- •Жұмыс бағдарламасы
- •Алматы 2014 ж.
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •2. Өзектілігі.
- •2.1 Мақсаты:
- •2.2. Оқытудың мақсаты:
- •Оқытудың соңғы нәтижелері:
- •2.7. Тәжірибелік сабақтың, оқытушының басшылығымен жүретін студенттердің өзіндік жұмысының және студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары. Пән сағаттарының үлестірілімі
- •2.7.1 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары – 15 сағат
- •Осөж тақырыптық жоспары – 15 сағат
- •Сөж тақырыптық жоспары – 15 сағат
- •2.8 Оқыту әдістері.
- •2.9. Студенттердің дағдыларын және білімін бағалау әдістері:
- •Емтиханды бағалау технологиясы
- •Ауызша емтихан кезінде қолданылатын қорытынды бақылаудың өлшем құралы (билет бойынша емтихан алу, билетте екі сұрақ болады.
- •2.10 Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша:
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
«АИВ-ИНФЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ» МОДУЛІ ПОӘК ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ |
||
«БЕКІТЕМІН»
оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректор, профессор Тулебаев К.А.
_____________________
«____»__________2014ж.
Жұмыс бағдарламасы
Элективті пән : «Медициналық ұйымдарда инфекциялардың алдын алу»
Мамандығы: 051301 Жалпы медицина
Оқу сағаттарының көлемі (кредит) – 45 сағат (1 кредит)
тәжірибелік сабақтар: 15 сағат
оқытушының басқаруымен жүргізілетін
студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): 15 сағат
студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) : 15 сағат
Курс ІV
Семестр - 7,8
Бақылау түрі –емтихан
Алматы 2014 ж.
Элективтік пәннің жұмыс бағдарламасы 051301 – «Жалпы медицина» мамандығына арналған бакалавриат бойынша 2006 жылғы мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес құрастырылған Типтік оқу бағдарламасы негізіндегі №10 ұсынылым хатқа сай құрастырылды.
Жұмыс бағдарламасы «АИВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау» модулінің мәжілісінде талқыланды
« __ » __________ 2014ж. № __ хаттамасы
«АИВ-инфекциясы және
инфекциялық бақылау»,
модулінің меңгерушісі, профессор Нугманова Ж.С.
Жұмыс бағдарламасы ҚазҰМУ-дың Ішкі аурулар оқу департаментінің білім беру бағдарламысы комитетінің мәжілісінде талқыланды
«___» ___________ 2014ж. №___ хаттамасы
Төрайымы, м.ғ.к. Зарубекова Н.З.
ҚазҰМУ-дың Әдістемелік кеңесімен мақұлданды
«____»_________2014ж. № ____ хаттамасы
Төрағасы, профессор Тулебаев К.А.
1. Жалпы мәліметтер:
Жоғарғы оқу орнының аты: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
«АИВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау» модулі
Мамандығы – 051301 «Жалпы медиицна»
Пән (электив): «Медициналық ұйымдарда инфекциялардың алдын алу»
Оқу сағаттарының көлемі: 45 сағат, 1 кредит, соның ішінде ТС- 15 сағат, ОСӨЖ- 15 сағат, СӨЖ -15 сағат.
Курс және оқыту семестрі: Курс -IV, семестр – 7-8
2. Өзектілігі.
Медицина саласындағы ілгерлі алға басуларға қарамастан, медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар, гемоконтактілік инфекцияларды қоса алғанда, өзекті мәселе ретінде қалып отыр. Денсаулық сақтаумен байланысты инфекциялармен аурушылдықтың өсуі инвазивті процедуралардың жиілігінің артуымен, полирезистенттік бактериялардың таралуымен, пациенттердің популяциясы құрылымының өзгеруімен тікелей байланысты. Бүгінгі таңдағы статистикаға жүгінсек, дамыған елдерде денсаулық сақтаумен байланысты инфекциялар (ДБИ) стационарда ем қабылдап жатқан пациенттердің 5-10%-да дамиды, осыған сәйкес госпитализация мерзімі, емдеу шығындары және өлім жағдайы да көбейеді. Ресейде жыл сайын 60 мыңға жуық ДБИ жағдайы тіркеледі, алайда тексеру барысында белгілі болғандай, олардың болжам саны 2,5 млн құрайды. Бұл мәселені шешудің аса маңызды бірден бір жолы инфекциялық бақылау принциптерін қатаң сақтау.
Сапалы медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің басты мақсаттарының бірі. Сапалы медициналық көмек- ол, уақтылы, нәтижелі, қауіпсіз көрсетілген көмек. Сапалы денсаулық сақтау- ол, сондай ақ баршаға бірдей қолжетімді, басты нысанасы пациент болып табылатын денсаулық сақтау. Көргеніміздей, науқастың қауіпсіздігі- медициналық көмек сапасының бірінші көрсеткіші, және де ол барлық елдердің денсаулық сақтау жүйесінің кең көлемді және басты мәселесі болып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда, «инфекцияны бақылау және алдын алу (медициналық ұйымдарда)- бұл, медициналық мекемеге келушілер, науқастар және медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне, келеңділігіне қажетті сапа стандарты».
Стационардағы немесе басқа медициналақ ұйымдардағы инфекциялық бақылау бағдарламасының сапасы, жалпы алғанда сол ұйымдағы медициналық көмек көрсету сапасының дәрежесін айқындайды. Инфекциялық бақылаудың сапалы бағдарламасы ДБИ жиілігін, стационарда жату мерзімін, гопитализациямен байланысты экономикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Тарихқа көз жүгіртсек, Земмельвейс (Австрия) және Листер (Великобритания) босанудан кейінгі және операциядан кейінгі жарақатты инфекциялардың туындауында бактериялардың рөлі барын білгеннен соң, инфекциялық бақылау қандайда бір түрде 19-ғасырдың басынан бері болған. XX ғасырдың 70-жылдарының басында Ұлыбританияда алғаш рет инфекциялық бақылау бойынша мейірбике қызметі енгізілді. Бұл оқиға жаңа эпоханың- инфекциялық бақылауды жеке мамандық ретінде мойындау эпохасының бастауы болды.
Инфекциялық бақылаудың сапалы бағдарламасы- клиникалық тәжірибеде медициналық көмек көрсету сапасының негізгі стандарттарының бірі. Инфекциялардан болатын өлім және аурушылдық көрсеткіштерін төмендету тұрғысынан, сондайлық экономикалық тиімділік тұрғысынан алғанда инфекциялық бақылау бағдарламасын іске асырудың тиімділігін мемлекет және қоғам тарапынан түсіну, бұл бағдарламаның кең көлемде колдау табуына негіз бола алады.
Инфекциялық бақылау бағдарламасы тікелей оны жүргізетін медперсоналдардың инфекциялық бақылаудың маңызын түсінгенде ғана нәтижелі жұмыс жасайды. Инфекциялық бақылаудың сапалы бағдарламасы бағдарлама нәтижесін мойындайтын, пациенттер мен медперсоналдар қажеттілігін ескеретін, үйренуге және өзгені үйретуге дайын мейірбике және дәрігерлерден құралған бөлек құрама жұмысы арқасында, медициналық мекеме басшылары тарапынан қолдау болғандықтан өмір сүріп келеді.
Денсаулық сақтаумен байланысты инфекциялар (ДБИ), денсаулық сақтау саласымен байланысты кез келген ұйымдардағы (ауруханалардағы, емханалардағы, хоспистардағы, үйлердегі) инфекцияларды қамтиды. Ауруханадан тыс көрсетілетін медициналық көмектердің артуына байланысты денсаулық сақтаумен байланысты инфекциялар – ДБИ термині қазіргі таңдағы жағдайды толығымен айқындайды. АҚШ-та өлімнің 10 себебінің біреуі -ДБИ. Мысалы, 2002 жылы 1,7 миллион ДБИ жағдайы тіркелсе, 99000 өлім жағдайы ДБИ салдарынан.
Соңғы жылдары пациенттер және түрлі клиникалық профилдегі стационарлардағы және амбулаториялардағы медицина қызметкерлері арасында СВГ, АИВ – инфекциялары саны артып отыр. Ауру болжамын жақсарту, емді ерте бастау, ауруды дер кезінде диагностикалау үшін, В және С гепатиттерінің, АИВ-инфекциясының клиникалық көріністерін, инфекциялық бақылау шараларын дәрігерлердің білуі керек. Пациенттермен жұмыс барысында гемоконтактілік инфекциялардың (ВГС, ВГВ, сифилис және АИВ-инфекциясы) алдын алу шараларының негізін, қауіпсіздіктің стандартты шараларын қоса алғанда білу, медицина қызметкерлерінің жеке қорғаныс құралдарын қолдана білуі, медицина қызметкерлері және пациенттер арасында жаңа жағдайлардың алдын алауға көмектеседі.
