- •Басқарушылық процесс және оның элементтерi
- •Менеджмент курсының мазмұны мен міндеттері
- •2 Тарау Менеджменттің мәні
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Менеджменттiң мақсаттары мен мiндеттерi
- •Менеджмент түрлері
- •3 Тарау Басқару объектілері және басқарушылық қатынастар
- •Басқару объектілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қатынастар
- •Менеджер және оның қызметтері
- •Менеджерлердің рөлдері
- •4 Тарау Басқарудың шетелдік тәжірибесі
- •Жапондық менеджмент
- •Американдық және жапондық менеджерлердің ерекшеліктері
- •5 Тарау Басқарудағы жүйеліК тәсілдеменің негіздері
- •Жүйелер және олардың қасиеттерi
- •Жүйелердiң түрлерi
- •Басқару жүйесі және оның элементтерi
- •Өндірісті басқарудағы жүйелiк тәсiлдеме
- •6 Тарау Менеджмент эволюциясы
- •Менеджмент ғылымының дамуы
- •Басқарудағы түрлі мектептерді бөлу
- •Процестік тәсілдеме
- •Жағдайлық тәсілдеме
- •7 Тарау Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздері
- •Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшудің негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдік бағдарламасы
- •Басқаруды ұйымдастыру
- •8 Тарау Ұйым туралы түсінік және оның түрлерi
- •Ұйымның түрлерi
- •Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
- •Қазіргі заманғы менеджер үлгісі
- •9 Тарау Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі
- •Мақсаттарды жiктеу
- •Мақсатты құру
- •Мақсаттар бойынша басқару
- •10 Тарау Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •Ұйымның ішкі айнымалылары
- •Тура әсер ету ортасы
- •Жанама әсер ету ортасы
- •11 Тарау Басқарудың ұйымдық құрылымы мен басқарылу нормасы
- •Басқарудың ұйымдық құрылымы туралы түсінік
- •Ұйымды басқарудың бюрократиялық құрылымы
- •Дивизионалдық құрылым
- •Ұйымды басқарудың органикалық құрылымы және оның түрлері
- •11.4. Матрицалық құрылымның схемасы
- •12 Тарау Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары
- •Коммерциялық ұйымдар
- •Коммерциялық емес ұйымдар
- •Шетелдік бірлестік нысандары
- •13 Тарау Әрекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіктер
- •Жауапкершілік, өкілеттік және өкілеттіктерді табыстау
- •Өкілеттік тұрпаттары
- •Өкілеттіктерді табыстауды тиімді ұйымдастыру
- •Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпараттық жүйелер
- •15 Тарау Менеджменттегі коммуникация
- •Коммуникациялар және олардың түрлері
- •Коммуникациялық процестің элементтері мен кезеңдері
- •Адамдар арасындағы коммуникация жолындағы кедергілер
- •Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер және оның тиімділігін арттыру тәсілдері
- •16 Тарау Менеджменттегі басқарушылық шешімдер
- •Шешім қабылдау процесінің түсінігі
- •Басқарушылық шешімдерді жіктеу
- •Шешiм қабылдау кезеңдері
- •Басқарушылық шешiмдердi қабылдау әдiстерi
- •Басқарушылық шешім қабылдау процесіне әсер ететін факторлар
- •Коммерциялық және фирмаiшiлiк есеп
- •Баға және баға белгiлеу механизмi
- •18 Тарау Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
- •Әлеуметтік-психологиялық әдістердің жалпы сипаттамасы
- •Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •Басқарудың психологиялық әдістері
- •19 Тарау Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің мәнi мен негіздері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін жіктеу
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің негізгі сипаттамалары
- •Ұйымдастыру қағидалары
- •Басқарушылық қызметтің ерекшеліктері
- •21 Тарау Менеджменттегі жоспарлау
- •Жоспарлау түсінігі
- •Жоспарлау тұрпаттары, түрлері мен нысандары
- •Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
- •Стратегияны жүзеге асыруды жоспарлау
- •Тактикалық және фирмаішілік жоспарлау
- •22 Тарау Менеджменттегі уәждеме
- •Уәждеменің негізгі түсініктері
- •Уәждеменің мазмұндық теориялары
- •Бастапқы
- •1. Маслоу теориясы:
- •2. МакКлелланд теориясы:
- •3. Герцберг теориясы:
- •Уәждеменің процессуалдық теориялары
- •23 Тарау Менеджмент жүйесiндегі бақылау
- •Бақылаудың мәнi мен қызметтерi
- •Бақылау түрлерi
- •Бақылау процесiнiң кезеңдерi
- •Бақылауды ұйымдастыру нысандары
- •Тиiмдi бақылаудың сипаттамасы
- •Контроллинг түсiнiгiнiң негiздерi
- •Бейресми ұйымдар
- •Топтардың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары
- •25 Тарау Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •Билiк, ықпал, лидер
- •Билiк пен ықпал нысандары
- •Сендiру және қатыстылық
- •26 Тарау Лидерлік: стиль, жағдай мен тиімділік
- •Лидерлік теорияларына шолу
- •Лидерлікке мінез-құлықтық көзқарас
- •Блэйк пен Моутонның басқарушылық торы
- •Лидерлікке жағдайлық көзқарас
- •27 Тарау Жанжалды, өзгерістер мен стресті басқару
- •Жанжалдың тұрпаттары мен себептері
- •Жанжал процесiнiң үлгiсi
- •Жанжалдық жағдайды басқару
- •Өзгерістер мен стрестерді басқару
- •28 Тарау Фирманың кадрлық саясаты
- •Кадрлық саясаттың түсiнiгi
- •Еңбек ресурстарын қалыптастыру
- •Еңбек ресурстарын дамыту
- •Еңбек өмiрiнiң сапасын арттыру
- •Басқару мәдениетiнiң элементтерi
- •30 Тарау Басқарудың корпоративтiк мәдениетi
- •Басқарудың корпоративтiк мәдениетi түсiнiгi
- •Сыртқы орта және мәдениет
- •Корпоративтiк мәдениеттiң жiктелуi
- •31 Тарау Менеджердiң iскерлiк этикетi
- •Этикет – адам мiнез-құлқын реттеу нысандарының бiрi
- •Сөйлеу мәдениетi
- •Қызмет бабындағы қарым-қатынастар
- •Келiссөздер стилi
- •Кеңсенi безендiру
- •Пайдаланылған әдебиет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
М. Қозыбаев атындағы
Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi
Әмiржан Зеледенұлы ТҰРАЛИН
МЕНЕДЖМЕНТ
дәрістер курсы
Петропавл
2009
УДК 351.07/08
ББК 65.290.2
Т 86
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқу-әдiстемелiк кеңесiнiң шешiмi бойынша жарияланып отыр (хаттама №1 25.09.2009 ж.)
Пікір жазғандар:
СҚО бойынша Статистика департаментінің бастығы,
экономика ғылымдарының кандидаты Жакупов Қ.Ө.
Басқару және бухгалтерлік есеп кафедрасының аға оқытушысы,
экономика магистрі Баймульдина Г.Б.
Т 86 Тұралин Ә.З. Менеджмент: Дәрістер курсы - Петропавл, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2009. – 271 б.
Ұсынылып отырған кітапта оқырмандарға көрнекі түрде менеджменттің негізгі идеялары, шешуші түсініктері баяндалады.
Дәрістер курсы «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Қаржы», «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары бойынша мемлекеттік тілде оқитын студенттерге, оқытушылар мен магистранттарға арналған.
УДК 351.07/08
ББК 65.290.2
© Тұралин Ә.З., 2009
© М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2009
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің сапа менеджменті жүйесі ИСО 9001:2000 талаптарының үйлесімділігіне сертификатталған
АЛҒЫСӨЗ
Қазіргі кездегі менеджмент кәдімгі төңкерісті басынан кешіруде. Басқаруға деген дәстүрлі тәсілдемелер ең алдымен адамдарды бақылауға, өндірістің тұрақтылығы мен тиімділігіне қол жеткізуге, ережелер мен рәсімдерді пайдалануға, қызметкерлерді басқарудың тік құрылымын құруға және жоспарланған нәтижелерге (ең алдымен, пайдаға) қол жеткізуге назар аударады. Менеджментке деген жаңа тәсілдеме адамдардың энтузиазмы мен шығармашылық қабілеттерін пайдалануды, ортақ көқарастарды, нормалар мен құндылықтарды іздестіруді, ақпаратқа ашық қол жеткізуді, командалық еңбекті, ынтымақтастық пен әріптестікті көтермелеуді, сыртқы ортаның күрт өзгерістеріне ұйымның бейімделуін және олардың қызметінің ең жоғары тиімділігіне қол жеткізуді ұйғарады.
Аталмыш дәрістер курсында автор дәстүрлі тәсілдеменің барынша құнды идеяларын сақтай отырып, олар оның ережелерін өздерінің практикалық іс-әрекетінде пайдалануы үшін студенттерді қызықтыратындай етіп, ең алдымен басқаруға деген жаңа тәсілдемені көрсетуге тырысты.
Дәрістер курсы «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Қаржы», «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары бойынша мемлекеттік тілде оқитын студенттерге, оқытушылар мен магистранттарға арналған.
1 БӨЛІМ
Менеджменттiң теориялық және әдiснамалық негiздерi
1 Тарау
Басқару ғылымының пәні мен әдісі
Басқарудың мәнi, түрлерi мен әдiстерi
Менеджмент басқарушылық қызметтiң ерекше нысаны болып табылады, сондықтан да ол жайында сөз қозғамас бұрын, басқарумен танысу қажет.
Басқару деп табиғатта, техника мен қоғамда өтiп жатқан процестердi ретке келтiру жөнiндегi қызмет ұғынылады. Басқаша айтқанда, басқару сәйкес жүйенiң реттiлiгiн, оның тұтастығын, қалыпты жұмыс iстеуi мен дамуын қамтамасыз етуi тиiс.
Кез келген басқарушылық қызмет келесi кезеңдерден тұрады:
ақпаратты алу және талдау;
шешiмдi әзiрлеу және қабылдау;
олардың орындалуын ұйымдастыру;
бақылау, алынған нәтижелердi бағалау, кейiнгi жұмыс барысына түзету енгiзу;
орындаушыларды көтермелеу немесе жазалау.
Басқару табиғи, техникалық және әлеуметтiк болып бөлiнедi.
Табиғи басқарудың объектiсi табиғатта өтiп жатқан процестер (мысалы, өсiмдiктердiң дамуы, су ағындарының қозғалысы және т.б.) болып табылады.
Техникалық басқаруға қолдан жасалған объектiлердi (мысалы, автомобильдi және т.б.) басқару жатады.
Екi жағдайда да олардың ықпалға реакциясы не алдын ала белгiлi екендiгi, не бiршама дәл болжауға болатындығы оларды басқару процесiн әжептәуiр жеңiлдетедi.
Әлеуметтiк басқарудың объектiсi адамдар, олардың қарым-қатынасы, мiнез-құлқы болып табылады. Әрбiр адам дербес мiнез-құлыққа, жеке сипатқа, психологиялық ерекшелiктерге және т.с.с. ие. Сондықтан да оның басқарушылық ықпалға реакциясы субъективтi болады әрi әрдайым болжана бермейдi, демек, әлеуметтiк басқару тым ұтымды бола алмайды. Бұл оның әдiстерiне, олардың алуан түрлiлiгiне, сонылығына, дербестiгiне, ресми және бейресми нормалар мен ережелердiң орынды ұштасуына, адамдарға ықпал етудiң ерекше тетiктерiн пайдалануына айрықша талаптар қояды.
Әлеуметтiк басқаруды келесi негiздер бойынша жiктеуге болады:
деңгейi бойынша – адамзатты, аймақтарды, мемлекетті, ұйым топтарын, жекелеген ұйымдарды, ұйым бөлiктерiн (бөлiмшелерiн), адам топтарын, жеке адамды басқару;
өрiсi бойынша – мемлекеттiк, саяси, шаруашылық және т.б.;
мазмұны бойынша – жалпы басқару, технологиялық процестердi ұйымдастыруды, адамдарды, ақпаратты, нарықтағы фирманың мiнез-құлқын, қаржыны және т.б. басқару;
негiзгi шешiмдердiң көзi бойынша – сыртқы, бастамалы және өзiн-өзi басқару;
басқарушылық ықпалды жүзеге асыру тәсiлi бойынша – жеке және сенiмдi;
басқарушылық шешiмдердi әзiрлеу әдiсi бойынша – ғылыми және эмпирикалық;
қабылданатын шешiмдердiң себептелуi бойынша – жағдайлық және стратегиялық;
ортамен әрекеттесу тәсiлi бойынша – бейiмделгiш және бәсекелiк;
бағытталуы бойынша – процеске, нәтижеге, болашақтағы мәселенiң алдын алуға бағытталған.
Әлеуметтiк басқарудың айрықша нысаны шаруашылық басқару болып табылады. Ол адамдардың шаруашылық қызметiн үйлестiру қажеттiлiгiне байланысты қалыптасты. Тарихта шаруашылық басқарудың бiрнеше тұрпаттары болды.
Дәстүрлi басқару капиталистiкке дейiнгi дәуiрге тән болып, әдеттерге негiзделдi, ережелер және рәсiмдермен нашар реттелiп, құқықтық негiздерi болмады. Басқарушылық функциялар жеке билiк негiзiнде патриархалдық отбасылардың иелерiмен жүзеге асырылатын.
Қолөнершiлiк басқару капитализмнiң туындауы дәуiрiнде пайда болып, жалдамалы қызметкерлерге қатысты меншiк иелерiмен жүзеге асырылатын.
Меншiктен бөлiнген кәсiпкерлiк басқару бүгiнгi күнге тән. Индустриялық дәуiрде ол иерархияны құрайтын арнайы дайындалған және үйретiлген басқарушылар жүзеге асырған менеджерлiк басқару нысанында болды. Индустриядан кейiнгi дәуiрде оны жүйелi басқару алмастырды, оған тек менеджерлер ғана емес, мамандар да, тiптi көмекшi қызметкерлер де қатысты. Ақпараттық дәуiрде жүйелi басқару бiртiндеп өзiн-өзi басқаруға ұласатын болады. Менеджерлiк және жүйелi басқару, ал iшiнара өзiн-өзi басқару институционалдандырылған болуы, яғни қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiктерi және т.б. ресми түрде анықталуы, тиiс.
Шаруашылық басқару екi мiндеттi шешедi:
жедел (тактикалық) – фирманың ағымдық қызметiнiң жағдайларын қамтамасыз ету, оның жекелеген элементтерi арасындағы, тұтастай фирма мен сыртқы орта арасындағы әрдайым бұзылатын тепе-теңдiктi қалпына келтiру, қойылған мақсаттарға жету жөнiндегi қызметкерлердiң әрекетiн ұйымдастыру;
стратегиялық – фирманың дамуы мен жетiлуiн, оның сандық және сапалық түрдегi өзге күйге көшуiн қамтамасыз ету.
Кез келген ғылым секілді басқару ғылымының өз әдістемесі бар. Әдістеменің міндеті - осы саладағы білімнің өмір құбылыстарын зерделеу мен қорытындылаудың түрлі құралдары мен тәсілдерінің жүйесін жасау болып табылады. Басқару әдістері — бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатындағы түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен рәсімдерінің жүйесі. Басқару теориясы мен тәжірибесінде көптеген әдістер қолданылады, оған жататындар:
диалектикалық – қозғалыс пен даму;
тарихи – өткен тәжiрибенi есепке алу;
кешенді – зерттелетiн құбылысты өзге құбылыстар және экономикалық процестермен байланыста қарастыру;
жүйелі – басқаруды жүйелердiң жиынтығы ретiнде қарастыру.
Басқарушылық процесс және оның элементтерi
Қызмет ретiнде басқару басқарушылық процестердiң жиынтығында, яғни менеджерлер белгiлiктi бiрiздiлiкпен жүзеге асыратын мақсатты бағытталған шешiмдер және әрекеттермен, iске асырылады. Бұл процестер ұйыммен бiрге дамиды және жетiледi. Олар бастапқы және туынды, бiр сатылы және көп сатылы, толық және толық емес, жүйелi және жүйесiз, уақтылы және кешiккен және т.с.с. болады. Басқарушылық процестер қатаң (мысалы, ережелер, ресми өкiлеттiктер, рәсiмдер) әрi жұмсақ (мысалы, басшылық стилi, ұйымдық құндылықтар) элементтерден тұруы мүмкiн.
Басқарушылық процестердiң ерекшелiктерi әрi объективтi (ұйым немесе бөлiмшенiң сипаты мен қызмет өрiсi, олардың құрылымы және т.б), әрi субъективтi (басшылық пен қызметкерлердiң мүдделерi, бейресми байланыстар және т.б.) факторлармен анықталады. Мұндай процестердiң жиынтығы өзара байланысқан келесi фазалардан тұратын циклдi құрайды:
шешiм қабылдау – мақсат пен iс-әрекет бағдарламасын анықтау;
орындау – ұйымның элементтерiне ықпал ету;
ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және бақылау – керi байланыс.
Нақтылы басқарушылық процестiң мақсаты басқарушылық жағдайды, яғни ұйымға оң немесе терiс ықпал ететiн (етуi мүмкiн) мән-жайлардың сондай жиынтығын, өзгерту немесе, керiсiнше, сақтау болып табылады. Жағдай сандық және сапалық көрсеткiштермен (ұзақтығымен, өткiрлiгiмен, пайда болу себептерi және орнымен, мазмұнымен, қатысушылар аясымен, маңыздылығымен, күрделiлiгiмен, даму болашағымен және т.б.) сипатталады.
Басқару процесiнiң элементтерiне белгiлiктi нәтижеде (шешiмде) iске асырылатын басқарушылық еңбек, оның пәнi мен құралдары жатады.
Басқарудағы еңбектiң пәнi мен өнiмi бар мәселе және оны шешу тәсiлдерi туралы ақпарат болып табылады. Бастапқы ақпарат «шикi» болып табылады, сондықтан да iс жүзiнде пайдаланыла алмайды. Алайда өңдеу нәтижесiнде ол нақтылы әрекеттердi жүзеге асырудың негiзi болып табылатын басқарушылық шешiмге айналады.
Ақпаратпен операцияны жүзеге асыруға жәрдемдесетiннiң барлығы – компьютер, телефон, қалам мен қағаздан бастап адам тәнiнiң мүшелерiне дейiн – басқарушылық еңбектiң құралдары болып табылады. Олар ақпаратты өңдеу құралдары (мысалы, компьютер, калькулятор), құжаттарды көбейту құралдары (мысалы, принтер), оларды ресiмдеу құралдары (мысалы, мөр), топтастыру мен сақтау құралдары (мысалы, папка), жедел байланыс құралдары (мысалы, телефон), жиһаз.
Басқарушылық еңбек олардың көмегiмен менеджер жекелеген шешiмдердi дайындау мен iске асыруды қамтамасыз ететiн iс-әрекет пен операциялардың жиынтығы болып табылады. Ол жүйке-психологиялық күш жұмсау түрiнде жүзеге асырылатын ой еңбегiнiң санатына жатады және үш нысанда болады: эвристикалық, әкiмшiлiк және операторлық. Мұндай еңбек бастамашылықты, күшейтiлген жауапкершiлiктi талап етедi.
Эвристикалық еңбек басқарушылар алдында тұрған мәселелерді зерттеу жөнiндегi әрекеттердiң жиынтығы мен оларды шешу – ұйымдық, экономикалық, техникалық - нұсқаларын әзiрлеуге келiп саяды. Мiндеттердiң күрделiлiгi мен сипатына байланысты ол басшылармен және мамандармен орындалады.
Әкiмшiлiк еңбек негiзiнен басшылардың үлесiне жатады. Ол бағыныштылардың қызметiн үйлестiру мен бақылау, оларды бағалау, уәждеме, өкiмдеу, нұсқама беру, жиналыстар мен мәжiлiстердi өткiзу, қатысушыларды қабылдау, iскерлiк келiссөздердi жүргiзу, хаттар мен телефон шалыстарына жауап беру, жұмыс орындарын айналып шығу сияқты жұмыс түрлерiн орындаумен байланысты. Әкiмшiлiк еңбектiң маңызды жайы мақсатты басқарушылық ықпал болып табылады.
тұрпаты бойынша ол бұйрық, ұсыныс, кеңес, сөгiс, мақтау және т.б. болуы мүмкiн;
нысаны бойынша ықпал тiкелей немесе жанама, айқын немесе айқын емес, жұмсақ немесе қатты болады;
берiлу тәсiлi бойынша ықпал ресми және бейресми болып бөлiнедi.
Операторлық еңбек өндiрiстiк және басқарушылық процестердi қажеттi ақпаратпен техникалық қамтамасыз етуге бағытталған. Ол келесi функцияларды атқарады:
құжаттық – құжаттарды ресiмдеу, көбейту, сұрыптау және сақтау;
бастапқы-санау және есептiк – ұйым аясында өтiп жатқан өндiрiстiк, шаруашылық, әлеуметтiк және өзге де процестер туралы статистикалық, бухгалтерлiк және т.б. ақпаратты жинау;
коммуникативтi-техникалық – байланыс орнату;
есептегiш және формальды-логикалық – жиналған ақпаратты бiрiздiлiкпен өңдеу және оның негiзiнде берiлген алгоритм бойынша қажеттi есептердi жүзеге асыру.
Негiзiнен басқарушылық еңбек күрделi болып табылады, ол келесi себептерге байланысты:
шешiлетiн мәселелердiң ауқымына, саны мен көп қырлылығына, олардың арасындағы байланысқа, қолданылатын әдiстердiң, ұйымдық қағидалардың сан алуандығына;
терең кәсiби бiлiмдi, тәжiрибенi, кең эрудицияны талап ететiн кейде белгiсiздiк немесе тәуекел жағдайында жаңа, дәстүрлi емес шешiмдердi қабылдау қажеттiгiне;
жедел дербес әрекет ету, өзiне тәуекелдiң салдары үшiн жауапкершiлiк алудың қажеттiгiне.
