Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УКЦ 5 курс каз.. СДВ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
463.87 Кб
Скачать

Іх. Тақырып: Терең тіс жегісін емдеу сатылары (тез ағымды түрі)

1. Мақсаты: студенттерді терең тіс жегісінде жегіленген қуысты пломбалау дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар.

3. Ақырғы нәтиже: терең тіс жегісінде жегіленген қуыстарды пломбалау дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п

Тапсырма сатыларының критерийлері

Орындал

мады

0

Жартылай орындалды

0,5

Орындалды

1,0

1

Материалдарды таңдау: бүйрек тәрізді лоток, стоматологиялық айна, стоматологиялық пинцет, бұрыштық зонд, экскаватор, гладилка, штопфер, стерильді мақталы шариктер, борлар, ұштықтар, емдік сықпа, ажыратқыш төсеніш, пломбалаушы материал, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі.

2

Жансыздандыруды өткізу: оң қолға 10% лидокаин ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және жегіленген қуысқа салады.

3

Тіс қуысын механикалық өңдеу: оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады, жегіленген қуысты ашады және кеңейтеді, салбыраңқы жиектерден тістің сау тініне дейін эмальды алып тастайды.

4

Жегіленген қуысты қалыптастыру: оң қолға орташа, кейін үлкен мөлшерлі фиссуралы боры бар ұштықты алады, жегіленген қуысты қалыптастырады.

5

Жегілік қуысты дәрілік өңдеу: оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және тіс қуысын өңдейді

6

Емдік төсеніш салу: оң қолға зонд алып жегі қуыс түбіне емдік пастаны нүктелі түрде салады Ажыратқыш төсенішті салу: оң қолға ұшында ажыратқыш төсеніші бар гладилканы алады және жұқа қабатпен жегіленген қуыстың түбі мен қабырғасына эмаль-дентин шекарасына дейін біркелкі салады.

7

Тұрақты пломбаны салу: оң қолға ұшында тұрақты пломбасы бар гладилканы алады және ажыратқыш төсеніштің үстінен біркелкі салады. Содан кейін оң қолға штопфер алады және тістің анатомиялық формасын жасай отырып, тұрақты пломбаны тығыздайды.

8

Окклюзиограмманы анықтау: оң қолға көшірме қағазы бар пинцет алады және пломбаның беткейіне қояды және науқасты тістеуін сұрайды.

Пломбаны өңдеуді және тегістеуді өткізу: оң қолға алдымен ірі дисперсті, содан кейін ұсақ дисперсті алмазды боры бар ұштықты алады және өңдейді, пломбаның бүйір беткейлерін штрипстермен өңдейді. Пломбалауды абразивті сықпалары бар щеткалармен, резиналы дөңгелектермен және қалпақшалармен аяқтайды.