Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kurs_lektsiy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.7 Mб
Скачать

10 Таќырып. ¦лттыќ экономика ж‰йе ретінде. Негізгі макроэкономикалыќ кµрсеткіштер.

Лекция жоспары (2 кр. саѓ)

1. Макроэкономикалыќ саясаттыњ маќсаттары мен ќ±ралдары.

2. Жалпы ±лттыќ µнім жєне оны µлшеудіњ єдістері.

3. Ж¦¤ мен Т¦¤, ¦Т, ЖТ жєне ЌТ µзара байланысы.

Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Еңбекке тарту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан.

Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс табу болса, «макроанализ» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.

Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар: жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.).

Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда Ж.Ұ.Ө. – бұл мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетудің біржылдық нарықтық құны.

Экономикалық теорияда Ж.Ұ.Ө. номинальды және нақты түрге бөлінеді.

Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды.

Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.

Номиналды ЖҰӨ

Нақты ЖҰӨ = ——————————

баға индексі

номинальды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасын жалпы ұлттық өнімнің дефляторы деп атайды.

Номинальды ЖҰӨ

ЖҰӨ дефляторы = ——————————

Нақты ЖҰӨ

Тауар мен қызмет көрсетудегі орташа баға пайызының өзгеруін баға индексі дейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылдық баға индексі ылғи да 100-ге тең болады.

ЖҰӨ дефляторымен қатар тұтыну бағаларының индексі есептеледі, яғни тұтыну қоржынына кіретін тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш анықталады:

РаQқ

Тұтыну бағаларының индексі = —————— ,

РбQқ

Мұнда Ра Рб – ағымдағы және базистік жылдың бағалары.

Qқ – тұтыну қоржынына кіретін тауарлар саны.

ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну тауарлар бағасының индексі арасындағы айырмашылық:

  1. ЖҰӨ дефляторына мемлекетте өндірілген барлық тауарлардың бағалары кіреді.

  2. ЖҰӨ дефляторына осы елдің капиталы арқылы сыртта және ел шеңберінде өндірілген өнімнің көлемі кіреді.

  3. Тұтыну баға идексінің есебіне тек қана тауарлар мен қызметтердің белгіленген (шектелген) көлемі кіреді.

Халықаралық статистикада ЖҰӨ-ді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады.

Екі тәсіл де бірдей болып бағаланады:

  1. Шығындар бойынша: ЖҰӨ = С+G+І+Х;

Мұндағы: С - үй шауашылығының тауарлар, қызметтерге кеткен

шығындары;

G – мемлекеттің сатып алуы,

І – жалпы инвестициялар,

Х – таза экспорт, экспорт пен импорт айырмашылығы.

  1. Табыстар бойынша: ЖҰӨ =W+R+I+P;

Мұнда W- жалдамалы жұмысшының жалақысы,

R – ренталық төлемдер,

I – жинақ капиталының пайызы (%),

P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны.

ЖҰӨ

ЖІӨ = ———— сыртқы экономика операция бойынша сальдо

( минус)

ЖІӨ = ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо.

Егер де мемлекеттің ЖІӨ >ЖҰӨ-нен артық болса, онда осы ел шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) = ЖҰӨ - А,

мұнда А – амортизация.

Ұлттық табыс (ҰТ) = ТҰӨ - жанама салықтар

немесе

ҰТ= жалақы + пайда+ капитал %+ жер рентасы

Жеке табыс (ЖТ) = табыстар - трансферттік төлемдер

Орнықталған табыс (ОТ) = ЖТ - салықтар.

ОТ - тұрғындардың билігінде болатын табыс. Оның мөлшері жеке табыстан дара дербес салықты игеру арқылы анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]