Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kurs_lektsiy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.7 Mб
Скачать

11 Таќырып. Макроэкономикалыќ тепе-тењдік

Лекция жоспары (2 кр. саѓ)

1. Жиынтыќ с±раныс. Жиынтыќ с±раныстыњ баѓалыќ жєне баѓалыќ емес факторлары.

2. Жиынтыќ ±сыныс: аныќтамасы, ќисыѓы жєне оны аныќтайтын факторлар.

3. Макроэкономикалыќ тепе-тењдік.

4. Т±тыну мен жинаќтаулар: байланысы мен айырмашылыќтары.

Макроэкономикалық тепе-теңдік – бұл жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

График 7.1. Макроэкономикалық тепе-теңдік.

Р

АS

Е

Ре

АD

Q

1. Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға тоқтауға болады:

- өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеруге болады;

- өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі.

2. Егер АД<АS, бұл жағдайда:

- өндірісті қысқарту қажет болады;

- өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны төмендетуге болады, сонда ұлттық табыс азаяды.

Мұнда, Р – бағаның жалпы дәрежесі, Q – тауардың жалпы көлемі, Ре - баға дәрежесінің тепе-теңдігі, Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.

Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі.

График 7.2. Жиынтық сұраныстың қисығы.

Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық

Сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызық өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АD2 - өсуі) немесе солға (АD1 - азаюы) жылжуына әкеледі.

Жиынтық сұранысқа (AD) әсерін тигізетін факторлар

Бағалы Бағасыз

1 2 3 4 5 6 7

  1. Байлық эффектісі (Пигу эффекті) - бағаның жалпы дәрежесі өскенде (азайғанда) жиналған қаржылық активтердің нақты құны төмендейді (өседі). Сондықтан, жиынтық сұраныс (AD) азаяды (өседі).

  1. Пайыз мөлшерлемесі эффектісі (Кейнс эффекті) – бағалар өскенде, ақшаға сұраныс өседі және пайыз мөлшерлемесі де өседі, сондықтан жиынтық сұраныс (AD) қысқарады.

  1. Айырбас курсының эффектісі (Манделл - Флеминга эффекті)- бағалар төмендегенде, ақшаға сұраныс азаяды, % мөлшерлемесі төмендейді, ұлттық валютаның нақты айырбас курсы төмендейді, таза экспорт өседі және жиынтық сұраныс (AD) өседі.

  1. Тұтыну шығындарының өзгеруі:

  • Тұтынушылардың табыс деңгейі.

  • Тұтынушылардың күтуі

  • Тұтынушылардың қарызы.

  • Салықтар.

  1. Инвестициялық шығындардың өзгеруі:

  • Пайыз мөлшерлемесі.

  • Инвестициядан пайда күту

  • Кәсіпорындар салықтары.

  • Өндірістің күш - куатының артуы.

  1. Мемлекет шығындарының өзгеруі.

  1. Экспорт пен импорттық шығындардың өзгеруі.

Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.

График 7.3. Жиынтық ұсыныстың қисығы

Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді: қысқа мерзімде – АS –көлденең сызық, ұзақ мерзімде - АS - тік сызық.

1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім

2 – аралық мерзім

3 – классикалық сызық, ұзақ мерзім.

Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  • Өндіріс ресурстар бағаларының деңгейі.

  • Нарықтың құрырылымы

  • Өнімділік.

  • Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.

  • Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.

График 7.4. Кейнсиандық сызықта AD өзгеруі.

График 7.5. Аралық сызықта AD-ның өзгеруі.

Бағалардың тұрақты жағдайында жиынтық сұраныстың өсуі өндіріс көлемінің өсуіне әкеледі.

Жиынтық сұраныстың өсуі баға мен өндіріс көлемінің өсуіне әкеледі

График 7.6. AD- ның классикалық сызықта өзгеруі.

Жиынтық сұраныстың өсуі классикалық сызықта өндіріс көлемі тұрақты, бірақ бағаның өсуіне әкеледі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]