- •«Экономикалық теория» пәні бойынша лекциялар курсы
- •1 Тақырып Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен ролі.
- •3.Экономикалық саясат және оның мақсаттары
- •2 Таќырып Ќоѓамдыќ µндіріс негіздері
- •3 Таќырып. Меншік ќатынастары жєне оныњ экономикадаѓы ролі
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •4,1999-2000 Ж.Ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру.
- •4 Таќырып. Ќоѓамдыќ шаруашылыќ формалары. Ќоѓамдыќ µндірісті тауарлы ±йымдастыру
- •1. Жеке меншік
- •2.Ұжымдық меншік
- •Серіктестік Кооператив Акционерлік Бірлескен
- •3.Қоғамдық меншік
- •Тақырып Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы
- •6 Таќырып. С±раныс пен ±сыныс теориясы.
- •7 Таќырып. Бєсеке жєне монополия
- •8 Тақырып. Кәсіпорынның (фирма) шығындары мен пайдасы
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •9 Таќырып. ¤ндіріс факторларыныњ нарыѓы жєне факторлыќ табыстардыњ ќалыптасуы
- •Мерзімдік
- •Жалақының формалары
- •10 Таќырып. ¦лттыќ экономика ж‰йе ретінде. Негізгі макроэкономикалыќ кµрсеткіштер.
- •11 Таќырып. Макроэкономикалыќ тепе-тењдік
- •12 Таќырып. Ж±мыссыздыќ пен инфляция макроэкономикалыќ т±раќсыздыќ кµрсеткіші ретінде
- •13 Таќырып. Экономикалыќ µсу жєне экономикалыќ дамудыњ циклділігі.
- •Экономикалық өсудің типтері
- •Экстенсивті тип
- •Интенсивті тип
- •Аралас тип
- •Экономикалық өсудің факторлары
- •14 Таќырып. Елдіњ аќша-несие саясаты
- •Н есиенің түрлері
- •Несиелік белсенділікті басқару
- •15 Таќырып. Ќаржылыќ ж‰йе жєне мемлекеттіњ фискалдыќ саясаты
3.Экономикалық саясат және оның мақсаттары
Экономикалық саясатты жасауда экономикалық теория әр қашанда қолданылады. Экономикалық саясат - бұл экономикалық мәселелерді шешуде және олардың құралдарын жүзеге асыруда жүргізетін мемлекеттің іс-әрекеті. Экономикалық теорияның зерттеулері мен тұжырымдары экономикалық саясатты жүзеге асыруға бағытталған, стратегиялық экономикалық болжау және әртүрлі бағдарламаларды жасап шығару үшін қолданылады. Экономикалық саясаттың міндеттерінің жүзеге асырылуы экономикалық жүйенің өзгеруіне, оның жетілдірілуіне әкеледі де, ал ол өз кезегінде экономикалық теорияның дамуында, жаңа ғылыми білімнің нақты қосылуында көрініс табады.
Позитивті экономикалық теория субъективті бағалау пікірлерден тәуелсіз болады. Ол адамның билігі мен ой-санасынан тәуелсіз адамдардың экономикалық мінез-құлықтарындағы ғылыми ой-пікілерін қалыптастырады. Керісінше, белгілі бір экономикалық қатынастарға немесе белгілі бір экономикалық теорияға сүйене отырып нормативті экономикалық теория экономиканың қандай болуы туралы немесе қандай нақты саяси ұсыныстар беру керек екендігі туралы адамдардың бағалау ой-пікірлеріне жүгінеді.
Экономикалық саясат мынадай мақсаттарға жетуге бағытталады:
Еңбекке кажеттілігі және қабілеті бар адамдарды толық жұмыспен қамтамасыз ету.
Бағалар деңгейінің тұрақтылығын сақтау.
Экономикалық тиімділік: ең аз шығын мен өнімділіктің ең жоғары деңгейіне жету.
Адамдардың өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық өсуге жету.
Экономикалық еркіндік: кәсіпкерлер, еңбеккерлер мен тұтынушылар өздерінің экономикалық іс-әрекетін жоғары деңгейдегі еркінділікпен жүргізуі қажет.
Табыстардың әділ бөлінуі: адамдар абыройлы өмір сүру үшін өздерінің еңбегіне лайықты еңбек ақы алуы қажет.
Әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету: мемлекет еңбекке жарамсыз, қабілеті жоқ, ауру, қартаң, жетім адамдардың өмір сүруін қамтамасыз етуі қажет.
2 Таќырып Ќоѓамдыќ µндіріс негіздері
Лекция жоспары (1кр.саѓ)
1. Экономикалыќ ресурстар: т‰сінігі, т‰рлері, шектеулілігі жєне оларды ќолданудыњ альтернативті тањдауы.
2. ¦дайы µндіріс: фазалары, т‰рлері, типтері.
3. Экономикалыќ ж‰йе жєне оныњ элементтері.
4.Экономикалыќ ж‰йелердіњ типтерініњ жіктемесі.
5.. Мемлекеттіњ экономикадаѓы ролі.
Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.
Өндіріс – материалдық игіліктерді, пайдалы өнімді өндіру процесі.
Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімдегі үлесін анықтау.
Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.
Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.
1.2. кесте.
Қоғамдық өндірістің құрылымы
Материалдық өндіріс |
Материалдық емес өндіріс |
Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б. |
Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары. |
Үнемі қайталап, жаңғырып отыратын өндірісті ұдайы өндіріс деп атайды.
Ұдайы өндірістің түрлері:
жай өндіріс ұлғаймалы өндіріс.
Ұлғаймалы өндірістің типтері:
Экстенсивті - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.
Интенсивті - өндіріс техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.
Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.
Өндіріс ресурстары - бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар:
Табиғи ресурстар - өндіріс процесінде қолданылатын қоршаған ортадағы табиғат жағдайлары жиынтығының бір бөлігі (жер, қазба байлықтары, су ресурстары, т.б.)
Еңбек ресурстары – еңбек ету қабілеті бар жұмыс жасындағы белсенді халық саны.
Капитал - өндіріс процесінде қолданылатын құрал - саймандар үшін қажетті ақша қаражаты (машиналар, станоктар т.б.)
Ақпараттық ресурстар - автоматтық өндірістің шаруашылығына компьютерлік техниканың көмегімен басқару үшін қажетті мәліметтер.
Кәсіпкерлік қабілет – шектеулі ресурстарды өндірісте тиімді пайдалану мен дұрыс бағытта ұйымдастырудағы жоғары бағаланатын іскерлік дарын.
Нақты өндірісте әрекет жасауға жұмсалған ресурстарды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі экономикалық теорияда төрт өндіріс факторлары белгіленген: еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Өндіріс процесі өндіргіш күштер арқылы жүзеге асады. Өндіргіш күштер дегеніміз - бұл өндірісті ұйымдастыру үшін пайдаланатын жұмыс күші мен өндіріс құралдарының жиынтығы.
Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:
Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.
Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.
Өндіріс қоғамның қажеттілігін толық қанағаттандыруда тауарлар мен қызметтерді барынша мол өндіру үшін ұйымдастырылады. Бірақ та ресурстардың шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау проблемасы туады, яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет. Таңдау проблемасын графикте өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы арқылы көруге болады. Мысалы: экономикада екі ғана тауар өндіріледі: Х және У.
1 сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы.
|
А – барлық ресурстар У- тауарын өндіруге бағытталған барлық ресурстар В -Х тауарын өндіруге бағытталған барлық ресурстар С және Ғ – ресурстарды тиімді пайдалану Е – ресурстарды толық пайдаланбау Д – осы берілген технологияның даму деңгейінде мүмкіншілігі жоқ өндіріс |
1
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы. Экономикалық жүйені топтау кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі.
1. Экономиканы ұйымдастыру бойынша:
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шет елдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
Меншік қатынастарының формалары бойынша:
Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.
Әкімшілік - әміршілік экономика - орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
Нарықтық экономика - жеке меншікке, бәсекеге негізделеді.
Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.
Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:
Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы, натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.
Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске, дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.
Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.
Дәстүрлі экономиканың сипаттамасы:
Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.
Техникалық прогресс шектеулі.
Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.
Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
Мемлекет пен қарулы күштердің рөлі өте жоғары.
Әкімшілік - әміршілік экономиканың сипаттамасы:
Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.
Экономикада орталықтанған жоспарлау.
Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.
Орталықталынған ресурстар қоры.
Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталылығының болмауы.
Нарықтық экономиканың сипаттамасы:
Өндіріс факторларына жекеменшік.
Кәсіпкерлік пен таңдау еркіндігі.
Тәуекелге бел байлаған шаруашылық субъектілердің өзіндігі.
Еңбек нәтижесіне қатысушылардың жеке ынталылығы – мотивациясы.
Өндірушілер, тұтынушылар арасындағы бәсеке, сондықтан ешкім нақты (экономикалық) билікке ие емес.
