- •Басқарушылық процесс және оның элементтерi
- •Менеджмент курсының мазмұны мен міндеттері
- •2 Тарау Менеджменттің мәні
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Менеджменттiң мақсаттары мен мiндеттерi
- •Менеджмент түрлері
- •3 Тарау Басқару объектілері және басқарушылық қатынастар
- •Басқару объектілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қатынастар
- •Менеджер және оның қызметтері
- •Менеджерлердің рөлдері
- •4 Тарау Басқарудың шетелдік тәжірибесі
- •Жапондық менеджмент
- •Американдық және жапондық менеджерлердің ерекшеліктері
- •5 Тарау Басқарудағы жүйеліК тәсілдеменің негіздері
- •Жүйелер және олардың қасиеттерi
- •Жүйелердiң түрлерi
- •Басқару жүйесі және оның элементтерi
- •Өндірісті басқарудағы жүйелiк тәсiлдеме
- •6 Тарау Менеджмент эволюциясы
- •Менеджмент ғылымының дамуы
- •Басқарудағы түрлі мектептерді бөлу
- •Процестік тәсілдеме
- •Жағдайлық тәсілдеме
- •7 Тарау Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздері
- •Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшудің негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдік бағдарламасы
- •Басқаруды ұйымдастыру
- •8 Тарау Ұйым туралы түсінік және оның түрлерi
- •Ұйымның түрлерi
- •Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
- •Қазіргі заманғы менеджер үлгісі
- •9 Тарау Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі
- •Мақсаттарды жiктеу
- •Мақсатты құру
- •Мақсаттар бойынша басқару
- •10 Тарау Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •Ұйымның ішкі айнымалылары
- •Тура әсер ету ортасы
- •Жанама әсер ету ортасы
- •11 Тарау Басқарудың ұйымдық құрылымы мен басқарылу нормасы
- •Басқарудың ұйымдық құрылымы туралы түсінік
- •Ұйымды басқарудың бюрократиялық құрылымы
- •Дивизионалдық құрылым
- •Ұйымды басқарудың органикалық құрылымы және оның түрлері
- •11.4. Матрицалық құрылымның схемасы
- •12 Тарау Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары
- •Коммерциялық ұйымдар
- •Коммерциялық емес ұйымдар
- •Шетелдік бірлестік нысандары
- •13 Тарау Әрекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіктер
- •Жауапкершілік, өкілеттік және өкілеттіктерді табыстау
- •Өкілеттік тұрпаттары
- •Өкілеттіктерді табыстауды тиімді ұйымдастыру
- •Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпараттық жүйелер
- •15 Тарау Менеджменттегі коммуникация
- •Коммуникациялар және олардың түрлері
- •Коммуникациялық процестің элементтері мен кезеңдері
- •Адамдар арасындағы коммуникация жолындағы кедергілер
- •Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер және оның тиімділігін арттыру тәсілдері
- •16 Тарау Менеджменттегі басқарушылық шешімдер
- •Шешім қабылдау процесінің түсінігі
- •Басқарушылық шешімдерді жіктеу
- •Шешiм қабылдау кезеңдері
- •Басқарушылық шешiмдердi қабылдау әдiстерi
- •Басқарушылық шешім қабылдау процесіне әсер ететін факторлар
- •Коммерциялық және фирмаiшiлiк есеп
- •Баға және баға белгiлеу механизмi
- •18 Тарау Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
- •Әлеуметтік-психологиялық әдістердің жалпы сипаттамасы
- •Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •Басқарудың психологиялық әдістері
- •19 Тарау Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің мәнi мен негіздері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін жіктеу
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің негізгі сипаттамалары
- •Ұйымдастыру қағидалары
- •Басқарушылық қызметтің ерекшеліктері
- •21 Тарау Менеджменттегі жоспарлау
- •Жоспарлау түсінігі
- •Жоспарлау тұрпаттары, түрлері мен нысандары
- •Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
- •Стратегияны жүзеге асыруды жоспарлау
- •Тактикалық және фирмаішілік жоспарлау
- •22 Тарау Менеджменттегі уәждеме
- •Уәждеменің негізгі түсініктері
- •Уәждеменің мазмұндық теориялары
- •Бастапқы
- •1. Маслоу теориясы:
- •2. МакКлелланд теориясы:
- •3. Герцберг теориясы:
- •Уәждеменің процессуалдық теориялары
- •23 Тарау Менеджмент жүйесiндегі бақылау
- •Бақылаудың мәнi мен қызметтерi
- •Бақылау түрлерi
- •Бақылау процесiнiң кезеңдерi
- •Бақылауды ұйымдастыру нысандары
- •Тиiмдi бақылаудың сипаттамасы
- •Контроллинг түсiнiгiнiң негiздерi
- •Бейресми ұйымдар
- •Топтардың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары
- •25 Тарау Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •Билiк, ықпал, лидер
- •Билiк пен ықпал нысандары
- •Сендiру және қатыстылық
- •26 Тарау Лидерлік: стиль, жағдай мен тиімділік
- •Лидерлік теорияларына шолу
- •Лидерлікке мінез-құлықтық көзқарас
- •Блэйк пен Моутонның басқарушылық торы
- •Лидерлікке жағдайлық көзқарас
- •27 Тарау Жанжалды, өзгерістер мен стресті басқару
- •Жанжалдың тұрпаттары мен себептері
- •Жанжал процесiнiң үлгiсi
- •Жанжалдық жағдайды басқару
- •Өзгерістер мен стрестерді басқару
- •28 Тарау Фирманың кадрлық саясаты
- •Кадрлық саясаттың түсiнiгi
- •Еңбек ресурстарын қалыптастыру
- •Еңбек ресурстарын дамыту
- •Еңбек өмiрiнiң сапасын арттыру
- •Басқару мәдениетiнiң элементтерi
- •30 Тарау Басқарудың корпоративтiк мәдениетi
- •Басқарудың корпоративтiк мәдениетi түсiнiгi
- •Сыртқы орта және мәдениет
- •Корпоративтiк мәдениеттiң жiктелуi
- •31 Тарау Менеджердiң iскерлiк этикетi
- •Этикет – адам мiнез-құлқын реттеу нысандарының бiрi
- •Сөйлеу мәдениетi
- •Қызмет бабындағы қарым-қатынастар
- •Келiссөздер стилi
- •Кеңсенi безендiру
- •Пайдаланылған әдебиет
Басқарудағы түрлі мектептерді бөлу
Басқаруды ғылыми пән, мамандық ретінде қарастыру идеясы қоғамның капиталистік құрылысының соңғы дәуірінде пайда болды. Капитализмнің ХVІІ-ХVIII ғ.ғ.-да пайда болуы басқарудағы революциялық өзгерістерді тудырды. Бұл кезеңде таза басқару қызметтерінің бөлінуі болды. Басқаруға ерекше, кәсіби қызығушылықты қоздырған себеп XVIII ғасырдың аяғында Ұлыбританияда басталған өнеркәсіптік революция болды. Басқарушыларды дайындауға ерекше назар аударыла басталды. Алайда бұл кезеңдегі басты тұлға кәсіпорын иесі - капиталист болды.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап жүйелі басқару тұжырымдамасы дами бастады. XX ғасырдың басында бұл тұжырымдама жаңа сапалы мәнге ие болып, басқару ұйымға жетістік әкелуі мүмкін дербес қызмет өрісі ретінде қарастырыла бастады. Әдетте басқаруды зерттеудің дербес саласы мен ғылым ретінде танудың басы деп есептелетін Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты кітабы (1911) жарық көрген соң менеджменттегі жаңа революция кезеңі басталды. Бұл кезең кәсіби менеджерлер тобы бөлініп шығып, олардың капиталистер тобын «ығыстыруымен» сипатталады.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында басқару ойының 4 айқын ерекшеленетін мектебі дами бастады:
ғылыми басқару мектебі;
әкімшілік немесе классикалық басқару мектебі;
адамдық қарым-қатынастар мен мінез-құлық ғылымының мектебі;
басқару ғылымының мектебі (сандық тәсілдеме).
Осы бағыттардың ең иланған жақтаушылары өз уақытында ұйымның мақсатқа жетуіне барынша тиімді жол тапқандарына сенімді болды. Бұдан соңғы зерттеулер мен мектептердің теориялық жаңалықтарын практикада қолданудың сәтсіз қадамдары басқару сұрақтары жөніндегі көптеген жауаптар тек шектелген жағдайда ғана дұрыс екендігін дәлелдеді. Соның өзінде әрбір мектеп аталмыш салаға маңызды әрі елеулі үлес қосты.
Ғылыми басқару мектебінің (1885-1920) негізін қалаушылар байқау, өлшеу, логика мен талдауды пайдалана отырып, қол еңбегінің көптеген операцияларын жетілдіруге, сөйтіп өндіріс тиімділігін барынша арттыруға болады деп есептеді. «Ғылыми менеджменттің атасы» американ инженері Фредерик Тейлор (1856-1915) өндірістің тиімділігі артуы есебінен, яғни әрбір жұмысшы тобы өздері нені жақсы істей алатын жұмыспен шұғылданса, ұйымның тиімділігі артады деп санады. Еңбек өнімділігінің артуы қожайынға да, жұмысшыға да табыс әкеледі. Бұл үшін олардың психикаларына өзгеріс енгізу қажет. Тейлор тұжырымдамасының негізгі қағидалары мынадай:
практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерін алмастыра алатын ғылыми іргетас құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу;
жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және үйрету;
еңбекті ұйымдастырудың ғылыми тұрғыдан әзірленген жүйесін іс жүзіне енгізуде әкімшілік пен жұмысшылардың ынтымақтастығы;
еңбекті біркелкі бөлу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.
Фрэнк Гилбрет (1868-1924) өзі ойлап тапқан микрохронометром приборын кинокамерамен қоса қолданып, белгілі бір операцияда қандай қозғалыс жасалып, олардың әрқайсысына кететін уақытты дәл анықтау үшін пайдаланды. Пациенттің операциялық үстелде болу уақытын күрт азайтуға мүмкіндік берген хирургтардың жұмысын оңтайландыру жөніндегі оның ұсыныстары әсіресе танымал. Лилиан Гилбрет (1878-1972) кадрлармен жұмыс істеу әдістеріне бастама салды.
Гаррингтон Эмерсон (1853-1931) өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудың күрделі міндеттерін жан-жақты ойластырып шешудің қажеттілігін тұңғыш рет атап көрсетті. Ол «Өнімділіктің 12 қағидасы» (1912) атты еңбегінде кәсіпорынды басқарудың келесі қағидаларын қалыптастырды:
әрбір басшы мен оның қол астындағылар қол жеткізуге ұмтылатын дәл белгіленген мақсаттар;
болашақ мақсатты ескеретін әрбір жаңа процесті талдауға шынайы көңіл бөлу;
білікті кеңес;
тәртіп;
қызметкерлерге әділ қарау;
жедел, сенімді, толық, дәл және тұрақты есеп;
диспетчерлеу;
нормалар мен кестелер;
ең жақсы нәтижелер арқылы қол жететін жағдайларды қалыпқа келтіру;
орындалу ретін белгілеу үшін операцияларды нормалау;
жұмысты орындаудың барлық ережесін дәл бекітуді қамтамасыз ететін стандартты нұсқаулар;
әрбір қызметкерді көтермелеуге бағытталған өнімділік үшін сыйақы.
Өндірістің барлық сатыларындағы жоспарлық және нақты көлемдерді бейнелейтін Генри Гантт (1861-1919) ұсынған Гантт графигі кеңінен танылды.
Генри Форд (1863-1947) өнеркәсіп орындарындағы өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен шұғылданып, басқаруды ұйымдастырудың мынадай қағидаларын қолданды:
барлық өндіріс процесін, ондағы сатылар мен байланыстарды дәл есептеу және жоспарлау;
жұмыс жағдайын есептеу және жоспарлау;
шикізатты, материалдарды, механизмдерді және жұмыс күшін әзірлеу, өндірісті стандартты технология бойынша жүзеге асыру;
өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру.
Әкімшілік немесе классикалық басқару мектебінің (1920-1950) негізін қалаушы Анри Файолъ (1841-1925) болып саналады. Ол 20 жыл бойы ірі тау-кен және металлургиялық комбинаттың басқарушы-директоры болды. Ғылыми басқару мектебі сияқты классикалық мектептің өкілдері де басқарудың әлеуметтік тұрғысына онша назар аудармады. Олардың жұмыстары, көп жағдайда ғылыми әдістемеге негізделмей, өздерінің жеке бақылауларына сүйенді. Классикалық мектептің мақсаты басқарудың әмбебап қағидаларын жасау болды. «Жалпы және өнеркәсіптік басқару» (1916) атты еңбегінде Файоль капиталистің әкімшілік қызметке жалпы көзқарасын қарастырып, соның негізінде басқарудың 14 қағидасын жасады:
еңбекті бөлу;
құзыр мен жауапкершілік;
тәртіп;
дара басшылық;
бағыттың бірлігі;
жеке мүдделердің жалпыға бағыныштылығы;
қызметшілерді көтермелеу;
орталықтандыру;
скалярлық тізбек;
жөнділік;
әділдік;
қызметшілер үшін жұмыс орнының тұрақтылығы;
бастама;
корпоративтік рух.
Осы мектептің өкілі ағылшын Линдолл Урвик (1891-1983) бұл қағидаларды одан әрі дамытып, әкімшілік қызметтің негізгі элементтерін тұжырымдап, оған жоспарлау, ұйымдастыру, штатты жинақтау, басшылықты үйлестіру, есеп беру және бюджет жасауды жатқызды. Урвик формальды ұйым құрудың келесі қағидаларын жасады: құрылымның сәйкестігі, арнайы штабтың құрылуы, құқық пен жауапкершіліктің салыстырмалылығы, бақылау өрісі, мамандандыру, анықтылық.
Неміс ғалымы Макс Вебер (1864-1920) ұйымдағы билік құрылымы мен лидерлік мәселелерге жете назар аударды. Әртүрлі ұйымдарды талдай отырып, басшы ие болатын билік сипатына қарай ұйымдастырудың негізгі үш түрін ажыратады: харизмалық, дәстүрлі және бюрократтық.
Бұл мектептің жақтаушылары ұйымның тиімділігі тек өндірістің тиімділігіне ғана емес, басқарудың тиімділігіне де байланысты деп есептеді.
Адамдық қарым-қатынастар (1930-1950) мен мінез-құлық ғылымының мектебін (1950 жылдан қазіргі кезге дейін) дамытуға негізгі үлес қосқан ғалымдар Мэри Паркер Фоллет (1868-1933) пен Элтон Мэйо (1880-1949) болып табылады. Олар дәл жасалған жұмыс операциялары мен жақсы жалақы әрқашан еңбек өнімділігінің артуына әкелмейді, адамдар қылықтарының себептері экономикалық күштер емес, түрлі қажеттіліктер болып табылады деп шешті. Олардың пікірі бойынша еңбек өнімділігі еңбек жағдайы мен әкімшіліктің әрекетіне ғана емес, сондай-ақ жұмысшы ортасының психологиялық және әлеуметтік ахуалына да тәуелді болады, демек өз қызметкерлерінің жағдайын ойлаған ұйымның өнімділікті арттыруға мүмкіндігі мол.
Крис Арджирис, Ренсис Лайкерт, Дуглас МакГрегор, Фредерик Герцберг сияқты бихевиоризм өкілдері әлеуметтік әрекеттестік, уәждеме, билік пен беделдің сипаты, ұйымдық құрылым, лидерлік, жұмыс мазмұнының өзгеруі мен еңбек сапасын зерттеді. Бұл мектептің айрықша ерекшелігі оның психологияға, соның ішінде XX ғасырда кеңінен таралған әрі жете зерттелген психологиялық теориялардың бірі - бихевиоризмге (мінез-құлық туралы ғылым) бағытталуы болды. Мінез-құлық ғылымының мектебі ең алдымен жекелік қатынастарды жөнге салу әдістеріне жұмылдырылған адамдық қарым-қатынастар мектебінен едәуір алшақтады. Жаңа тәсілдеме қызметкерге өз мүмкіндіктерін сезінуіне көмектесуге тырысты. Мектептің негізгі мақсаты адам ресурстарының тиімділігін арттыру есебінен ұйымның тиімділігін арттыру болып табылады.
Басқару ғылымы мектебінің (сандық көзқарас, 1950 жылдан қазіргі кезге дейін) негізгі ойы ұйымның операциялық мәселелеріне ғылыми зерттеу әдістерін қолдану болып табылады. Басқару ғылымының негізгі белгісі - ауызша пайымдаулар мен жазбаша талдауды үлгілермен, белгілермен және сандық мәндермен алмастыру. Бұл мектеп басқару саласында математика, статистика, инженерлік, басқа да дәл ғылымдар зерттеулерінің нәтижелерін пайдалануға негізделеді. Көптеген фирмалар қызметкерлерді жұмысқа аларда, өндірістік алаңдарда құрал-жабдықты орнатқанда, қойма операцияларын жоспарлағанда математикалық құралдарды пайдалана бастады. Мектептің негізгі өкілдері Р.Акофф, С.Бир, Д.Форрестер, Л.Клейн және т.б. (жаңа мектеп).
Мектептер |
Басқару ойының дамуына қосқан үлестерi |
Ғылыми басқару мектебi |
|
Әкiмшiлiк немесе классикалық басқару мектебi |
|
Адамдық қарым-қатынастар мен мiнез-құлық ғы-лымының мектебi |
|
Басқару ғылы-мының мектебi |
|
