- •Басқарушылық процесс және оның элементтерi
- •Менеджмент курсының мазмұны мен міндеттері
- •2 Тарау Менеджменттің мәні
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Менеджменттiң мақсаттары мен мiндеттерi
- •Менеджмент түрлері
- •3 Тарау Басқару объектілері және басқарушылық қатынастар
- •Басқару объектілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қатынастар
- •Менеджер және оның қызметтері
- •Менеджерлердің рөлдері
- •4 Тарау Басқарудың шетелдік тәжірибесі
- •Жапондық менеджмент
- •Американдық және жапондық менеджерлердің ерекшеліктері
- •5 Тарау Басқарудағы жүйеліК тәсілдеменің негіздері
- •Жүйелер және олардың қасиеттерi
- •Жүйелердiң түрлерi
- •Басқару жүйесі және оның элементтерi
- •Өндірісті басқарудағы жүйелiк тәсiлдеме
- •6 Тарау Менеджмент эволюциясы
- •Менеджмент ғылымының дамуы
- •Басқарудағы түрлі мектептерді бөлу
- •Процестік тәсілдеме
- •Жағдайлық тәсілдеме
- •7 Тарау Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздері
- •Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшудің негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдік бағдарламасы
- •Басқаруды ұйымдастыру
- •8 Тарау Ұйым туралы түсінік және оның түрлерi
- •Ұйымның түрлерi
- •Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
- •Қазіргі заманғы менеджер үлгісі
- •9 Тарау Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі
- •Мақсаттарды жiктеу
- •Мақсатты құру
- •Мақсаттар бойынша басқару
- •10 Тарау Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •Ұйымның ішкі айнымалылары
- •Тура әсер ету ортасы
- •Жанама әсер ету ортасы
- •11 Тарау Басқарудың ұйымдық құрылымы мен басқарылу нормасы
- •Басқарудың ұйымдық құрылымы туралы түсінік
- •Ұйымды басқарудың бюрократиялық құрылымы
- •Дивизионалдық құрылым
- •Ұйымды басқарудың органикалық құрылымы және оның түрлері
- •11.4. Матрицалық құрылымның схемасы
- •12 Тарау Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары
- •Коммерциялық ұйымдар
- •Коммерциялық емес ұйымдар
- •Шетелдік бірлестік нысандары
- •13 Тарау Әрекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіктер
- •Жауапкершілік, өкілеттік және өкілеттіктерді табыстау
- •Өкілеттік тұрпаттары
- •Өкілеттіктерді табыстауды тиімді ұйымдастыру
- •Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпараттық жүйелер
- •15 Тарау Менеджменттегі коммуникация
- •Коммуникациялар және олардың түрлері
- •Коммуникациялық процестің элементтері мен кезеңдері
- •Адамдар арасындағы коммуникация жолындағы кедергілер
- •Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер және оның тиімділігін арттыру тәсілдері
- •16 Тарау Менеджменттегі басқарушылық шешімдер
- •Шешім қабылдау процесінің түсінігі
- •Басқарушылық шешімдерді жіктеу
- •Шешiм қабылдау кезеңдері
- •Басқарушылық шешiмдердi қабылдау әдiстерi
- •Басқарушылық шешім қабылдау процесіне әсер ететін факторлар
- •Коммерциялық және фирмаiшiлiк есеп
- •Баға және баға белгiлеу механизмi
- •18 Тарау Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
- •Әлеуметтік-психологиялық әдістердің жалпы сипаттамасы
- •Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •Басқарудың психологиялық әдістері
- •19 Тарау Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің мәнi мен негіздері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін жіктеу
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің негізгі сипаттамалары
- •Ұйымдастыру қағидалары
- •Басқарушылық қызметтің ерекшеліктері
- •21 Тарау Менеджменттегі жоспарлау
- •Жоспарлау түсінігі
- •Жоспарлау тұрпаттары, түрлері мен нысандары
- •Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
- •Стратегияны жүзеге асыруды жоспарлау
- •Тактикалық және фирмаішілік жоспарлау
- •22 Тарау Менеджменттегі уәждеме
- •Уәждеменің негізгі түсініктері
- •Уәждеменің мазмұндық теориялары
- •Бастапқы
- •1. Маслоу теориясы:
- •2. МакКлелланд теориясы:
- •3. Герцберг теориясы:
- •Уәждеменің процессуалдық теориялары
- •23 Тарау Менеджмент жүйесiндегі бақылау
- •Бақылаудың мәнi мен қызметтерi
- •Бақылау түрлерi
- •Бақылау процесiнiң кезеңдерi
- •Бақылауды ұйымдастыру нысандары
- •Тиiмдi бақылаудың сипаттамасы
- •Контроллинг түсiнiгiнiң негiздерi
- •Бейресми ұйымдар
- •Топтардың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары
- •25 Тарау Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •Билiк, ықпал, лидер
- •Билiк пен ықпал нысандары
- •Сендiру және қатыстылық
- •26 Тарау Лидерлік: стиль, жағдай мен тиімділік
- •Лидерлік теорияларына шолу
- •Лидерлікке мінез-құлықтық көзқарас
- •Блэйк пен Моутонның басқарушылық торы
- •Лидерлікке жағдайлық көзқарас
- •27 Тарау Жанжалды, өзгерістер мен стресті басқару
- •Жанжалдың тұрпаттары мен себептері
- •Жанжал процесiнiң үлгiсi
- •Жанжалдық жағдайды басқару
- •Өзгерістер мен стрестерді басқару
- •28 Тарау Фирманың кадрлық саясаты
- •Кадрлық саясаттың түсiнiгi
- •Еңбек ресурстарын қалыптастыру
- •Еңбек ресурстарын дамыту
- •Еңбек өмiрiнiң сапасын арттыру
- •Басқару мәдениетiнiң элементтерi
- •30 Тарау Басқарудың корпоративтiк мәдениетi
- •Басқарудың корпоративтiк мәдениетi түсiнiгi
- •Сыртқы орта және мәдениет
- •Корпоративтiк мәдениеттiң жiктелуi
- •31 Тарау Менеджердiң iскерлiк этикетi
- •Этикет – адам мiнез-құлқын реттеу нысандарының бiрi
- •Сөйлеу мәдениетi
- •Қызмет бабындағы қарым-қатынастар
- •Келiссөздер стилi
- •Кеңсенi безендiру
- •Пайдаланылған әдебиет
Ақпараттық жүйелер
Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйе тар мағынада – бұл кәсіпорынды басқару үшін қажетті ақпараттың барлық түрі. Кең мағынада ақпараттық жүйе – бұл қажетті және шынайы ақпаратты оған мұқтаж басқару жүйесінің барлық буындарына дер кезінде жеткізілуіне жағдай жасайтын, басқару процесін ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру құралы.
Ақпараттық жүйе келесі элементтерден тұрады:
— ақпараттық ресурстар - жүйеде айналымда жүретін барлық ақпарат, жиналған ақпарат дерегі, түрлі тасымалдаушылардағы алуан түрлі архивтер, сондай-ақ жүйедегі ақпараттың өту, оларды өңдеу, сақтау, көрсету процесін реттейтін әдістемелер, нұсқаулықтар мен бағдарламалар;
— материалдық ресурстар, соның ішінде ақпаратты тасымалдаушылар, ақпаратты жинау, беру, өңдеудің техникалық құралдары;
— ақпараттың айналу арналары — ақпарат ағымының қозғалу жолдары;
— қызметкерлердің белгілікті тобы.
Сонымен, ақпараттық жүйе дегеніміз - басқару процесін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі операциялардың барлық кешенін іске асыруды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер жиынтығы.
Ақпараттық жүйе бірқатар параметрлермен сипатталуы мүмкін:
ақпараттың негізгі ауқымының көлемі;
ақпараттық жүйе арналарының өткізу қабілеті;
ақпарат бірлігін сақтау қабілеті;
ақпараттық жұмыстың алуан түріне жүйенің жауап қату уақыты;
жүйенің тоқтаусыз жұмыс істеуі;
ақпаратты табу мен берудің уақтылығынан, ақпараттық жұмыстағы жеделдіктен көрінетін тез әрекет етуі.
Басқарудың ақпараттық жүйесін қалыптастырған кезде неғұрлым жалпы қағидалар мен сапалық сипаттамаларды басшылыққа алу керек.
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесін ұйымдастырғанда оның дамуы мен техникалық жарақтануының кез келген сатысындағы маңызды қағида шығыс құжаты болып табылады. Шығыс құжаты - бұл басқарудың сәйкес бұйрықтарын әзірлеу үшін қажет ақпаратты өңдеу мен қалыптастырудың соңғы сатысы.
Ақпараттың бірыңғай ауқымы қағидасы шартты-тұрақты ақпарат ауқымын құруды көздейді. Мұндай ақпараттық қорды құру ақпараттық жүйенің жұмысын едәуір дәрежеде женілдетеді, әрі жоспарлы және есептік құжаттардағы ақпараттың тым көп болуын қысқартуға едәуір әсер етеді.
Егер ақпараттың сапалық сипаттамасы сақталмайтын болса, онда ақпараттық жүйені ұйымдастыру біршама нәтижесіз болып шығады. Ақпараттық жүйені ұйымдастырған кездегі мұндай талапты ақпараттың сапасы қағидасы көздейді.
Ақпараттық жүйенің жарақтандырылу деңгейі туралы сұрақты шешкен кезде, үнемділік қағидасын сақтау керек. Техникалық құралдарды қатыстыру шығыны негізделген болуы тиіс.
Аталған қағидаларды сақтаумен ақпараттық жүйені жетілдіру аяқталмайды, сонымен қоса шығыс құжатын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпарат ағымының барлық түрін ретке келтіру ұйғарылады. Осы мақсатта әрбір шығыс құжатында кіретін ақпаратты өңдеп, қажетті шығыс ақпаратын беретін ақпараттық үлгі жасалады.
Ақпараттық жүйені ұйымдастырған кезде қамтамасыз етілуі тиіс ең маңызды сипаттамалар қатарына мыналар жатады:
Шынайылық. Басқаруда пайдаланылатын кез келген шығыс құжатының ақпараты өндіріс дамуының объективті көрсеткіштеріне қатаң сәйкес келуі тиіс. Ақпараттың бұрмалануы қате шешім қабылдауға, соның нәтижесінде бар мүмкіндіктің толық пайдаланылмауына әкеп соғады.
Қол жетерлік. Ақпарат басқарушы адамның шешім қабылдауына қиындық келтірмейтіндей етіп берілуі тиіс.
Бір мағыналылығы. Шығыс құжатындағы ақпарат түрлі талқылауға мүмкіндік беретіндей болмауы тиіс.
Ақпараттық жүйелер шартты түрде шамалы күрделі, күрделілігі орташа және барынша күрделі деп бөлінеді.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда шамалы күрделі жүйеге берілген үлгі бойынша ақпаратты алу, жинау, өңдеу мен қалыптастыру адаммен жүзеге асырылатын жүйе жатады. Сонымен бірге шағын есептегіш техниканы пайдалануға жол беріледі. Мұндай жүйе қазіргі кезде ең көп таралған.
Күрделілігі орташаға ақпаратты өңдеу жөніндегі технологиялық операциялардың кейбіреуін адамдар, басқасын техникалық құралдар (мысалы, есептеу-перфораторлық және т.б.) көмегімен жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер жатады. Мұндай жүйелер кәсіпорындардың өте аз санында құрылған.
Барынша күрделі ақпарат жүйесінде ақпаратты өңдеудің барлық технологиялық процесі толық автоматтандырылған. Мұндай жүйеде ақпаратты алу, жинау, беру мен өңдеуден бастап шығыс құжатын қалыптастыруға дейін прогрессивті және техникалық құралдар көмегімен автоматтандырылып жүзеге асырылады. Мұндай жүйеге адам да кіретінін атап өткен жөн.
Соңғы кезде ақпараттық жүйенің тағы бір - автоматтандырылған тұрпаты кездесетін болды. Онда ақпаратты алудан бастап басқару бұйрықтарын беруге дейінгі барлық процесс техникалық құралдар кешенімен жүзеге асырылады.
