Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
14-28 тақырыптар.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

Іү. Сабақтың бекіту:

  • Қыш құмыралар жасайтын шеберханалар қай қаладан табылды?

  • Шыны ыдыстарды жасау қалай іске асты?

  • Айырбас сауда деген не?

  • Ақшаның қандай түрлері болды, олар қандай қалаларда шығарылды?

  • Егін шаруашылығымен байланысты қандай құрал-саймандар жасалды?

  • Қандай егін дақылдары өсірілді?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§18. Тапсырмаларды аяқтау

7-сынып. Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Күні:

Сабақтың тақырыбы: §19. Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға қазақстандағы Х-Х11 ғасырлардағы сәулет құрылыс жүйелері мен

сәндәк қолтаңбалы өнердің дамуы туралы жан-жақты түсінік беру.

  • Сәулет өнері мен құрылысының дамуына ықпал еткен факторларды ашуға және оларды VI-IX ғасырлардағы сәулет құрылыстарымен салыстырып, қорытындылауға дағдыландыру;

  • Көне тарихи ескерткіштерді, ұлттық құндылықтарды сақтап, қастерлеуге,өнерге және шеберлік шығармашылыққа тәрбиелеу.

  • Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: топтық жұмыс

Көрнекілігі:карта, суреттер, сәндік қолданбалы өнер буклеттері "Ғылымда төңкеріс жасаған ашылымдар"

Әдісі: ақпаратты хабарлау, ретроспективті, дәлелдеу

Пәнаралық байланыс: География, бейнелеу, өнер

Сабақтың құрылымы:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі

  • ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

  • ІҮ. Сабақтың бекіту

  • Ү. Бағалау

  • ҮІ. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1-топ

1.Қолөнердің қандай түрлері дамыды?

2.Қыш құмыра жасайтын шаберханалар қай қаладан табылды?

3.Шыны ыдыстарды жасау қалай іске асты?

4.Ұсталар қандай бұйымдар жасады?

5.Зергерлік кәсіп пен сүйек ұсатуға сипаттама беріңдер.

2-топ

1.Тұтынушы,өндіруші ұғымдарына түсінік беріңдер

2.Айырбас сауда деген не?

3.Ақшаның қандай түрлері болды, олар қандай қалаларда шығарылды?

5.Далалы өлкелерге қаладан қандай тауарлар әкелінді?

3 топ

1.Егіншіліктің дамуы неге қала санының өсіуне байланысты болоды?

2.Егін шаруашылығына байланысты қандай құрал-саймандар жасалды?

3.Егін шаруашылығы дамыған аймақтарды картадан көрсетіңдер.

4.Қандай егін дақылдары өсірілді?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Сәндік қолтаңбалы өнер.

2. Сәулет,құрылыс жүйелері.

3. Кесенелер ,моншалар.

1. Кіріспе сұрақ: Оқушылар орта ғасырларғы жататын қандай сәулет құрылыстарын білеміз? Мұғалім: Мемлекеттің қалыптасуы, шаруашылықтың өркендеуі орта ғасырларда қазақ жерінде құрылыстың көп салынуына себеп негіз болды. Сәулет өнері Қазақстанның Х – ХІІ ғасырларға Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастады. Бүгінде Қазақстан жерінде Айша бибі, Қожа Ахмет Йасауи, Арыстан баб кесенелері сияқты ортағасырлық атақты сәулет өнерінің туындылары сақталған.

2. "Ғылымда төңкеріс жасаған ашылымдар" бейнежазба көрсетіледі

Терминдермен жұмыс (берілген терминдердің мағынасын ашу тапсырылады)

Ғаныш- (қолданбалы өнердің құрылыс материалы)

Терракота-(ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын қолданылатын шағын көзе кірпіш)

Мешіт-(мұсылман дінінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері орындалатыцн қасиетті ғимарат)

Кесене- (діни құрылыс, белгілі бір адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған)

Пантеон-(елдін аса көрнекті адамдарының қабыры, ұлы адамдардың бір жерде жерленген орындары)

Тарихи дерекпен жұмыс (Берілген тарихи деректің дұрыс жауабын табу)

1 – топтың тапсырмасы:

Бұл қала орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі ең дамыған қалалардың бірі. Ол жерде Арыстан бабтың кесенесі орналасқан. Монғол шапқыншылығы кезінде әлемге әйгілі Ұлы кітапхана қиратылған қала қалай аталады? (Отырар қаласы)

2 – топтың тапсырмасы:

XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнеріндегі ерекше туынды. Ғимарат 1396 – 1404 жылдары шебер Қожа Хасан Ширази басшылығы бойынша Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Орталық залдың төңірегінде әр түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме бар. Бұл қай кесене? ( Қожа Ахмет Йасауи кесенесі)

3 – топтың тапсырмасы:

Құрылысқа түгелдей қашап өрнек салынған, өсімдік пішіндегі және геометриялық оюлармен өрнектелген терракоталық тақташалармен қапталған. 1893 жылы кесенені бірінші болып, ресейлік шығыстанушы В.В.Бартольд зерттеген. Әңгіме қай кесене туралы айтылып отыр? (Айша бибі кесенесі)

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • Сәндік қолтаңбалы өнер дегеніміз не?

  • Қазақстанда ірі ғимараттық құрылыстары қай кезде бой көтере бастады?Оған қандай жағдайлар ықпал етті?

  • Х-ХІІ ғасырлардағы сәулет құрылыстарының VI-IX ғасырлармен салыстырғанда қандай артықшылықтары болды?

Сәйкестендіру (Берілген сөздерді сәйкестендіру тапсырылады.)

  • 1. Бабаджа қатын кесенесі а) Түркістан

  • 2. Қажа Ахмет Йассауи в) Тараз

  • 3. Арыстан баб с) Шығыс моншасы

  • 4. Айша бибі д) Шымкент қаласы (Ежелгі Отырар қаласы)

  • 5. Түркістан е) Қарахан

Дұрыс жауаптар: 1-В, 2-А, 3-Д, 4-Е, 5-С;

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§19-параграфты оқу:Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Күні:

Сабақтың тақырыбы: §20. Дін және мәдениет. Исламның дамуы

Сабақтың мақсаты:

  • Ортағасырлық Қазақстандық әр түрлі діни анаым-сенімдер туралы,Ислам дінінің таралуы,оның мәдениетінің дамуына тигізген әсері туралы түсінікті қалыптастыру;

  • Әр түрлі діни бағыттардың ерекшіліктерін түсіндіре отырып, оқушыларды өзіндік қорытынды жасай білуге үйрету:

  • Шәкірттердің рухани дүниесін дамыту,адамгершілікке, имандылыққ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі: түсіндіру, хабарлау, СТО

Көрнекілігі: дінтану оқулығы, сызба

Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмалары, А4 форматта эллюстрациялары, тарих жұмыс дәптері

Пәнаралық байланыс: Дінтану

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]