- •Басқарушылық процесс және оның элементтерi
- •Менеджмент курсының мазмұны мен міндеттері
- •2 Тарау Менеджменттің мәні
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Менеджменттiң мақсаттары мен мiндеттерi
- •Менеджмент түрлері
- •3 Тарау Басқару объектілері және басқарушылық қатынастар
- •Басқару объектілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қатынастар
- •Менеджер және оның қызметтері
- •Менеджерлердің рөлдері
- •4 Тарау Басқарудың шетелдік тәжірибесі
- •Жапондық менеджмент
- •Американдық және жапондық менеджерлердің ерекшеліктері
- •5 Тарау Басқарудағы жүйеліК тәсілдеменің негіздері
- •Жүйелер және олардың қасиеттерi
- •Жүйелердiң түрлерi
- •Басқару жүйесі және оның элементтерi
- •Өндірісті басқарудағы жүйелiк тәсiлдеме
- •6 Тарау Менеджмент эволюциясы
- •Менеджмент ғылымының дамуы
- •Басқарудағы түрлі мектептерді бөлу
- •Процестік тәсілдеме
- •Жағдайлық тәсілдеме
- •7 Тарау Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздері
- •Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшудің негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдік бағдарламасы
- •Басқаруды ұйымдастыру
- •8 Тарау Ұйым туралы түсінік және оның түрлерi
- •Ұйымның түрлерi
- •Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
- •Қазіргі заманғы менеджер үлгісі
- •9 Тарау Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі
- •Мақсаттарды жiктеу
- •Мақсатты құру
- •Мақсаттар бойынша басқару
- •10 Тарау Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •Ұйымның ішкі айнымалылары
- •Тура әсер ету ортасы
- •Жанама әсер ету ортасы
- •11 Тарау Басқарудың ұйымдық құрылымы мен басқарылу нормасы
- •Басқарудың ұйымдық құрылымы туралы түсінік
- •Ұйымды басқарудың бюрократиялық құрылымы
- •Дивизионалдық құрылым
- •Ұйымды басқарудың органикалық құрылымы және оның түрлері
- •11.4. Матрицалық құрылымның схемасы
- •12 Тарау Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары
- •Коммерциялық ұйымдар
- •Коммерциялық емес ұйымдар
- •Шетелдік бірлестік нысандары
- •13 Тарау Әрекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіктер
- •Жауапкершілік, өкілеттік және өкілеттіктерді табыстау
- •Өкілеттік тұрпаттары
- •Өкілеттіктерді табыстауды тиімді ұйымдастыру
- •Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпараттық жүйелер
- •15 Тарау Менеджменттегі коммуникация
- •Коммуникациялар және олардың түрлері
- •Коммуникациялық процестің элементтері мен кезеңдері
- •Адамдар арасындағы коммуникация жолындағы кедергілер
- •Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер және оның тиімділігін арттыру тәсілдері
- •16 Тарау Менеджменттегі басқарушылық шешімдер
- •Шешім қабылдау процесінің түсінігі
- •Басқарушылық шешімдерді жіктеу
- •Шешiм қабылдау кезеңдері
- •Басқарушылық шешiмдердi қабылдау әдiстерi
- •Басқарушылық шешім қабылдау процесіне әсер ететін факторлар
- •Коммерциялық және фирмаiшiлiк есеп
- •Баға және баға белгiлеу механизмi
- •18 Тарау Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
- •Әлеуметтік-психологиялық әдістердің жалпы сипаттамасы
- •Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •Басқарудың психологиялық әдістері
- •19 Тарау Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің мәнi мен негіздері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін жіктеу
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің негізгі сипаттамалары
- •Ұйымдастыру қағидалары
- •Басқарушылық қызметтің ерекшеліктері
- •21 Тарау Менеджменттегі жоспарлау
- •Жоспарлау түсінігі
- •Жоспарлау тұрпаттары, түрлері мен нысандары
- •Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
- •Стратегияны жүзеге асыруды жоспарлау
- •Тактикалық және фирмаішілік жоспарлау
- •22 Тарау Менеджменттегі уәждеме
- •Уәждеменің негізгі түсініктері
- •Уәждеменің мазмұндық теориялары
- •Бастапқы
- •1. Маслоу теориясы:
- •2. МакКлелланд теориясы:
- •3. Герцберг теориясы:
- •Уәждеменің процессуалдық теориялары
- •23 Тарау Менеджмент жүйесiндегі бақылау
- •Бақылаудың мәнi мен қызметтерi
- •Бақылау түрлерi
- •Бақылау процесiнiң кезеңдерi
- •Бақылауды ұйымдастыру нысандары
- •Тиiмдi бақылаудың сипаттамасы
- •Контроллинг түсiнiгiнiң негiздерi
- •Бейресми ұйымдар
- •Топтардың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары
- •25 Тарау Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •Билiк, ықпал, лидер
- •Билiк пен ықпал нысандары
- •Сендiру және қатыстылық
- •26 Тарау Лидерлік: стиль, жағдай мен тиімділік
- •Лидерлік теорияларына шолу
- •Лидерлікке мінез-құлықтық көзқарас
- •Блэйк пен Моутонның басқарушылық торы
- •Лидерлікке жағдайлық көзқарас
- •27 Тарау Жанжалды, өзгерістер мен стресті басқару
- •Жанжалдың тұрпаттары мен себептері
- •Жанжал процесiнiң үлгiсi
- •Жанжалдық жағдайды басқару
- •Өзгерістер мен стрестерді басқару
- •28 Тарау Фирманың кадрлық саясаты
- •Кадрлық саясаттың түсiнiгi
- •Еңбек ресурстарын қалыптастыру
- •Еңбек ресурстарын дамыту
- •Еңбек өмiрiнiң сапасын арттыру
- •Басқару мәдениетiнiң элементтерi
- •30 Тарау Басқарудың корпоративтiк мәдениетi
- •Басқарудың корпоративтiк мәдениетi түсiнiгi
- •Сыртқы орта және мәдениет
- •Корпоративтiк мәдениеттiң жiктелуi
- •31 Тарау Менеджердiң iскерлiк этикетi
- •Этикет – адам мiнез-құлқын реттеу нысандарының бiрi
- •Сөйлеу мәдениетi
- •Қызмет бабындағы қарым-қатынастар
- •Келiссөздер стилi
- •Кеңсенi безендiру
- •Пайдаланылған әдебиет
3 Тарау Басқару объектілері және басқарушылық қатынастар
Басқару объектілері мен қағидалары
Ең жалпы түрде басқару екi субъект арасындағы әрекеттестiктiң белгiлiктi түрi ретiнде көрiнiс бередi. Олардың бiрi бұл әрекеттестiктiң субъектiсi ретiнде, ал екiншiсi – объектiсi ретiнде болады. Аталмыш әрекеттестiк келесi жайлармен сипатталады:
басқару субъектiсi басқару объектiсiне онда айқын немесе жасырын түрде басқару объектiсi кейiннен қалай жұмыс iстеуi керектiгi жөнiнде ақпарат бар ықпал ету импульстарын, яғни басқарушылық бұйрықтарды, жiбередi;
басқару объектiсi басқарушылық бұйрықтарды алады және аталмыш бұйрықтардың мазмұнына сәйкес жұмыс iстейдi.
Басқару объектiсi басқару субъектiсiнiң бұйрықтарын орындайтын жағдайда ғана iс жүзiндегi басқарушылық әрекеттестiк жөнiнде сөз қозғауға болады. Сәйкесiнше сонда ғана басқару жүзеге асырылуда деуге болады. Ол орындалу үшiн екi жағдай қажет:
басқару субъектiсiнде сол үшiн сәйкес басқарушылық бұйрықтарды әзiрлей отырып, басқару объектiсiн басқару қажеттiлiгi мен мүмкiндiгiнiң болуы;
басқару объектiсiнде осы бұйрықтарды орындау дайындығы мен мүмкiндiгiнiң болуы.
Өндірісті басқару теориясының мазмұны объектілер арқылы анықталады. Нарықтық экономикадағы басқару объектісінің алғашқы әрі ең шешушісіне микродеңгей жатады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, былайша айтқанда, түпкі есебінде қоғамның экономикалық бейнесін жасайтын заттай-материалдық құндылықтарды өндіретін салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады. Осыған қарай басқарудың осы деңгейі барлық басқару жүйесінің басты назарында ұстайтын объектісі болуы керек. Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар мен қатынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық, басқа да өндірістік және тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады.
Басқарудың тағы бір объектісі - мезодеңгей. Мұнда басқару пәніне өндірістi ұйымдастырудың, технологияның әр түрлілігімен байланысты өзіндік ерекшелігі бар салалар, аймақтар жатады. Аймақтарға олардың экономикалық дамуының алғышарттары мен орналасқан орнына, тарихи-географиялық факторларына, өндірістік әлеуетіне қарай болатын ерекшеліктер тән. Аймақтардың басты құраушыларына аймақтардың арасындағы экономикалық байланыстар, аймақтық жүйелер, өндірістік күштердің орналасуы жатады.
Әлдеқайда ғаламдық сипаттағы басқару объектісіне макродеңгей - экономикалық саясаттың бүкіл объектісі жатады. Мұнда экономика тұтас жүйе ретінде зерттеліп, экономикалық саясаттың мақсаттары қалыптастырылып, оларды жүзеге асыруға қажетті экономикалық құралдар анықталады. Макроэкономикалық көзқарас ұлттық деңгейде немесе үлкен секторлар деңгейінде экономиканың жағдайы мен қозғалысын зерттеу үшін пайдаланылады. Макроэкономика ұлттық ауқымдағы экономикамен айналысатындықтан біріктірілген экономикалық көрсеткіштерімен (ЖҰӨ, ЖІӨ, жиынтық сұраныс және т.б.) айналысады.
Экономиканың бұл аспектісі басқару теориясына апаратын басты аспекті болып табылады, өйткені оны халық шаруашылығының ауқымында алып қарастырғанда ғана зерттеудің бастапқы сәтін анықтауға болады. Бұны кәсіпорынның (бастапқы буын) барлық халық шаруашылық жүйелерінің ажырамас бөлігін құрайтынымен байланыстырып түсіндіруге болады.
Қоғамдық ауқымдағы басқарудың өзіндік ерекшелігі бар объектілерге барлық әлеуметтік салалар, қызмет салалары кіреді. Мұнда басқару ісі негізінен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметтермен айналысады. Бұл салада адамдардың көптеген талап-тілектері жүзеге асырылады. Ол қоғамның бүкіл жағдайына, оның ішінде әлеуметтік ақыл-ойының қалыптасуына себепші болатын барлық әлеуметтік инфрақұрылымдар мен қызмет түрлерін қамтиды. Қоғамды рухани тұрғыдан дамытуды басқару барлық басқару жүйелерінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Басқару ғылымының объектілері туралы жалпы сөз еткенде, өндірісті басқару кез келген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда еңбек процестері жиынтығының ажырамас бөлігін құрайтынын түйіндеп айтуға болады.
Кез келген қызмет түрi секiлдi менеджмент те белгiлiктi қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Олар оның барлық түрлерi үшiн жалпы болуы не олардың кейбiр бөлiктерiне қатысты болуы мүмкiн. Менеджменттiң негiзгi қағидаларына мыналарды жатқызуға болады:
Өнер элементтерiмен үйлесiмде ғылымилық – фирманың күрделi қазiргi шаруашылығын шешiмдердi мұқият ойластырмай, түйсiкпен басқару мүмкiн болмайтындықтан ғылыми тәсiлдеме қажет. Сонымен қоса жағдай өте тез және ойда болмағандай өзгеруi мүмкiн болатындықтан оны зерделеуге уақыт болмайды. Сол кезде импровизациялауға, дәстүрлi емес тәсiлдердi, сезiмдi, тәжiрибенi пайдалануға тура келедi. Сөйтiп, әлеуметтiк жүйенiң әрекет етуi мен дамуының белгiсiздiк факторы басқаруды өнерге айналдырады.
Мақсаткерлiк – менеджерлер жай емес, осы сәтте шаруашылық жүргiзушi субъект алдында тұрған нақтылы мәселенi шешу үшiн әрекет етедi.
Әмбебаптылықпен үйлесiмде мамандану – бiр жағынан, басқарудың сәттiлiгi үшiн оның ерекшелiктерiн ескере отырып әрбiр объектке, субъектке немесе процеске дербес тәсiлдеме қажет, екiншi жағынан, барлық жағдайларда басқарушылық әрекет орын алатындықтан, олардың барлығында әлдебiр әмбебап жайлар болуы керек.
Бiрiздiлiк – барлық басқарушылық әрекеттер әрi уақытта, әрi кеңiстiкте қатаң белгiленген тәртiппен жүзеге асырылуы тиiс.
Циклдiлiк – бiрқатар жағдайларда басқарушылық операциялар белгiлiктi уақыт аралығы сайын қайталануы мүмкiн.
Үздiксiздiк – ол сәйкес өндiрiстiк және шаруашылық процестердiң сипатымен себептелген.
Шешiмдердi дайындау процесiне орындаушыларды барынша ерте және кеңiнен қатыстыру – жоғарыдан жiберiлгендерге қарағанда өз еңбегi мен идеясы сiңген шешiмдер белсендiрек әрi қызығушылықпен iске асырылады.
