Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туралин А.З._Менеджент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.84 Mб
Скачать
    1. Жанжал процесiнiң үлгiсi

Жанжалды тар тұрғыдан (тараптардың тiкелей соқтығысы) және кең тұрғыдан (бiрнеше кезеңнен тұратын процесс) қарастыруға болады.

Бiрiншi кезеңде жанжалдық жағдай қалыптасады. Бұл қатысушылардың құндылықтары, мүдделерi, ұстанымдары объективтi түрде бiр-бiрiмен қайшылыққа келiп, ашық соқтығыс әлi жоқ iстiң жағдайы. Жанжалдық жағдайдың дәл басы мен соңы болмайды. Уақыт өте жанжалдық жағдай әлсiреуi немесе, егер оны тудырған объект өмiр сүруiн тоқтатса, толығымен жойылуы, бұрынғы күйде сақталуы, өзге күйге ауысуы мүмкiн. Бiрақ та ол қақтығыстың (соқтығыстың себебi немесе түрткiсi болған жағдайдың немесе оқиғаның) әсерiмен шиеленiсуi де мүмкiн.

Қақтығыс жанжалдың екiншi кезеңi болып табылады. Ол әдейi арандатылуы немесе қалыптасқан мән-жайларға орай кездейсоқ қалыптасуы, нақты түрде немесе тараптардың елесiнде болуы мүмкiн. Мұнда қарсы әрекет ашық болып, оппонентке өз мүддесiн iске асыруға кедергi жасауға тура немесе жанама түрде бағытталған жанжалдық мiнез-құлықтың алуан түрлерiнде көрсетiледi. Нәтижесiнде жанжалдың одан әрi шиеленiсуi – оның эскалациясы – болуы мүмкiн. Субъективтi түрде пайда болған жанжалдық жағдай (қақтығыс) өзiнен-өзi немесе өз көзқарастарын қайта қарау нәтижесiнде оппоненттердiң бастамасы бойынша аяқталуы мүмкiн. Объективтi түрде қалыптасқаны осылайша, яғни оны тудырған объектiнi жою жолымен, аяқталуы тиiс. Алайда жанжал субъективтiге айналып үлгерсе, көпшiлiгi сондай-ақ қатысушылардың жеке көзқарастарына байланысты.

Жанжал дамуының үшiншi кезеңi дағдарыс пен оппоненттер арасындағы қатынастардың үзiлуi болып табылады. Бұл кезең, өз кезегiнде, екi сатыдан тұрады: конструктивтi және деструктивтi. Бiрiншiнiң аясында делдалдар арқылы қатынас жасау мүмкiндiгi сақталады, екiншiнiң аясында ешқандай ынтымақтастық мүмкiн емес. Мұнда көбiне даулы объектiнi басып алу, оппонентке тiкелей зорлықпен, оған кедергi жасау және тура немесе жанама зиян келтiрумен байланысты ашық теке-тiрес болады. Тараптардың бiрi елеулi басымдыққа ие болса, теке-тiрес тезiрек аяқталады. Алайда шабуыл мен қорғаныс алмасып, келiссөздермен кезектесе отырып, ол ұзаққа созылуы мүмкiн.

Кез келген себеп бойынша жанжалдың толық аяқталуы төртiншi кезеңнiң мазмұнын құрайды. Объективтi жанжал объектiнiң жойылуына, оның тараптардың бiрiнде қалдырылуына немесе өзгерген мән-жайларға орай маңызының жоғалуына байланысты аяқталады. Егер мұның ешқайсысы болмаса, теке-тiрес созылып кетедi және мұндай жанжалды олармен күресу тым қиынырақ субъективтi жанжалға айналдыратын психологиялық механизмдер жұмыс iстей бастайды.

Әдетте ол бiрнеше жолмен шешiледi:

  • қатысушылардың ажыратылуы;

  • олардың толық психологиялық қайта құрылуы, мамандардың есептеуi бойынша ол онша сәттi бола қоймайды;

  • оппоненттер рангiнiң өзгеруi;

  • тараптар өз тұрғысында қалатын ымыраға келу, демек жанжалдық жағдай шешiлмейдi.

Жанжалдың нәтижесi мынадай болуы мүмкiн:

  1. ұйымның қайта құрылуы;

  2. ұжымның ыдырауы немесе жаңартылуы;

  3. кадрлық орын ауыстырулар;

  4. бүкiл кiнәнi тағуға болатын «шеткерi» адамды табу.