Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туралин А.З._Менеджент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.84 Mб
Скачать
    1. Өндірісті басқарудағы жүйелiк тәсiлдеме

Өндіріс - еңбек құралдары, еңбек заттары мен түпкі өнімдердің жиынтығы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық жүйе. Еңбек пен материалдық ресурстарды ұштастыру нәтижесінде материалдық игіліктер өндіріліп, қоғамның өндіргіш күштерінің ұдайы өндірісі артатындықтан ол экономикалық деп, адамдардан тұратындықтан әлеуметтік жүйе деп аталады. Экономикалық жүйе әлеуметтік сипаттағы адам-машина жүйесі ретінде қарастырылады. Ондағы негізгі рөлді материалдық және рухани игіліктерді өндіретін әрі тұтынатын адам орындайды. Жүйелік тәсілдеменің негізінде басқару ісі жүйелердің құрылымдық және функционалдық тұтастығын қамтамасыз етуге әрі жетілдіруге бағытталған. Басқару процестері пайда болғалы жүйелі талдау кеңінен қолданылып келеді. Экономиканы, оның құрылымын, оның құрамдық бөліктерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара байланысын қоса ескеріп, біртұтас ретінде кешенді зерделеуді, экономиканың жалпы жұмыс істеу процесінде олардың әрбіреуінің рөлін анықтауды жүйелік тәсілдеме деп ұғынамыз. Экономикадағы жүйелік тәсілдеме басқару саласындағы ірі, кешенді мәселенің ғылыми негізделген шешімін әзірлеу әдісі болып табылады.

Экономикалық жүйенің келесі ерекшеліктері бар:

  1. Жүйелер, ең алдымен, басқарушы және басқарылушы жүйешелер арасында себеп-салдарлық байланыс болуы керек. Жүйе мен басқарылатын объекті өзгерістерге бірдей жауап қайтарған жағдайда ғана басқару ісі мүмкін болады, яғни кері байланыс орнайды.

  2. Жүйелердің динамикалылығы. Жүйе бір сапалы жағдайдан екіншісіне өте алатындай қабілетке ие болуы керек, яғни бір сапалы жағдайдан екіншісіне өту барысында да, өтуден кейін де ол жүйе ретінде қалуы керек.

  3. Жүйеде процесс ағымына әсер ете отырып, оны өзгерте алатындай параметрдің бар болуы.

  4. Жүйенің басқару ықпалын күшейте алатындай қабілеті, яғни осы ықпалға жауап қатып қана қоймай, оны тереңдететін қабілеті болуы керек.

  5. Басқару ақпаратын жеткізу, жинақтау және жаңғырту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

  6. Жүйелердің тұтастай сипаты. Онсыз бақылау мен басқару мүмкін емес.

Өндірісті басқаруға өз объектісі мен субъектісі тән. Өндірісті басқару объектісінің жалпы түріне оның салалары мен аймақтарын құрайтын барлық халық шаруашылығы, өндірістің негізгі буындары - кәсіпорындар мен бірлестіктер жатады. Кез келген жүйе секілді, кәсіпорын жекелеген элементтердің ұйымдасқан бірлестігі, ал оның ерекше бірлескен бөлігі - жаңа сапаға ие болатын бірыңғай тұтас құрылым. Кәсіпорынның бірде бір бөлімшесі тығыз, әрі өзара келісілген байланыссыз ақырғы өнімді өндіре алмайды, яғни тұтастай кәсіпорын алға қойған міндетті орындай алмайды. Мұнда басқару өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі ретінде болатын объектілермен істес болады. Қоғамдық өндірістің басқару объектісіне барлық халық шаруашылығының кооперация ауқымында қызметкерлерді өндіріс құралдарымен біріктіретін ұйымдар жатады. Халық шаруашылығының басқару объектісіне саналы түрде қолдау көрсетілетін халық шаруашылығының үйлесімділігі, экономиканың теңгерімділігі және динамикалық дамуы кіреді. Өндірістің басқару объектісіне ел аумағына өндірістік күштерді ұтымды орналастыру, әлдеқайда тиімді аумақтық кешендерді құру жатады. Өндірісті басқаруда объект ретінде маңызды орынды өндірістік емес салалар - ғылым, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет - алады. Кез келген басқару объектісінің орталық буынына қызметкерлер ұжымы жатады. Сөйтіп, барлық өндіріс басқару объектілері деп саналады.

Басқарудың субъектілеріне мемлекет, қоғамдық ұйымдар және елдің әр азаматы кіреді. Бұл жүйенің негізгі элементіне мемлекеттік органдар жатады. Оған өкілетті органдар, атқарушы органдар, сот органдары, өндірістің басқару қызметтерін орындаушы және тікелей мемлекеттік басқару органдары кiредi. Өндірістің басқару мәселелерін өкілетті органдар мен мемлекеттік басқару органдары шешеді.