Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туралин А.З._Менеджент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.84 Mб
Скачать
    1. Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің негізгі сипаттамалары

Ұйымдастыру-тұрақтандырғыш ықпал ету әдiстеріне реттеу, нормалау мен нұсқау беру кіреді. Реттеу ұйымдастырушылық ықпал жасаудың өте қатаң түрі болып табылады. Бұларға мыналар жатады:

  • ұйым құрылымының жалпы қағидалары мен биліктің құрылымын айқындайтын басқарудың жалпы ұйымдастырушылық әдістері;

  • билік органдарының құрылымын, яғни басқару буындары мен деңгейлерін белгілейтін басқарудың құрылымдық әдістері;

  • басқарудың функционалдық әдістері, билігі бар әрбір тұлғаның лауазымдық мәртебесі;

  • кейбір билік құрылымдарының жұмыс істеу тәртібін белгілейтін басқарудың функционалдық әдістері.

Ұйымдастыру-тұрақтандырғыш ықпал етудің тағы бір әдісі - нормалау. Норматив пен норма ұғымдарын ажырата білу керек. Норма дегеніміз – табиғи және антропогенді процестер жүретін табиғи жағдайларды сипаттайтын шама. Норматив - бір нәрсенің бірлігіне шартты бөлу. Басқарудың нормалау әдісінде мыналар болады:

  • ұйымдастырушылық нормативтер (уақыт, еңбек шығыны нормативі, материалдық құралдар шығыны және т.б.);

  • қызметкерлер санының нормативі;

  • шама (сапалық-техникалық, қаржы-несиелік, экономикалық көтермелеу, пайдалылық және т.б.) нормативтері.

Бұл нормативтердің барлығы кәсіпорын мен өндірістің басқару процесіндегі қызметін айқындайды.

Ұйымдастырушылық ықпал жасаудың ең жайлы әдісі - нұсқау. Ол жұмыс шарттарымен танысудан немесе тапсырылған істің жағдайынан, жағдайды түсіндірудің, ықтимал қателерден сақтандырудан тұрады. Нұсқау әрқашан жұмысты табысты орындауға бағытталған әдістемелік және ақпараттық түрде болады. Оған ақпарат берудің әр қилы түрлері: түсіндіру, сақтандыру, кеңес беру, таныстыру және т.б. кіреді.

Басқарудың нұсқау әдістері ауыр зардаптарға ұрындыратын, бетімен кеткен, қисынсыз және кәсібилікке жат іс-әрекеттердің алдын алуға бағытталған.

5 БӨЛІМ

Менеджмент қызметтерi

20 Тарау

Ұйымдастыру менеджмент қызметі ретінде

    1. Ұйымдастыру қызметінің мазмұны

Басқарудың маңызды қызметі ұйымның барлық бөлімшелері арасында тұрақты және уақытша қарым-қатынасты орнату, ұйым жұмыс істеуінің тәртібі мен шартын анықтаудан тұратын ұйымдастыру қызметі болып табылады. Ұйымдастыру қызметі екі жолмен іске асырылады: әкімшілік-ұйымдық басқару арқылы және жедел басқару арқылы.

Әкімшілік-ұйымдық басқару ұйым құрылымын анықтау, өзара байланысты орнату және барлық бөлімшелер арасында қызметтерді бөлу, құқықтар беру және басқару аппараты қызметкерлерінің арасында жауапкершілік орнатуды ұйғарады.

Жедел басқару бекітілген жоспарға сәйкес ұйымның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ол белгіленген жоспарды іс жүзінде алынған нәтижелермен ара-тұра немесе үздіксіз салыстырудан және кейіннен оны түзетуден тұрады. Жедел басқару ағымдық жоспарлаумен тығыз байланысты.

Ұйымдастыру қызметі жоспарды орындау үшін қажеттінің бәрін алдын ала дайындау болып табылады. Басқару қызметі ретінде ұйымдастырудың мақсаты мынадан тұрады:

  • ұйым құрылымын құру;

  • кадрларды дұрыс іріктеу;

  • қызметкерлерді жұмыс орындары, мамандықтары мен біліктіліктері бойынша орналастыру;

  • өндірістік тапсырманы белгілеу.

Ұйымдық құрылым деп ұйым және оның бөлімшелері алдына қойылған мақсаттармен және олардың арасында қызметтердің бөлінуімен анықталатын олардың өзара байланысымен ұйымның жекелеген бөлімшелерінің ұйымдастырылуы ұғынылады. Ұйымдық құрылым ұйымды құрайтын құрылымдық бөлімшелердің қызметі үшін жауапты ұйымның басшы қызметкерлері арасында шешім қабылдауға қызметтер мен өкілеттіктердің бөлінуін ұйғарады.

Жекелеген басшылар жұмыс процесін дұрыс ұйымдастыра алмайтындықтан көп уақыт пен қаражат босқа шығындалады. Мұндай шығындарды болдырмау үшін жоспарды іске асыруға көшпес бұрын мыналарды ескеру қажет:

  • қажетті саны, құрамы мен біліктілігі бар қызметкерлер болуы керек;

  • әрбір қызметкер өндірістік процестегі өз рөлі мен өз жұмысының өзгелердің тапсырмасымен өзара байланысын білуі керек;

  • әрбір қызметкер ол жауап беретін жоспардың бөлігін орындауға мүмкіндік беретіндей дайындыққа ие болуы керек;

  • жоспарды орындау үшін қызметкерлерге керектінің барлығы қажетті уақытта және белгіленген орында берілуі керек.