Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7_kurs_testy_pediatria_KAZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229 Кб
Скачать

«Нефрология» циклі бойынша 7 курс интерндерге арналған тесттік тапсырмалар, Балалар аурулары блогы Интерн-педиатрларға арналған «Нефрология» пәні

1 Тақырып: Бүйрек аурулары кезіндегі негізгі синдромдар

  1. Зәрдің үнемі сілтілі реакциясы (рН>7,5) мына диагнозды қоюға көмектеседі:

  1. Диабеттік команы

  2. Зәр жүйесінің инфекциясын

  3. Гломерулярлық ауруларды

  4. +Дисталді тубулярлық ацидозды

  5. Тубулоинтерстициалді нефритті

  1. Шумақтардың функциясын қандай әдіспен анықтайды:

  1. Зимницкий сынамасы бойынша

  2. Жалпы зәр анализі бойынша

  3. Зәрдің осмолярлығын тексеру

  4. +Эндогенді креатинин клиренсі бойынша

  5. Зәрмен электролиттердің тәуліктік бөлінуі бойынша

  1. Нәрестелік кезеңге тән зәрдің меншікті салмағы:

  1. 1008-1018

  2. +1002-1004

  3. 1010-1017

  4. 1012-1020

  5. 1011-1025

  1. Диурез 1 литр шамасында болғанда меншікті салмақ қалыптыда қандай болуы керек?

  1. 1004

  2. 1010

  3. 1012

  4. +1020

  5. 1030

  1. Бүйрек ауруларын анықтауға арналған ЕҢ ақпаратты анализ:

  1. Амбурже сынамасы

  2. Зимницкий сынамасы

  3. Нечипоренко сынамасы

  4. +Жалпы зәр анализі

  5. Аддис-Каковский сынамасы

  1. «Ет жуындысы» тәрізді зәрдің түсінің өзгеруі мына жағдайға тән:

  1. Нефролитиазға

  2. Қант диабетіне

  3. +Гломерулонефритке

  4. Механикалық сарғаюға

  5. Жедел гемолитикалық анемияға

  1. Дизуриялық көріністердің болуы нені көрсетеді?

  1. өзекшелердің зақымдалғанын

  2. шумақтардың зақымдалғанын

  3. бүйректің туа біткен патологиясын

  4. зәр шығару жолдарының тек органикалық патологиясын

  5. +зәр шығарудың бұзылуымен өтетін төменгі зәр шығару жолдарының зақымдалуын

  1. Олигурия (анурия) қашан дамиды:

    1. гиповолемия

    2. жедел гломерулонефрит

    3. жедел бүйрек жеткіліксіздігі

    4. созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

    5. +барлық көрсетілген жағдайларда әр түрлі кезеңде

  2. Дені сау балаларда сарысу креатининінің қалыпты деңгейі неге тәуелді?

  1. Бойына

  2. Жасына

  3. Дене салмағына

  4. +Бұлшықет массасына

д) Кеуде қуысының шеңберіне

10. Нефротикалық синдром кезінде ісінудің негізгі механизмі:

  1. Катехоламиндердің артық синтезделуі

  2. Белок синтезінің төмендеуі және гипопротеинемия

в)+Қанның онкотикалық қысымының төмендеуімен

г) АДГ адекватты емес секрециялануы

д) Натрийуретикалық предсердныйпептидтің түзілуінің азаюы

  1. Нефротикалық синдром кезіндегі ісінудің даму механизмі:

  1. +Гиперволемия, натрий мен судың ұстауы

  2. нәруыз синтезі төмендеуі және гипопротеинемия

  3. ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі

  4. антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылуы

  5. жүрекшелік натриуретикалық пептид синтезінің төмендеуі

  1. Нефротикалық синдром үшін келесідегідей симптомды кешен тән:

  1. макрогематурия, протеинурия

  2. Ісінулер, гипертензия, гиперазотемия

  3. Гипертония, протеинурия, гиперлипидемия

  4. Диспротеинемия, гиперлипидемия, гематурия

д)+Гиперлипидемия, протеинурия, диспротеинемия, гипоальбуминемия

  1. Нефротикалық синдром кезіндегі ісінуге тән емес:

    1. асцит

    2. қамыр тәрізді

    3. беттің айқын ісінуі

    4. +тығыз, шамалы ғана

    5. жайылған, массивті

  1. Нефритикалық синдром кезіндегі ісінудің даму механизмі:

        1. катехоламиндер синтезінің жоғарылауы

        2. нәруыз синтезі төмендеуі және гипопротеинемия

        3. антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылуы

        4. +ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі

д) жүрекшелік натриуретикалық пептид синтезінің төмендеуі

  1. 12 жастағы қыз бала, шамалы ісінуі бар, протеинурия 1.3 г/л, макрогематурия, АҚҚ 150/95 мм.с.б.б., ЭТЖ 65 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л, ШФЖ 47 мл/мин. сіздің диагнозыңыз:

    1. пиелонефрит

    2. нефротикалық синдром

    3. +нефритикалық синдром

    4. жекеленген зәрлік синдром

    5. тез үдемелі гломерулонефрит

  1. Нефритикалық синдром түсінігіне кірмейді:

    1. гипертензия

    2. ісіну синдромы

    3. микро-, макрогематурия

    4. гипертензиямен бірге олигоанурия

д) +гиперлипидемия, айқын гипопротеинемия

  1. Өзекшелік протеинурия немен сипатталады?

    1. Аралас протеинурия

    2. Селективті протеинурия

    3. Шумақшалар зақымдалуы кезіндегідей

    4. +төмен молекулярлы массалы ақуыздар

    5. Жоғары молекулярлы массалы ақуыздар

  1. Төмен молекулярлы массалы ақуыздарға қайсысы жатады?

    1. Ig-G

    2. Альбуминдер

    3. Трансферрин

    4. +Бета-2-микроглобулин

    5. Альфа-2-макроглобулин

  2. Түрлі мүшелер мен тіндердің УДЗ неге негізделген?

  1. Қуыс мүшелердің УД сіңіруі

  2. Паренхиматозды мүшелердің УД сіңіруі

  3. Сұйық түзілістердің УД сіңіруі

  4. Паренхиматозды мүшелердің УД сындыруы

  5. +Түрлі мүшелер мен тіндердің УД сіңіруінің түрлі дәрежесі

  1. Туа біткен нефротикалық синдромға төменде келтірілгеннің арасында тән:

  1. макрогематурия

  2. УДЗ бүйрек өлшемдерінің кіші болуы

  3. +1 жасқа дейін көрініс бере бастауы

  4. Нейросенсорлы кереңдік

  5. жүректің туа біткен даму ақауымен ұштасуы

  1. Жекеленген зәрлік синдромға тән:

    1. +протеинурия және гематурия

    2. протеинурия және бүйрек жетіспеушілігі

    3. протеинурия және артериальді гипертензия

    4. протеинурия және жайылмаған тығыз ісіну

    5. протеинурия және массивті қамыр тәрізді ісіну

  1. Тубуло-интерстициальды синдромға тән емес:

    1. полиурия, полидипсия

    2. +ісіну мен артериалды гипертензия

    3. гипо-, изостенурия, тубулярлы протеинурия

    4. анемияның ерте дамуы, түтікшелік дисфункция

    5. сүйек-минералдар бұзылысыжәне физикалық дамуының тежелуі

  2. Қандай патологияны іздегенде компьютерлік томографияны қолданылады:

  1. Рефлюкс-нефропатия

  2. Бүйректің поликистоздық ауруы

  3. Төменгі зәр жолдарының обструкциясы

  4. Жоғарғы зәр жолдарының обструкциясы

  5. +Бүйрек пен паранефралды клетчатканың көлемді түзілістері

24. Магниттік-резонанстық томографияның компьютерлік томографиядан артықшылығы:

  1. Арзан

  2. Ешқандай артықшылығы жоқ

  3. Жоғары рұқсатты (разрешающая) қабілеттілігі

  4. +Нефротоксикалық әсері өте төмен контраст – гадолинидің қолданылуы

  5. Жасанды ырғақ жүргізушісі бар пациенттерде қолдану мүмкіншілігі

25. ҚНР кезінде қандай тексеру МЕЙІЛІНШЕ ақпаратты?

а) эхография

б) бүйрек функциялары

в) көктамыр ішілік урография

г) +микциялық цистография

д) артериалдық қан қысымын анықтау

26. Бүйрек биопсиясын жасауға көрсеткіш:

  1. Зәрде көк ірің таяқшасының себілуі

  2. Микрогематурия және бүйректе тастың болуы

  3. Көлемді лейкоцитурия 2 апта бойы

  4. +5 ай бойы сақталған персистирлеуші протеинурия 0,5-1,0 г

  5. Бүйрек доплерографиясында бүйрек артериясы тарылуының анықталуы

27. Бүйрек биопсиясын жасауға абсолютті қарама қарсы көрсеткіш:

  1. +Көлемді қансырау

  2. Көлемді протеинурия 2 г/тәу.

  3. Айқын емес артериальды гипертензия

  4. Өзгерген эритроциттермен макрогематурия

  5. Креатинин мен мочевина мөлшерінің жоғарылауымен жүретін тез үдейтін гломерулонефрит

  1. Бүйрек биопсиясын жасауға салыстырмалы қарама қарсы көрсеткіш:

  1. Бүйрек абцессі

  2. Нефротикалық синдром

  3. Көлемді қансырау

  4. + Айқын емес артериалды гипертензия

  5. Бағынбайтын артериалды гипертензия

  1. Бүйрек трансплантатына биопсия жасау көрсеткіші:

  1. Трансплантаттағы пиелонефрит

  2. Трансплантаттағыгломерулонефрит

  3. Трансплантаттың жедел жетіспеушілігі

  4. Трансплантаттың созылмалы жетіспеушілігі

  5. +Бүйрек қызметіне байланыссыз биопсия хаттамасын жүргізу ұсынылады

  1. Бүйрек биоптатына морфологиялық зерттеу жасау үшін міндетті түрде жасау керек:

  1. Тек электронды микроскоп

  2. Фазалық-контрастты микроскоп

  3. Түсті микроскоп жеткілікті

  4. Иммуногистохимиялық микроскоп жеткілікті

  5. +Түсті, иммунофлюоресцентті және кей жағдайда электронды микроскоп

  1. Бүйректің өзекшелік аппаратының туа біткен зақымдануларына жатады:

    1. ісіну

    2. артериалды гипертензия

    3. шумақ фильтрациясының төмендеуі

    4. айқын гломерулярлы протеинурия

    5. +тубулярлы протеинурия, физикалық дамуының артта қалуы

  2. Ортостатикалық/постуралдық протеинурияның анықталуы мына жағдайдың белгісі:

  1. +Нефроптоздың

  2. Пиелонефриттің

  3. Гломерулонефриттің

  4. Бүйрек поликистозының

  5. Зәр-тас ауруының

  1. Зәр анализіндегі қандай көрсеткіш бүйрек зақымдалуының ерте индикаторы болып табылады?

  1. Эритроциттер к/а 5-ке дейін

  2. Лейкоциттер к/а 4-6-ға дейін

  3. Протеинурия

  4. +Микроальбуминурия

  5. Белоктың зәр креатининіне қатынасы 0,2

  1. Зәрде өзекшелік (тубулярлы) протеинурияның болуы:

    1. альбумин 1 г/тәулігіне

    2. альбумин3 г/ тәулігіне

    3. альбумин 30 мг/ тәулігіне

    4. парапротеиндер

    5. +В2-микроглобулин

  2. Төменмолекулярлық протеинурия мына бөлімнің дисфункциясында байқалады:

  1. Шумақтардың

  2. Подоциттердің

  3. Дисталді өзекшелердің

  4. Жинақтаушы түтікшелердің

  5. +Проксималді өзекшелердің

  1. Тез үдемелі гломерулонефрит қандай морфологиялық суретке сәйкес келеді?

    1. фибропластикалық ГН

    2. минимальді өзгерістер

    3. мембранозды нефропатия

    4. мембранопролиферативті ГН

    5. +экстракапиллярлы ГН (50 % астам шумақта – жарты ай тәрізді зақымдану)

  1. Протеинурияны (мг/дл) сандық анықтаудың қазіргі кезде қолданылатын әдісі:

  1. Белоктың зәр калийіне қатынасы

  2. Белоктың зәр натрийіне қатынасы

  3. Белоктың зәр кальцийіне қатынасы

  4. Белоктың зәр фосфатына қатынасы

  5. +Белоктың зәр креатининіне қатынасы

  1. Зәрмен белоктың шығуын қандай сандық әдістер анық көрсетеді?

  1. Таңғы зәрдегі

  2. +Тәулік бойы жиналған зәрдегі

  3. 6 сағат бойы жиналған зәрдегі

  4. 2 сағат бойы жиналған зәрдегі

  5. 12 сағат бойы жиналған зәрдегі

  1. Зәр тұнбасындағы дисморфты эритроциттердің қанша пайызы гломерулярлы патологияны көрсетеді?

  1. >5%

  2. >10%

  3. >20%

  4. +>30%

  5. >40%

  1. Мына төменде көрсетілген әдістердің қайсысы реналді/гломерулярлы және экстрареналді/гломерулярлы емес гематурияларды ажырату үшін қолданылады?