- •Басқарушылық процесс және оның элементтерi
- •Менеджмент курсының мазмұны мен міндеттері
- •2 Тарау Менеджменттің мәні
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Менеджменттiң мақсаттары мен мiндеттерi
- •Менеджмент түрлері
- •3 Тарау Басқару объектілері және басқарушылық қатынастар
- •Басқару объектілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қатынастар
- •Менеджер және оның қызметтері
- •Менеджерлердің рөлдері
- •4 Тарау Басқарудың шетелдік тәжірибесі
- •Жапондық менеджмент
- •Американдық және жапондық менеджерлердің ерекшеліктері
- •5 Тарау Басқарудағы жүйеліК тәсілдеменің негіздері
- •Жүйелер және олардың қасиеттерi
- •Жүйелердiң түрлерi
- •Басқару жүйесі және оның элементтерi
- •Өндірісті басқарудағы жүйелiк тәсiлдеме
- •6 Тарау Менеджмент эволюциясы
- •Менеджмент ғылымының дамуы
- •Басқарудағы түрлі мектептерді бөлу
- •Процестік тәсілдеме
- •Жағдайлық тәсілдеме
- •7 Тарау Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздері
- •Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшудің негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдік бағдарламасы
- •Басқаруды ұйымдастыру
- •8 Тарау Ұйым туралы түсінік және оның түрлерi
- •Ұйымның түрлерi
- •Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
- •Қазіргі заманғы менеджер үлгісі
- •9 Тарау Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі
- •Мақсаттарды жiктеу
- •Мақсатты құру
- •Мақсаттар бойынша басқару
- •10 Тарау Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •Ұйымның ішкі айнымалылары
- •Тура әсер ету ортасы
- •Жанама әсер ету ортасы
- •11 Тарау Басқарудың ұйымдық құрылымы мен басқарылу нормасы
- •Басқарудың ұйымдық құрылымы туралы түсінік
- •Ұйымды басқарудың бюрократиялық құрылымы
- •Дивизионалдық құрылым
- •Ұйымды басқарудың органикалық құрылымы және оның түрлері
- •11.4. Матрицалық құрылымның схемасы
- •12 Тарау Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары
- •Коммерциялық ұйымдар
- •Коммерциялық емес ұйымдар
- •Шетелдік бірлестік нысандары
- •13 Тарау Әрекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіктер
- •Жауапкершілік, өкілеттік және өкілеттіктерді табыстау
- •Өкілеттік тұрпаттары
- •Өкілеттіктерді табыстауды тиімді ұйымдастыру
- •Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпараттық жүйелер
- •15 Тарау Менеджменттегі коммуникация
- •Коммуникациялар және олардың түрлері
- •Коммуникациялық процестің элементтері мен кезеңдері
- •Адамдар арасындағы коммуникация жолындағы кедергілер
- •Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер және оның тиімділігін арттыру тәсілдері
- •16 Тарау Менеджменттегі басқарушылық шешімдер
- •Шешім қабылдау процесінің түсінігі
- •Басқарушылық шешімдерді жіктеу
- •Шешiм қабылдау кезеңдері
- •Басқарушылық шешiмдердi қабылдау әдiстерi
- •Басқарушылық шешім қабылдау процесіне әсер ететін факторлар
- •Коммерциялық және фирмаiшiлiк есеп
- •Баға және баға белгiлеу механизмi
- •18 Тарау Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
- •Әлеуметтік-психологиялық әдістердің жалпы сипаттамасы
- •Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •Басқарудың психологиялық әдістері
- •19 Тарау Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің мәнi мен негіздері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін жіктеу
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің негізгі сипаттамалары
- •Ұйымдастыру қағидалары
- •Басқарушылық қызметтің ерекшеліктері
- •21 Тарау Менеджменттегі жоспарлау
- •Жоспарлау түсінігі
- •Жоспарлау тұрпаттары, түрлері мен нысандары
- •Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
- •Стратегияны жүзеге асыруды жоспарлау
- •Тактикалық және фирмаішілік жоспарлау
- •22 Тарау Менеджменттегі уәждеме
- •Уәждеменің негізгі түсініктері
- •Уәждеменің мазмұндық теориялары
- •Бастапқы
- •1. Маслоу теориясы:
- •2. МакКлелланд теориясы:
- •3. Герцберг теориясы:
- •Уәждеменің процессуалдық теориялары
- •23 Тарау Менеджмент жүйесiндегі бақылау
- •Бақылаудың мәнi мен қызметтерi
- •Бақылау түрлерi
- •Бақылау процесiнiң кезеңдерi
- •Бақылауды ұйымдастыру нысандары
- •Тиiмдi бақылаудың сипаттамасы
- •Контроллинг түсiнiгiнiң негiздерi
- •Бейресми ұйымдар
- •Топтардың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары
- •25 Тарау Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •Билiк, ықпал, лидер
- •Билiк пен ықпал нысандары
- •Сендiру және қатыстылық
- •26 Тарау Лидерлік: стиль, жағдай мен тиімділік
- •Лидерлік теорияларына шолу
- •Лидерлікке мінез-құлықтық көзқарас
- •Блэйк пен Моутонның басқарушылық торы
- •Лидерлікке жағдайлық көзқарас
- •27 Тарау Жанжалды, өзгерістер мен стресті басқару
- •Жанжалдың тұрпаттары мен себептері
- •Жанжал процесiнiң үлгiсi
- •Жанжалдық жағдайды басқару
- •Өзгерістер мен стрестерді басқару
- •28 Тарау Фирманың кадрлық саясаты
- •Кадрлық саясаттың түсiнiгi
- •Еңбек ресурстарын қалыптастыру
- •Еңбек ресурстарын дамыту
- •Еңбек өмiрiнiң сапасын арттыру
- •Басқару мәдениетiнiң элементтерi
- •30 Тарау Басқарудың корпоративтiк мәдениетi
- •Басқарудың корпоративтiк мәдениетi түсiнiгi
- •Сыртқы орта және мәдениет
- •Корпоративтiк мәдениеттiң жiктелуi
- •31 Тарау Менеджердiң iскерлiк этикетi
- •Этикет – адам мiнез-құлқын реттеу нысандарының бiрi
- •Сөйлеу мәдениетi
- •Қызмет бабындағы қарым-қатынастар
- •Келiссөздер стилi
- •Кеңсенi безендiру
- •Пайдаланылған әдебиет
Лидерлікке жағдайлық көзқарас
Ертеректегi зерттеушiлердiң басшылық стилi, қанағаттылық пен өнiмдiлiктiң арасындағы тұрақты тәуелдiлiктi табудағы қабiлетсiздiгi барлық жағдайларда бiр немесе бiрнеше қосымша факторлар әрекет ететiндiгiнiң айқын көрсеткiшi болды. Бұл факторларды табу үшiн теоретиктер өз назарын тек басшы мен орындаушыға ғана емес, тұтастай барлық жағдайға аудара бастады. Соның нәтижесiнде басқару процесiнiң күрделiлiгiн түсiнуге көмектескен төрт жағдайлық үлгi жасалды: Фидлерлiк басшылықтың жағдайлық үлгiсi, Митчел мен Хаустың «жол – мақсат» көзқарасы, Херси мен Бланшардың өмiрлiк цикл теориясы және Врум-Йеттондық басшының шешiм қабылдау үлгiсi.
Фидлер үлгiсi теорияның одан әрi дамуына маңызды үлес қосты, өйткенi ол өз назарын жағдайға аударды және басшының мiнез-құлқына әсер ететiн үш факторды анықтады. Бұл факторларға мыналар жатады:
Басшы мен ұжым мүшелерi арасындағы қатынас. Бағыныштылар бiлдiретiн адалдықты, олардың өз басшысына сенiмiн және орындаушылар үшiн басшы тұлғасының тартымдылығын ұйғарады.
Мiндеттiң құрылымы. Мiндеттiң дағдыланғандығын, оның тұжырымдалуы мен құрылымының анықтылығын ұйғарады.
Лауазымдық құзырлар. Бұл - оған сыйақыны пайдалануға мүмкiндiк беретiн, басшының лауазымымен байланысты заңды билiктiң көлемi, сондай-ақ басшыға ресми ұйым көрсететiн қолдау деңгейi.
Фидлердiң есептеуiнше, әрбiр жағдайға басшылықтың өз стилi сәйкес келсе де, негiзiнен, әрбiр басшының стилi тұрақты болып қалады.
Көбiне Фидлер үлгiсiне ұқсас және себептеуге жататын күту теориясымен ортақтығы көп тағы да бiр жағдайлық үлгiнi Теренс Митчел мен Роберт Хаус жасаған болатын. «Жол – мақсат» деп аталатын олардың көзқарасы да басшының жағдайға барынша сәйкес келетiн басшылық стильдi қолдану қажеттiлiгiн атап өттi. «Жол – мақсат» терминi тырысу - өнiмдiлiк, өнiмдiлiк - нәтиже, бағыныштының сыйақының сезiнген құндылығы сияқты экспектация (күту) теориясының түсiнiктерiне жатады. Негiзiнен, «жол – мақсат» көзқарасы себептеу, қанағаттылық пен бағыныштының еңбек өнiмдiлiгiне басшының мiнез-құлқы тигiзетiн әсерiн түсiндiруге тырысады. Бұл көзқарасқа сай, осы мақсаттарға жету жолдарына әсер ете отырып, басшы бағыныштыларды ұйымның мақсатына жеткiзуге түрткi ете алады.
Поль Херси мен Кен Бланшар өмiрлiк цикл теориясы деп атаған лидерлiктiң жағдайлық теориясын жасады. Бұл теорияға сай, лидерлiктiң ең тиiмдi стильдерi орындаушының жетiлуiне байланысты. Жетiлудi жас мөлшерiмен анықтамау керек. Жекелеген адамдар мен топтардың жетiлуi өзiнiң iс-әрекетi үшiн жауапкершiлiк тарту қабiлетiн, қойылған мақсатқа жету ынтасын, сондай-ақ бiлiмi мен орындау қажет нақты мiндетке қатысты тәжiрибесiн ұйғарады.
Басшылықтың тағы да бiр жағдайлық үлгiсi Виктор Врум мен Филипп Йеттон жасаған үлгiсi болып табылады. Басшының шешiм қабылдау үлгiсi өз назарын шешiм қабылдау процесiне шоғырландырады. Бұл көзқарасқа сай, қандай деңгейде бағынышты шешiм қабылдауға қатыса алатындығына байланысты басшы пайдалануы мүмкiн басшылықтың бес стилi бар:
АI. Қолда бар ақпаратты пайдалана отырып, сiз өзiңiз шешiм қабылдайсыз немесе мәселенi шешесiз.
АII. Қажеттi ақпаратты сiз өз бағыныштыларыңыздан аласыз да содан соң өзiңiз мәселенi шешесiз. Ақпаратты ала отырып, сiз өз бағыныштыларыңызға мәселе жайын айтуыңызға да, айтпауыңызға да болады. Шешiм қабылдаудағы сiздiң бағыныштыларыңыздың рөлi баламалы шешiмдердi iздеу немесе бағалау емес, қажеттi ақпаратты беру.
СI. Сiз қатысы бар бағыныштыларға әрқайсысына бөлек мәселе жайын айтып, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдайсыз, бiрақ та оларды бiр топқа бiрге шақырмайсыз. Содан соң сiз бағыныштыларыңыздың ықпалын ескеретiн немесе ескермейтiн шешiм қабылдайсыз.
СII. Сiз бағыныштыларыңыздың тобына мәселе жайын айтасыз және бар ұжым барлық идеялар мен ұсыныстарды тыңдайды. Содан соң сiз бағыныштыларыңыздың ықпалын ескеретiн немесе ескермейтiн шешiм қабылдайсыз.
GII. Сiз бағыныштыларыңыздың тобына мәселе жайын айтасыз. Бәрiңiз бiрге баламаларды тауып, бағалайсыздар және баламаны таңдауға қатысты келiсiмге келуге тырысасыздар. Сiздiң рөлiңiз төрағалықпен ұқсас. Сiздiң шешiмiңiздi қабылдауы үшiн сiз топқа әсер етпейсiз, тек барлық топ қолайлы деп шешкен шешiмдi қабылдағыңыз және орындағыңыз келедi.
