- •Басқарушылық процесс және оның элементтерi
- •Менеджмент курсының мазмұны мен міндеттері
- •2 Тарау Менеджменттің мәні
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Менеджменттiң мақсаттары мен мiндеттерi
- •Менеджмент түрлері
- •3 Тарау Басқару объектілері және басқарушылық қатынастар
- •Басқару объектілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қатынастар
- •Менеджер және оның қызметтері
- •Менеджерлердің рөлдері
- •4 Тарау Басқарудың шетелдік тәжірибесі
- •Жапондық менеджмент
- •Американдық және жапондық менеджерлердің ерекшеліктері
- •5 Тарау Басқарудағы жүйеліК тәсілдеменің негіздері
- •Жүйелер және олардың қасиеттерi
- •Жүйелердiң түрлерi
- •Басқару жүйесі және оның элементтерi
- •Өндірісті басқарудағы жүйелiк тәсiлдеме
- •6 Тарау Менеджмент эволюциясы
- •Менеджмент ғылымының дамуы
- •Басқарудағы түрлі мектептерді бөлу
- •Процестік тәсілдеме
- •Жағдайлық тәсілдеме
- •7 Тарау Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздері
- •Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшудің негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдік бағдарламасы
- •Басқаруды ұйымдастыру
- •8 Тарау Ұйым туралы түсінік және оның түрлерi
- •Ұйымның түрлерi
- •Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
- •Қазіргі заманғы менеджер үлгісі
- •9 Тарау Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі
- •Мақсаттарды жiктеу
- •Мақсатты құру
- •Мақсаттар бойынша басқару
- •10 Тарау Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •Ұйымның ішкі айнымалылары
- •Тура әсер ету ортасы
- •Жанама әсер ету ортасы
- •11 Тарау Басқарудың ұйымдық құрылымы мен басқарылу нормасы
- •Басқарудың ұйымдық құрылымы туралы түсінік
- •Ұйымды басқарудың бюрократиялық құрылымы
- •Дивизионалдық құрылым
- •Ұйымды басқарудың органикалық құрылымы және оның түрлері
- •11.4. Матрицалық құрылымның схемасы
- •12 Тарау Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары
- •Коммерциялық ұйымдар
- •Коммерциялық емес ұйымдар
- •Шетелдік бірлестік нысандары
- •13 Тарау Әрекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіктер
- •Жауапкершілік, өкілеттік және өкілеттіктерді табыстау
- •Өкілеттік тұрпаттары
- •Өкілеттіктерді табыстауды тиімді ұйымдастыру
- •Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпараттық жүйелер
- •15 Тарау Менеджменттегі коммуникация
- •Коммуникациялар және олардың түрлері
- •Коммуникациялық процестің элементтері мен кезеңдері
- •Адамдар арасындағы коммуникация жолындағы кедергілер
- •Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер және оның тиімділігін арттыру тәсілдері
- •16 Тарау Менеджменттегі басқарушылық шешімдер
- •Шешім қабылдау процесінің түсінігі
- •Басқарушылық шешімдерді жіктеу
- •Шешiм қабылдау кезеңдері
- •Басқарушылық шешiмдердi қабылдау әдiстерi
- •Басқарушылық шешім қабылдау процесіне әсер ететін факторлар
- •Коммерциялық және фирмаiшiлiк есеп
- •Баға және баға белгiлеу механизмi
- •18 Тарау Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
- •Әлеуметтік-психологиялық әдістердің жалпы сипаттамасы
- •Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •Басқарудың психологиялық әдістері
- •19 Тарау Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің мәнi мен негіздері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін жіктеу
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің негізгі сипаттамалары
- •Ұйымдастыру қағидалары
- •Басқарушылық қызметтің ерекшеліктері
- •21 Тарау Менеджменттегі жоспарлау
- •Жоспарлау түсінігі
- •Жоспарлау тұрпаттары, түрлері мен нысандары
- •Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
- •Стратегияны жүзеге асыруды жоспарлау
- •Тактикалық және фирмаішілік жоспарлау
- •22 Тарау Менеджменттегі уәждеме
- •Уәждеменің негізгі түсініктері
- •Уәждеменің мазмұндық теориялары
- •Бастапқы
- •1. Маслоу теориясы:
- •2. МакКлелланд теориясы:
- •3. Герцберг теориясы:
- •Уәждеменің процессуалдық теориялары
- •23 Тарау Менеджмент жүйесiндегі бақылау
- •Бақылаудың мәнi мен қызметтерi
- •Бақылау түрлерi
- •Бақылау процесiнiң кезеңдерi
- •Бақылауды ұйымдастыру нысандары
- •Тиiмдi бақылаудың сипаттамасы
- •Контроллинг түсiнiгiнiң негiздерi
- •Бейресми ұйымдар
- •Топтардың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары
- •25 Тарау Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •Билiк, ықпал, лидер
- •Билiк пен ықпал нысандары
- •Сендiру және қатыстылық
- •26 Тарау Лидерлік: стиль, жағдай мен тиімділік
- •Лидерлік теорияларына шолу
- •Лидерлікке мінез-құлықтық көзқарас
- •Блэйк пен Моутонның басқарушылық торы
- •Лидерлікке жағдайлық көзқарас
- •27 Тарау Жанжалды, өзгерістер мен стресті басқару
- •Жанжалдың тұрпаттары мен себептері
- •Жанжал процесiнiң үлгiсi
- •Жанжалдық жағдайды басқару
- •Өзгерістер мен стрестерді басқару
- •28 Тарау Фирманың кадрлық саясаты
- •Кадрлық саясаттың түсiнiгi
- •Еңбек ресурстарын қалыптастыру
- •Еңбек ресурстарын дамыту
- •Еңбек өмiрiнiң сапасын арттыру
- •Басқару мәдениетiнiң элементтерi
- •30 Тарау Басқарудың корпоративтiк мәдениетi
- •Басқарудың корпоративтiк мәдениетi түсiнiгi
- •Сыртқы орта және мәдениет
- •Корпоративтiк мәдениеттiң жiктелуi
- •31 Тарау Менеджердiң iскерлiк этикетi
- •Этикет – адам мiнез-құлқын реттеу нысандарының бiрi
- •Сөйлеу мәдениетi
- •Қызмет бабындағы қарым-қатынастар
- •Келiссөздер стилi
- •Кеңсенi безендiру
- •Пайдаланылған әдебиет
27 Тарау Жанжалды, өзгерістер мен стресті басқару
Жанжалдың тұрпаттары мен себептері
Жанжал - бұл, нақты тұлғалар немесе топтар болуы мүмкiн, екi немесе одан да көп тараптар арасында келiсiмнiң болмауы. Әрбiр тарап оның көзқарасы немесе мақсаты қабылдануы үшiн барлығын жасап, өзге жақтың оны жасауына кедергi келтiредi.
Жанжал функционалдық болып, ұйымның тиiмдiлiгiн арттыруға әкелуi мүмкiн. Не болмаса ол дисфункционалдық болып, жеке қанағаттанудың, топтық ынтымақтастық пен ұйым тиiмдiлiгiнiң төмендеуiне әкеледi. Жанжалдың рөлi, негiзiнен, оны қаншалықты тиiмдi басқаратындығына байланысты. Жанжалды басқару үшiн жанжалдық жағдайдың пайда болу себебiн түсiну қажет.
Жанжалдың төрт негiзгi тұрпаты бар:
Адамiшiлiк жанжал. Оның ең көп таралған нысаны рөлдiк жанжал. Мұнда бiр кiсiге оның жұмыс нәтижесi қандай болуы керек екендiгi туралы қарама-қарсы талаптар қойылады. Адамiшiлiк жанжал сондай-ақ өндiрiстiк талаптардың жеке қажеттiлiктермен немесе құндылықтармен үйлеспеуi нәтижесiнде де пайда болуы мүмкiн.
Адамаралық жанжал. Бұл жанжалдың ең көп таралған тұрпаты. Ұйымдарда ол түрлiше көрiнiс бередi. Көбiне ол басшылардың шектелген ресурстар, капитал немесе жұмыс күшi, жабдықты пайдалану уақыты немесе жобаның мақұлдануы үшiн күресi. Олардың әрқайсысы ресурстар шектеулi болғандықтан, жоғары тұрған басшыны осы ресурстарды өзге басшыға емес, дәл соған бөлуiне сендiру керек деп есептейдi.
Жеке адам мен топ арасындағы жанжал. Өндiрiстiк топтар мiнез-құлық нормаларын орнатады. Бейресми топқа қабылдануы үшiн әркiм оларды сақтап, сонымен өзiнiң әлеуметтiк қажеттiлiгiн қанағаттандыруы тиiс. Егер жеке адам топтың көзқарасынан өзгеше тұрғыны ұстанатын болса, онда осы адам мен топтың арасында жанжал тууы мүмкiн.
Топаралық жанжал. Ұйым көптеген әрi ресми, әрi бейресми топтардан тұрады. Тiптi ең жақсы деген ұйымдарда да осындай топтар арасында жанжал тууы мүмкiн. Басшы оларға әдiл қарамайды деп есептейтiн бейресми ұйымдар оған өнiмдiлiктi төмендетумен жауап қайтаруы мүмкiн.
Барлық жанжалдардың бiрнеше себептерi бар. Оның негiзгi себептерiне мыналар жатады:
бөлу қажет ресурстардың шектеулiлiгi;
тапсырыстардың өзара тәуелдiлiгi;
мақсаттардағы ерекшелiктер;
түсiнiктер мен құндылықтардағы ерекшелiктер;
мiнез-құлық сипаты мен өмiрлiк тәжiрибедегi ерекшелiктер;
нашар коммуникация.
Ең iрi деген ұйымдардың өзiнде де ресурстар әрқашан шектеулi. Басшылық ұйым мақсатына барынша тиiмдi жету үшiн түрлi топтар арасында материалдар, адам ресурстары мен қаржыны қалай бөлу керек екендiгiн шешуi тиiс. Ресурстарды қайсыбiр басшыға, бағыныштыға немесе топқа көбiрек бөлу өзгелерiне жалпы көлемнен аз үлес тиетiндiгiн бiлдiредi.
Мiндеттi орындауда бiр адам немесе топ өзге адамқа немесе топқа тәуелдi болатын барлық жағдайда жанжал тууы мүмкiн болады.
Ұйым барынша маманданған болып, бөлiмшелерге бөлiнген сайын жанжал мүмкiндiгi артады. Бұл маманданған бөлiмшелер өз мақсаттарын өздерi тұжырымдап, бүкiл ұйымның мақсатына қарағанда солардың орындалуына көп көңiл аударуы мүмкiн болатындықтан туындайды.
Қайсыбiр жағдай туралы түсiнiк белгiлiктi мақсатқа жету тiлегiне байланысты болады. Жағдайды объективтi бағалаудың орнына, адамдар, олардың пiкiрiнше, олардың тобы мен жеке қажеттiлiгiне қолайлы көзқарастар мен баламаларды ғана қарастыруы мүмкiн.
Мiнез-құлық сипаты мен өмiрлiк тәжiрибедегi ерекшелiктер де жанжалдың пайда болу мүмкiндiгiн арттырады. Әсiресе агрессивтi адамдар өз маңайында жанжал тууы мүмкiн жағдай жасайды.
Ақпараттың нашар берiлуi жанжалдың себебi де, салдары да болуы мүмкiн. Ол жекелеген қызметшiлерге немесе топқа жағдайды немесе өзгелердiң көзқарасын түсiнуге кедергi жасауы мүмкiн.
