- •«Экономикалық теория» пәні бойынша лекциялар курсы
- •1 Тақырып Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен ролі.
- •3.Экономикалық саясат және оның мақсаттары
- •2 Таќырып Ќоѓамдыќ µндіріс негіздері
- •3 Таќырып. Меншік ќатынастары жєне оныњ экономикадаѓы ролі
- •1. Жеке меншік
- •2.Ұжымдық меншік
- •Серіктестік Кооператив Акционерлік Бірлескен
- •3.Қоғамдық меншік
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •4,1999-2000 Ж.Ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру.
- •4 Таќырып. Ќоѓамдыќ шаруашылыќ формалары. Ќоѓамдыќ µндірісті тауарлы ±йымдастыру
- •Тақырып Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы
- •6 Таќырып. С±раныс пен ±сыныс теориясы.
- •7 Таќырып. Бєсеке жєне монополия
- •8 Тақырып. Кәсіпорынның (фирма) шығындары мен пайдасы
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •9 Таќырып. ¤ндіріс факторларыныњ нарыѓы жєне факторлыќ табыстардыњ ќалыптасуы
- •Мерзімдік
- •Жалақының формалары
- •10 Таќырып. ¦лттыќ экономика ж‰йе ретінде. Негізгі макроэкономикалыќ кµрсеткіштер.
- •11 Таќырып. Макроэкономикалыќ тепе-тењдік
- •12 Таќырып. Ж±мыссыздыќ пен инфляция макроэкономикалыќ т±раќсыздыќ кµрсеткіші ретінде
- •13 Таќырып. Экономикалыќ µсу жєне экономикалыќ дамудыњ циклділігі.
- •Экономикалық өсудің типтері
- •Экстенсивті тип
- •Интенсивті тип
- •Аралас тип
- •Экономикалық өсудің факторлары
- •14 Таќырып. Елдіњ аќша-несие саясаты
- •Н есиенің түрлері
- •Несиелік белсенділікті басқару
- •15 Таќырып. Ќаржылыќ ж‰йе жєне мемлекеттіњ фискалдыќ саясаты
1. Жеке меншік
Өзіндік меншік Өз еңбегіне негізделген Жалдамалы еңбекке
(табыс әкелмейді, меншік негізделген меншік
тек өз тіршілігіне (табыс әкеледі)
пайдаланады:
баспана,жиһаз, білім)
2.Ұжымдық меншік
Серіктестік Кооператив Акционерлік Бірлескен
қоғам өндіріс
3.Қоғамдық меншік
Мемлекеттік Муниципалдық
ҚР-да мемлекеттік меншік объектілерін мемлекеттен алу мен жекелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:
а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру;
ә) жалға берілген мемлеметтік кәсіпорын мүлігін сатып алу;
б) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру;
в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру;
г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы;
д) мүліктері мемлекеттік меншікке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорынның мүлігін заңды тұлға және жеке адамдарға конкурс және аукцион арқылы сату.
1991 ж. бастап ҚР-ның Конституциясында жекеменшікке деген құқық белгіленіп және жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың алғашқы шаралары қолданыла бастады. Бұл шаралардың негізгі мақсаты: ол мемлекеттік меншіктің басқа формаларға өзгеруі мен нарықтық экономикаға көшуге жағдайлар жасау болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу кәсіпкерліктің дамуына, бәсекенің пайда болуына жағдай жасап, жекеменшік иелер топтарының қалыптасуына бағытталды.
Жекешелендірудің тәсілдері
1. Аукционда конкурс бойынша сату және сатып алу. |
2. Кәсіпорын капита-лының үлесін сату (акцияларды) |
3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.
|
Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізілді.
Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.
Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:
1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді.
1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы.
1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы.
4,1999-2000 Ж.Ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру.
4 Таќырып. Ќоѓамдыќ шаруашылыќ формалары. Ќоѓамдыќ µндірісті тауарлы ±йымдастыру
Лекция жоспары
Натуралды шаруашылық негізі
Тауарлы шаруашылық мәні
Тауардың негізгі құн өлшеуіштері
Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:
Натуралды шаруашылық |
Тауарлы шаруашылық |
1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады. |
1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады. |
2. Еңбек бөлінісі дамыған. Негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі. |
2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек. |
3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады. |
3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады. |
Натуралдық шаруашылық - томаға тұйық және жеке шаруа төңірегінде шоғырланады да, өнім өз қажеттеріне ғана жұмсалады. Тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.
Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. Тауардың екі қасиеті бар: тұтыну құны және айырбас құны (өз құны).
Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.
Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі.Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:
Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан, тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Тауардың өз құнын жасайтын еңбекті абстрактылы еңбек деп атайды. Яғни, құн мөлшері оны өндіруге жұмсалған қажетті жұмыс уақытымен өлшенеді.
Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отыратын экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен (ҚҚЕШ) өлшенеді.
Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді.
Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршығы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметті барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс алады. «Шақа» деген сөздің шығу тегі Ертедегі Римнің ақша белгісін соғуда бастау алған Юноны – Монета жеріне байланысты. Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастады.
