Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туралин А.З._Менеджент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.84 Mб
Скачать
    1. Менеджер және оның қызметтері

Менеджменттің ешбір жүйесі менеджерсіз қызмет ете алмайды. Менеджерлер деп аталатын басқарушы топтардың өкілдері барлық фирмаларда жұмыс істейді. Менеджер сөзі ағылшынның «manage» деген сөзінен шыққан және басқарушы, меңгеруші деген ұғымды білдіреді.

Менеджер – бұл басқарудың түрлі тәсілдері мен тактикаларын пайдалана отырып, ұйымды мақсатқа жетуге апаратын маман.

Бизнесмен мен менеджер түсініктері бірдей емес. Бизнесмен - бұл табыс әкелетін айналымдағы капиталдың иесі, оның қарамағында ешкім болмауы да мүмкін. Менеджердің міндетті түрде тұрақты лауазымы, қарамағында адамдары бар.

Менеджер кәсіпорын қызметкерлерінің ешқайсысында жоқ арнайы екі міндет атқарады:

  • қолда бар ресурстармен нағыз тұтас «өндірістік бірлік» құру. «Өндірістік бірлік» құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл әлсіз буындарды жою, барынша дамытуды қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің барлық күшті жақтарын, бірінші кезекте адам ресурстарын, пайдалану үшін тырысуына тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс-әрекеті менеджердің әрдайым көз алдында болуы, қол жеткен нәтижелер барынша үйлестірілуі тиіс.

  • кез келген шешімді қабылдап, іс-әрекетке кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қоса кәсіпорынның болашағы туралы да ойлану.

Барлық менеджерлер үшін олардың жұмыс орнына қарамастан, мынадай ортақ қызметтер бар:

  1. менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

  2. менеджер-ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы қызметкерлердің тиісті құрамын іріктейді және т.б.;

  3. менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті — сыйлықақы беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын – пайдаланады;

  4. менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды;

  5. менеджер адамдардың қызмет жағынан жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдар мамандығының жетілдірілуі, қызмет жағынан жоғарылауы немесе төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы немесе берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.

Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау, оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс.

Қазiргi өнеркәсiп корпорациясында басқару қызметкерлерiн үш топқа бөлуге болады.

  1. Топ менеджмент (top management) – басқарудың жоғарғы буыны, оған директорлар кеңесi төрағасын, президенттi, вице-президенттердi жатқызады. Олар компанияның жалпы стратегиясын жасаумен, болжаумен және ұзақ мерзiмдiк жоспарлаумен, кадр саясаты мәселелерiн шешiп, сыртқы ортамен байланыс орнатумен шұғылданады.

  2. Мидле менеджмент (middle management) - өндiрiс бөлiмшелерi мен функциялық қызметтiң ортаңғы деңгейлi басшылары жедел жұмыстарға, ғылыми зерттеулердi жоспарлау мен ұйымдастыруға, өндiру мен өткiзуге, есеп пен бақылауды жолға қоюға жауап бередi.

  3. Ловер менеджмент (lover management) – басқарудың төменгi буыны, оған цех жетекшiсi, өндiрiстiк учаске бастығы, шеберлер жатады. Олар жұмысшылар мен қызметшiлерге тiкелей басшылық етедi.

Сонымен, менеджер — бұл нарықтық бәсеке жағдайындағы фирма алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жұмысшыларды ұйымдастыруға қабілетті, еңбекті басқару саласында ғылыми білімі бар адам. Ол тек жай ғана басқарушы болмай, алдын ала болжай алып, адамдарды ұйымдастырып, олардың іс-әрекетін үйлестіріп, бақылай білуі керек.