Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31 мет каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
305.15 Кб
Скачать

9. Ұсынылған әдебиет:

Негізгі:

1.Оразалин.Ж.Б. Хирургиялық стоматология.

2.Бернадский Ю.И. Основы челюстно-лицевой хирургии и хирургической стоматологии. – Москва. 2000.

3.Тимофеев А.А. Основы челюстно-лицевой стоматологии. – Москва. 2007..

  1. Робустова Т.Г. Хирургическая стоматология. – Москва. 1990.

Қосымша:

  1. Атлас топографической анатомии человека. I часть. (Золотко Ю.Л.) – Москва. 1964.

  2. Курмангалиев З.К. Анатомо-физиологические особенности челюстно-лицевой области. –Семипалатинск. 1992.

  3. Клиническая оперативная челюстно-лицевая хирургия. (Александров. –С-Петербург. 1998.

10. Бақлау (сұрақтар, тест түрінде тапсырмалар, есептер) Тест түрінде тапсырмалар:

1. Қоректі аяқшалы қиындының құрамына не кіреді?

А) сүйек;

Б) сіңір;

В) қабат-қабатымен бөлінген тері;

Г) теріасты майлы қабаты және тері;

Д) тері,майлы қабат,б/ет,сүйектің сырт қабығы.

2. Қоректі аяқшалы қиындысымен пластикалаудың үстемділігіне төмендегілердің қайсысы жатады:

А) әдістің қарапайымдылығы;

Б) тыртықтың болмауы;

В) тіндердің артық қалмауы;

Г) операция кезеңдерінің аздығы;

Д) бітіспеу қауіпінің төмендігі.

3. самай аймағынан алынған артериалы қиындының құрамына төмендегі артериалардың қайсысы кіреді:

А) бұрыштық артерия;

Б) бет артериясы;

В) айналма артерия;

Г) ортаңғы самай артериясы;

Д) беткей самай артериясы.

4. Таңдайға жасалатын пластикалылық операцияға қосарланған қиындыны қандай мақсатта қолданады?

А) операциядан кейін пайда болатын гематоманың алдын алу;

Б) қиындыны қалыңдатып мықтату мақсатында;

В) ішкі эпителиалдық қабатты қалыптастыру мақсатымен;

Г) операциядан кейін сөйлеу қызметін жақсартудың алдын алу мақсатымен;

Д) операциядан кейін қатты таңдайдың тарылуының алдын алу мақсатымен .

5. 40 жасар ерадам бетінің косметикалық кемістігіне шағымданады. 6 ай бұрын ауз аумағы жарақаттанған,тексеру барысында жоғарғы ернінің ақауы анықталды. Ақау пішіні үш бұрышты, көлемі 2 сантиметрден көбірек, жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісімен ортаңғы күрек тістері жалаңаштанған.Төменгі ерннің терісі мацерацияланған.

Төменде көрсетілген пластикалау әдістердің қайсысын қолданған тиымды?

А) Аббе әдісімен операция;

Б) тіндерді еркін көшіру;

В) жергілікті тіндермен пластика жасау;

Г) Хитрова әдісімен операция жасау;

Д) Филатов сабақшасын қолдану.

6. 40 жасар ерадам бетінің косметикалық кемістігіне шағымданады. 6 ай бұрын ауз аумағы жарақаттанған,тексеру барысында жоғарғы ернінің ақауы анықталды. Ақау пішіні үш бұрышты, көлемі 2 сантиметрден көбірек, жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісімен ортаңғы күрек тістері жалаңаштанған.Төменгі ерннің терісі мацерацияланған.

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы бұл көрініске сәйкес?

А) жоғарғы еріннің толық қабатты ақауы;

Б) жоғарғы еріннің шектелген ақауы;

В) жоғарғы еріннің субтотальды ақауы;

Г) беттің ортаңғы аумағының субтотальды ақауы;

Д) ауыз аумағының шектелген ақауы.

7. 50 жасар әйел бетінің косметикалық кемістігіне шағымданады. 6 ай бұрын автокөлік апаты кезінде жарақат алған. Тексеру барысында самай аумағының жұмсақ тіндерінің ақауы анықталды.

Төменде көрсетілген пластикалау әдістердің қайсысын қолданған тиымды?

А) тіндерді еркін көшіру;

Б) маңдайдан алынған қоректі аяқшалы қиындымен;

В) Филатов сабақшасын қолдану ;

Г) дельтапекторальды қиындымен;

Д) мұрын-ерін қатпарынан алынған қоректі аяқшалы қиындымен.

8. 30 жасар ерадам бетінің косметикалық кемістігіне шағымданады. 3 жыл бұрын бетінің жаншылып жыртылған жарақатына біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізілген.Тексеру барысында ауыз аумағының жұмсақ тіндерінің тыртықты деформациясы анықталды.

Бұл жағдайда қандай қызметтердің бұзұлуы ықтимал?

А) есту қабілеті;

Б) тыныс алуы;

В) жұтынуы;

Г) ауыз ашылуының шектелуі;

Д) төменгі жақбуынының үйренішті шығуы.

9. 46 жасар ерадам бетінің косметикалық кемістігіне шағымданады.4 ай бұрын жарақат алған,бірақ емделмеген. Тексеру барысында оң жағының көзасты аумағының жұмсақ тіндерінің тыртықтанып біткені анықталды.Оң жақ көзінің қабағының коньюктивасы жалаңаштанған,көзасты терісі мацерацияланған.

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы бұл көрініске сәйкес?

А) логофтальм;

Б) төменгі қабақтың тыртықтанып айналуы;

В) сызықты келоидты тыртық;

Г) төменгі қабақтың тыртықтанып қарысуы;

Д) төменгі қабақтың фиброзданып қарысуы.

10. 46 жасар ерадам бетінің косметикалық кемістігіне және тыртықтанған аумақтағы терісінің үнемі ылғалданып тұратынына шағымданады.4 ай бұрын жарақат алған,бірақ емделмеген. Тексеру барысында оң жағының құлақ маңы-шайнау аумағының жұмсақ тіндері тыртықтанғаны және ол жерден мөлдір сұйықтық бөлінетіні анықталды.Ауыз қуысында оң жағының Стенон өзегінен сілекей бөлініп тұр.

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы бұл көрініске сәйкес?

А) тыртықты қарысу;

Б) фиброзды қарысу;

В) толық сілекей жылан көз;

Г) құлақмаңының гипергидрозы;

Д) жартылай жылан көз.

11. 40 жасар науқас жеген тамағы ауыз қуысынан мұрнына өтіп кететініне шағымданады. предъявляет жалобы на попадание пищи из полости рта в нос. Бұл құбұлыс 3 ай бұрын,қатты таңдайдың хондромасын алдырғаннан бері мазалайды. Тексеру барысында қатты таңдайда қөлемі, диаметрі 2 см.ақау байқалды.

Төменде көрсетілген пластикалау әдістердің қайсысын қолданған тиымды?

А) таңдайдан алынған көпір тәрізді қиынды;

Б) ұрттан алынған жалғыз қабатты қоректі аяқшалы қиындымен;

В) Филатов сабақшасын қолдану ;

Г) дельтапекторальды қиындымен;

Д) мұрын-ерін қатпарынан алынған қоректі аяқшалы қиындымен.

12.40 жасар ерадам ауызының ашылмайтынына шағымданады. 8 ай бұрын жарақат алған. лет предъявляет жалобы на невозможность открывания рта. 8 месяцев назад получил травму. Тексеру барысында бетінің асимметриялы екені,сыртқы дыбыс жолдары арқылы тексергенде буын бастарында қозғалыс анықталмады.Рентгенограммада оң жағының СТЖБ және бет сүйек доғасы аймақтарында біркелкі интенсивті көлеңке байқалады.

Сүйек бөліктерін бір бірінен ажырату мақсатында,төменде көрсетілген пластикалық әдістердің біреуінен басқасының барлығын қолдануға болады:

А) Филатов сабақшасы;

Б) пластмассадан жасалған калпақша;

В) самай б/етінен алынған қиынды;

Г) меншікті б/етінен алынған қиынды;

Д) қос қарыншалы б/етінен алынған қиынды.

13. 46 жасар ерадам бетінің косметикалық кемістігіне шағымданады. Тексеру барысында мұрынның жұмсақ тіндерінің ақауы деген диагноз қойылды. Маңдайдан қоректі аяқшалы қиынды алып ақауды жою жоспарланды.

Пішіліп алынатын қиындының құрамына қандай тіндердің кіргені абзал:

А) қабат-қабатымен бөлінген тері;;

Б) толық қабатты тері;

В) тері және теріасты майлы қабаты;

Г) тері,теріасты майлы қабат,б/ет

Д) тері,теріасты майлы қабат,б/ет,сүйектің сырт қабығы.

14. 40 жасар ерадам бетінің косметикалық кемістігіне шағымданады.8 ай бұрын жарақат алған.Тексеру барысында мұрынның тотальды ақауы анықталды.

Төменде көрсетілген пластикалау әдістердің қайсысын қолданған абзал?

А) Аббе әдісімен операция;

Б) тіндерді еркін көшіру;

В) маңдайдан алынған қоректі аяқшалы қиындымен;

Г) самай б/етінен алынған қиындымен миопластика;

Д) Лимбергтің үш бұрышты қиындысымен.

15. 40 жасар науқас жеген тамағы ауыз қуысынан мұрнына өтіп кететініне шағымданады. Бұл құбұлысты 16 тісін дөрекі жұлынғанына байланысты деп ойлайды. Тексеру барысында 16 тістің ұяшығы гаймор қуысымен қатынастыны байқалды.Айналасындағы тіндердің түсі өзгермеген.

16 гаймор қуысының түбінің тесігін жабу мақсатында төменде көрсетілген пластикалау әдістердің біреуінен басқасының барлығын қолдануға болады:

А) таңдайдан алынған көпір тәрізді қиынды;

Б) таңдайдан алынған жалғыз қабатты қоректі аяқшалы қиындымен;

В) ұрттан алынған жалғыз қабатты қоректі аяқшалы қиындымен;

Г) еріннің кілегей қабатынан алынған жалғыз қабатты қоректі аяқшалы қиындымен;

Д) таңдайдан алынған артериялы қоректі аяқшалы қиындымен.

16. 40 жасар ерадам бетінің косметикалық кемістігіне шағымданады.1жыл бұрын жарақат алған.Тексеру барысында мұрынның тотальды ақауы анықталды.

Төменде көрсетілген ринопластика әдістердің қайсысын қолданған тиымды?

А. поляк әдісі;

Б. испан әдісі ;

В. қытай әдісі;

Г. итальян әдісі;

Д. үнді әдісі .

17. 42 жасар әйел бетінің косметикалық кемістігіне шағымданады.Жарты жыл бұрын беті күйіп қалған.Тексеру барысында бетінің терісі тыртықтанып біткен,оң жақ көзінің қабағы тыртықтың салдарынан айналып кеткені байқалады.

Төменде көрсетілген пластика әдістердің қайсысын қолданған тиымды?

А) Қоректі аяқшалы қиындымен;

Б) Филатов сабақшасымен;

В) теріні еркін көшіру әдісі;

Г) Диффенбахтың үш бұрышты қиындысымен;

Д) қарама қарсы бағытталған үш бұрышты қиындылармен.

18.Қоректі аяқшалы қиындымен пластикалаудың артықшылығын көрсетіңіз.

А) тіндердің қалыңдығы,түсі, құрылымы бойынша ұқсастығы,біртиптестігі және операция кезеңдерінің аздығы.

Б) асқынулардың болмауы

В) артық қалатын тіндердің болмауы

Г) тыртықтардың болмауы

Д)тіндере гипер пигменттердің болмауы

19. Беттің ақаулануымен деформациялану кезінде қандай қызметтің бұзылатынын көрсетіңіз.

А) көру қызметінің бұзылуы

Б) есту қызметінің бұзылуы

В) ауыз ашудың шектелуі,шайнау,тыныс алу,сөйлеу және жэұтыну қызметтерінің бұзылуы

Г) иіс сезу қызметінің бұзылуы

Д) төменгі жақ буынының үйренішті шығуы

20. Қоректі аяқшалы қиындымен пластикалаудың кемістіктеріне не жатпайды?

А) бетте қосымша тыртық пайда болады

Б) операция кемінде екі рет ,кейде оданда көбірік жасалады.

В) қиынды аяқшасының негізінің жанындағы тіндер тиымды қолданылмайды

Г) науқасқа қайта жарақат жасалады

Д) Қоректі аяқшалы қиындымен пластикалау кезінде қалыңдығы және түсі ұқсас тіндерді қолданады.

21. Қоректі аяқшалы қиындымен пластикалаудың артықшылығына төменде көрсетілгендердің қайсысы жатпайды?

А) операция кезеңдерінің аздығы.

Б) бетте қосымша тыртық пайда болады

В) қоректі аяқшанының арқасында қиындының жақсы бітісіп кетуі

Г) қиынды аяқшасының негізінің жанындағы тіндер тиымды қолданылады

Д) Қоректі аяқшалы қиындымен пластикалау кезінде қалыңдығы және түсі ұқсас тіндерді қолдануына байланысты жақсы косметикалық нәтиже береді.

22. 42 жасар әйел бетінің косметикалық кемістігіне шағымданады. 6 ай бұрын беті күйіп қалған. Тексеру барысында көзінде эпикантус бар екендігі анықталды.

Төменде көрсетілген пластикалау әдістердің қайсысын қолданған тиымды?

А) қоректі аяқшалы қиындымен;

Б) тіндерді еркін көшіру ;

В) Филатов сабақшасын қолдану;

Г) Диффенбахтың үш бұрышты қиындысымен;

Д) қарама қарсы бағытталған үш бұрышты қиындылармен.

23.Қандай қиынды, төңкерілетін қиынды болып саналады?

А) егер ұзындығымен енінің қатынасы 3: 1 болса

Б) косарланған қиынды

В) жалғыз қабатты қиынды

Г) артериаланған қиынды

Д) негізі ақаудың жиегі болатын және ол кері қарай, 180°С-қа қайырылатын қинды.

24. Қандай қиынды артериаланған қиынды болып саналады?

А) егер ұзындығымен енінің қатынасы 3: 1 болса

Б) косарланған қиынды

В) жалғыз қабатты қиынды

Г) құрамында магистралды қантамыр қосылған қиынды.

Д) негізі ақаудың жиегі болатын және ол кері қарай, 180°С-қа қайырылатын қинды.

25.Артириаланған қиынддының ұзындығымен енінің қатынасы қаншада қанша болу керек?

А) 2:1

Б) 3:1 В) 4: 1 Г) 4:2 Д) 5:1

26 Екі жалғыз қабатты қиындыны жаралы беттерімен бір біріне жабсырып құралған қиындыны қанда қиынды деп атайды?

А) қосарланған Б) аралас В) артерияланған

Г) жалғыз қабатты Д) көпір тәрізді

27. Қоректі аяқшалы қиындылардың қандай түрі болмайды?

А) бір қоректі аяқшада Б) екі қоректі аяқшада В) төрт қоректі аяқшада Г) төңкерілетін қоректі аяқшада Д) артерияланған қоректі аяқшада

28.Иектің жартылай ақауына пластикалық опрация жасауға қоректі аяқшалы қиындының қандай түрін қолданған тиымды?

А) бір қоректі аяқшалы қиынды Б) қосарланған қоректі аяқшалы қиынды В) самай -төбе аймағынан алынған көпір тәрізді қиынды Г) төңкерілетін қоректі аяқшалы қиынды Д) маңдайдан алынған жалғыз қабатты қоректі аяқшалы қиынды

29. Жоғарғы еріннің жартылай ақауына пластикалық опрация жасауға қоректі аяқшалы қиындының қандай түрін қолданған тиымды?

А) бір қоректі аяқшалы қиынды Б) қосарланған қоректі аяқшалы қиынды В) самай -төбе аймағынан алынған көпір тәрізді қиынды Г) төңкерілетін қоректі аяқшалы қиынды Д) маңдайдан алынған жалғыз қабатты қоректі аяқшалы қиынды

30. Кеңірдек тесіліп ақауланғанда, пластикалық опрация жасауға қоректі аяқшалы қиындының қандай түрін қолданған тиымды?

А) самай аймағынан алынған артериялы қиынды Б) самай-төбе аймағынан алынған көпір тәрізді қиынды В) қосарланған қиынды

Г) иық-кеуде аймағынан алынған төңкермелі қиынды Д) маңдайдан алынған жалғыз қабатты қиынды

31. Ұрттың барлық қабаттары тесіліп ақауланғанда, пластикалық опрация жасауға қоректі аяқшалы қиындының қандай түрін қолданған тиымды?

А) самай аймағынан алынған артериялы қиынды Б) самай-төбе аймағынан алынған көпір тәрізді қиынды В) қосарланған қиынды

Г) иық-кеуде аймағынан алынған төңкермелі қиынды Д) маңдайдан алынған жалғыз қабатты қиынды

32. 42 жасар әйел бетінің косметикалық кемістігіне шағымданады. Тексеру барысында оң

жағының невус бар екендігі анықталды.

Төменде көрсетілген пластикалық операциялардың қай әдісін қолданған тиімді?

А) самай аймағынан алынған артериялы қиынды Б) самай-төбе аймағынан алынған көпір тәрізді қиынды В) қосарланған қиынды

Г) иық-кеуде аймағынан алынған төңкермелі қиынды Д) маңдайдан алынған жалғыз қабатты қиынды

33. 40 жасар ерадам бетінің косметикалық кемістігіне шағымданады. Дәрігердің зерттеуінен кейін науқасқа «Базалиома»-деп диагноз қойды.

Төменде көрсетілген пластикалық операциялардың қай әдісін қолданған тиымды?

А) мұрын-ерін қатпарынан алынған аяқшалы қиындымен;

Б) тіндерді еркін көшіру ;

В) Филатов сабақшасын қолдану;

Г) Диффенбахтың үш бұрышты қиындысымен;

Д) қарама қарсы бағытталған үш бұрышты қиындылармен.

34. 5 сағат бұрын наукас К-ның төбелес кезінде мұрнының ұшымен танауыының бір бөлігін тістеп жұлып алған,тістеп жұлынған мұрнының бөліктерін науқас өзімен бірге ауруханаға алып келген. Диагноз қойып, ем жоспарын жасаныз.

А).мұрын ұшымен танау бөлігінің жартылай ақауы. ПСС ендіру,БХӨ жүргізу және мұрынның біріншілік пластикасын жасау.

Б). мұрын ұшымен танау бөлігінің жартылай ақауы. АДС ендіру,БХӨ жүргізу және қарама қарсы бағытталған үш бұрышты қиындылармен пластикасын жасау

В). мұрының тотальды ПСС ендіру,БХӨ жүргізу мұрынның бірішілік ластикасын жасау

Г). мұрын ұшымен танау бөлігінің жартылай ақауы. АДС ендіру,БХӨ жүргізу және мұрын ерін қатпарынан алынған қиындымен екіншілік пластика жасау.

Д). мұрын ұшымен танау бөлігінің жартылай ақауы. ПСС ендіру,БХӨ жүргізу және филатов сабақшасымен екіншілік пластика жасау

35 29 жасар наукас К. Мұрын аймағында жұмсақ тіндерінің ақауына, ауыру сезіміне шағымданып ауруханаға келді. 2 сағат бұрын ит қауып алған.Ішеі ағзалары қалыпты жағдайда.Бет-әлпетін тексеру барысында мұрын ұшының ақауы бар екені анықталды. Диагноз қойып, ем жоспарын жасаныз.

А).мұрын ұшының жартылай ақауы.Құтыруға қарсы дәрі ендіру,БХӨ жүргізу және мұрынның біріншілік пластикасын жасау.

Б). мұрын ұшының жартылай ақауы. АДС ендіру,БХӨ жүргізу және қарама қарсы бағытталған үш бұрышты қиындылармен пластикасын жасау

В). мұрының тотальдыақауы. ПСС ендіру,БХӨ жүргізу және қарама қарсы бағытталған үш бұрышты қиындылармен пластикасын жасау

Г). мұрын ұшының жартылай ақауы. АДС ендіру,БХӨ жүргізу және мұрын ақауын еркін көшірілген терімен екіншілік пластика жасау.

Д). мұрын ұшы жартылай ақауы. ПСС ендіру,БХӨ жүргізу және филатов сабақшасымен екіншілік пластика жасау

36. Қоректі аяқшалы қиындылармен пластикалау әдістері төменде көрсетілген қандай жағдайлардың қайсысында қолданылмайды?

А) ұрттың толық қабатты ақауларында Б) еріннің субтотальды ақауында В) мұрынның тотальды ақауында Г) құлақ қалқанының субтотальды ақауында Д) жоғарғы еріннің үзенгісі қысқа болса

37. 19 жасар қыз бетінің косметикалық кемістігіне шағымданады. Тексеру барысында оң жақ қөзінің астында алып невус бар екендігі анықталды.

Төменде көрсетілген пластикалық операциялардың қай әдісін қолданған тиымды?

А) самай аймағынан алынған артериялы қиынды Б) самай-төбе аймағынан алынған көпір тәрізді қиынды В) қосарланған қиынды

Г) иық-кеуде аймағынан алынған төңкермелі қиынды Д) төменгі жақасты аймағынан алынған жалғыз қабатты қиынды

38. Ұрттан алынған артерилы қиындының құрамына төмендегілердің біреуінен басқасының барлығы кіреді:

А) тері;

Б) бұрыштық артерия

В) мұрын-ерін артерисы және и венасы

Г) теріасты майлы қабат

Д) теріасты майлы қабат және оның қантамыр өрімі

39. Мұрын-ерін қатпарынан алынған қоректі аяқшалы қиындының құрамына төмендегілердің біреуінен басқасының барлығы кірмейді:

А) сүйек;

Б) бұрыштық артерия

В) ұрт артерисы

Г) мұрын-ерін артерисы және и венасы

Д) ұрт б/еті және ер-көкіректер б/еті

40. 42 жасар әйел бетінің косметикалық кемістігіне шағымданады. Тексеру барысында оң жақ ұрт аймағында түкті невус бар екендігі анықталды.

Төменде көрсетілген пластикалық операциялардың қай әдісін қолданған тиымды?

А) самай аймағынан алынған артериялы қиынды Б) самай-төбе аймағынан алынған көпір тәрізді қиынды В) қосарланған қиынды

Г) иық-кеуде аймағынан алынған төңкермелі қиынды Д) төменгі жақасты аймағынан алынған жалғыз қабатты қиынды

15 беттің 15 беті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]