- •«Экономикалық теория» пәні бойынша лекциялар курсы
- •1 Тақырып Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен ролі.
- •3.Экономикалық саясат және оның мақсаттары
- •2 Таќырып Ќоѓамдыќ µндіріс негіздері
- •3 Таќырып. Меншік ќатынастары жєне оныњ экономикадаѓы ролі
- •1. Жеке меншік
- •2.Ұжымдық меншік
- •Серіктестік Кооператив Акционерлік Бірлескен
- •3.Қоғамдық меншік
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •4,1999-2000 Ж.Ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру.
- •4 Таќырып. Ќоѓамдыќ шаруашылыќ формалары. Ќоѓамдыќ µндірісті тауарлы ±йымдастыру
- •Тақырып Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы
- •6 Таќырып. С±раныс пен ±сыныс теориясы.
- •7 Таќырып. Бєсеке жєне монополия
- •8 Тақырып. Кәсіпорынның (фирма) шығындары мен пайдасы
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •9 Таќырып. ¤ндіріс факторларыныњ нарыѓы жєне факторлыќ табыстардыњ ќалыптасуы
- •Мерзімдік
- •Жалақының формалары
- •10 Таќырып. ¦лттыќ экономика ж‰йе ретінде. Негізгі макроэкономикалыќ кµрсеткіштер.
- •11 Таќырып. Макроэкономикалыќ тепе-тењдік
- •12 Таќырып. Ж±мыссыздыќ пен инфляция макроэкономикалыќ т±раќсыздыќ кµрсеткіші ретінде
- •13 Таќырып. Экономикалыќ µсу жєне экономикалыќ дамудыњ циклділігі.
- •Экономикалық өсудің типтері
- •Экстенсивті тип
- •Интенсивті тип
- •Аралас тип
- •Экономикалық өсудің факторлары
- •14 Таќырып. Елдіњ аќша-несие саясаты
- •Н есиенің түрлері
- •Несиелік белсенділікті басқару
- •15 Таќырып. Ќаржылыќ ж‰йе жєне мемлекеттіњ фискалдыќ саясаты
13 Таќырып. Экономикалыќ µсу жєне экономикалыќ дамудыњ циклділігі.
Лекция жоспары (2 кр. саѓ)
1. Экономикалыќ µсу, оны µлшеу. Экономикалыќ µсу типтері мен факторлары.
2. Экономикалыќ µсу модельдері.
3. Нарыќтыќ экономиканыњ дамуыныњ циклділігі. Циклділік ауытќулардыњ себептері: сыртќы жєне ішкі. Циклдіњ фазалары.
Техникалық прогресс пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі.
Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
График 9. Экономикалық цикл. |
|
1 3
2
|
Циклдың фазалары
|
Дағдарыстың сипаттамасы.
Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлемесі өседі.
Тоқырау фазасының сипаттамасы.
Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.
Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлемесі азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.
Жандану фазасының сипаттамасы.
Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.
Инвестициялар өседі.
Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.
Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлем
есі өседі.
Өрлеу фазасының сипаттамасы.
Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
Тауарлардың бағасы өседі.
Қарыз капиталының ұсынысы өседі.
Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.
Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990 жылдарда қайталанды.
«Ұлы тоқырау» атын алған ең жойқын дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.
Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі түрлерге бөлуге болады.
Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.
Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі тұтынудағы, өндіріс көлемінің, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер.
9.1. кесте
Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
Құралдар |
Тоқырау фазасында |
Өрлеу фазасында |
1. Ақша несие саясаты |
Пайыз мөлшерлемесін төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы.
|
Пайыз мөлшерлемесін өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы. |
2. Фискальдық саясат |
Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету. |
Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру. |
3. Жалақы мен тарифтер саясаты |
Жалақыны өсіру. |
Жалақыны төмендету. |
4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты. |
Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау. |
Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату. |
Мақсат: |
Шаруашылық белсенділігін ынталандыру |
Шаруашылық белсенділігін тоқтату. |
Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған, сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.
Циклдардың себептерін зерттеген басты бағыттар
К. Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдың оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен қарастырған.
Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша: цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері пайыз мөлшеріне дейін төмендесе кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.
Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері циклдық дамудың басты себептерін ақша факторынан іздейді. Дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатының нашар жүргізілуінен туындайды.
Сыртқы факторлардың әсеріне тоқтаған Виксель, Шпитгоф, Шумпетер деген зерттеушілер.
Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.
9.2. кесте
Экономикалық циклдардың типтері
Экономикалық циклдің типтері |
Ұзақтылығы |
Себептері, ерекшеліктері |
1. Дж.Китчиннің «қысқа толқындары» |
2-4 жыл |
Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі. |
2. К.Жуглярдың «орташа толқындары» |
10 жыл |
Ақша айналысындағы өзгерістер, несиелік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі. |
3. Кузнецтің циклдары |
18-25 жыл |
Экономикалық циклдардың себептері күрделі құрылыспен байланысты |
4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары» |
40-60 жыл |
Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.
|
5. Форрестердің циклдары |
200 жыл |
Энергия куаты мен материалдарға байланысты. |
6. Тоффлердің циклдары |
1000-2000 ж. |
Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты. |
Экономикалық өсу дегеніміз, ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі.
Экономикалық өсуді өлшеу тәсілдері:
Нақты ЖҰӨ-нің өсуі.
ЖҰӨ-нің бір адамға шаққандағы өсуі.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді7

4
Экономикалық
цикл