Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kurs_lektsiy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.7 Mб
Скачать
  1. Тақырып Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы

Лекция жоспары

Нарықтың пайда болу жағдайлары:

  1. Қоғамдық еңбек бөлінісі.

  2. Өндірушінің дербестігі, тәуелсіздігі, таңдау еркіндігі.

  3. Жекеменшікке негізделіп өндірушінің экономикалық бөлініп шығуы.

Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы.

Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер, мемлекет). Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) және көрсетілетін қызметтер.

Нарық қызметтері:

  1. Ақпараттық қызмет - нарық экономика жағдайы туралы мәліметтер таратады.

  2. Делдалдық қызмет – нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы тауар сатушы тауып, өндіруші (сатушы) өзіне пайдалы тауарды алушыны таңдауға мүмкіндік алады.

  3. Баға белгілеу қызметі – нарықтың өзі тек қоғамға қажетті шығындарды қабылдайды және соларды ғана төлейді.

  4. Реттеушілік қызметі - капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды.

  5. Санациялық қызмет – бәсеке қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартып белсенділер мен тапқырларға жол береді.

Нарық құрылымының классификациясы

  1. Нарық объектілерінің экономикалық бағыттары бойынша:

    1. Тауарлар мен қызметтер нарығы

    2. Өндіріс факторлары нарығы.

    3. Қаржы нарығы.

    4. Ақпарат нарығы.

  2. Жағрапиялық орналасуы бойынша:

    1. Жергілікті нарық.

    2. Аймақтық нарық.

    3. Ұлттық нарық.

    4. Әлемдік нарық.

  3. Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан:

    1. Монополия нарығы.

    2. Олигополия нарығы.

    3. Монополистік бәсеке нарығы.

    4. Жетілген бәсеке нарығы.

  4. Сала бойынша:

    1. Автомобиль нарығы.

    2. Компьютер нарығы.

    3. Ауылшаруашылық нарығы.

    4. Өнеркәсіп нарығы.

  5. Тауар өткізу сипатына қарай:

    1. Көтерме сауда нарығы.

    2. Бөлшек сауда нарығы.

  6. Заң актілеріне сәйкес:

    1. Ресми нарық.

    2. Жасырын нарық – көлеңкелі.

  7. Нарықтың дамуына байланысты:

7.1. Дамыған нарық.

    1. Дамымаған нарық.

Экономикалық теорияда жасырын экономика - әртүрлі себептермен ресми түрде статистика арқылы есепке және бақылауға алынбаған өндіріс, айырбас және материалдық игіліктерді бөлу процестері. Нарықты өмірде жасырын экономика факторын есепке алмау қоғам мүддесіне қайшы келетін өте ауыр салмақтағы жағдай әлеуметтік экономикалық салаларға кері әсерін тигізетіні лауазымдық қызметкерлердің қылмысының өсуіне және басқа да әртүрлі қылмыстық істерге әкеліп соқтырады.

Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады. Өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін сұраныс пен ұсыныс. Бәсеке нарықта реттеушілік қызметін атқарады.

А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]