Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз. лабор.практикум с органикой.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204.5 Кб
Скачать

Жұмысты орындау реті

1 Тәжірибе. Спирттердің судағы ерігіштігі, индикаторларға әсері, жануы

а)Спирттердің судағы ерігіштігі

Бес сынауыққа 1 мл-ден су құяды. Бірінші сынауыққа этил спиртінен 5 тамшы, екінші сынауыққа пропил спиртінен 5 тамшы, үшінші сынауыққабутил спиртінен 5 тамшы, төртінші сынауыққа амил спиртінен 5 тамшы, ал бесінші сынауыққа глицериннен 5 тамшы тамызады. Пайда болған қоспаларды жақсылап шайқап араластырады да біраз уақытқа қалдырып қояды. Бұл спирт ерітінділерін келесі тәжірибеге қолданыңыз. Неге спирттердің судағы ерігіштігі әр түрлі болады?

ә)Спирттердіңиндикаторларға әсері

Көк және қызыл лакмус қағаздарына а) тәжірибеде дайындалған спирттерден бір-бір тамшыдан тамызады.Лакмус қағаздарының түсі өзгермейді.

Жоғарыда дайындалған бес сынауықтағы спирттерге бір тамшыдан фенолфталеин тамызады. Неге барлық жағдайда индикаторлардың түстері өзгермейді?

б)Спирттердіңжануы

Үш фарфор табақша алады. Бірінші табақшаға 5 тамшы этил спиртінен, екіншітабақшаға5 тамшы пропил спиртінен,үшінші табақшаға 5 тамшыбутил спиртінен тамызады. Спирттерді жандырып жану үрдісін бақылайды.Жоғарыдағы спирттердің жану реакцияларының теңдеулерін жазыңыз.

2 Тәжірибе. Этил спиртіндегі суды анықтаужәне спиртті сусыздандыру

Мыс купоросын қыздырып сусыз мыс сульфатын алады. Сынауыққа 1 мл этилспиртін құйып, сусыз мыс сульфатын қосады. Пайда болған қоспаны жақсылап араластырады. Егер спирттің құрамында су болса, онда мыс сульфаты көк түске боялады. Көк түстің пайда болуы мыс купоросының түзілгенін дәлелдейді. Реакция теңдеулерін жазыңыз.

3 Тәжірибе. Мыс глицератын алу

Сынауыққа 4 тамшымыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған тұнба түзілгеншенатрий гидроксидінің ерітіндісін құяды. Пайда болған көк түсті тұнбаға бірнеше тамшы глицерин қосады. Қоспаны жақсылап араластырғанда тұнба жойылып көк түсті ерітінді түзіледі. Бұл мыс глицератының түзілгенін дәлелдейді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай заттар спирттер деп аталады? Спирттердің жалпы формуласы қандай?

  2. Бутил спиртінің изомерлерін жазыңыз.

  3. Пентанолдың барлық мүмкін болатын изомерлерін көрсетіңіз.

  4. Этил спиртінің химиялық қасиеттерін сипаттаңыз.

  5. Қандай спирттер гликольдер деп аталады? Мысал келтіріңіз.

  6. Бір атомды және көп атомды спирттердіңфизикалық қасиеттерін сипаттаңыз.

  7. Бір атомды спирттердің көп атомды спирттерден қандай айырмашылығы бар? Мысал келтіріп түсіндіріңіз.

  8. Жәй эфирлердің жалпы формуласын келтіріңіз.

  9. Метилэтил эфирінің, пропилэтилэфирінің формулаларын жазыңыз.

  10. Глицериннің формуласын жазып, халықаралық номенклатура бойынша атын атаңыз.

8 зертханалық жұмыс

Карбон қышқылдары. Бір негізді карбон қышқылдары

Жұмыстың мақсаты: Карбон қышқылдарының қасиеттерімен танысу.

Құралдар мен реактивтер:құмырысқа, сірке, май, стеарин қышқылдары жәнетұзқышқылы, мұзды сірке қышқылы, натрий карбонаты, натрийгидроксидінің ерітіндісі, дистилденген су, әмбебаб индикатор қағазы, фенолфталеиннің спирттіерітіндісі, сынауықтар, спирт шамы.

Молекула құрамында бір немесе бірнеше карбоксил – СООН тобы болатын органикалық қосылыстар карбон қышқылдары деп аталады.Карбоксил тобының санына байланысты карбон қышқылдары бір негізді және көп негізді болып бөлінеді. Радикал табиғатына байланысты қаныққан, қанықпаған және ароматты болып бөлінеді.

Бір негізді карбон қышқылдарының жалпы формуласы СпН2п+1СООН немесе R–COOH.

Бір негізді карбон қышқылдарының гомологтық қатарының бірінші мүшесі – құмырсқа қышқылы – Н–СООН. Бұл қышқылда радикал жоқ, яғни R-дың орнында сутек–Н тұр.

Халықаралық номенклатура бойынша қышқылдарды атау үшін карбоксил тобы бар ең ұзын көміртек тізбегін таңдап алып, оған сәйкес келетін көмірсутектің атына қышқыл деген сөзді қосады. Мысалы:сірке қышқылын – СН3–СООН этан қышқылы деп атайды. Карбон қышқылдары гомологтық қатар түзеді:

Н–СООН– метанқышқылы (құмырсқа қышқылы)

СН3–СООН– этанқышқылы (сірке қышқылы)

СН3–СН2–СООН– пропанқышқылы

СН3–СН2–СН2–СООН – бутанқышқылы

CH3–CH2–CH2–CH2– СООН пентанқышқылы

CH3–(CH2)4– СООН гексанқышқылы

Төменгі молекулалы карбон қышқылдары суда жақсы еритін, өткір иісті, сұйық заттар. Құрамында С4- С9көміртек атомдарыбарқышқылдар жағымсыз иісі бар май тәрізді сұйықтықтар. Қатты карбон қышқылдары суда ерімейді және олардың иісі болмайды.

Карбон қышқылдары өздерінің қышқылдық қасиеттері бойынша күкірт,тұз қышқылдарынан кейін тұрады. Тек көмір қышқылы карбон қышқылдарынан әлсіз болып келеді. Карбон қышқылдары минералды қышқылдар сияқты металдармен, металл оксидтерімен, гидроксидтерімен және тұздармен әрекеттеседі:

2СН3–СООН +Zn →(СН3–СОО)2Zn + Н2

сірке қышқылымырыш ацетаты

СН3–СООН + ZnO →(СН3–СОО)2Zn + Н2О

СН3–СООН + NaOH →СН3–СООNa +Н2О

СН3–СООН + NaHCO3 → СН3–СООNa + CO2 + Н2О

Карбон қышқылдары спирттермен әрекеттесіп күрделі эфирлер түзеді. Күрделі эфир түзу реакциясын этерификация реакциясы немесе эфир түзу реакциясы деп атайды:

СН3–СООН + CН32OН → СН3–СООCН23 + Н2О

сірке қышқылыэтил спиртісірке қышқылының этил

эфирі (этилацетат)

Глицерин және жоғары молекулалы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері сұйық және қатты майларға жатады:

СН2–ОН СН2–ОСОС17Н35

||

CH–ОН + 3С17Н35СООН → CH–ОСОС17Н35+ 3Н2О

|стеарин қышқылы|

СН2–ОН СН2–ОСОС17Н35

глицерин күрделі эфир

(май)

Майлардың негізгі реакцияларына олардың гидролизденуі жатады:

СН2–ОСОС17Н35СН2–ОН

||

CH–ОСОС17Н35 + 3НОН → CH–ОН +С17Н35СООН

||

СН2–ОСОС17Н35СН2–ОН

триглицерид глицерин

Майлардыңгидролизісілтілік ортада жүргенде реакция нәтижесінде сабын түзіледі:

СН2–ОСОС17Н35СН2–ОН

||

CH–ОСОС17Н35 + 3NaОН → CH–ОН +3С17Н35СООNa

||натрий стеараты

СН2–ОСС17Н35СН2– ОН (сабын)

триглицерид глицерин

Жоғары молекулалы карбон қышқылдарының тұздары сабындар деп аталады.