- •Басқарушылық процесс және оның элементтерi
- •Менеджмент курсының мазмұны мен міндеттері
- •2 Тарау Менеджменттің мәні
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Менеджменттiң мақсаттары мен мiндеттерi
- •Менеджмент түрлері
- •3 Тарау Басқару объектілері және басқарушылық қатынастар
- •Басқару объектілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қатынастар
- •Менеджер және оның қызметтері
- •Менеджерлердің рөлдері
- •4 Тарау Басқарудың шетелдік тәжірибесі
- •Жапондық менеджмент
- •Американдық және жапондық менеджерлердің ерекшеліктері
- •5 Тарау Басқарудағы жүйеліК тәсілдеменің негіздері
- •Жүйелер және олардың қасиеттерi
- •Жүйелердiң түрлерi
- •Басқару жүйесі және оның элементтерi
- •Өндірісті басқарудағы жүйелiк тәсiлдеме
- •6 Тарау Менеджмент эволюциясы
- •Менеджмент ғылымының дамуы
- •Басқарудағы түрлі мектептерді бөлу
- •Процестік тәсілдеме
- •Жағдайлық тәсілдеме
- •7 Тарау Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздері
- •Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшудің негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдік бағдарламасы
- •Басқаруды ұйымдастыру
- •8 Тарау Ұйым туралы түсінік және оның түрлерi
- •Ұйымның түрлерi
- •Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
- •Қазіргі заманғы менеджер үлгісі
- •9 Тарау Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі
- •Мақсаттарды жiктеу
- •Мақсатты құру
- •Мақсаттар бойынша басқару
- •10 Тарау Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •Ұйымның ішкі айнымалылары
- •Тура әсер ету ортасы
- •Жанама әсер ету ортасы
- •11 Тарау Басқарудың ұйымдық құрылымы мен басқарылу нормасы
- •Басқарудың ұйымдық құрылымы туралы түсінік
- •Ұйымды басқарудың бюрократиялық құрылымы
- •Дивизионалдық құрылым
- •Ұйымды басқарудың органикалық құрылымы және оның түрлері
- •11.4. Матрицалық құрылымның схемасы
- •12 Тарау Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары
- •Коммерциялық ұйымдар
- •Коммерциялық емес ұйымдар
- •Шетелдік бірлестік нысандары
- •13 Тарау Әрекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіктер
- •Жауапкершілік, өкілеттік және өкілеттіктерді табыстау
- •Өкілеттік тұрпаттары
- •Өкілеттіктерді табыстауды тиімді ұйымдастыру
- •Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпараттық жүйелер
- •15 Тарау Менеджменттегі коммуникация
- •Коммуникациялар және олардың түрлері
- •Коммуникациялық процестің элементтері мен кезеңдері
- •Адамдар арасындағы коммуникация жолындағы кедергілер
- •Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер және оның тиімділігін арттыру тәсілдері
- •16 Тарау Менеджменттегі басқарушылық шешімдер
- •Шешім қабылдау процесінің түсінігі
- •Басқарушылық шешімдерді жіктеу
- •Шешiм қабылдау кезеңдері
- •Басқарушылық шешiмдердi қабылдау әдiстерi
- •Басқарушылық шешім қабылдау процесіне әсер ететін факторлар
- •Коммерциялық және фирмаiшiлiк есеп
- •Баға және баға белгiлеу механизмi
- •18 Тарау Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
- •Әлеуметтік-психологиялық әдістердің жалпы сипаттамасы
- •Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •Басқарудың психологиялық әдістері
- •19 Тарау Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің мәнi мен негіздері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін жіктеу
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің негізгі сипаттамалары
- •Ұйымдастыру қағидалары
- •Басқарушылық қызметтің ерекшеліктері
- •21 Тарау Менеджменттегі жоспарлау
- •Жоспарлау түсінігі
- •Жоспарлау тұрпаттары, түрлері мен нысандары
- •Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
- •Стратегияны жүзеге асыруды жоспарлау
- •Тактикалық және фирмаішілік жоспарлау
- •22 Тарау Менеджменттегі уәждеме
- •Уәждеменің негізгі түсініктері
- •Уәждеменің мазмұндық теориялары
- •Бастапқы
- •1. Маслоу теориясы:
- •2. МакКлелланд теориясы:
- •3. Герцберг теориясы:
- •Уәждеменің процессуалдық теориялары
- •23 Тарау Менеджмент жүйесiндегі бақылау
- •Бақылаудың мәнi мен қызметтерi
- •Бақылау түрлерi
- •Бақылау процесiнiң кезеңдерi
- •Бақылауды ұйымдастыру нысандары
- •Тиiмдi бақылаудың сипаттамасы
- •Контроллинг түсiнiгiнiң негiздерi
- •Бейресми ұйымдар
- •Топтардың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары
- •25 Тарау Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •Билiк, ықпал, лидер
- •Билiк пен ықпал нысандары
- •Сендiру және қатыстылық
- •26 Тарау Лидерлік: стиль, жағдай мен тиімділік
- •Лидерлік теорияларына шолу
- •Лидерлікке мінез-құлықтық көзқарас
- •Блэйк пен Моутонның басқарушылық торы
- •Лидерлікке жағдайлық көзқарас
- •27 Тарау Жанжалды, өзгерістер мен стресті басқару
- •Жанжалдың тұрпаттары мен себептері
- •Жанжал процесiнiң үлгiсi
- •Жанжалдық жағдайды басқару
- •Өзгерістер мен стрестерді басқару
- •28 Тарау Фирманың кадрлық саясаты
- •Кадрлық саясаттың түсiнiгi
- •Еңбек ресурстарын қалыптастыру
- •Еңбек ресурстарын дамыту
- •Еңбек өмiрiнiң сапасын арттыру
- •Басқару мәдениетiнiң элементтерi
- •30 Тарау Басқарудың корпоративтiк мәдениетi
- •Басқарудың корпоративтiк мәдениетi түсiнiгi
- •Сыртқы орта және мәдениет
- •Корпоративтiк мәдениеттiң жiктелуi
- •31 Тарау Менеджердiң iскерлiк этикетi
- •Этикет – адам мiнез-құлқын реттеу нысандарының бiрi
- •Сөйлеу мәдениетi
- •Қызмет бабындағы қарым-қатынастар
- •Келiссөздер стилi
- •Кеңсенi безендiру
- •Пайдаланылған әдебиет
Жанама әсер ету ортасы
Жанама әсер ету ортасы - бұл операцияларға тура дереу әсер ете алмайтын, бірақ та кейіннен білінетін факторлар:
Технология. Технологиялық жаңалықтар өнімдерді дайындау мен сатудың тиімділігіне, өнімнің ескіру жылдамдығына, ақпаратты жинау, сақтау мен бөлуге, тұтынушылар қандай қызметтер мен жаңа өнімдерді ұйымнан күтетіндігіне әсер етеді. Технологиялық факторды талдау жаңа өнім өндіруге, өндірілетін өнімді жетілдіруге, дайындау мен өткізу технологиясын модернизациялауға ғылым мен техниканың дамуы ашатын мүмкіндіктерді уақтылы көруге мүмкіндік береді. Ғылыми-техникалық прогрестің мүмкіндіктері мол, сондай-ақ оның фирма үшін қатерлері де аз емес. Жаңғыртуды кешеуілдетіп алған фирма нарықтағы өз үлесінен айрылып қалуы мүмкін.
Экономиканың жағдайы. Ол барлық кіргізілетін ресурстардың құны мен тұтынушылардың белгілікті тауарлар мен қызметтерді сатып алу қабілетіне әсер етеді. Экономикалық жағдайды зерделеу ресурстар қалай қалыптасып, бөлінетіндігін түсінуге мүмкіндік береді. Ол ЖҰӨ шамасы, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, еңбек өнімділігі және т.с.с. сипаттамаларды талдауды ұйғарады. Экономикалық факторларды зерделегенде экономикалық дамудың жалпы деңгейі, өндірілетін табиғи ресурстар, климат, бәсекелік қатынастардың даму деңгейі мен тұрпаты, халық құрылымы, жұмыс күшінің білім деңгейі және жалақы шамасы сияқты факторларға назар аударған маңызды.
Әлеуметтiк мәдени факторлар. Кез келген ұйым кем дегенде бiр мәдени ортада әрекет етедi. Сондықтан да өмiрлiк құндылықтар мен дәстүрлер жататын әлеуметтiк мәдени факторлар ұйымға әсер етедi.
Саяси факторлар. Саяси жағдайдың кейбiр тұрғылары басшылар үшiн ерекше маңызға ие. Солардың бiрi - бизнеске қатысты әкiмшiлiктiң, заң органдары мен соттың көзқарасы.
Жергiлiктi халықпен қатынас. Барлық ұйымдар үшiн жергiлiктi қауымның оған деген қатынасы маңызды болып табылады. Әрбiр қауымда дерлiк бизнеске қатысты нақты заңдар мен нұсқаулар болады. Сондықтан да көптеген ұйымдар жергiлiктi қауымдармен жақсы қатынас орнату үшiн мақсатты шаралар жасайды.
11 Тарау Басқарудың ұйымдық құрылымы мен басқарылу нормасы
Басқарудың ұйымдық құрылымы туралы түсінік
Басқару құрылымы - бұл ұйымның буындары мен жекелеген қызметкерлерінің жиынтығы, олардың тігінен және көлденеңінен байланысу және бағыну тәртібі. Басқару құрылымының негізгі элементтері - буындар, деңгейлер және байланыстар. Басқару құрылымы көлденеңінен буындарға, тігінен - деңгейлерге бөлінеді.
Басқару буыны дегеніміз - бір немесе бірнеше қызметті атқаратын ұйымның оқшауланған, дербес құрылымдық бөлімшесі.
Басқару деңгейі – бұл басқару иерархиясының бірдей сатысында орналасқан басқару буындарының жиынтығы. Ұйым құрылымы екі немесе үш (көп) деңгейлі болуы мүмкін. Екі деңгейлі құрылымда басқарудың жоғарғы буыны (жалпы ұйымды басқару) және төменгі буыны (орындаушылардың қызметін басқару) құрылады. Үш және одан артық деңгейлері бар құрылымдарда ортаңғы буын пайда болады, ал оның өзі бірнеше деңгейлерден құрылуы мүмкін.
Байланыстар көлденең және тік деп бөлінеді. Көлденең байланыстар келісімге негізделіп, бір деңгейлі болады. Тік байланыстар бағынуға негізделіп, әрбір деңгейде белгілі мақсаттарға бағытталатын иерархиялық сипатта болады. Буындар мен деңгейлер арасындағы байланыстар өте күрделі, біреуіндегі өзгерістер басқаларына да өз әсерін тигізеді.
Басқарудың ұйымдық құрылымы көптеген сапалық қасиеттермен сипатталады, сондықтан да құрылымды қалыптастырған кезде оған әсер ететін факторларды талдауды талаптармен, сәйкес қағидалармен дұрыс үйлестіру қажет. Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырғанда мына қағидалар қолданылады:
өкім беру мен дербес жауапкершіліктің бірлігі;
сызықтық және функционалдық басшылық арасында дәл шек орнату;
бақылаудың таралуы;
айқын функционалдық бөлу;
әрбір буын басшысы мен лауазымды тұлғаның құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігінің сәйкестігі;
икемділік және үнемділік.
Бұл қағидаларды жүзеге асыру басқарудың ұйымдық құрылымына ұйымның құқықтық нысаны, басшылардың шешім қабылдау тәжірибесі, ақпараттық технологияның даму деңгейі және т.б. сияқты көптеген факторлардың әсер етуін ескеруді талап етеді.
Жұмысты ұйымдастыру - бұл олардың дәрежесіне қарамастан барлық басшылар жүзеге асыруы тиіс қызмет. Алайда бұл тұжырымдаманың мағынасы еңбекті көлденеңінен және тігінен бөлу үшін құқықтар мен міндеттерді табыстау болып табылса да, ұйымның құрылымы туралы шешімді әрқашан жоғары деңгейдегі басшы қабылдайды. Демек, менеджерлердің міндеті ұйымның мақсаты мен міндетіне әрі оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға сай келетін құрылымды таңдау болып табылады. Ең жақсы құрылым - бұл сыртқы ортамен тиімді әрекеттесуге, өз қызметшілерінің күштерін өнімді әрі лайықты түрде бөлу және бағыттау, сөйтіп, клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру және өз мақсаттарына жоғары тиімділікпен жету үшін барынша жақсы мүмкіндік беретін құрылым.
Ұйым құрылымының мақсаты ұйым алдында тұрған міндеттерге жетуді қамтамасыз ету болып табылатындықтан, құрылымды жобалау ұйымның стратегиялық жоспарына негізделуі тиіс. Ұйымның құрылымы оның стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ететіндей болуы керек. Ол жайында Альфред Чандлердің мынадай әйгілі қағидасы бар: «Стратегия құрылымды анықтайды». Уақыт өткен сайын стратегия өзгеретіндіктен, ұйым құрылымында да сәйкес өзгерістерді жасау қажеттілігі туындауы мүмкін.
Ұйымдық құрылымды жобалау мынадай кезеңдерден тұрады:
Стратегияны жүзеге асыру жөніндегі қызметтің маңызды бағыттарына сай келетін ұйымды көлденеңінен бөлімшелерге бөлуді жүзеге асыру. Қандай қызмет түрлері сызықтық, ал қайсылары штабтық бөлімшелермен орындалуы тиіс екенін шешу.
Түрлі лауазым өкілеттіктерінің ара-қатынасын орнату.
Лауазымдық міндеттерді анықтап, оларды орындауды нақты тұлғаларға тапсыру.
Ұйымды жобалаған кезде адамдар мен жұмыстар белгілікті қағидалар бойынша немесе қайсыбір белгілер негізінде топтастырылады. Топтастыру барысында бір басшының қарамағына қанша адам немесе жұмыс тікелей тиімді біріктірілуі мүмкін екендігі туралы шешім қабылдау қажет кезең туады. Ұйымда әрбір басшы уақытпен, біліммен және ол қабылдай алатын біршама тиімді шешімдердің барынша көп санымен шектелген. Басқарылу нормасы - басшыға тікелей бағынатын қызметшілер саны.
Айнымалылардың жағдайына байланысты нақты жағдай үшін басқарылу нормасы анықталады. Көптеген мамандар басқарылу нормасын анықтаған кезде бағдар ретінде қабылдануы мүмкін әлдебір орташа шамалар ұсынылады. Мәселен, ұйымның жоғарғы буыны үшін бір басшыға келетін бағыныштылар саны жетіден аспауы тиіс деп есептеледі. Сонымен бірге ұйымның төменгі буынында басқарылу нормасы 20-30 дейін жетуі мүмкін.
