- •Мазмұны
- •Ұңғылардың өнімділігін арттыру әдістері. Қышқылды, көбікқышқылды өңдеудің техникасы мен технологиясы. Тұз қышқылмен өңдеу.
- •1 Кг магнийді еріту үшін 15%-к 18,6л тұз қышқылы қажет. Ол кезде қышқыл хлорлы магнилі бейтарап ерітіндіге айналады және 3080с-ге дейін қызады.
- •Сулы ерітінділерді айдау ұңғыларында қолданылады. Оларға: су; сульфит-спирт бардты сулы ерітінді; тұз қышқылы ерітіндісі; әртүрлі реагенттермен қоюланған су; қоюланған тұз қышқылы ерітіндісі.
- •Сурет 20 Якордің және пакердің
- •Пайданылған әдебиеттер
Мазмұны
Ұңғылардың өнімділігін арттыру тәсілдері..........................................................3
Тұз қышқылымен өңдеу..........................................................................................4
Термоқышқылды өңдеу..........................................................................................5
Қабатты гидравликалық жару................................................................................6
Пайданылған әдебиеттер........................................................................................9
Ұңғылардың өнімділігін арттыру әдістері. Қышқылды, көбікқышқылды өңдеудің техникасы мен технологиясы. Тұз қышқылмен өңдеу.
Мұнай мен газ өнімділігі және айдау ұңғыларының жұту қабілеті негізінен өнімді қабатты құрайтын жыныстардың өткізгіштігіне байланысты.
Кез келген ұңғыманың жұмыс істеу аймағындағы жыныстардың өткізгіштігі жоғары болған сайын, соғұрлым оның өнімділігі мен қабылдағыштығы жоғары және керісінше. Бір қабаттың өткізгіштігі, оның әрбір аймағында күрт өзгеруі мумкін.
Жыныстардың табиғи өткізгіштігі әртүрлі себептермен уақыт өтісімен өзгеруі мүмкін. Ұңғыны бұрғылаумен аяқтаған кезде түп аймағы сүзгіленген сазды ерітіндімен жиі ластанады. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану кезінде түп аймағындағы жыныстардың өткізгіштігі күрт төмендеуі мүмкін. Себебі кеуектер парафинді және шайырлы тұнбалармен, сонымен бірге саз түйіршіктерімен де тығындалып қалады.
Айдау ұңғыларының түп аймағына айдалатын судың құрамында болатын әртүрлі механикалық қоспалармен (ылай, саз, темір тотығы және т.с.с.) ластанады. Ұңғылардың түп аймағындағы жыныстардың өткізгіштігін жасанды түрде дренажды каналдардың санын және өлшемдерін арттыру, жыныстардың жарылымын көбейту және кеуекті каналдар қабырғаларында отырып қалған парафин, шайыр және лайларды жою арқылы арттырады.
Ұңғылардың өнімділігін арттыру тәсілдерін шартты түрде мынадай 4 түрге бөлеміз:
Химиялық тәсілдер
Механикалық тәсілдер
Жылыту тәсілдер
Комплексті (физика-химиялық)
Қай тәсілді қолдану, қабаттың жағдайына байланысты болады.
Химиялық тәсіл (қышқылмен өңдеу). Бұл тәсіл нашар өткізгішті карбонатты жыныстарда жақсы нәтижелер береді. Сонымен қатар бұл тәсіл құрамында карбонатты қосылыстар және карбонатты керіштейтін заттары бар керіштелген құмтастарда қолданылады. Бұл қышқыл таужыныстардың кейбір түрлерін ерітуге негізделген. Ал бұл өз кезегінде кеуекті каналдарды тазалап кеңейтеді, соның арқасында өткізгіштік артып, ұңғылардың өнімділігі артады.
Механикалық тәсіл (қабатты гидравликалық жару және гидроқұм ағынды перфорация). Әдетте тығыз жыныстармен түзілген қабаттарда жарықшақтарды кеңейту мақсатымен қолданылады.
Жылыту тәсілдері. Кеуекті каналдар қабырғаларын парафиннен, лайдан тазалауға және түп маңы аймағын химиялық тәсілмен өңдеуді қарқындату үшін қолданылады.
Тұз қышқылымен өңдеу
Көп жағдайларда ұңғыны өңдеуге тұз қышқылын (HCl) қолданады.
Тұз қышқылмен өңдегенде қышқыл мынадай карбонатты жыныстарды ерітеді: әктас, доломиттер, доломиттелген әктас, ал бұлар мұнай және газ кен орындарының өнімді қабаттарын құраушылар.
Әктаспен әрекеті:
C
aCO3
+
2HCl = CaCl2
+
CO2
+
H2O
Доломитпен әрекеті:
C
aCO3
* MgCO3
+ 4HCl = CaCl2
+ MgCl2
+ 2CO2
+ 2H2O
Тұз қышқылымен карбонаттар әрекетінің өнімдері хлорлы кальций (CaСl2) және хлорлы магний (MgCl2) жоғары ерігіштігіне байланысты тұнбаға түспейді. Өңделгеннен кейін олар ұңғыдан өнімімен бірге шығарылады. Әрекеттен түзілетін көмірқышқыл газы СО2 да жер бетіне оңай шығарылады.
Тұз қышқылымен өңдеуде ол ұңғы қабырғасындағы жыныстармен бірге кеуекті каналдардағылармен де әрекеттеседі және де ұңғы диаметрі үлкеймейді.
Сурет 20 Тұз қышқылмен өңдеуді жүргізудің сұлбасы.
Гидропоршеньді сораптарды өндіру сұйығының жұмыс сұйығымен бірігіп немесе бөлініп қозғалысына және т.б. байланысты дара өте үлкен тереңдіктен (4000-4500м) сұйықты көтеруді қамтамасыз етеді.
Гидропоршеньді сораптардың артықшылығы – сорапты ауыстыру кезіндегі түсіріп-көтеру жұмыстарын автоматтандыру мен қашықтықтан басқару мүмкіндігінің болуы. Олардың кемшілігі гидравликалық қозғалтқыштың жақсы жұмыс істеуі үшін талап ететін ұңғыманы ұқыпты тазалап тұру үшін, оны жұмысшы сұйығымен жабдықтау жүйесін кәсіпшілікке орналастыру қажеттілігіне байланысты.
Тұз қышқылында кейде біраз мөлшерде темір тотығы болады, олар ұңғыны өңдеу кезінде ерітіндіден мақта түрінде түсіп қабат кеуектерін тығындап тастауы мүмкін. Темір тотығын қышқылда ерітінді түрде сақтау үшін тұрақтандырғыштар қолданылады. Тұрақтандырғыш ретінде сірке қышқылын алады. Темір тотығының тұз қышқылындағы концентрациясына байланысты сірке қышқылы 0,8-1,6%-ті дайындалған тұз қышқылының көлеміндей қосылады.
Ұңғыдан әрекет өнімдерін жоюды жеңілдету мақсатымен қышқылды дайындау кезінде жеделдеткіштер қосады. Бұл беттік активті заттар әрекет өнімінің беттік керілуін төмендетеді. Кеуек каналдарының қабырғаларында адсорбцияланып, жеделдеткіштер жыныстан судың бөлуінен жеңілдетеді және жыныстардың мұнаймен ылғалдану жағдайын жақсартады. Жеделдеткіштер түрінде әртүрлі беттік-активті заттар – катапин-А, ДС, ОП-10 және басқалары қолданылады.
Тұз қышқылды ерітіндіні орталық қышқылдың базада немесе тікелей ұңғының басында дайындайды.
Ұңғыны тұз қышқылымен өңдеу технологиясы қабаттың физикалық қасиетіне, қуатына және басқа жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Қарапайым жағдайда қышқылды қабатқа айдау процесі сорап көмегімен немесе өздігінен ағу арқылы жүргізіледі. Кейде қышқылды айдау алдында сазды және керіш қабыршақтарын бұзу үшін қышқылдық ванна қолданады. Бұл кезде өңделу интервалындағы оқпанды толтыратындай етіп 6-8%-к қышқыл ерітіндісін айдайды.
Өнімді қабаттары негізінен силикатты заттардан тұратын терригенді жыныстардан құралған қабаттарда, тұз және плавликовті-фторсутекті қышқыл пайдаланады.Бұлар сазқышқыл деп және ұңғыны өңдеудің бұл түрі сазқышқылмен өңдеу деп аталады.
Термоқышқылды өңдеу.
Ұңғының түп маңында парафинді және асфальтті-шайырлы заттарға толып өнімділігі түскен кезде, түпті тоздырып барып, осы заттарды еріткеннен кейін қышқыл мен өңдеу тиімдірек болады.
Алдымен қышқылмен және басқа бір заттың арасындағы әрекеттен түзілген экзотермиялық жылу арқылы қыздырылған тұз қышқылы ерітіндісімен ұңғы түбі өңделіп, кейін кәдімгі қышқылмен өңделеді.
Термоқышқылды өңдеуде магний қолданылады. Себебі ол қышқылмен әрекеттескенде үлкен жылу түзіледі және әрекет өнімі толығымен ериді.
Mg + 2HCl + H2O = MgCl2 + H2O + H2 + 470кДж
