Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз. лабор.практикум с органикой.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204.5 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ

Жалпы ғылыми пәндер кафедрасы

ХИМИЯ

Зертханалық практикум

Алматы 2014

Құрастырушылар: Ысқақова Р.А., Әлібекова Р.А., Алдамжарова С.Х. Химия. Зертханалық практикум. Алматы:Азаматтық авиация академиясы, 2014. 48 б.

Химия пәнінензертханалық практикумАзаматтық авиация академиясындағы бірінші курстың барлық мамандықтар студенттеріне арналған. Бұл зертханалық практикум зертханалық жұмыстарға, сондай-ақ аралық бақылауларды тапсыруға дайындалу үшін қосымша ақпарат көзі болып табылады.

Әдебиеттер тізімі – 39, кестелер – 12.

Пікір білдіруші:

ассоц. профессор, х.ғ.к. Молдабеков А.К.

Азаматтық авиацияакадемиясы ҒӘК бекітілген және баспаға ұсынылған

(№___хаттама «____» ___________2014 ж.

© Азаматтық авиация академиясы, 2014

Мазмұны

  1. Кіріспе 4

  2. Қауіпсіздік техника ережелері 4

  3. Жұмысты орындау және есеп беру реті 5

  4. Зертханалық жұмыстардың мазмұны 6

№1 зертханалық жұмыс. Бейорганикалық қосылыстардың

негізгі кластары 6

№ 2 зертханалық жұмыс. Химиялық кинетика және химиялық

тепе-теңдік 10

№ 3 зертханалық жұмыс. Ерітінділердің қасиеттері 15

№ 4 зертханалық жұмыс. Электролиттік диссоциация 18

№ 5 зертханалық жұмыс. Металдар коррозиясы 22

№ 6 зертханалық жұмыс. Көмірсутектер.Алкандар және

алкендер 27

№ 7 зертханалық жұмыс. Спирттер. Бір және көп атомды

спирттер 32

№ 8 зертханалық жұмыс. Карбон қышқылдары. Бір негізді карбон

қышқылдары 37

  1. Әдебиеттер тізімі 40

  2. Қосымшалар 42

КІРІСПЕ

Химия пәні – жаратылыстану ғылымын құрайтын жүйенің маңызды бір бөлігі. Басқа жаратылыстану ғылымдары сияқты, ол тек табиғатты зерттеп қана қоймайды, сонымен бірге студенттерді тәжирибелік іс-әрекетке үйретіп, өз елінің материалдық дамуының ғылыми негіздерімен де таныстырады.

Барлық мамандық студенттеріне арналған бұл құралда химия курсын меңгеруге арналған оқу жоспарының ерекшеліктері есепке алынған.

1 Қауіпсіздік техника ережелері

1.1 Реактивтерді пайдалану ережелері

1.1.1 Ерітінділер мен құрғақ реактивтерді пластмасса немесе шыны ыдыстарда сақтау керек.

1.1.2 Егер реактивтің мөлшері көрсетілмесе, онда оны аз мөлшерде алу керек.

1.1.3 Реактивтің артығын сол реактив сақталған ыдысқа қайтадан құюға болмайды.

1.1.4 Реактивті пайдаланып болған соң ыдыстың аузын жауып, орнына қойып қою керек.

1.1.5 Құрғақ реактивті арнайы шпательмен алып, пайдаланып болған соң оны сүртіп қою керек.

1.1.6 Егер реактив сұйық болса, онда оны таза пипеткамен алу керек.

1.1.7 Реактивтің дәмін көруге болмайды.

1.2 Химиялық зертханада жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік техникасы ережесі

1.2.1 Зертханалық жұмыстарды opындaғaндa оқытушы берген нұсқауларды қатал caқтay керек.

1.2.2 Тұтанғыш, жанғыш заттармен жұмыс iстегенде, оларды от көзiнен алыс ұстау керек.

1.2.3 Сұйық және қатты заттар салынған сынауықтардың аузын өзiңе немесе жанында тұpғaн жолдасыңа қаратып қыздырмау керек.

1.2.4 Ыстық заттарды қысқышпен ұстау керек.

1.2.5 Уландырғыш және иiсi бар заттармен жұмысты тартпа шкафтарда жасау керек.

1.2.6 Концентрленген кышқылдар және сiлтiлермен жұмыс iстеген кезде ұқыпты және өте сақ болу керек. Концентрлi қышқылдарды сұйылтқанда, әрқашан суға қышқылды бiртiндеп кұю керек, керiсiнше жасауға болмайды.

1.2.7 Тәжiрибе жасап жатқан кезде зертханада орынсыз қозғалыс жасау, тамақ жеу, су iшу, тeмекi шегу және сырт киiммен отыруға болмайды.

1.2.8 Зертханалық жұмыстарды бiтіргеннен кейiн әрбiр студенттің жұмыс орнын тазалап, пайдаланған ыдыстарды жуып, жауапты лаборантқа өткiзiп кeтyi керек.

1.3 Жазатайым жағдайларда бiрiншi дәрiгерлiк жәрдем көрсету

1.3.1 Қышқылмен күйгенде, күйген жердi сумен көп қайтара жуып, 3 % ас содасының epiтiндiciмeн шайып, вазелин жағады.

1.3.2 Сiлтiлермен күйгенде, күйген жердi сумен көп қайтара жуып, бiр пайызды cipкe қышқылының ерітіндісімен шайып, вазелин жағады.

1.3.3 Отқа күйгенде глицерин немесе этил спиртiне батырылған таза мaқтaны пайдаланады. Аса қaтты күйгенде, калий перманганатының концентрлi ерiтiндiciн қолданады.

1.3.4 Егер уландырғыш заттар әcepiнeн тыныс органдары қабынып, адам улана бастаса, онда оны тез арада ауаға шығарып, дем алдыру керек.

2 Жұмысты орындау және есеп беру реті

2.1 Жұмысты орындау реті

2.1.1 Алдымен оқулықтың жұмысты орындауға қажетті бөлімдерін, дәріс конспектілерін қарап, жұмыстың мазмұнымен танысу керек.

2.1.2 Жұмысты бастау алдында оған қажетті жабдықтардың бар жоғын тексеру керек.

2.1.3 Жұмыс кезінде осы нұсқауда көрсетілген операциялардың тәртібін және дәйектілігін сақтау керек.

2.1.4 Қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтау, жанғыш затарды сақтықпен қолдану керек.

2.1.5 Тәжірибе барысын мұқият бақылау және оның барлық детальдарын байқау керек.

2.1.6 Жұмысты орындап болғаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіру керек.

2.2 Есеп беру реті

Тәжірибені орындау барысында бақылау нәтижелерін және өтіп жатқан реакциялардың теңдеулерін тәжірибені аяқтап болған соң дереу арнайы дәптерге жазу керек:

1. Жұмыстың мақсаты

2. Жұмысты жүргізу реті

3. Аспаптардың нұсқасы

4. Тәжирибенің нәтижелері мен қортындылар

5. Бақылау сұрақтарына жауаптар