Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еркін және тұрақты тіркестерді аудару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76.29 Кб
Скачать

Еркін және тұрақты тіркестерді аудару

Горизонтальный свиток 1 Ұлылардан – ұлағат. Аударыңыз.

Сөз тіркестері еркін және тұрақты тіркестер болып екі түрге бөлінеді. Тұрақты тіркестер әр тілдің өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан және дайын күйінде қолданылады. Ал еркін тіркестер әр тілдегі сөздердің тіркесімділік ерекшеліктеріне сай құрылып отырады. Тәжірибе жүзінде түпнұсқа тілдегі сөз тіркестерін аудару әр тілдің тіркесімділік ерекшеліктерінің сәйкес келмеуіне орай қиындық тудырып отырады. Мысалы, қара сөзімен келетін бірнеше сөз тіркестерін аударып көрсек:

черный хлеб – қара нан; черный ход – жасырын есік;

черная доска – қара тақта; черный день – ауыр күн;

черный список – қара тізім; черная наблагодарность–жақсылыққа жамандық

Сын есім мағынасында келген «қара» сөзі әртүрлі зат есіммен тіркескенде бірде тура, бірде ауыспалы мағынасында келгенін көреміз. Демек, бірде ол еркін тіркес болса, келесіде фрзеологиялық тіркеске айналып отыр. Сауатты аударма жасау екі тілді де жетік білуді қажет етеді. Мысалы, «черный ход» дегенді «қара есік» деп тәржімелемеу үшін аударма жұмысын талдау арқылы орындаған тиімді. Талдау барысында тірек сөздің мағынасына (семасына) назар аударамыз. Оның барлық семасының ішінен нақты мәнмәтіндегі (контекстегі) немесе сөйлемдегі осы тіркестің мәнін ашатын семасын таңдап аламыз. Берілген мысалда тірек сөз “черный” –“қара” емес оған тіркесетін сөз яғни анықталатын сөз. Көріп отырғанымыздай “черный” сөзі өзінің тура мағынасында тұрғанда ғана “қара” болып аударылады. Ал ауыспалы мағынада ол тіркесетін сөздің мағынасына қарай басқаша аударылады. Ауыспалы мағына контеске сай тіркесетін сөздің мағынасынан туындайды. Бұл жағдайда қазақ немесе басқа тілдегі сөзердің барлық мағыналық қыр-сырын жете білмейтін аудармашыға (студентке), екі тілді аударма сөздіктермен қатар түсіндірме сөздіктер мен синонимдер сөздігін пайдалануға тура келеді.

Мысалы, қазақ тілінде «қара кемпір», «қара шал», «қара бала», «қара шаңырақ» деген тіркестер бар, мұндағы қара сөзінің мән-мағынасы «қара нан», «қара тас», «қара шай» тіркестеріндегі қарамен бірдей емес. Алдыңғы тіркестер ұлттық ұғыммен, ділге байланысты сөздер. Ендеше оларды «черная бабушка» немесе «смуглая бабушка» деп аударған дұрыс болмайды.

Тапсырма:

1. Еркін тіркестерді қазақ тіліне аударыңыз.

близкая подруга новый руководитель

старый друг другой иностранец

сильный теннисист известный журналист

опытный переводчик талантливый актер

честный человек свободное время

трудное слово важная встреча

дорогой магазин ночная дискотека

небольшой акцент филологический факультет

итальянский повар странная идея

финансовые проблемы классическая музыка

Трансформация әдісі. Аударма дегеніміз – бір тілдегі мәтіннің мағынасын екінші бір тілдің құралдарымен қайта беру, сол мәтіннің басқа тілдегі баламасын жасау. Бұл үдеріс – трансформация «ауыстыру» деп аталады. Аударма теориясында трансформацияның үш түрі атап көрсетілген, олар:

Лексикалық трансформация. Яғни сөздерді ауыстыру, қосу, түсіру, нақтылау (конкреттеу) немесе жалпылау (генерализациялау).

Никто не должен подвергаться ни пыткам, ни бесчеловечному или унижающему достоинство обращению или наказанию.

Ешкім азапталуға, адамгершілікке жатпайтын немесе намысына тиетін қарым – қатынасқа немесе жазалануға тиіс емес.

Грамматикалық трансформация. Сөйлемдегі орын ауыстырулар, сөз түсіру, сөз қосу, сөз ауыстырулар жатады.

Стильдік трансформация. Бұған синонимдерді қолдану, сипаттама аударма, орнын басу (компенсация) т.б., алмастырулар жатады.

Компрессия әдісі. Аудармада қолданылатын бұл тәсілдің мәнісі ықшамдау, жеңілдету, оңтайландыру дегенге келеді. Ол “компресс”, яғни сығу, қысу деген сөздің мағынасынан туындайды. Бұл амалдың қажеттілігі тілдегі кейбір егжей-тегжейлі сипаттаулардың екінші бір тілге аударғанда өзін-өзі ақтамайтындығына байланысты. Яғни берілген ойдың мазмұнын жеткізуде түпнұсқа тілдегі барлық тілдік бірліктерді қамтуды мақсат тұтпай, мазмұндық тепе-теңдікті сақтай отырып, қысқарта аудару. Мысалы,

Широкие круги общественности горячо желают изменения дел к лучшему.

Қоғамның басым бөлігі

жағдайдың жақсарғанын барынша қалайды.

Жоғарыда айтып өткеніміздей “широкие круги” тіркесін сөздікке сүйеніп “кең шеңберлер”, “горячо желают” дегенді “ыстық қалайды” деп алсақ сірескен сөзбе-сөз (буквальный) аударма болып шығады. Талдасақ, алғашқы тіркестің мәні – қоғамның көпшілігі, яғни, басым бөлігі, екінші тіркес шын ниетімен немесе барынша қалайды деген мағынаны білдіреді. Бұл әдіс сіздерге өткен сабақтан таныс.

Біздің назар аударғалы отырғанымыз “ изменения дел к лучшему ” тіркесі. Мұны “істердің жақсы жаққа өзгергенін” қалайды деп аударсақ, әрине, біз тілдік бірліктердің сәйкестігін сақтаймыз. Ал мағыналық жағынан сөйлем солғын, жансыз болып қалады. Өйткені қазақ тілінде “іс жақсы жаққа өзгерді” деген қолданыста жоқ. “Іс оңалды”, “Іс оңға басты” деп айтады. Ал түпнұсқа тілде “дела” деп көпше берілген. Демек ”көп іс” мағынасына қазақ тіліндегі “жағдай”сөзінің семасы тура келеді. Ал “Іс оңалды”,“Іс оңға басты” тіркестерінің ішінен екіншісі қазақ тілінде жатық естілгенмен түпнұсқада фразеологиялық тіркес жоқ. Сондықтан бірінші нұсқаны таңдадық.

Нәтижесінде “изменения дел к лучшему” қазақ тіліне “жағдайдың жақсарғанын” болып қысқартылып аударылды.