maңғыт елi» деп аталу себебi нелiктен?

  • Ноғай Ордасының негiзiн қалаған Едiгенің басты жауы кiмболды?

  • Ноғай Ордасының ыдырауының басты себебi неде?

  • Сiбiр хандырының құрамында қандай қазақ тайпаларыболды?

  • Тайбұғалықтар деген кiмдер?

  • Сiбiр хандырын қандай хандар биледi?

  • Сiбiр xaндығын қазақ халкының қалыптасуына ықпaл еттi ме?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§27

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Күні:

Сабақтың тақырыбы: §28 Әбілқайыр хандығы

Сабақтың мақсаты:

  • Әбiлқайыр хандығы немесе «көшпелi өзбек хандығы» деп аталу себептерiне, оның мемлекет болып құрылуына негiз болған жағдайларға сипаттама берiп, оқушыларды оның жарты ғасырлық тарихымен таныстыру;

  • Орта ғасырлардағы Қазақстан жер аумағындағы мемлекеттердiң өзiне тән ерекшелiктерiн бiлуге, оқушылар­ды өзiндiк ойлауға, пiкiр қорытуға үйрету;

  • Хандыдтың нығаюына және әлсiреуiне тiкелей себеп болған қазақ тайпlaларының күштi ықпaлын көрсете отырып, оқушылардыұ лтжандылыққа, отансүйгiштiкке тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Дамыта оқыту технологиясы, Жаңа сабақ Сабақ әдіс-тәсілдері: Пікірталас, сұрақ жауап, ізденіс, топтық жұмыс Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, плакат, оқулық, постер бетшесі, маркер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]