Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туралин А.З._Менеджент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.84 Mб
Скачать
  1. Американдық және жапондық менеджерлердің ерекшеліктері

Американ менеджмент мектебі жеке басшының келесі ережелерін ұсынады:

  1. Басшы қуғындаушы болмауы тиіс. Өйткені қуғындаушы қарамағындағы адамның ізіне түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өз билігіне, ал басшы — соңына ерушілердің ықпалы мен көмегіне сүйенеді.

  2. Басшы өз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы, әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.

  3. Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс.

  4. Ол қол астындағылардың уақытын бағалай білуі тиіс.

  5. Басшы қатал, әрі талап қойғыш болуы тиіс. Алайда қаталдық пен талап қойғыштық ешқашанда кінәмшілдікке, мейірімсіздікке апармауы тиіс.

  6. Сынды қабылдай білуі, әрі өзі әділ сынай білуі тиіс.

  7. Басшы жылы шырайлы, әрі әдепті болуы тиіс.

  8. Әзіл-оспақты түсіне білуі тиіс. Әдетте әзілдеу жақсы көңіл-күйге байланысты, ал көңілділік еңбек өнімділігіне ықпал етеді.

  9. Айта да, тыңдай да білу керек.

  10. Үнемдеуге тырысу керек.

  11. Басшы қарамағындағыларды жақсы білуі тиіс. Бұл әсіресе үлкен ұжымда аса маңызды.

Табысқа жететін жеке адамдарға тән мынадай 10 түрлі сипаттама беруге болады:

  • мүмкіндіктер мен бастамаларды іздестіру (кәсіпкер жаңа әрі әдеттен тыс іскерлік мүмкіндіктерді пайдаланады; ол бұл жағдайға мәжбүр болардан ертерек кіріседі);

  • табандылық пен өжеттілік (кездесетін қиындықты жеңуге әрқашанда дайын болады; ойлаған мақсатына жету үшін стратегиясын үнемі айқындап, өзгертіп отырады);

  • тәуекел етуге дайын тұру (біреуге «жалтақтамай» тәуекел ету, бел шешіп кірісу, бірақ бір іске батыл кіріскенде, оның нәтижесі қандай боларын алдын ала топшылау);

  • тиімділік пен ұйымдастыру (бұйымды өте жақсы, тез әрі арзан шығарудың жолдарын іздестіру, тиімді стандарттарды жетілдіруге, жақсартуға тырысу);

  • жұмысқа қатысуға жұмылдыру (жұмыстың орындалуы үшін өзіне үлкен жауапкершілік артып, осы мақсатта бар күш-қайратын жұмсау);

  • мақсаттылық (мақсатын айқын белгілеу; ұзақ мерзімді болжай білуі; қысқа мерзімдік міндеттерді ұдайы қадағалап, қажетті өзгертулер енгізіп отыру);

  • болып жатқан өзгерістерді жіті қадағалау (клиенттер, жабдықтаушылар туралы ақпаратты жеке өзі жинайды, осы мақсатта өзінің жеке және іскерлік байланыстарын пайдаланады);

  • ұдайы жоспарлау және бақылау (ірі міндеттерді салалық міндеттерге бөліп жоспарлайды, қаржы көрсеткіштерін қадағалайды, әрі шешім қабылдағанда осыларды ескереді, жұмыстың орындалуын ойластырады немесе оны жүзеге асыру шараларын қарастырады);

  • байланыс орнатуға қабілеттілік (адамдарға ықпал ету, өз мақсатына жету үшін іскерлік және жеке байланыстарын пайдаланады);

  • тәуелсіздік және өзіне сенімділік (басқа адамдар тарапынан басқаруға және бақылауға тәуелсіз болуға ұмтылу, қарсы жақпен кездескенде немесе жетістік болмағанда тек өз мүмкіндігіне ғана сенеді).

Жапон менеджерлерінің мынадай ерекшеліктері бар:

  1. Ойлау стилі дәстүрлі қағидаларға негізделген шешімдер қабылдауынан айрықша көрінеді.

  2. Кәсіпкерлік және өнертапқыштық. Жапон менеджерлерінде икемділік, ептілік, тұйықтылық қасиеттерi байқалады. Олар іскер, яғни жинақты, тапқыр, болып жатқан өзгерісті тез аңғарып, қиын жағдайда ең қолайлы шешімді таба біледі.

  3. Белгілі бір жағдайда көнгіштік таныту - біршама пайдалы іс тындыруға мүмкіндік береді.

  4. Кішіпейілділік жапон халықтарының көнеден қанына сіңген қасиет.

  5. Сауаттылық - халықаралық өзгерістерді ескере отырып, шешім қабылдай біледі.

  6. Бизнесте ұсақ-түйек жоқ - жапондық менеджерлердің басты ұранының бірі.

  7. Алдағыны «көре білу» қабілеті - жапондық менеджерлерге тән қасиет.

  1. Өзіне сын көзімен қарау.

  2. Өзіңді өзің көрсетуге тырыспа - өз қарамағыңдағыларды да өзіңе қарсы қойма.

Бүкіл әлемге әйгілі «Сони корпорейшн» фирмасының басшысы Акио Марито басшыға мынадай талаптар қояды:

    • әдеттен тыс басқару мәселелерін шеше білу, үйлеспейтін талаптарды үйлестіре білу;

    • кең ауқымда ойлай алу;

    • адамдармен қоян-қолтық жұмыс істей білу.