Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РП 4 курса ОМ ППИ МО оконч-45ч каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
294 Кб
Скачать
☆

2.1 Мақсаты:

Ауруханалық менеджмент жүйесінде медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға және медицина қызметкерлері және науқастардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, инфекциялық бақылау аумағында, қауіпсіздіктің стандартты шараларын қоса алғанда, студенттердің білімін, әдістерін, дағдысын қалыптастыру.

Стационарлық және амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсету нәтижесінде медицина қызметкерлері және науқастарда гемоконтактілік ифнециялардың пайда болу қаупі туындаған келеңсіз уақиға орын алғанда, жағдайды дұрыс бағалай біліп, тез арада дұрыс шешім қабылдауға үйрету. Пациненттік-бағытты клиникалық ойлау қабілетінің негізін қалыптастыру, медициналық этика және деонтологияны сақтай отырып, пациент және оның туысқандарымен, әріптестермен қарым қатынасқа түсу әдісін қалыптастыру, пәнді оқып уйрену үшін және кейінгі тәжірибелік еңбек барысында кәсіби білім алуға қызығушылығын арттыру.

2.2. Оқытудың мақсаты:

  • Инфекциялық бақылаудың денсаулық сақтаумен байланысты инфекциялардың алдын алуға бағытталған шаралар жүйесі және оның ауруханалық менеджменттегі рөлі туралы түсінік қалыптастыру.

  • Медицина қызметкерлері және науқастарда гемоконтактілік инфекциялардың алдын алудың нәтижелі шарасы ретінде қауіпсіздіктің стандартты шарасы туралы және жалпы ауруханалық менеджмент жүйесіне оларды енгізу туралы түсінік қалыптастыру.

  • Денсаулық сақтаумен байланысты инфекциялардың анықтамасы және жіктелуі. ДБИ берілу жолдары.

  • Жағдайды стандартты анықтауды негізге ала отырып, гемоконтактілік инфекцияларды (ВГВ, ВГС, АИВ инфекциясы) ерте анықтау әдістерін қалыптастыру.

  • Инъекциямен байланысты инфекциялардың алдын алу, қол гигиенасы, қауіпсіз инъекциялар тәжірибесі әдістерін қалыптастыру.

  • Жеке қорғаныс құралдарын дұрыс таңдау және қолдану әдісін қалыптастыыру.

  • Респираторлық гигиенаны сақтау, респираторлы жолмен берілетін инфекцияларға байланысты тактиканы қалыптастыру.

  • Инфекциялық бақылау жүйесінде қазіргі кездегі бетперде және респираторлар туралы түсінік қалыптастыру.

  • АИВ инфекциясының алдын алудың негізгі шаралары және принциптері, АИВ инфекциясы ошақтарында эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру.

  • Қолданыстағы нормативтік құқықтық документтерге сүйене отырып, ДБИ алдын алу және инфекциялық бақылау бойынша, шешім қабылдауға жауапкершілік туралы түсінік қалыптастыру.

    1. Оқыту әдістері: ДБИ жағдайларын териялық және клиникалық талдау, семинарлар, ГКИ туындау және апат жағдайында медицина қызметкерінің іс-шаралары алгоритмін құрастыру , қолды жуу және өңдеу тәжірибелік техникасы, кіші топтарда жұмыс жасау, рөлдік ойындар, ДБИ анықтауды қолдана отырып жағдайлық есептер шығару, жеке медициналық мекемені мысалға алып, медициналық персоналдармен санитарлық сақтану шараларының орындалуын бақылау және сол бойынша жоспар құру және есеп беру, презентация дайындау.

    2. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студенттердің білімін қалыптастыру:

  • Инфекциялық бақылау және ДБИ бойынша заңнамалақ және нормативтік құжаттар;

  • ДБИ анықтамасы және жіктелуі;

  • Негізгі гемоконтактілік инфекциялар (АИВ-инфекциясы, В және С гепатиттері), түсінік, алдын алу шаралары;

  • АИВ-инфекциясының эпидемиологиясы, жұғыу жолдары және алдын алу шаралары;

  • Медициналық ұйымдарда сақтанудың стандартты шараларының негіздері

  • Респираторлық инфекциялар, қол гигиенасы, қауіпсіз инъекциялар тәжірибесі бойынша ДДҰ ұсынылымдары;

  • Жеке қорғаныс құралдары, қолдану принциптері - ДДҰ/СДС ұсынылымдары;

  • АИВ-инфекциясының және басқа гемоконтактілік инфекциялардың жанасудан кейінгі алдын алу шаралары. Медицина

қызметкерінің іс-әрекет алгоритмі, жанасудан кейінгі алдын алу шараларын жүргізу схемасы және көрсетілімі.

  • Респираторлық жолмен берілетін инфекцияларға байланысты инфекциялық бақылау, төмендету жолдары;

  • Жанасу жолдарымен берілетін инфекцияларға байланысты инфекциялық бақылау;

  • Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылылауды ұйымдастыру

  • Сапа бақылау жүйесі және компоненттері. Стандартты операциялық процедуралар (СОП);

Студенттердің тәжірибелік дағдысын қалыптастыру:

 ДДҰ алгоритміне сай қол гигиенасын (жуу және өңдеу) дұрыс орындау

  • Беріліу жолдарын ескере отырып, пациентпен жұмыс жасағанда жеке қорғаныс құралдарын дұрыс қолдана білу.

  • ДБИ дер кезінде анықтап, медициналық ұйымға таралуының алдын алдын алу

  • Инъекциялар және басқа да медициналық манипуляциялар жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау

  • Респираторлық жолмен берілетін инфекциялар алдын алу үшін қазіргі кездегі бетперде және респираторлар қолдану

  • ДДҰ стандарттарына сай гемоконтактілік инфекциялармен жұқпалану қаупі бар апат жағдайы орын алғанда алғашқы көмек көрсету

  • Апат жағдайы туындағанда АИВ-инфекциясына тест жүргізгенге дейінгі және кейінгі психологиялық-әлеуметтік кеңес беру;

  • ДБИ анықтаудың стандартты жағдайын қолдану және АИВ-инфекциясының болжам диагнозын қою;

  • АИВ-инфекциясын қоса алғанда, гемоконтактілік инфекцияларға күмәндану кезінде зерттеу жүргізу (балаларда және ересектерде анықтау алгоритмі);

  • Жанасудан кейінгі алдын алу шараларын жүргізуге көрсетілімді анықтау, схеманы дұрыс таңдау және зертханалық бақылау.

  • Медициналық ұйымдарда ДБИ, АИВ-пен аурухана ішілік жұқпаланудың, медицина қызметкерлерінің кәсіби жұқпалануының алдын алу шараларын және жанасудан кейінгі алдын алу шараларын жүргізу.

  • ДБИ диагнозын қоюда эпиданамнез және ауру анамнезін жинау;

  • «ДБИ» және «ЖИТС» жағдайын стандартты анықтауды қолдану

  • Сақтық шараларын қолдана отырып зертханалық зерттеулерге науқастан қан алу

  • АИВ-инфекциясымен және гемоконтакттілік инфекциялармен байланысты науқастарды объективті тексеру және зертханалық-аспаптық зерттеу әдістерінің қорытындысын талдау;

  • ДБИ және АИВ-инфекциясының алдын алу үшн санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;

  • Заңнамалақ-нормативтік актілерді тәжірибеде қолдану

Студенттердің құқықтық құзіреттілігін қалыптастыру:

1) ҚР денсаулықсақтауды дамытудың мемлекеттік 2011 – 2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын оқып үйрену 18 қыркүйек 2009 жыл; 29 қазан 2010 жыл № 1113

2) № 19 «Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау жүргізу тәртібін қабылдау туралы». 15.01.2013ж. ҚР ДМ бұйрығын оқып уйрену

3) «Халықтың денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесә туралы» ҚР Кодексі №193-IV

Студенттердің коммуникативтік дағдысын қалыптастыру:

1) Кәсіби міндеттерін атқару кезінде туындаған апат жағдайында жанасудан кейінгі кеңес беруге уйрету

2) ГКИ-мен кәсіби жұқпаланудың алдын алу және пациенттерге қатерсіз көмек көрсету үшін командалық жұмыс жасау әдістерін қалыптастыру.

Өзін өзі дамыту:

СӨЖ тақырыбы бойынша презентация даярлап және оны қорғау арқылы өзін өзі дамыту қабілетін қалыптастыру (1 кредитке 1 СӨЖ); зерттеу арқылы оқыту концепциясына сай зерттеу жұмыстарын орындау дағдысын қалыптастыру

2.5 Пәннің пререквизиттері: эпидемиология, коммуникативтік дағдылар 1,2, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология.

2.6 Пәннің постреквизиттері: хирургия, акушерство-гинекология