- •Басқарушылық процесс және оның элементтерi
- •Менеджмент курсының мазмұны мен міндеттері
- •2 Тарау Менеджменттің мәні
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Менеджменттiң мақсаттары мен мiндеттерi
- •Менеджмент түрлері
- •3 Тарау Басқару объектілері және басқарушылық қатынастар
- •Басқару объектілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қатынастар
- •Менеджер және оның қызметтері
- •Менеджерлердің рөлдері
- •4 Тарау Басқарудың шетелдік тәжірибесі
- •Жапондық менеджмент
- •Американдық және жапондық менеджерлердің ерекшеліктері
- •5 Тарау Басқарудағы жүйеліК тәсілдеменің негіздері
- •Жүйелер және олардың қасиеттерi
- •Жүйелердiң түрлерi
- •Басқару жүйесі және оның элементтерi
- •Өндірісті басқарудағы жүйелiк тәсiлдеме
- •6 Тарау Менеджмент эволюциясы
- •Менеджмент ғылымының дамуы
- •Басқарудағы түрлі мектептерді бөлу
- •Процестік тәсілдеме
- •Жағдайлық тәсілдеме
- •7 Тарау Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздері
- •Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшудің негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдік бағдарламасы
- •Басқаруды ұйымдастыру
- •8 Тарау Ұйым туралы түсінік және оның түрлерi
- •Ұйымның түрлерi
- •Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
- •Қазіргі заманғы менеджер үлгісі
- •9 Тарау Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі
- •Мақсаттарды жiктеу
- •Мақсатты құру
- •Мақсаттар бойынша басқару
- •10 Тарау Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •Ұйымның ішкі айнымалылары
- •Тура әсер ету ортасы
- •Жанама әсер ету ортасы
- •11 Тарау Басқарудың ұйымдық құрылымы мен басқарылу нормасы
- •Басқарудың ұйымдық құрылымы туралы түсінік
- •Ұйымды басқарудың бюрократиялық құрылымы
- •Дивизионалдық құрылым
- •Ұйымды басқарудың органикалық құрылымы және оның түрлері
- •11.4. Матрицалық құрылымның схемасы
- •12 Тарау Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары
- •Коммерциялық ұйымдар
- •Коммерциялық емес ұйымдар
- •Шетелдік бірлестік нысандары
- •13 Тарау Әрекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіктер
- •Жауапкершілік, өкілеттік және өкілеттіктерді табыстау
- •Өкілеттік тұрпаттары
- •Өкілеттіктерді табыстауды тиімді ұйымдастыру
- •Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпараттық жүйелер
- •15 Тарау Менеджменттегі коммуникация
- •Коммуникациялар және олардың түрлері
- •Коммуникациялық процестің элементтері мен кезеңдері
- •Адамдар арасындағы коммуникация жолындағы кедергілер
- •Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер және оның тиімділігін арттыру тәсілдері
- •16 Тарау Менеджменттегі басқарушылық шешімдер
- •Шешім қабылдау процесінің түсінігі
- •Басқарушылық шешімдерді жіктеу
- •Шешiм қабылдау кезеңдері
- •Басқарушылық шешiмдердi қабылдау әдiстерi
- •Басқарушылық шешім қабылдау процесіне әсер ететін факторлар
- •Коммерциялық және фирмаiшiлiк есеп
- •Баға және баға белгiлеу механизмi
- •18 Тарау Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
- •Әлеуметтік-психологиялық әдістердің жалпы сипаттамасы
- •Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •Басқарудың психологиялық әдістері
- •19 Тарау Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің мәнi мен негіздері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін жіктеу
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің негізгі сипаттамалары
- •Ұйымдастыру қағидалары
- •Басқарушылық қызметтің ерекшеліктері
- •21 Тарау Менеджменттегі жоспарлау
- •Жоспарлау түсінігі
- •Жоспарлау тұрпаттары, түрлері мен нысандары
- •Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
- •Стратегияны жүзеге асыруды жоспарлау
- •Тактикалық және фирмаішілік жоспарлау
- •22 Тарау Менеджменттегі уәждеме
- •Уәждеменің негізгі түсініктері
- •Уәждеменің мазмұндық теориялары
- •Бастапқы
- •1. Маслоу теориясы:
- •2. МакКлелланд теориясы:
- •3. Герцберг теориясы:
- •Уәждеменің процессуалдық теориялары
- •23 Тарау Менеджмент жүйесiндегі бақылау
- •Бақылаудың мәнi мен қызметтерi
- •Бақылау түрлерi
- •Бақылау процесiнiң кезеңдерi
- •Бақылауды ұйымдастыру нысандары
- •Тиiмдi бақылаудың сипаттамасы
- •Контроллинг түсiнiгiнiң негiздерi
- •Бейресми ұйымдар
- •Топтардың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары
- •25 Тарау Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •Билiк, ықпал, лидер
- •Билiк пен ықпал нысандары
- •Сендiру және қатыстылық
- •26 Тарау Лидерлік: стиль, жағдай мен тиімділік
- •Лидерлік теорияларына шолу
- •Лидерлікке мінез-құлықтық көзқарас
- •Блэйк пен Моутонның басқарушылық торы
- •Лидерлікке жағдайлық көзқарас
- •27 Тарау Жанжалды, өзгерістер мен стресті басқару
- •Жанжалдың тұрпаттары мен себептері
- •Жанжал процесiнiң үлгiсi
- •Жанжалдық жағдайды басқару
- •Өзгерістер мен стрестерді басқару
- •28 Тарау Фирманың кадрлық саясаты
- •Кадрлық саясаттың түсiнiгi
- •Еңбек ресурстарын қалыптастыру
- •Еңбек ресурстарын дамыту
- •Еңбек өмiрiнiң сапасын арттыру
- •Басқару мәдениетiнiң элементтерi
- •30 Тарау Басқарудың корпоративтiк мәдениетi
- •Басқарудың корпоративтiк мәдениетi түсiнiгi
- •Сыртқы орта және мәдениет
- •Корпоративтiк мәдениеттiң жiктелуi
- •31 Тарау Менеджердiң iскерлiк этикетi
- •Этикет – адам мiнез-құлқын реттеу нысандарының бiрi
- •Сөйлеу мәдениетi
- •Қызмет бабындағы қарым-қатынастар
- •Келiссөздер стилi
- •Кеңсенi безендiру
- •Пайдаланылған әдебиет
Контроллинг түсiнiгiнiң негiздерi
Контроллинг астарында немiс тiлiнде сөйлейтiн елдердiң менеджерлерi кәсiпорынды тиiмдi басқарудың басшылық тұжырымдамасы мен оның ұзақ мерзiмдi өмiр сүруiнiң қамтамасыз етiлуiн ұғынады. Контроллинг қызметi кәсiпорынның бақылау өрiсiнiң талдау қызметтерiнде топталады. Ол кәсiпорынның есептiлiгiн талдайды, оның дамуының бағыттарын анықтайды, сөйтiп басқарушылық шешiм қабылдауға көмек көрсетедi.
Контроллинг тұжырымдамасы жекелеген кәсiпорын аясында дәстүрлi есептi, жоспарлау мен маркетингтi бiрыңғай басқару жүйесiне шоғырландыруға мүмкiндiк бередi.
Тәжiрибеде контроллинг қызметiн ұйымдастырудың екi негiзгi нұсқасы жиi кездеседi:
Негiзгi бөлiмдердiң қызметi өз кезегiнде бас контроллер болып табылатын фирма директорларының бiрiне бағынатын «Контроллинг және қаржы» сияқты жалпы бөлiмдi құру жолымен үйлестiрiледi. Осылайша ұйымдастыру iрi кәсiпорындарға тән.
Кәсiпорын директорларының бiрiнiң қарамағында қаржы мен ақпарат қызметтерi болады, ал бас контроллер басқаратын контроллинг қызметi тiкелей бас директорға – кәсiпорын басшысына бағынады. Ол негiзiнен орталық контроллинг қызметiнiң басшысы мiндетiн атқарады. Мұндай ұйымдастыру орта кәсiпорындарға тән.
Жекелеген бөлiмшелерде контроллинг қызметтерi тiкелей бас контроллерге бағынады және контроллинг қызметi штабтық қызмет ретiнде жұмыс iстейдi. Алайда өкiлеттiктердiң әжептәуiр бөлiгi жекелеген бөлiмшелердегi контроллинг қызметтерiне табысталатын орталықсыздандырылған ұйым да болуы мүмкiн.
Контроллинг қызметiн ұйымдастырғанда әдетте келесi төрт негiзгi алғышартқа көңiл аударады:
таңдап ылнған стратегияға сәйкес мақсаттарды келiсу, мақсаттарды басқару және мақсаттарға жету тек басқарудың жоғарғы деңгейiнде ғана үйлестiрiледi;
«жалпы басқарушылық мақсаттар» шегiнде кәсiпорынды басқару әдiстерi шешiм қабылдау үшiн жауаптыларды кәсiпорынның сыртқы ортасындағы болашақ қатерлерi мен мүмкiндiктерiн көре бiлу және икемдi жауап қайтара алу қажеттiлiгiне контроллер сендiре алғанда барынша тиiмдi болады;
қызметкерлер арасында шүбәсiз жеке және кәсiби беделге ие болуы үшiн контроллер экономикалық өзара байланыстар мен резервтер туралы ақпарат алуға мұқтаж;
контроллинг қызметi шешiмдер қабылданатын басқару деңгейлерiне қатысты дербес, тәуелсiз және бейтарап, бұл болса ұйымдағы билiктi бөлу үшiн күреске қатысу мүмкiндiгiнiң алдын алуға мүмкiншiлiк бередi.
6 БӨЛІМ
Топтық динамика және басқару персоналы
24 Тарау
Адам қызметiн басқару және топты басқару
Топтар және олардың маңыздылығы
Жаратылысы бойынша адамдар өзiне ұқсастармен қарым-қатынасқа мұқтаж. Егер адамдар ұзақ уақыт тiкелей қарым-қатынаста болып, өзара әрекеттессе, онда олар бiр-бiрiнiң бар екендiгiн психологиялық түрде сезiне бастайды. Басқа адамдар ол туралы ойлайтындығын және одан ненi күтетiндiгiн сезiну адамды өзінің мiнез-құлқын өзгертуге мәжбүр етедi. Осы әлеуметтiк процесс топтардың қалыптасуына әкеледi.
Топ – бұл әрбiр тұлға өзгелерге ықпал ете отырып, бiр мезгiлде өзге тұлғалардың ықпалында болатындай бiр-бiрiмен әрекеттесетiн екi немесе одан да көп тұлғалардың бiрлесуi.
Кез келген көлемдегi ұйым бiрнеше топтардан тұрады. Еңбектi көлденеңiнен (бөлiмшелер) және тiгiнен (басқару деңгейлерi) бөлген кезде басшылық өз еркiмен топтарды құрады. Өндiрiс процесiн ұйымдастыру үшiн басшылық еркiмен құрылған мұндай топтар ресми топтар деп аталады. Қаншалықты кiшi болғанына қарамастан, бұлар ұйымға қатысты олардың басты қызметi нақты мiндеттердi орындау мен белгiлiктi, нақты мақсаттарға жету болып табылатын ресми ұйымдар. Ұйымда ресми топтардың үш негiзгi тұрпаты бар:
басшылар тобы;
жұмысшы топ;
комитеттер.
Әмiршiл басшылар тобы басшыдан және, өз кезегiнде олар да басшы болуы мүмкiн, оның тiкелей қарамағындағылардан тұрады.
Жұмысшы (мақсатты) топ әдетте бiр тапсырма бойынша бiрге жұмыс iстейтiн адамдардан тұрады. Оларда ортақ басшы бар болғанымен, бұл топтар өз еңбегiн жоспарлау мен жүзеге асыруда оларда бiршама көп дербестiк болуымен әкiмшiл топтардан ерекшеленедi.
Комитет - бұл қандай да бiр тапсырманы немесе тапсырмалар кешенiн орындау үшiн өкiлеттiк берiлген ұйымның iшiндегi топ. Кейде комитеттер кеңестер, мақсаттық топтар, комиссиялар немесе командалар деп те аталады. Алайда барлық жағдайларда комитеттi өзге ұйымдық құрылымдардан ерекшелейтiн топтық шешiм қабылдау мен iс-әрекеттi жүзеге асыру ұғынылады.
Комитеттердiң екi негiзгi түрi бар:
арнайы комитет - белгiлiктi мақсатты орындау үшiн құрылған уақытша топ;
тұрақты комитет - нақты мақсаты бар, үздiксiз жұмыс iстейтiн ұйым iшiндегi топ.
Басқарудың бұл тұрпатын бiр басшыға қарағанда бұл жұмысты топ жақсырақ iстей алатын болғанда, немесе барлық билiктi бiр адамның қолына беру тәуекелдi болғанда пайдаланған жөн. Басшылық комитетке жеке адамға сияқты өкiлеттiктi табыстайды. Жекелеген адамдар секiлдi комитеттер де оларға өкiлеттiктердi табыстағандар алдында оларға берiлген тапсырманың орындалғаны туралы есеп беруi тиiс.
