- •Басқарушылық процесс және оның элементтерi
- •Менеджмент курсының мазмұны мен міндеттері
- •2 Тарау Менеджменттің мәні
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Менеджменттiң мақсаттары мен мiндеттерi
- •Менеджмент түрлері
- •3 Тарау Басқару объектілері және басқарушылық қатынастар
- •Басқару объектілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қатынастар
- •Менеджер және оның қызметтері
- •Менеджерлердің рөлдері
- •4 Тарау Басқарудың шетелдік тәжірибесі
- •Жапондық менеджмент
- •Американдық және жапондық менеджерлердің ерекшеліктері
- •5 Тарау Басқарудағы жүйеліК тәсілдеменің негіздері
- •Жүйелер және олардың қасиеттерi
- •Жүйелердiң түрлерi
- •Басқару жүйесі және оның элементтерi
- •Өндірісті басқарудағы жүйелiк тәсiлдеме
- •6 Тарау Менеджмент эволюциясы
- •Менеджмент ғылымының дамуы
- •Басқарудағы түрлі мектептерді бөлу
- •Процестік тәсілдеме
- •Жағдайлық тәсілдеме
- •7 Тарау Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздері
- •Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшудің негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдік бағдарламасы
- •Басқаруды ұйымдастыру
- •8 Тарау Ұйым туралы түсінік және оның түрлерi
- •Ұйымның түрлерi
- •Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
- •Қазіргі заманғы менеджер үлгісі
- •9 Тарау Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі
- •Мақсаттарды жiктеу
- •Мақсатты құру
- •Мақсаттар бойынша басқару
- •10 Тарау Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •Ұйымның ішкі айнымалылары
- •Тура әсер ету ортасы
- •Жанама әсер ету ортасы
- •11 Тарау Басқарудың ұйымдық құрылымы мен басқарылу нормасы
- •Басқарудың ұйымдық құрылымы туралы түсінік
- •Ұйымды басқарудың бюрократиялық құрылымы
- •Дивизионалдық құрылым
- •Ұйымды басқарудың органикалық құрылымы және оның түрлері
- •11.4. Матрицалық құрылымның схемасы
- •12 Тарау Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары
- •Коммерциялық ұйымдар
- •Коммерциялық емес ұйымдар
- •Шетелдік бірлестік нысандары
- •13 Тарау Әрекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіктер
- •Жауапкершілік, өкілеттік және өкілеттіктерді табыстау
- •Өкілеттік тұрпаттары
- •Өкілеттіктерді табыстауды тиімді ұйымдастыру
- •Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпараттық жүйелер
- •15 Тарау Менеджменттегі коммуникация
- •Коммуникациялар және олардың түрлері
- •Коммуникациялық процестің элементтері мен кезеңдері
- •Адамдар арасындағы коммуникация жолындағы кедергілер
- •Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер және оның тиімділігін арттыру тәсілдері
- •16 Тарау Менеджменттегі басқарушылық шешімдер
- •Шешім қабылдау процесінің түсінігі
- •Басқарушылық шешімдерді жіктеу
- •Шешiм қабылдау кезеңдері
- •Басқарушылық шешiмдердi қабылдау әдiстерi
- •Басқарушылық шешім қабылдау процесіне әсер ететін факторлар
- •Коммерциялық және фирмаiшiлiк есеп
- •Баға және баға белгiлеу механизмi
- •18 Тарау Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
- •Әлеуметтік-психологиялық әдістердің жалпы сипаттамасы
- •Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •Басқарудың психологиялық әдістері
- •19 Тарау Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің мәнi мен негіздері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін жіктеу
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің негізгі сипаттамалары
- •Ұйымдастыру қағидалары
- •Басқарушылық қызметтің ерекшеліктері
- •21 Тарау Менеджменттегі жоспарлау
- •Жоспарлау түсінігі
- •Жоспарлау тұрпаттары, түрлері мен нысандары
- •Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
- •Стратегияны жүзеге асыруды жоспарлау
- •Тактикалық және фирмаішілік жоспарлау
- •22 Тарау Менеджменттегі уәждеме
- •Уәждеменің негізгі түсініктері
- •Уәждеменің мазмұндық теориялары
- •Бастапқы
- •1. Маслоу теориясы:
- •2. МакКлелланд теориясы:
- •3. Герцберг теориясы:
- •Уәждеменің процессуалдық теориялары
- •23 Тарау Менеджмент жүйесiндегі бақылау
- •Бақылаудың мәнi мен қызметтерi
- •Бақылау түрлерi
- •Бақылау процесiнiң кезеңдерi
- •Бақылауды ұйымдастыру нысандары
- •Тиiмдi бақылаудың сипаттамасы
- •Контроллинг түсiнiгiнiң негiздерi
- •Бейресми ұйымдар
- •Топтардың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары
- •25 Тарау Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •Билiк, ықпал, лидер
- •Билiк пен ықпал нысандары
- •Сендiру және қатыстылық
- •26 Тарау Лидерлік: стиль, жағдай мен тиімділік
- •Лидерлік теорияларына шолу
- •Лидерлікке мінез-құлықтық көзқарас
- •Блэйк пен Моутонның басқарушылық торы
- •Лидерлікке жағдайлық көзқарас
- •27 Тарау Жанжалды, өзгерістер мен стресті басқару
- •Жанжалдың тұрпаттары мен себептері
- •Жанжал процесiнiң үлгiсi
- •Жанжалдық жағдайды басқару
- •Өзгерістер мен стрестерді басқару
- •28 Тарау Фирманың кадрлық саясаты
- •Кадрлық саясаттың түсiнiгi
- •Еңбек ресурстарын қалыптастыру
- •Еңбек ресурстарын дамыту
- •Еңбек өмiрiнiң сапасын арттыру
- •Басқару мәдениетiнiң элементтерi
- •30 Тарау Басқарудың корпоративтiк мәдениетi
- •Басқарудың корпоративтiк мәдениетi түсiнiгi
- •Сыртқы орта және мәдениет
- •Корпоративтiк мәдениеттiң жiктелуi
- •31 Тарау Менеджердiң iскерлiк этикетi
- •Этикет – адам мiнез-құлқын реттеу нысандарының бiрi
- •Сөйлеу мәдениетi
- •Қызмет бабындағы қарым-қатынастар
- •Келiссөздер стилi
- •Кеңсенi безендiру
- •Пайдаланылған әдебиет
28 Тарау Фирманың кадрлық саясаты
Кадрлық саясаттың түсiнiгi
Қызметшiлердi басқару дегеніміз – ұйымның мақсатына жетуге арналған шығармашылық, бастамалы, жасампаз еңбек үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз ету бағытында ұжымға және жекелеген қызметкерлерге кешендi, нысаналы ықпал ету.
Кез келген ұйымның менеджментi екi аспектiден тұрады:
ұйымның мақсатын анықтау, оларды жүзеге асыру бойынша шараларды әзiрлеу және сәйкесiнше нәтижелердi бақылау. Бұл жағдайда менеджмент материалды-логикалық мiндеттердi шешуге, ұйымдағы оқиғаларды ұйымдастыру мен оларды басқаруға бағытталған.
ұйымды басқару, сондай-ақ адамдарды басқару дегендi ұйғарады. Осы орайда ұйымда жұмыс iстейтiн қызметшiлердiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыру – маңызды мақсаттардың бiрi, оның тиiмдi жұмыс iстеуiнiң кепiлi деп ұғынылады. Бұл iстегi табыс ұйымның жұмыс iстеуiн, сондай-ақ оның қызметкерлерiнiң өмiрлiк қажеттiлiктерiн қамтамасыз етедi.
Менеджменттiң екi аспектiсi де өзара тығыз байланысты, сондықтан да оларды бiр-бiрiне қарсы қоюға немесе олардың бiрiне басымдық беруге болмайды. Бұл стратегиялық менеджменттiң мақсаттарымен байланысты, өйткенi ұйым басшысы, бiр жағынан, дұрыс материалды-логикалық шешiмдер қабылдап, екiншi жағынан, өз қызметшiлерiнiң еңбегiн ұйымның мақсаттары мен мiндеттерiн орындауға бағыттауы және ынталандыруы тиiс. Басқаша айтқанда, ұйымды басқару сондай-ақ олардың қойылған мақсаттарды орындауы бағытындағы қызметшiлердiң қатынасына ықпал ету мағынасындағы адамдарды басқару дегендi бiлдiредi.
Нарықтық қатынастарға көшу өнiм сапасы мен оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету мәселелерiнiң басымдығы әкiмшiлiк-басқарушы қызметшiлерге қойылатын талаптарды өзгертiп, еңбекке деген шығармашылық қатынас пен жоғары кәсiбилiктiң маңызын арттырды. Бұл қызметшiлердi басқару қағидалары, әдiстерi мен әлеуметтiк-психологиялық сұрақтарындағы елеулi өзгерiстерге әкелiп, ұйымдағы оның рөлiн арттырды.
Бiлiктiлiгi жоғары, мәдениеттi, өз iсiн бiлетiн басқарушы мамандарсыз менеджмент саласындағы сапалы терең өзгерiстер мүмкiн емес. Менеджерлердiң өндiрiс пен басқаруға шығармашылық қатынасының талабы олардың дербестiгi мен атқарылатын жұмыс үшiн жауапкершiлiгiнiң артуын, басқарушылық шешiмдердi қабылдауға белсендi қатысуын, ұжымдық еңбек нәтижесiне тiкелей қызығушылығын себептедi.
Адам ресурстарын басқару ұйым қызметiнiң маңызды бағыттарының бiрi болып табылады және оның экономикалық жетiстiгiнiң негiзгi критерийi болып есептеледi. Егер бұрындары басты назар техникалық прогрестi дамыту мен жетiлдiруге, прогрессивтiк технологияларды ендiруге, ұйымдық құрылымдарды түрлендiруге аударылса, қазiргi уақытта ол адам факторы жағына ауысқан. Басқаша айтқанда, бизнестiң мәнi мен тиiмдiлiгiн адамдар анықтайды.
Сөйтiп, бизнестiң маңызды құраушысы кадрларды басқару болып табылады. Ол еңбек әлеуеті iске асып, қабiлеттер дамитын, адамдар атқарылған жұмыстан қанағат алып, өз жетiстiктерi үшiн қоғамдық мойындауға қол жеткiзетiн қолайлы ортаны қалыптастырады. Экономикада болып жатқан өзгерiстер адам ресурстарын басқару саласындағы көзқарастарды да түрлендiруде. Ойы мен жұмыс стилi белгiлiктi шамада жаңа мiндеттер мен ұйым дамуының жағдайларына сәйкес келетiн жаңа типтi басшылар пайда болуда.
