- •Басқарушылық процесс және оның элементтерi
- •Менеджмент курсының мазмұны мен міндеттері
- •2 Тарау Менеджменттің мәні
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Менеджменттiң мақсаттары мен мiндеттерi
- •Менеджмент түрлері
- •3 Тарау Басқару объектілері және басқарушылық қатынастар
- •Басқару объектілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қатынастар
- •Менеджер және оның қызметтері
- •Менеджерлердің рөлдері
- •4 Тарау Басқарудың шетелдік тәжірибесі
- •Жапондық менеджмент
- •Американдық және жапондық менеджерлердің ерекшеліктері
- •5 Тарау Басқарудағы жүйеліК тәсілдеменің негіздері
- •Жүйелер және олардың қасиеттерi
- •Жүйелердiң түрлерi
- •Басқару жүйесі және оның элементтерi
- •Өндірісті басқарудағы жүйелiк тәсiлдеме
- •6 Тарау Менеджмент эволюциясы
- •Менеджмент ғылымының дамуы
- •Басқарудағы түрлі мектептерді бөлу
- •Процестік тәсілдеме
- •Жағдайлық тәсілдеме
- •7 Тарау Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздері
- •Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшудің негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдік бағдарламасы
- •Басқаруды ұйымдастыру
- •8 Тарау Ұйым туралы түсінік және оның түрлерi
- •Ұйымның түрлерi
- •Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
- •Қазіргі заманғы менеджер үлгісі
- •9 Тарау Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі
- •Мақсаттарды жiктеу
- •Мақсатты құру
- •Мақсаттар бойынша басқару
- •10 Тарау Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •Ұйымның ішкі айнымалылары
- •Тура әсер ету ортасы
- •Жанама әсер ету ортасы
- •11 Тарау Басқарудың ұйымдық құрылымы мен басқарылу нормасы
- •Басқарудың ұйымдық құрылымы туралы түсінік
- •Ұйымды басқарудың бюрократиялық құрылымы
- •Дивизионалдық құрылым
- •Ұйымды басқарудың органикалық құрылымы және оның түрлері
- •11.4. Матрицалық құрылымның схемасы
- •12 Тарау Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары
- •Коммерциялық ұйымдар
- •Коммерциялық емес ұйымдар
- •Шетелдік бірлестік нысандары
- •13 Тарау Әрекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіктер
- •Жауапкершілік, өкілеттік және өкілеттіктерді табыстау
- •Өкілеттік тұрпаттары
- •Өкілеттіктерді табыстауды тиімді ұйымдастыру
- •Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпараттық жүйелер
- •15 Тарау Менеджменттегі коммуникация
- •Коммуникациялар және олардың түрлері
- •Коммуникациялық процестің элементтері мен кезеңдері
- •Адамдар арасындағы коммуникация жолындағы кедергілер
- •Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер және оның тиімділігін арттыру тәсілдері
- •16 Тарау Менеджменттегі басқарушылық шешімдер
- •Шешім қабылдау процесінің түсінігі
- •Басқарушылық шешімдерді жіктеу
- •Шешiм қабылдау кезеңдері
- •Басқарушылық шешiмдердi қабылдау әдiстерi
- •Басқарушылық шешім қабылдау процесіне әсер ететін факторлар
- •Коммерциялық және фирмаiшiлiк есеп
- •Баға және баға белгiлеу механизмi
- •18 Тарау Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
- •Әлеуметтік-психологиялық әдістердің жалпы сипаттамасы
- •Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •Басқарудың психологиялық әдістері
- •19 Тарау Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің мәнi мен негіздері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін жіктеу
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің негізгі сипаттамалары
- •Ұйымдастыру қағидалары
- •Басқарушылық қызметтің ерекшеліктері
- •21 Тарау Менеджменттегі жоспарлау
- •Жоспарлау түсінігі
- •Жоспарлау тұрпаттары, түрлері мен нысандары
- •Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
- •Стратегияны жүзеге асыруды жоспарлау
- •Тактикалық және фирмаішілік жоспарлау
- •22 Тарау Менеджменттегі уәждеме
- •Уәждеменің негізгі түсініктері
- •Уәждеменің мазмұндық теориялары
- •Бастапқы
- •1. Маслоу теориясы:
- •2. МакКлелланд теориясы:
- •3. Герцберг теориясы:
- •Уәждеменің процессуалдық теориялары
- •23 Тарау Менеджмент жүйесiндегі бақылау
- •Бақылаудың мәнi мен қызметтерi
- •Бақылау түрлерi
- •Бақылау процесiнiң кезеңдерi
- •Бақылауды ұйымдастыру нысандары
- •Тиiмдi бақылаудың сипаттамасы
- •Контроллинг түсiнiгiнiң негiздерi
- •Бейресми ұйымдар
- •Топтардың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары
- •25 Тарау Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •Билiк, ықпал, лидер
- •Билiк пен ықпал нысандары
- •Сендiру және қатыстылық
- •26 Тарау Лидерлік: стиль, жағдай мен тиімділік
- •Лидерлік теорияларына шолу
- •Лидерлікке мінез-құлықтық көзқарас
- •Блэйк пен Моутонның басқарушылық торы
- •Лидерлікке жағдайлық көзқарас
- •27 Тарау Жанжалды, өзгерістер мен стресті басқару
- •Жанжалдың тұрпаттары мен себептері
- •Жанжал процесiнiң үлгiсi
- •Жанжалдық жағдайды басқару
- •Өзгерістер мен стрестерді басқару
- •28 Тарау Фирманың кадрлық саясаты
- •Кадрлық саясаттың түсiнiгi
- •Еңбек ресурстарын қалыптастыру
- •Еңбек ресурстарын дамыту
- •Еңбек өмiрiнiң сапасын арттыру
- •Басқару мәдениетiнiң элементтерi
- •30 Тарау Басқарудың корпоративтiк мәдениетi
- •Басқарудың корпоративтiк мәдениетi түсiнiгi
- •Сыртқы орта және мәдениет
- •Корпоративтiк мәдениеттiң жiктелуi
- •31 Тарау Менеджердiң iскерлiк этикетi
- •Этикет – адам мiнез-құлқын реттеу нысандарының бiрi
- •Сөйлеу мәдениетi
- •Қызмет бабындағы қарым-қатынастар
- •Келiссөздер стилi
- •Кеңсенi безендiру
- •Пайдаланылған әдебиет
Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
Барлық ұйымдар бiр-бiрiнен түрлi аспектiлер бойынша ерекшеленедi. Сонымен бiрге барлық ұйымдар үшiн жалпы сипаттамалар бар:
ресурстар – кез келген ұйымның мақсаты оның тактикалық және стратегиялық мақсаттарына жету үшiн пайдаланылатын ресурстарды түрлендiру болып табылады. Негiзгi ресурстар - адамдар, негiзгi және айналым құралдары, технология және ақпарат;
сыртқы ортаға тәуелділік – бiрде-бiр ұйым сыртқы ортадан бөлек әрекет ете алмайды. Бұл ұйымның қызметiне тәуелсiз қоршаған ортада пайда болатын, оған қалай да болса ықпал ететiн жағдайлар мен факторлар - экономикалық жағдайлар, тұтынушылар, бәсекелестер, заңдылық, қоғамдағы құндылық жүйесі және т.б.;
еңбектің бөлінуі:
көлденеңiнен – барлық жұмысты құрағыш элементтерге бөлу;
тігiнен – әрекеттерді үйлестіру жөніндегі жұмысты әрекеттерден бөлу.
Еңбектi ғылыми негiзде ұйымдастыру басты мақсаты қызметкерлердiң жекелеген жұмыс, операция мен рәсiмдер түрлерiн орындауға мамандануы болып табылатын оны бөлудiң сәйкес нысандарын объективтi түрде талап етедi. Жұмыс еңбек процесiне қатысушылар арасында кәсiби белгi бойынша бөлiнедi. Бiлiктiлiк қаншалықты толық әрi терең ескерiлгендiгiне еңбек тиiмдiлiгi, орындаушылардың жеке еңбек үлесi тәуелдi болады.
Еңбектi көлденеңiнен бөлу – бұл еңбек қызметiнiң сапалық және сандық саралануы мен мамандануы. Негiзiнен бұл барлық жұмысты құрағыш компоненттерге бөлу, яғни жалпы өндiрiстiк процестi бөлшектерге бөлу, болып табылады.
Әдетте, еңбек көлденеңiнен функционалдық, тауарлы-салалық және бiлiктiлiк белгiлер бойынша бөлiнедi.
Еңбектi функционалдық бөлу ең алдымен қызметкерлердiң қызмет түрлерi бойынша мамандануынан көрiнедi. Бұл жағдайда жекелеген қызметтер оқшауланады және оларды орындау үшiн сәйкес қызметкерлер бөлiнедi.
Еңбектi тауарлы-салалық белгi бойынша бөлу нақты еңбек операциялары мен рәсiмдерiн орындауда мамандану және шектеумен байланысты.
Еңбектi бiлiктiлiк бөлу еңбек қызметiнiң түрлерiн анықтаған кезде жұмыстың күрделiлiгi мен оны орындау үшiн қажет бiлiктiлiкке сүйенетiндiгiне негiзделедi. Мұндай жағдайда бiлiктiлiгi мейлiнше төмен қызметкер орындай алатын жұмысты бiлiктiлiгi жоғары бiрде-бiр қызметкер орындамауы тиiс қағида бұзылмауы керек. Бұл қағиданы бұзу жұмыстардың құнын арттырады және адам ресурстарын босқа шығындауға әкеледi.
Басқарушылық еңбекті бөлу түрінің бірі де көлденең сипатта болады: жекелеген бөлімшелерге нақты басшы тағайындалады. Ұйым табысқа жетуі үшін көлденеңiнен бөлінген басқару жұмысы да, өндірістік жұмыстарды орындау үшін еңбекті көлденеңiнен бөлу жағдайында сияқты үйлестірілген болуы қажет. Кейбір басшылар өзге басшылардың жұмыстарын үйлестіруі тиіс, олар өз кезегінде өзге басшылардың жұмысын үйлестіреді, сөйтіп ең төменгі деңгейдегі басшы басқарушы қызметшілерге жатпайтын адамдардың жұмысын үйлестіреді. Осылайша еңбекті тігінен бөлу басқару деңгейлерін құрайды.
Басқару деңгейлері үшке бөлінеді:
төменгі деңгейдегі техникалық басшылар - тікелей жұмысшылар мен өзге де қызметкерлердің үстінен қарайтын ұйымдық деңгей. Олар тапсырмалардың дұрыс орындалуы туралы тікелей ақпаратты қамтамасыз ету үшін өндірістік тапсырманың орындалуына бақылау жасайды. Басшылардың басым бөлігі төменгі деңгейдегі басшылар.
орта деңгейдегі басқарушы басшылар - төменгі деңгейдегі басшылардың жұмыстарын үйлестіреді әрі бақылайды. Орта деңгейдегі басшы көбіне ұйымдағы ірі бөлімшені басқарады. Оның жұмыс сипаты көп жағдайда бөлімше жұмысының мазмұнымен анықталады.
жоғары деңгейдегі институционалдық басшылар - тұтастай ұйым немесе оның негізгі бөлігі үшін маңызды шешімдер қабылдауына жауап береді.
Сурет 8.1. Басқару деңгейлері
Iрiлендiрiлген түрде еңбектi тiгiнен бөлу келесi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
жалпы басшылық – ұйым қызметiнiң басты, перспективалы бағыттарын әзiрлеу және iске асыру;
технологиялық басшылық – прогрессивтi технологияларды әзiрлеу және ендiру; бұл басқарудың осы заманғы әдiстерiн ендiру, кешендi механикаландыру және өндiрiстi автоматтандыру негiзiнде өндiрiстiк процестердi ұтымды ету;
экономикалық басшылық – стратегиялық және тактикалық жоспарлау, ұйымның экономикалық қызметiн талдау, шаруашылық есептi ендiру және оның рентабельдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
жедел басқару – жедел жоспарларды құру және микроұжымдар мен жекелеген орындаушыларға жеткiзу, орындаушыларды жұмыс орындары бойынша орналастыру, оларға нұсқау беру, өндiрiстiк процестiң барысына жүйелi бақылау ұйымдастыру;
қызметкерлердi басқару – ұйымның еңбек ресурстарын iрiктеу, орналастыру және дамыту.
