- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың құрылымы:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Ііі. Жаңа сабақтың жоспары:
- •Іү. Сабақтың бекіту:
- •Сабақтың құрылымы:
- •Сабақтың құрылымы:
- •Портреттік картинамен жұмыс.
- •Ү. Бағалау:
- •Үйге тапсырма: §22. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
- •Іі. Жаңа сабақтың жоспары:
- •Сабақтың құрылымы:
- •Сабақтың құрылымы:
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
ІҮ. Сабақтың бекіту
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Қазіргі сәндік қолтаңбалар туралы не білесің?
Айша бибі,Арыстан баб,Бабаджа-қатын кесенелерінің салыну тарихы туралы не білесің?
Көне мәдени, ескерткіштердің тарихымен танысу оларды қастерлеу не үшін қажет?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Ислам дініне дейінгі діни наныс-сенімдер.
Ислам дінінің таралуы.
Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері.
Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға ойтүрткі боларлық сұрақтар қоямын. Сұрақтар балалардың 5-6 сыныпта тарих курсынан алған білімдеріне сәйкес құралады.
Алғашқы дін наным-сенімдердің пайда болуына қандай жағдайлар әсер еткен?
Алғашқы діни наным сенімдрдің түрлерін атаңдар.
3.Қазақ халқында Көк Тәңірі, Көк бөрі ұғымдары нені білдіреді?
4. Ежелден келе жатқан әлемдік діндерді атаңдар.
Ең алдымен ислам діні туралы төмендегі кестемен таныстырған жөн.
Ислам діні қай жерде және қашан пайда болды? |
Ислам дінінің негізін салушы және діннің басты қағидасы |
Ислам дінінің негізгі бес парызы |
Ислам дініндегі елдер |
VII ғасырдың ортасында араб елінде пайда болған. |
Діннің басты қағидасы- бүкіл әлемді жаратқан бір Аллаға бас ию.Негізін салған Алланың жалғыз елшісі Мұхаммед пайғамбар. |
1.Бес мезгіл намаз оқу2.Ораза ұстау 3.Садақа беру 4.Иман. 5. Қажылыққа бару. |
Сирия,Палестина ,Египет,Біріккен Араб Әмірліктері,Сауд Арабиясы,Ливан, марокко,Эфиопия т.б. |
Сабақты аяқтай келе, оқушылардың пікірлерін білу үшін мынадай сұрақтар қоямын:
1. Діннің пайда болуын қалай түсінесіңдер?
2. Қазақстанда қандай діни бағыттардың жұмысын білесің?
3. Аталған діни бағыттардың мақсаты сендерге таныс па?
4. Отбасында қандай дінді ұстанасыңдар?
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Шамандық,тотемизм, зоастризм дегеніміз не?
Ислам дінінің Қазақстанда таралуы туралы қандай деректерде айтылады?
Ислам діні қалайша әлемдік деңгейге көтерілді?
Елімізге әлемдік діни конфессиялар өкілдерінің жиі бас қосуы неліктен?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: 20 параграфыты оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Күні:
Сабақтың тақырыбы: §21. Ғылым мен білімнің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғылымдардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;
Оқушылардың тарихи-ғвлвми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Қазақ халықына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім-тағлым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас-құрамдас
Әдісі:сұрақ-жауап, әңгіме
Көрнекілігі: ғұлама ғалымдардың фото портреті
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
ІҮ. Сабақтың бекіту
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың негізгі ұғымдары:
Әбу Насыр әл-Фараби шығармалары, Әбу Райхан әл-Бируни еңбектері, Махмұд Қашғаридің кіәтаптары, Жүсіп Баласағұнидің еңбектері, Ахмет Иүгенки шығармасы,Қожа Ахмет Йасауидің «Данлық» кітабы,Сүлеймен Бақырғали шығармалары
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын талдау барысында оқушылардың түсінбеген сұрақтарына тоқталып, шолу жасау.Оқушылар өткен сабақтың негізгі мәселелерін еске сақтай отырып, жаңа сабақты қабылдауға дайын болады. Үй тапсырмасын тексеру үшін мынадай сұрақтарға назар аударылады.Қазақ халқында исламға дейін қандай наным сенімдердің элементтері сақталған? Ислам діні туралы не білесіңдер? Ғылымның, жаңа технологиялардың дамыған заманында адамдардың дінге сенуін қалай түсіндіресіңбер?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Әбу Насыр әл-Фараби еңбектері.
Әбу Райхан әл-Бируни еңбектері.
Махмуд Қашғари- «Түрік тілдерінің сөздігі».
Жүсіп Баласағұни- «Құт негізі білік».
Ахмет Иүгнеки- «Ақиқат сыйы».
Қожа Ахмет Йасауи- «Даналық кітабы».
Сүлеймен Бақырғани шығармалары
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушылардың ынтасын, ойын сабаққа бейімдеу мақсатында сұрақтар қоямын.
1.Ғылым дегеніміз не?
2.Ғылымның қандай түрлерін білесіңде?
3.Ғылым, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
«Оқу-білім азығы,
Білім-ырыс қазығы»,
«Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды мысалға келтіре отырып, шәкірттерді үнемі білім,ғылымға ұмтылуға шақыру
