Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туралин А.З._Менеджент.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.84 Mб
Скачать

Басқаруды ұйымдастыру

8 Тарау Ұйым туралы түсінік және оның түрлерi

    1. Ұйым түсiнiгi

Ұйым – бұл ортақ мақсатқа жету үшін әрекеттері саналы түрде үйлестірілген адамдар тобы. Ұйым келесi мiндеттi талаптарға сай болуы тиiс:

  1. аталмыш топтың барлық мүшелері ортақ ретінде қабылдайтын кемінде бір мақсаттың болуы;

  2. өздерін осы топтың бөлігі ретінде санайтын кемінде 2 адамның болуы;

  3. барлығы үшiн маңызды мақсатқа жету үшiн әдейi бiрге жұмыс iстейтiн топ мүшелерiнiң болуы.

Әлеуметтiк жүйе ретiнде ұйым ашық болып табылады, өйткенi оның әрекет етуi сыртқы ортаға байланысты. Ол сыртқы және iшкi орта, құрылым, мақсаттар, стратегиялар, технология, қызметкерлер, әлеует сияқты негiзгi сипаттамалармен суреттеледi.

Ұйымның құрылымы, яғни оның өзара байланысқан элементтерiнiң реттелген жиынтығы, техникалық, әлеуметтiк, социотехникалық, нормативтiк-құқықтық болуы мүмкiн.

Техникалық құрылымның негiзiн материалдық объектiлер мен процестер құрайды. Оның элементтерi өзгермейтiндiктен мұндай құрылымды қатты санатқа жатқызады. Өндiрiстiк кәсiпорында техникалық құрылым көбiне қызметкерлердiң кәсiби-бiлiктiлiк құрамын, еңбек операцияларының сипаты мен мазмұнын анықтайды, адамдар арасындағы функционалдық байланыстардың негiзiн жасайды және әжептәуiр шамада адамаралық қатынастарға ықпал етедi.

Оны алғаш Э.Мэйо талдаған ұйымның әлеуметтiк құрылымы бiрлескен қызмет аясында қатысушылар мен олардың байланыстарының жиынтығымен құрылады. Оған ресми және бейресми топтар, құндылықтар, мүдделер, өкiлеттiктер, оларды бөлу арналары және т.б. кiредi. Ұйымдық құрылымның барлық осы элементтерi «жұмсақ» болып табылады.

Социотехникалық құрылым – бұл қызметкерлердi кеңiстiкте және еңбектiк өзара байланыста бiрiктiретiн жұмыс орындарының жүйесi. Ол қатты техникалық және икемдi (жұмсақ) әлеуметтiк құрылымнан тұрады.

Нормативтiк-құқықтық құрылым – ұйым қызметтерiн жүзеге асыру үшiн қажет заңды нормалардың, ережелердiң, талаптардың, стандарттардың жиынтығы.

Ұйымның өмiрi адамның өмiрiне, кез келген еңбек затының немесе қызмет көрсетудiң тiршiлiк уақытына ұқсас. Оның өз фазалары және даму ерекшелiктерi бар. Ұйымның өмiрлiк циклiнiң тұжырымдамасына сәйкес оның барлық қызметi туудан бастап өмiр сүруiн тоқтатқанға дейiн бiрқатар сатыдан өтедi.

Ұйым дамуының 5 негiзгi фазасы белгiлi, олардың әрқайсысында белгiлiктi мақсаттар, басшылық стилi, мiндеттерi мен еңбектi ұйымдастыруы бар.

1 фазаұйымның тууы. Оған тән: тiрi қалудан тұратын басты мақсатты анықтау; басшылық стилiнiң дағдарысы (бiр адамның басқаруы); негiзгi мiндетi – нарыққа шығу; еңбектi ұйымдастыру – пайданы барынша арттыруға ұмтылу.

2 фазабалалық және жастық. Айрықша ерекшелiктерi: басты мақсаты – қысқа мерзiмдi пайда және жеделдетiлген өсу; қатаң басшылық есебiнен тiрi қалу; негiзгi мiндет – нарықтағы өз бөлiгiн нығайту және жаулап алу; еңбектi ұйымдастыру – пайданы арттыру, жалақы мен құрметтi арттыру.

3 фазажетiлу. Басты мақсат – жүйелi, теңдестiрiлген өсу және жеке имидждi қалыптастыру; өкiлеттiктердi табыстау есебiнен басшылық әсерi (орталықсыздандырылған басшылық); негiзгi мiндет – түрлi бағыттар бойынша өсу, нарықты жаулап алу, әр алуан мүдделердi ескеру; еңбектi ұйымдастыру – бөлу және кооперациялау, жеке нәтиже үшiн сыйақы.

4 фазаұйымның қартаюы. Негiзiнен бұл оның жетiлуiнiң ең жоғарғы сатысы. Басты мақсат – жеткен нәтижелердi сақтап қалу; басшылық саласында әсер әрекеттердi үйлестiру есебiнен алынады; негiзгi мiндет – тұрақтылықты, еңбектi ұйымдастырудың еркiн режимiн, пайдаға қатысуды қамтамасыз ету.

5 фазаұйымның қайта өркендеуi. Басты мақсат – барлық қызметтер бойынша жандануды қамтамасыз ету; ұйымның өсуi – ұжымдану есебiнен; басты мiндет – жасару; еңбектi ұйымдастыру саласында – еңбектi ғылыми ұйымдастыруды ендiру, ұжымдық сыйлықақы беру.

Ұйымның бірқатар белгілері бар:

  1. мақсаттың болуы - мақсат ұйымның өмір сүруіне мән береді, оның мүшелерінің әрекеттеріне анықтылық және бағыт-бағдар беріп, күнделікті өмірде оларды біріктіріп, топтастырады;

  2. оқшаулылық - ұйымды сыртқы ортадан, соның ішінде өзге ұйымдардан, бөлетін шекараның болуы, iшкi процестердiң тұйықтығы;

  3. жүйелiлiк, оның жекелеген элементтерiнiң арасында байланыстардың болуы – байланыстар экономикалық, технологиялық, әкiмшiлiк, әлеуметтiк, ақпараттық және т.с.с. болуы мүмкiн;

  4. өзін-өзі реттеу – белгiлiктi шекте iшкi өмiрдiң көптеген сұрақтарын дербес шешуге және нақты мән-жайларды ескере отырып, сыртқы бұйрықтарды орындауға мүмкiндiк бередi;

  5. ұйымдық мәдениеттiң болуы - аталмыш ұйымды өзгелерден ерекшелейтін құндылықтардың, мінез-құлық нормаларының, дәстүрлердiң жиынтығы.