- •Басқарушылық процесс және оның элементтерi
- •Менеджмент курсының мазмұны мен міндеттері
- •2 Тарау Менеджменттің мәні
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Менеджменттiң мақсаттары мен мiндеттерi
- •Менеджмент түрлері
- •3 Тарау Басқару объектілері және басқарушылық қатынастар
- •Басқару объектілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қатынастар
- •Менеджер және оның қызметтері
- •Менеджерлердің рөлдері
- •4 Тарау Басқарудың шетелдік тәжірибесі
- •Жапондық менеджмент
- •Американдық және жапондық менеджерлердің ерекшеліктері
- •5 Тарау Басқарудағы жүйеліК тәсілдеменің негіздері
- •Жүйелер және олардың қасиеттерi
- •Жүйелердiң түрлерi
- •Басқару жүйесі және оның элементтерi
- •Өндірісті басқарудағы жүйелiк тәсiлдеме
- •6 Тарау Менеджмент эволюциясы
- •Менеджмент ғылымының дамуы
- •Басқарудағы түрлі мектептерді бөлу
- •Процестік тәсілдеме
- •Жағдайлық тәсілдеме
- •7 Тарау Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздері
- •Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшудің негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдік бағдарламасы
- •Басқаруды ұйымдастыру
- •8 Тарау Ұйым туралы түсінік және оның түрлерi
- •Ұйымның түрлерi
- •Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
- •Қазіргі заманғы менеджер үлгісі
- •9 Тарау Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі
- •Мақсаттарды жiктеу
- •Мақсатты құру
- •Мақсаттар бойынша басқару
- •10 Тарау Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •Ұйымның ішкі айнымалылары
- •Тура әсер ету ортасы
- •Жанама әсер ету ортасы
- •11 Тарау Басқарудың ұйымдық құрылымы мен басқарылу нормасы
- •Басқарудың ұйымдық құрылымы туралы түсінік
- •Ұйымды басқарудың бюрократиялық құрылымы
- •Дивизионалдық құрылым
- •Ұйымды басқарудың органикалық құрылымы және оның түрлері
- •11.4. Матрицалық құрылымның схемасы
- •12 Тарау Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары
- •Коммерциялық ұйымдар
- •Коммерциялық емес ұйымдар
- •Шетелдік бірлестік нысандары
- •13 Тарау Әрекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіктер
- •Жауапкершілік, өкілеттік және өкілеттіктерді табыстау
- •Өкілеттік тұрпаттары
- •Өкілеттіктерді табыстауды тиімді ұйымдастыру
- •Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпараттық жүйелер
- •15 Тарау Менеджменттегі коммуникация
- •Коммуникациялар және олардың түрлері
- •Коммуникациялық процестің элементтері мен кезеңдері
- •Адамдар арасындағы коммуникация жолындағы кедергілер
- •Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер және оның тиімділігін арттыру тәсілдері
- •16 Тарау Менеджменттегі басқарушылық шешімдер
- •Шешім қабылдау процесінің түсінігі
- •Басқарушылық шешімдерді жіктеу
- •Шешiм қабылдау кезеңдері
- •Басқарушылық шешiмдердi қабылдау әдiстерi
- •Басқарушылық шешім қабылдау процесіне әсер ететін факторлар
- •Коммерциялық және фирмаiшiлiк есеп
- •Баға және баға белгiлеу механизмi
- •18 Тарау Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
- •Әлеуметтік-психологиялық әдістердің жалпы сипаттамасы
- •Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •Басқарудың психологиялық әдістері
- •19 Тарау Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің мәнi мен негіздері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін жіктеу
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің негізгі сипаттамалары
- •Ұйымдастыру қағидалары
- •Басқарушылық қызметтің ерекшеліктері
- •21 Тарау Менеджменттегі жоспарлау
- •Жоспарлау түсінігі
- •Жоспарлау тұрпаттары, түрлері мен нысандары
- •Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
- •Стратегияны жүзеге асыруды жоспарлау
- •Тактикалық және фирмаішілік жоспарлау
- •22 Тарау Менеджменттегі уәждеме
- •Уәждеменің негізгі түсініктері
- •Уәждеменің мазмұндық теориялары
- •Бастапқы
- •1. Маслоу теориясы:
- •2. МакКлелланд теориясы:
- •3. Герцберг теориясы:
- •Уәждеменің процессуалдық теориялары
- •23 Тарау Менеджмент жүйесiндегі бақылау
- •Бақылаудың мәнi мен қызметтерi
- •Бақылау түрлерi
- •Бақылау процесiнiң кезеңдерi
- •Бақылауды ұйымдастыру нысандары
- •Тиiмдi бақылаудың сипаттамасы
- •Контроллинг түсiнiгiнiң негiздерi
- •Бейресми ұйымдар
- •Топтардың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары
- •25 Тарау Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •Билiк, ықпал, лидер
- •Билiк пен ықпал нысандары
- •Сендiру және қатыстылық
- •26 Тарау Лидерлік: стиль, жағдай мен тиімділік
- •Лидерлік теорияларына шолу
- •Лидерлікке мінез-құлықтық көзқарас
- •Блэйк пен Моутонның басқарушылық торы
- •Лидерлікке жағдайлық көзқарас
- •27 Тарау Жанжалды, өзгерістер мен стресті басқару
- •Жанжалдың тұрпаттары мен себептері
- •Жанжал процесiнiң үлгiсi
- •Жанжалдық жағдайды басқару
- •Өзгерістер мен стрестерді басқару
- •28 Тарау Фирманың кадрлық саясаты
- •Кадрлық саясаттың түсiнiгi
- •Еңбек ресурстарын қалыптастыру
- •Еңбек ресурстарын дамыту
- •Еңбек өмiрiнiң сапасын арттыру
- •Басқару мәдениетiнiң элементтерi
- •30 Тарау Басқарудың корпоративтiк мәдениетi
- •Басқарудың корпоративтiк мәдениетi түсiнiгi
- •Сыртқы орта және мәдениет
- •Корпоративтiк мәдениеттiң жiктелуi
- •31 Тарау Менеджердiң iскерлiк этикетi
- •Этикет – адам мiнез-құлқын реттеу нысандарының бiрi
- •Сөйлеу мәдениетi
- •Қызмет бабындағы қарым-қатынастар
- •Келiссөздер стилi
- •Кеңсенi безендiру
- •Пайдаланылған әдебиет
Басқарушылық шешімдерді жіктеу
Басқарушылық шешімдерді жіктеудің теориялық және тәжірибелік маңызы зор. Басқарушылық шешімдердің табиғаты алуан түрлі. Сол себепті оларды бір жүйеге келтіру үшін оларды түрлі белгілер бойынша жіктейді.
Функционалдық бағытталуына қарай: жоспарлаушы, ұйымдастырушы, жандандырушы, үйлестiрушi, бақылаушы, ақпараттық.
Ұйымның болашағына ықпал ету дәрежесi бойынша:
стратегиялық – ұйым дамуының негiзгi жолдарын анықтайды және әдетте басқарудың жоғарғы деңгейiнде қабылданады;
тактикалық – даму жолы бойынша қозғалудың нақтылы тәсiлдерiн анықтайды және төменгi деңгейлерде қабылданады.
Шешiмнiң дербестiк дәрежесi бойынша:
бастамалы – ұйым басшылығы жағдайдың ықпалымен қабылдайды;
ұйғарылған – жоғарыдан келiп түскен нұсқауды нақтылайды.
Ауқымы бойынша:
ғаламдық – тұтастай ұйымға қатысты;
жергiлiктi – ұйымның бiр бөлiгiне, қызметiнiң бiр қырына қатысты.
Iске асыру кезеңiнiң ұзақтығына байланысты:
ұзақ мерзiмдi – 5 жылдан астам, әдетте болжамдық сипатта болады, өйткенi әрдайым дәл есептеуге болмайтын болашаққа қатысты; олар барынша тәуекелдi әрi болжамдар ақталмаса, қағаз күйiнде қалып қоюы мүмкiн;
орта мерзiмдi – 1 жылдан 5 жылға дейiн, оларға сәйкес нақты шаралар жүзеге асырылатын, орындаушылар үшiн мiндеттi жоспарлар мен бағдарламаларда көрiнiс табады;
қысқа мерзiмдi – 1 жылға дейiн, жедел өкiмдерде бейнеленедi.
Уақыт аясына байланысты:
перспективалық – салдары ұзақ уақыт бойы сезiледi;
ағымдық – бүгiнгi күннiң мұқтаждықтарына бағдарланған.
Регламенттелу дәрежесi бойынша:
контурлiк – орындаушыларға кең еркiндiк бередi;
құрылымдандырылған – болмашы сұрақтарда бастамаға жол бередi;
алгоритмделген – бастама болуы мүмкiн емес.
Шешiм ықпалының бағытталуы бойынша:
сыртқы – ұйымды қоршаған ортаға қатысты;
iшкi – ұйымның ішіндегі қызметіне қатысты.
Орындау мiндеттiлiгiнiң дәрежесi бойынша:
директивтiк – әдетте басқарудың жоғарғы органдарымен тұрақты жағдайларда ұйымның барынша маңызды мәселелерiне қатысты қабылданады және мiндеттi түрде орындауды талап етедi;
ұсыныстық – кеңестiк органдармен дайындалады, оларды орындау ықыласты, бiрақ мiндеттi емес, өйткенi оларға қатысты шешiм қабылданғандар оны қабылдағандарға бағынышты емес;
бағдарлаушы – осы шешiмдердi қабылдағандарға тәуелсiз субъектiлер үшiн арналған.
Күрделiлiк дәрежесi бойынша: қарапайым және күрделi.
Шығару әдiстерi бойынша: шаблондық және шығармашылық.
Нысаны бойынша: құқықтық және құқықтық емес.
Әзiрлеушiлер санына байланысты:
жеке-дара – ешкiммен келіспей әрі талқыламай басшының өзi шығарады;
ұжымдық – қабылдау тәсiлдерiне байланысты олар былайша бөлiнедi:
консультативтiк – түпкiлiктi шешiм қабылдайтын тұлға айналасындағылармен ақылдасады және олардың ұсыныстарын ескере отырып, жеке-дара шешiм қабылдайды;
бiрлескен – оларды дайындау барысында қалыптасқан келiсiм негiзiнде барлық қатысушылардың өзара келiсiмi нәтижесiнде қабылданады;
парламенттiк – оны қабылдауға қатысушылардың көпшiлiк дауысына негiзделедi.
Қамту көлемi бойынша:
жалпы – барлықтары үшiн бiрдей сұрақтарға қатысты және ұйым қызметiне тұрақтылық элементiн енгiзедi;
арнайы – тек бiр субъектiге тән мәселелердiң тар аясына қатысты.
Объектiге ықпал ету тәсiлi бойынша:
тура – тiкелей объектiге ықпал етедi;
жанама – соның ықпалымен объектiнiң өзi мiнез-құлқын қажеттi бағытқа өзгертетiндей жағдай жасауға ықпал етедi.
Мазмұны бойынша:
техникалық – ұйым қызметiнiң объективтi факторлары жөнiнде;
экономикалық – түптеп келгенде ұйымның кететiн шығындарымен және солармен себептелген нәтижелермен байланысты;
әлеуметтiк – қызметкерлерге қатысты қабылданады және ақы төлеу, жеңiлдiк, кепiлдiк мәселелерiн қозғайды.
Алдын ала болжануы тұрғысынан:
бағдарламаланған – белгілі бірізділікпен жасалған іс-әрекеттерді жүзеге асыру нәтижесі болып табылады. Баламалар саны шектеулі әрі таңдау берілген бағытта жасалады. Бағдарламалауды тиімді ұйымдық шешім қабылдаудағы маңызды көмекші құрал деп есептеуге болады. Шешім қандай болуы керек екендігін анықтап, басшылық қателесу мүмкіндігін азайтады.
бағдарламаланбаған – бұған дейін кездеспеген жағдайларда қолданылады. Нақты қажетті бірізділікті қадамдарды жасау мүмкін болмағандықтан, басшы шешім қабылдау процесін әзірлеуі тиіс. Мұнда басшының таңдау баламалары көп.
Шешім қабылдау процесінің 3 сипаты бар:
интуициялық шешім - ол тек дұрыс деп сезіну негізінде жасалған таңдау. Шешім қабылдаушы тұлға әрбір балама бойынша артықшылықтар мен кемшіліктерді саналы түрде салыстырумен шұғылданбайды, тек сезім негізінде шешім қабылдайды.
пайымдауларға негізделген шешім - білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Қазіргі жағдайдағы таңдаудың баламалы нұсқаларының нәтижелерін болжау үшін тұлға осыған ұқсас жағдайларда бұған дейін не болғандығы жайлы білімдерін пайдаланады.
ұтымды шешім - бұрынғы тәжірибеге тәуелсіз, объективті талдау процесіне негізделеді.
