- •Мазмұны
- •Ұңғылардың өнімділігін арттыру әдістері. Қышқылды, көбікқышқылды өңдеудің техникасы мен технологиясы. Тұз қышқылмен өңдеу.
- •1 Кг магнийді еріту үшін 15%-к 18,6л тұз қышқылы қажет. Ол кезде қышқыл хлорлы магнилі бейтарап ерітіндіге айналады және 3080с-ге дейін қызады.
- •Сулы ерітінділерді айдау ұңғыларында қолданылады. Оларға: су; сульфит-спирт бардты сулы ерітінді; тұз қышқылы ерітіндісі; әртүрлі реагенттермен қоюланған су; қоюланған тұз қышқылы ерітіндісі.
- •Сурет 20 Якордің және пакердің
- •Пайданылған әдебиеттер
1 Кг магнийді еріту үшін 15%-к 18,6л тұз қышқылы қажет. Ол кезде қышқыл хлорлы магнилі бейтарап ерітіндіге айналады және 3080с-ге дейін қызады.
Парафинді және шайырды еріту үшін бұдан біраз төмен температура қажет. Сондықтан рациональды түрде магниді қолданып, бөлінген жылудан ерітінді 75-800С арасында болуы қамтамасыз етілуі керек.
Әдетте термоқышқылды өңдеу үшін пруткалы магний қолданылады (пруток диаметрі 2-4мм, ұзындығы 60мм). Пруткілерді арнайы наконечниктерге салып, сорапты-компрессорлы құбырлар арқылы ұңғыға белгіленген тереңдікке түсіреді.
Қабатты гидравликалық жару
Қабатты гидравликалық жарудың (ҚГЖ) мәні ұңғыға айдалатын сұйық арқылы түптегі қысымды арттыру арқылы қабаттағы жарылымдарды кеңейту. Қысымды түсіргеннен кейін жарылымдар қайтадан жабылып қалмау үшін, оларға таңдалып алынған ірі түйіршікті құм айдайды
Гидропоршенді сораптарды өндіру сұйығының жұмыс сұйығымен бірігіп немесе бөлініп қозғалысына және т.б. байланысты дара өте үлкен тереңдіктен (4000-4500м) сұйықты көтеруді қамтамасыз етеді.
Гидропоршенді сораптардың артықшылығы – сорапты ауыстыру кезіндегі түсіріп-көтеру жұмыстарын автоматтандыру мен қашықтықтан басқару мүмкіндігінің болуы. Олардың кемшілігі гидравликалық қозғалтқыштың жақсы жұмыс істеуі үшін талап ететін ұңғыманы ұқыпты тазалап тұру үшін, оны жұмысшы сұйығымен жабдықтау жүйесін кәсіпшілікке орналастыру қажеттілігіне байланысты.
ҚГЖ үрдісі бірінен кейін бірі жүргізілетін этаптардан тұрады:
Қабатқа жарылым түзетін сұйықтық айдау;
Құм тасығыш сұйықтықты айдау;
Құмды жарылымға тығындауға арналған сұйықтықты айдау.
ҚГЖ кезінде жару және құмтасығыш сұйықтық ретінде бір сұйық алынады. Сондықтан терминологияны жеңілдету үшін әдетте бұл сұйықтықтарды жару сұйығы деп атайды.
Жару сұйығының негізінен екі түрі қолданылады:
Көмірсутекті сұйықтық;
Сулы ерітінділер
Кейде су-мұнайлы және мұнай-қышқылды эмульсиялар қолданылады.
Көмірсутекті сұйықтықтарды мұнай ұңғыларында қолданылады. Оларға жоғары тұтқырлықты шикі мұнай; мазут және оны мұнаймен қоспаларды; дизелді жанармай және мұнай мылаларымен қоюлатылған шикі мұнай жатады.
Сулы ерітінділерді айдау ұңғыларында қолданылады. Оларға: су; сульфит-спирт бардты сулы ерітінді; тұз қышқылы ерітіндісі; әртүрлі реагенттермен қоюланған су; қоюланған тұз қышқылы ерітіндісі.
Сурет 20 Якордің және пакердің
ұңғыда орналасу.
1-шегендеуші колонна; 2-сорапты-компрессорлы құбырлар; 3-гидравликалық якорь; 4-пакер; 5-өнімді қабат; 6- хвостовик
ҚГЖ кезінде жарылымдарды толтыру үшін ірітүйіршікті, гранулометрлік құрамы бойынша біртекті, өлшемі 0,5-тен 1,0 мм дейін кварцті құм түйіршіктері қолданылады.
Қабатқа айдалатын құм көлемі жыныс жарылымдарының дәрежесіне байланысты. Құмтастардан және аз жарылымдарды әктастардан құралған қабаттарға 8-10т құм ұңғыға жеткілікті. Кейбір жағдайларда бұл көрсеткіш 4-5т дейін түсіріледі немесе керісінше 20т дейін үлкейтеміз. Құмның құмтасығыш сұйықтыққа концентрациясы, оның сүзгілеу және ұстау қасиетіне қарай 100-ден 600кг 1м3 сұйықтыққа.
Алдымен ұңғы түбі құмнан және саздан тазалайды және қабырғаларды ластаушы тұнбалардан жуады. Кейде ҚГЖ алдында тұз қышқылымен өңдеу немесе қосымша перфорация жүргізу дұрыс. Бұл жағдайда жарылу қысымы түсіп, тиімділігі артады.
Тазаланған және жуылған ұңғыға диаметрі 89мм –ден кем емес құбыр түсіріледі. Оның бойымен сұйық түпке бағытталады.
Шегендеуші колоннаны жоғары қысымнан сақтау үшін, жарылатын қабат үстінен пакер орнатады. Ол ұңғының сүзілу зонасын жоғары жатқан бөлігінен толығымен айырып, сораптармен жасалатын қысым тек сүзілу зонасына және пакердің төменгі бетіне әсер етеді. Сонымен, қабатты сұйықпен жару үрдісінде пакерге төменнен жоғары қарай үлкен күш әсер етеді. Егер сәйкесінше шаралар қолданылмаса, онда пакерді сорапта-компрессорлы құбырлармен бірге көтеруі мүмкін. Бұны болдырмау үшін құбырларға гидравликалық якорлер орнатылады.
Құбырға сұйықты айдаған кезде гидравликалық якордің поршеніне әсер етіп, нәтижесінде олар ұяларынан шығып шегендеуші құбырларға жабысады. Қысым қаншалықты жоғары болса, поршенді соншалықты жоғары күшпен колоннаға жабысады.
Поршеннің тереңдігіне сақина қырлары колоннаға ұрылып сорапты-компрессорлы құбырлардың жылжуына қарсылық көрсетеді.
Ұңғы сағасына арнайы головка орнатылады, ол арқылы ұңғыға жару сұйығын айдауға арналған агрегаттар қосылады.
Негізгі қондырғыларға жатады: сорапты агрегаттар 4АН-700, 5АН-700, АНР-700. Бұл агрегаттардың максимальды қысымы 70 МПа болғанда 6 л/с, ал 20 МПа болғанда 22 л/с.
Құмтасығыш сұйықтықты құммен араластыру үшін құмараластырғыш 3ПА немесе 4ПА типті, жоғары өтімді автомашиналарға орнатылған қондырғылар қолданылады.
Құмды сумен араластыру және қоспаны сорапты агрегаттарға беру үрдісі механизацияланған. Құмараластырғыш 4ПА агрегатының жүк көтергіштігі 9т және өнімділігі 50т/сағ. Осындай агрегаттардың көмегімен құммен сұйықтың кез-келген концентрациясы дайындалады.
Жару сұйықтықтарын МАЗ-500А немесе КрАЗ-257 автомобильдеріне орнатылған цистерналарда тасымалдайды.
Бұл цистерналар құмараластырғыш қондырғыларға сұйықты апаратын және қосымшы қондырғылармен қамтамасыз етілген. Қабатты гидравликалық жару үрдісінде әдетте бірнеше сорапты агрегат қолданылады. Олардың өзарасында және саға арматурасымен байланысуын жеңілдетіп, ұңғыға сұйықты айдау үшін өзбетінше жүретін блок манифольд қолданылады. Сорапты агрегаттар тез шешілмелі және иілімді байланыстар көмегімен құбырларды манифольд блогына қосылады, ол өз кезегінде саға арматурасымен қосылады.
