- •Басқарушылық процесс және оның элементтерi
- •Менеджмент курсының мазмұны мен міндеттері
- •2 Тарау Менеджменттің мәні
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Менеджменттiң мақсаттары мен мiндеттерi
- •Менеджмент түрлері
- •3 Тарау Басқару объектілері және басқарушылық қатынастар
- •Басқару объектілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қатынастар
- •Менеджер және оның қызметтері
- •Менеджерлердің рөлдері
- •4 Тарау Басқарудың шетелдік тәжірибесі
- •Жапондық менеджмент
- •Американдық және жапондық менеджерлердің ерекшеліктері
- •5 Тарау Басқарудағы жүйеліК тәсілдеменің негіздері
- •Жүйелер және олардың қасиеттерi
- •Жүйелердiң түрлерi
- •Басқару жүйесі және оның элементтерi
- •Өндірісті басқарудағы жүйелiк тәсiлдеме
- •6 Тарау Менеджмент эволюциясы
- •Менеджмент ғылымының дамуы
- •Басқарудағы түрлі мектептерді бөлу
- •Процестік тәсілдеме
- •Жағдайлық тәсілдеме
- •7 Тарау Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздері
- •Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшудің негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдік бағдарламасы
- •Басқаруды ұйымдастыру
- •8 Тарау Ұйым туралы түсінік және оның түрлерi
- •Ұйымның түрлерi
- •Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
- •Қазіргі заманғы менеджер үлгісі
- •9 Тарау Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі
- •Мақсаттарды жiктеу
- •Мақсатты құру
- •Мақсаттар бойынша басқару
- •10 Тарау Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •Ұйымның ішкі айнымалылары
- •Тура әсер ету ортасы
- •Жанама әсер ету ортасы
- •11 Тарау Басқарудың ұйымдық құрылымы мен басқарылу нормасы
- •Басқарудың ұйымдық құрылымы туралы түсінік
- •Ұйымды басқарудың бюрократиялық құрылымы
- •Дивизионалдық құрылым
- •Ұйымды басқарудың органикалық құрылымы және оның түрлері
- •11.4. Матрицалық құрылымның схемасы
- •12 Тарау Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары
- •Коммерциялық ұйымдар
- •Коммерциялық емес ұйымдар
- •Шетелдік бірлестік нысандары
- •13 Тарау Әрекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіктер
- •Жауапкершілік, өкілеттік және өкілеттіктерді табыстау
- •Өкілеттік тұрпаттары
- •Өкілеттіктерді табыстауды тиімді ұйымдастыру
- •Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпараттық жүйелер
- •15 Тарау Менеджменттегі коммуникация
- •Коммуникациялар және олардың түрлері
- •Коммуникациялық процестің элементтері мен кезеңдері
- •Адамдар арасындағы коммуникация жолындағы кедергілер
- •Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер және оның тиімділігін арттыру тәсілдері
- •16 Тарау Менеджменттегі басқарушылық шешімдер
- •Шешім қабылдау процесінің түсінігі
- •Басқарушылық шешімдерді жіктеу
- •Шешiм қабылдау кезеңдері
- •Басқарушылық шешiмдердi қабылдау әдiстерi
- •Басқарушылық шешім қабылдау процесіне әсер ететін факторлар
- •Коммерциялық және фирмаiшiлiк есеп
- •Баға және баға белгiлеу механизмi
- •18 Тарау Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
- •Әлеуметтік-психологиялық әдістердің жалпы сипаттамасы
- •Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •Басқарудың психологиялық әдістері
- •19 Тарау Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің мәнi мен негіздері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін жіктеу
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің негізгі сипаттамалары
- •Ұйымдастыру қағидалары
- •Басқарушылық қызметтің ерекшеліктері
- •21 Тарау Менеджменттегі жоспарлау
- •Жоспарлау түсінігі
- •Жоспарлау тұрпаттары, түрлері мен нысандары
- •Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
- •Стратегияны жүзеге асыруды жоспарлау
- •Тактикалық және фирмаішілік жоспарлау
- •22 Тарау Менеджменттегі уәждеме
- •Уәждеменің негізгі түсініктері
- •Уәждеменің мазмұндық теориялары
- •Бастапқы
- •1. Маслоу теориясы:
- •2. МакКлелланд теориясы:
- •3. Герцберг теориясы:
- •Уәждеменің процессуалдық теориялары
- •23 Тарау Менеджмент жүйесiндегі бақылау
- •Бақылаудың мәнi мен қызметтерi
- •Бақылау түрлерi
- •Бақылау процесiнiң кезеңдерi
- •Бақылауды ұйымдастыру нысандары
- •Тиiмдi бақылаудың сипаттамасы
- •Контроллинг түсiнiгiнiң негiздерi
- •Бейресми ұйымдар
- •Топтардың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары
- •25 Тарау Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •Билiк, ықпал, лидер
- •Билiк пен ықпал нысандары
- •Сендiру және қатыстылық
- •26 Тарау Лидерлік: стиль, жағдай мен тиімділік
- •Лидерлік теорияларына шолу
- •Лидерлікке мінез-құлықтық көзқарас
- •Блэйк пен Моутонның басқарушылық торы
- •Лидерлікке жағдайлық көзқарас
- •27 Тарау Жанжалды, өзгерістер мен стресті басқару
- •Жанжалдың тұрпаттары мен себептері
- •Жанжал процесiнiң үлгiсi
- •Жанжалдық жағдайды басқару
- •Өзгерістер мен стрестерді басқару
- •28 Тарау Фирманың кадрлық саясаты
- •Кадрлық саясаттың түсiнiгi
- •Еңбек ресурстарын қалыптастыру
- •Еңбек ресурстарын дамыту
- •Еңбек өмiрiнiң сапасын арттыру
- •Басқару мәдениетiнiң элементтерi
- •30 Тарау Басқарудың корпоративтiк мәдениетi
- •Басқарудың корпоративтiк мәдениетi түсiнiгi
- •Сыртқы орта және мәдениет
- •Корпоративтiк мәдениеттiң жiктелуi
- •31 Тарау Менеджердiң iскерлiк этикетi
- •Этикет – адам мiнез-құлқын реттеу нысандарының бiрi
- •Сөйлеу мәдениетi
- •Қызмет бабындағы қарым-қатынастар
- •Келiссөздер стилi
- •Кеңсенi безендiру
- •Пайдаланылған әдебиет
9 Тарау Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі
Мақсат түсiнiгi
Барлық басқару процесінің бастапқы кезінде оның мақсаттары анықталады. Басқару мақсаттарын дұрыс анықтай білудің басқару жүйесін қалыптастыруда маңызы зор. Спиноза мақсат әлемді билейді десе, Ф.Энгельс әлемде мақсаттарсыз ештеңе істелмейді деп атап өткен.
Мақсат – бұл адамның, адамдар тобының, ұйымның саналы қызметінің алдын ала ойластырылған нәтижесін білдіретін санат.
Мақсатқа жетуге жәрдемдесетiннiң бәрi құралдар деп аталады. Мақсат пен құралдардың сәйкес келуi ұйым тиiмдiлiгiнiң шарты болып табылады.
Ұйымды адамдарға олар жеке-жеке орындай алмайтынды ұжым болып орындауға мүмкіндік беретін, мақсаттарға жету құралы ретінде қарастыруға болады. Әрбір аралық мақсатты кейінгi мақсаттарға жетудің құралы ретінде қарастыруға болады. Мысалы, фирма құру үшін ақша табу бастапқы мақсат; ақшаға материалдар, жабдық, жұмысшы күші сатып алынады, яғни мақсат құрал болып табылады; жабдықты сатып алу – мақсат, ал сатып алынып, орнатылған жабдық - игілікті өндіру құралы, яғни мақсатқа жету. Қайсыбір құралдың тиімділігі ықыласты мақсатқа жету ықтималдығын білдіреді. Ықтималдық қаншалықты жоғары болса, құрал соншалықты тиімді. Мақсаттар құралдарды есепке алу нәтижесі ретінде құралса, керісінше, құралдар мақсаттарға сәйкес іріктеледі. Мақсат құралға айналса, оған ие болғанға шейін құрал мақсат ретінде болады.
Мақсаттар не жүргiзiлетiн саясаттың мiндеттерi мен iскерлiк нұсқамалары ретiнде жоғарғы басшылықпен ресми түрде жарияланады, не ұйымның философиясында, оның қызметiнiң негiзгi қағидаларында айқын емес түрде ұйғарылады.
Ұйымға қатысушылардың әл-ауқаты қойылған мақсаттарға жету дәрежесiне тiкелей тәуелдi болғандықтан олар қайсыбiр дәрежеде оны iске асыруға мүдделi. Бiрақ, әдетте, нәтиже күтумен сәйкес келмейдi, өйткенi жоспарланған әрекеттерден түрлi ауытқулар әрқашан орын алуы мүмкiн.
Бүгiндерi байлыққа ие болу көптеген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiкелей мақсаты ретiнде қарастырылмайды, себебi:
коммерциялық ұйымдармен қатар пайда табу мақсатын көздемейтiн коммерциялық емес ұйымдар да пайда болды;
көптеген iрi ұйымдарда билiк басында меншiк иелерi емес, жалдамалы басқарушылар тұр, олардың мiндеттерi әрдайым тек баюды ғана көздемейдi;
ақырында, бүгiндерi пайданың өзi осы сәтте адамдарға не қажеттiсiн өндiре бiлуге және олардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға байланысты, демек, осы мiндеттi басқаларына қарағанда жақсырақ орындаса, пайданың көп шамасына да үмiт арта алады.
Ұйым мақсаттары маңызды ресурстардың иелерiмен өзiндiк құндылықтар жүйесiне сәйкес анықталады. Оларды тұжырымдау мынаған байланысты:
мақсат аталмыш ұйымның қоғамдағы объективтiк рөлiн, оның қызметiнiң, өндiрiстiк және кадрлық әлеуеттің сипаты мен ауқымын бейнелейдi;
мақсаттарды тұжырымдауға ұйым қызметiмен байланысты көптеген субъектiлердiң мүдделерi елеулi ықпал етедi;
мақсаттарды қою оларға жету жолдары мен құралдарына қатысты шектеулердi есепке алумен байланысты.
Мақсаттарды тұжырымдау үшiн ұйым ұмтылатын нәтиженiң сапалық және сандық нысанын және оған жетудiң ықыласты мерзiмдерiн анықтау қажет. Көбiне оны бiрден жасау мүмкiн болмайды да аралық мақсаттарды қоюға тура келедi. Әдетте мақсаттарды ешқашан түпкiлiктi тұжырымдау мүмкiн болмайды, өйткенi жұмыс барысында олар әрдайым нақтыланып отырады.
Басқару жүйесiнде мақсаттар бiрқатар маңызды қызметтер атқарады:
ұйымның философиясын, оның жұмыс iстеуi мен дамуының тұжырымдамасын бейнелейдi;
ұйым қызметiнiң негiзгi бағыттарын белгiлейдi, демек оның жалпы және басқарушылық құрылымының негiзiн құрайды, оның сипаты мен ерекшелiктерiн анықтайды;
айналаға бейiмделуге көмектеседi, субъект үшiн қоршаған ортада бағдарға айнала отырып, белгiсiздiктi азайтады;
ықыласты мақсатқа жетуге шоғырлану бiр сәттiк құмарлыққа қарсы тұруға, ойластырылғанға ең аз шығындармен жетуге, үлкен әсермен тезiрек әрекет етуге мүмкiндiк бередi;
мәселелердi ерекшелеу, шешiм нұсқаларын таңдау, бақылау және алынған нәтижелердi бағалау, сондай-ақ қызметкерлердi материалдық және моральдық көтермелеу критерийлерiнiң негiзiн құрайды;
өзiнiң айналасында ынталыларды топтастырады, оларға ерiктi түрде жоғары мiндеттемелер алуға және оларды орындауға талпынуға түрткi жасайды;
аталмыш ұйым әрекет етуiнiң қажеттiлiгi мен заңдылығын қоғам алдында ақтайды.
Мақсаттарға келесi негiзгi талаптар қойылады, олар:
Дәл тұжырымдалған, нақты және өлшенетiн болуы, мүмкiндiгiнше тек сапалы түрде ғана емес, сондай-ақ санмен бейнеленуi тиiс. Бұл оларға жету құралдарын таңдауды, орындаушылардың түйсiнуi мен меңгеруiн, олардың арасында мiндеттердiң дұрыс бөлiнуiн жеңiлдетедi; оларды қызметкерлер мен алынған нәтижелердi бағалау негiздерi ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Ұйым қызметiнiң жағдайларына сай келiп, оның нақты мүмкiндiктерiн ескеруi тиiс. Жағдайға барабар мақсаттар баламаларды iздеудi жеңiлдетiп, басшылыққа деген сенiмдi нығайтады.
Икемдi, өзгерiп отыратын жағдайларға сәйкес түрленуге және түзелуге қабiлеттi болуы тиiс, әйтпесе ұйым ертелi-кеш тығырыққа тiреледi.
Адамдар оларды жеке өздерiнiкi ретiнде тануы тиiс, себебi бұл оларды iске асыруға қызығушылық тудырады. Мұның шарты ұйым мүшелерiнiң көпшiлiгiне мақсаттардың таныстығы, түсiнiктiлiгi, жақындығы болып табылады.
Тексерiлетiн болуы тиiс.
Бiрыңғай жүйенi құруы тиiс: уақыт пен кеңiстiкте үйлесiмдi болуы, ұйым мүшелерiн қарама-қайшы әрекеттерге бағдарламай бiрiн-бiрi өзара қолдауы керек.
