Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туралин А.З._Менеджент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.84 Mб
Скачать
  1. Коммерциялық және фирмаiшiлiк есеп

Шаруашылық механизмнiң экономикалық тұтқалары фирманың әлеуметтiк-экономикалық табиғатына сай келедi және өндiрiстiң дамуы мен нарықтық негiзде айырбастау факторларының бiрi болып табылады. Сондықтан да тәжiрибемен шаруашылық жүргiзудiң маңызды әдiсi ретiнде коммерциялық мазмұнына енгiзiлген жаңалықты зерделеу ерекше маңызға ие болады. Ол өзiнде әрi басқару қызметтерiн, әрi экономикалық тұтқалар мен құралдарды синтездейдi және шығындар мен нәтижелердi өлшеуге, өндiрiстiң пайдалылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Фирманың жұмыс iстеуi мен дамуының экономикалық механизмi фирманың шаруашылық саясаты мен мақсаттарына сүйене отырып коммерциялық есеп әдiстерiн пайдалануды ұйғарады. Бұл ұйғарымның себептерi мынадай: өндiрiс пен өткiзудiң рентабельдiлiгiн қамтамасыз ету, инвестицияларды бөлу және өндiрiстi орналастыру, қаржыландыру және несиелендiру, технологияны дамыту және т.б.

Коммерциялық есеп аясында орталықтандырылған тәртiппен баға белгiлеу, өндiрiс шығындары, қаржыландыру және несиелендiру саласындағы саясат секiлдi экономикалық тұтқалар мен құралдар пайдаланылады. Бұл саясат қалыпты пайда алуға бағытталған, ол болса коммерциялық есептiң түпкi мақсаты болып табылады.

Мұндай экономикалық тұтқалар мен құралдарды пайдаланудың алуан түрлi тәсiлдерi мен нысандары бар. Мәселен, баға белгiлеу саясаты бағаның құрылымы мен деңгейiн нарықтың талаптары мен жағдайларына бейiмдеуге бағдарланған. Өндiрiс шығындарына қатысты өндiрiс технологиясын жетiлдiру, жаңа өнiмдi әзiрлеу мен ендiру есебiнен өндiрiстiк циклдiң әрбiр сатысында шығындарды азайтуға аса маңызды мән берiледi. Қаржыландыру мен несиелендiру саласындағы саясат белгiлiктi кезеңге қаржыландыру көздерiн анықтауды және қаражатты маңызды өндiрiстiк бөлiмшелер бойынша бөлудi, несие алудың ең жақсы жағдайларын қамтамасыз етудi және т.б. ұйғарады.

Шаруашылық жүргiзудiң жаңа әдiсi ретiнде фирмаiшiлiк есеп жекелеген бөлiмшелер арасында дамыған шаруашылық қатынастар және басқарудың орталықсыздандырылған құрылымы бар фирмаларға тән. Фирма iшiндегi құқықтық қатынастар жеткiзiлетiн өнiмнiң саны мен сапасы және жеткiзу мерзiмi үшiн жауапкершiлiк белгiлейдi. Фирмаiшiлiк есеп аясындағы қатынастар түпкi өнiм өндiрiсiнiң барлық аралық сатыларында ең аз шығындарды қамтамасыз ету қажеттiлiгiн бейнелейдi.

Коммерциялық және фирмаiшiлiк есеп әдiстерi шаруашылық есептiң бiрыңғай жүйесiн бiлдiредi. Бұл бүкiл ұйым мен оның жекелеген бөлiмшелерiнiң алдында тұрған жалпы мақсаттар мен мiндеттерден туындайды. Фирмаiшiлiк есепте көбiне коммерциялық есептiң элементтерi болады, өйткенi ол коммерциялық есеп мақсаттарын iске асыруға бағдарланған.

Түрлi меншiк иелерi арасындағы есеп жүргiзудi және қатынастарды ұйғаратын коммерциялық есепке қарағанда, фирмаiшiлiк есеп компанияның бiрыңғай меншiгi аясында жүзеге асырылады.

  1. Баға және баға белгiлеу механизмi

Басқарудың экономикалық механизмiнiң алуан түрлi тұтқалары арасында фирманың экономикалық қызметiн барлық қырынан бейнелейтiн баға және баға белгiлеу басты орын алады. Нарықты монополиялық реттеудiң осы заманғы жағдайында бағаның рөлi мен мағынасы, оларды қалыптастыру шарттары мен даму тенденциялары елеулi өзгерiске ұшырады. Бұл реттеудiң басы мен бәсекелес нарықтық күштердiң шырмалуын бiлдiретiн барлық баға белгiлеу механизмiнiң сапалы түрде өзгергенiн айғақтайды. Бұл өзгерiстердiң елеулi жағы өндiрiстiң тiкелей реттегiштерi ретiндегi баға рөлiнiң әлсiреуi салдарынан құн заңының әрекет ету өрiсiнiң шектелуi болып табылады.

Сыртқы контрагенттермен есеп айырысқанда фирма негiзiнен бағаның жарияланатын және есептiк деп аталатын екi түрiн пайдаланады.

Жарияланатын бағаға қатаң бекiтiлген бағалар: прейскуранттық, анықтамалық, биржалық котировканың бағалары, ол туралы мәлiмет баспасөзде хабарланатын iрi фирмалардың әлемдiк нарықта жасаған нақты мәмiлелерiнiң бағалары жатады.

Есептiк бағалар – бұл жеке тапсырыс бойынша дайындалатын күрделi өнеркәсiптiк жабдыққа немесе өзге стандартты емес өнiмге белгiленетiн жабдықтаушының бағалары. Әдетте бұл бағалар келiсiмдiк деп аталады.

Жарияланатын бағалар әдетте әлемдiк бағалардың деңгейiн көрсетедi. Олардың iшiндегi ең көп тарағаны стандартты түпкi өнiмге белгiленетiн прейскуранттық бағалар.

Анықтамалық бағалар да бiршама тұрақты болып табылады және бiртектi өнiмге әлемдiк нарықтағы бiрыңғай деңгейдi көрсетедi. Өнеркәсiптiк шикiзат тауарларының анықтамалық бағалары көбiне базистiк бағаларды, яғни әлдебiр алдын ала белгiленген географиялық пунктте белгiлiктi сапасы, өзiндiк ерекшелiгi және мөлшерi бар тауарлардың бағаларын, бiлдiредi.