Көне Қытай философиясының негізгі мектептері:
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Олардың арасындағы бастысы - Конфуций мектебі болды деуге болады, оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап, XX ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады.
Осыдан бес мың жыл бұрын қалыптасқан қытай өркениеті өзінің қол жеткізген табыстарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, бұл халықтың, адамзаттың рухани мәдениетіне, саясатқа, құқыққа да қосқан үлесі зор. Саясат, құқық, дін аяларында еңбек еткен ұлы қытайлықтардың есімдері қазіргі күнге дейін сақталып келе жатыр.
Әсіресе, ежелгі Қытай Жер шарында алғаш қалыптасқан саяси құқықтық ошақтарының біріне жатады. Осы елде б.з.д. VI – IV ғасырлар аралығында ең белгілі мектептер пайда болып, даму өрісін кеңейтеді.
Сол мектептердің біріне ежелгі Қытайдағы легизм мектебін жатқызамыз. Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда жарық көрген. Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл «кімді кім жеңетіндігі» туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның айтуынша, «халық, өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет өз халқынан күштірек болса, армия күшті, әрі қуатты болады».
Шан Янның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық көзқараста болу оларды жазалау және күштеу шаралары арқылы қалаған тәртіпке көндіруге болады деген тұжырымға сәйкес келеді. [6, 12 бет]
Ежелгі Қытайдағы легистер. Легизм мектебі
Легистер (заңгерлер). Ерте легизмнің ірі өкілі Шань Ян (б.з.д. 390 — 338 жылдар шамасы) ұсынған реформалардың жобалары мен жарлықтары "Шань цзюнь шу" трактатына ("Шань облысының әміршісі кітабы") енген. Трактаттың бірқатар тараулары Шан Ян есімімен белгілі Гунсунь Янның өзімен жазылған. Бұл Қытайдың белгілі теоретигі және заңшылдар мектебінің негізін салушылардың бірі Циндік билеушілердің бірі - Сяо — гун (б.з.д. 361-338) тұсында Шан облысының билеушісі болды.
Шан Ян заңға және қатаң жазаға негізделген басқаруды қолдады. Ол сол уақытта кең таралған Конфуций ұстанымын және басқару саласындағы идеяларды (заңмен дәстүрлік этикетті, ескі дәстүр мен ритуалды ұстанушылық) сынға алды, Шан Ли айтуынша, осындай көзқарастарды ұстанған адамдар лауазымды қызметті және занды иелене алады, бірақ олар ескі заң шеңберінен шыққан мәселелерді талдауға мүмкіндігі жоқ.
Легизм ілімі оның алдындағы тұжырымдамалардан едәуір өзгеше болды. Легистер саясатты дәстүрлі моральдық баяндаудан бас тартып, билікті атқару техникасы туралы ілімді жасады. Шань Ян осы қайта бағдарлануды жүзеге асыра отырып, патриархалдық тәртіпті жоюға қол жеткізген мемлекеттік міндеттерді атқарған ақсүйектер мен ауқатты қауымшылдардың ұмтылыстарын басшылыққа алды. Саяси теориядан олар басқаларға қарағанда ізгілікті ақыл-өсиеттерді аз күтті. Оларға керегі жалпы мемлекеттік түрлендірулердің салыстыра тексерілген бағдарламасы болатын.
Легизмнің ерекшеліктерін қоғамдық құбылыстарға тарихи көзқарастардың элементтері құрады. Жаңа аристократияның жеке меншіктік мүдделері қауымдық өмірдің архаистік ұстанымдарына қайшы келгендіктен, оның идеологтарына дәстүрдің беделіне емес, әлеуметтік шарттардың бұрынғымен салыстырғандағы өзгерістеріне шағынуына тура келді. Ежелгі тәртіптерді қалпына келтіруге шақырған достарға, конфуцийшілдерге және моистерге қарсы легистер ескіге қайта оралудың мүмкін еместігін дәлелдеп бақты.
Легистер қауымдық өзін-өзі басқаруды шектеу, отбасылық-рулық қауымдар мен патронимияларды жергілікті әкімшілікке бағындыру қажет деп есептеді. Шань Ян қауымдық өзін-өзі басқаруды теріске шығармастан, азаматтарды мемлекеттік биліктің тікелей бақылауына қоюды көздейтін реформалардың жобаларын (елді аудандарға бөлу, жергілікті жерлердегі шенеуніктік қызметтер және т.б.) ұсынды. Бұл жобаларды жүзеге асыру Қытайда азаматтардың аймақтық бөлінуінің бастауы болды.
Барлық мемлекет үшін біртұтас заңдар белгілеу ұсынылды. Басқа да ерте легистер сияқты Шань Ян әдет-ғұрып құқығын заңнамамен толық алмастыруды ойлаған жоқ. Занды ол қуғын-сүргін саясаты (қылмыстық заң) және үкіметтің әкімшілік өкімі деп түсінді. [5, 12 бет]
Билік пен халық арасындағы қарым-қатынастарды Шань Ян жауласушы тараптардың бір-біріне қарсы тұруы деп қарады. Үлгілі мемлекетте әміршінің билігі күшке арқа сүйейді және ешқандай заңға бағындырылмаған. Шань Янға азаматтардың құқығы, олардың заңды кепілдері туралы және т.б. ұғымдар белгісіз. Заң, оның ойынша, қорқыныш ұялатушы, ескерту жасаушы террор болып шығады. Тақсыр қызметінің жоғарғы мақсатын Шань Ян басқыншылық соғыстар жолымен Қытайды біріктіруге қабілетті күшті билік құру деп есептеді.
Легистік тұжырымдамаларды іс жүзінде қолдану қатыгездіктің күшеюімен, бодаңдардың санасына әмірші алдында жаппай үрейді сіңірумен және жаппай сезіктенумен қатар жүрді. Жалпы бұқараның легистік тәртіпке наразылықтарын ескере отырып, Шань Янның ізбасарлары неғұрлым жексұрын жағдайлардан бас тартып, легизмді моральдық мазмұнмен толықтырып, оны даосизммен немесе конфуцийшілдікпен жақындастырды.
Б.з.д. II — I ғасырларда легизм идеясымен толықтырылған конфуцийшілдік Қытайдың мемлекеттік діні ретінде бекіді. Моистер мектебі біртіндеп келмеске кетеді. Даосизм буддизммен және жергілікті нанымдармен астарласып магия белгілеріне ие бола бастайды жөне уақыт өте келе саяси идеологияның дамуына ықпалын жоғалтады. Конфуцийшілдік 1911 — 1913 жылдардағы Синхай революциясына дейін императорлық Қытайдың ресми ілімі болып келді. [10, 12 бет]
Негізгі өкілдері Шань Ян (б.з.д IV ғ.), Хань-Фэй-цзы (шамамен б.д.д III ғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін:
1. Мақтаудан жазалау көп болу керек.
2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет.
3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады.
4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де барады.
Конфуцийшылдардың «Мемлекет — үлкен отбасы, оның басшысы — халықтың әкесі» деген ілімінің орнына легистер: «Мемлекет — өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші — өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, Аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары:
1. Ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясыңдағы (Қытай) мемлекет құру;
2. Осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру. Осы тұрғыдан өнерге, білімге деген қүштарлық теңелуі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізі қолөнер немесе сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек.
Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жұмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс».
Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де осы саяси құқықтық бағыттарды жақтаған немесе қарсы шыққан саяси топтардың кездесетінін ескерткен артық болмас.
Мұрагерлік аристократияның билеуіне сын айтқан моистер мектебінің негізін қалаушы Мо-Цзы (шамамен б.з.д. 479 - 400 жылдар) болды. Оның ілімін, жолын қуушылар "Мо-цзы" кітабында Моизм ілімінің сипаты баяндалған. Моизм әлеуметтік жағдайы тұрақсыз, қарама-қайшылықты ұсақ меншік иелерінің - ерікті жер өңдеушілердің, қолөнершілердің, саудагерлердің, мемлекеттік аппараттағы төмен шен иелерінің мүддесін білдірді. Бір жағынан, олар еңбекші бұқараға жақын болды және белгілі бір дәрежеде олардың сенім-пікірлерін қабылдады, ал екінші жағынан - қоғамда белгілі бір орынды иеленгеннен кейін билеуші төменгі топқа жақындауға тырысып бақты, жоғары тектің артықшылықтарын өздеріне талап етті. Моистердің ілімін осындай қарама-қайшылықтар жайлаған болатын. Әлеуметтік төменгі топтың кейбір түсініктерін қайта жаңғырта отырып, моистер мемлекеттік лауазымдарды шығу тегі мен туыстық принциптері бойынша иеленуді айыптады. Олар барлық адамдардың көктегі құдай алдында бірдей екендігін дәлелдеді. Мемлекеттік қызметке шығу тегіне қарамастан неғұрлым ақылды адамдарды ұсыну қажет. Олар осы тұрғыдан мұрагерлік аристократтарда білім туа бітеді деген ойға жол беретін және ақылдылардың ұсынылуын білім деңгейімен шектейтин конфуцийшілдіктің ымырашылдық доктринасын да сынға алды. Мо-цзы ақылдылықтың көзі туа біткен ізгіліктер мен атап оқу ғана емес, қарапайым халықтың өмірінен алынған білім деп көрсетті. Мемлекет басқару оқытуды қажет етпейді. Адамның мемлекеттік басқаруға қабілеті онын іскерлік қасиеттерімен - қарапайым халыққа кызмет етуді қалауымен, іске қажырлылығымен және т.б. анықталады.
Аталған көзқарасты Шан Яннан басқа да көптеген Фацзя мектебінің ықпалды өкілдері дамытты. (Цзын Чань, Шэнь Бу -хай, Хань - Фэй және т.б.)
Хань Фэй ( б.з.д. III ғ.) легистік доктрина шегінде заңның басқару өнерімен толықтыруын қолдады. Бұл мәні жағынан басқару құралы ретінде тек қана ауыр жазаның болу кемшілігін мойыңдау. Осыдан оның легстер Шан Яньды сынауы байқалады. Ол заң мен басқару өнерін тым дәлірек талқыламаған.
Б.з.д. II г. Ежелгі Қытайдағы ресми мемлекеттік идеология легизм және конфуций ілімдері бірге қолданылып отырды. Әртүрлі басқарудың құқықтық түсінік концепцияларының идеялары, теориялық симбиоздары Қытайдың мемлекет және құқығының даму тарихында маңызды рөл ойнады.
Сонымен ежелгі Қытай саяси ойларының ерекшеліктері:
Рационалдылық, діннің шамалы түрдегі ықпалы
Этникалық өлшем. Саяси мәселелер этиа тұрғысынан шешімін таып отырды.
Дәстүрдің күшті ықпал етуі.
Саясатқа қосылған адамның әлемі, табиғат әлемінен бөлінбей зерттелінеді.
Ұйымдардың әлеуметтік формаларының ықпалы. Нақты бақыланды.
Ежелгі Қытай саяси ойлары практикадан теорияға қарай бағытта дамыды.
Ежелгі Қытай саяси ойларының генезисі:
Биліктің легитимациясы мен өзіндік легитимациясының қажеттілігін түсндіру. Мысалы, Чжоу династиясы аспан мандаты идеясы – Тянь минді тудырды.
Белсенді түрде билік жүргізу өнері мен билікті жүзеге асыру механизмі талқыланып отырды.
Әкімшілік принциптерін деген көзқарастар өзгеріп отырды. Мысалы, гегемондар институттарының құрылуы – Ба, және олаодың билік жүргізудегі екі теориясы: а) Ван-дао-лигитимді билік; б) Ба-дао-зорлық негізіндегі билік; [6, 15 бет]
