Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
30 алгоритм СД каз.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.91 Кб
Скачать

18. Стандарт: Сіреспеге қарсы профилактика жүргізу ережесі.

Мақсаты: Сіреспенің шұғыл спецификалық алдын-алу шарасы.

Көрсеткіштері: Жарақат, 2-3 дәрежелі күйік, үсік және т.б.

Құрал-жабдықтар: стерильді қолғап, спирт, стерильді таңғыш материал, шприц, сіреспеге қарсы анатоксин, сіреспеге қарсы иммуноглобулин, егер иммуноглобулин болмаса концентрлі пептикалық араластыру әдісімен қолданылатын сіреспеге қарсы сарысу, қауіпсіз жоюға арналған контейнер, сұйық сіреспеге қарсы сарысу.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолды гигиеналық деңгейде жуу.

  2. Резеңке қолғап кию

  3. Теріні 70% спиртпен өңдеу

  4. Иықтың сыртқы 3/1 бөлігіне тері астына 0,1 мл 1:100 сіреспеге қарсы сарысу енгізу

  5. 20 мин кейін нәтижені бағалау, егер папула көлемі 0,9 мм дейін болса, онда нәтиже теріс және ол кезде тері ішіне 0,1 мл сіреспеге қарсы сарысу енгізіп, 20 минутан кейін қалған доза (3000 ХБ) енгізіледі.

  6. Науқасты 1 сағат көлемінде бақылау.

  7. Қолданған инструменттер, қолғап, таңғыш материалдар қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салынады.

Ескерту: Сіреспенің алдын-алу сезімталдығын анықталған соң жасалады.

Сіреспеге қарсы екпені емдік мақсатта науқастарға ауру басталмас бұрын 100000-200000 ХБ енгізіледі.

Сарысуды көктамырға және жұлын каналына енгізу.

Аурудың ауырлығына байланысты сарысуды рефлекторлы тырысу тоқтағанша қайталап енгізеді.

19.Стандарт: Жараның үстіне түйінді тігісті қою

Мақсаты: Жарақат бетін тігу

Көрсеткіштері: Таза жарақат беті

Қарсы көрсеткіштері: Іріңді, қатты лас жарақат

Керекті құралдар:

- Залалсыздандырылған лоток

-резеңке қолғап

-таңғыш заттар

-пинцеттер

-ине ұстағыштар

-кескіш инелер

-тігетін заттар

-шприц инесімен

-1% йодонат ерітіндісі

-70% этил спирті

-0,5% новокаин ерітіндісі

Іс- әрекет алгоритімі :

1.Резеңке қолғапты кию

2.Йодонат ерітіндісі сіңірілген салфеткамен пинцет арқылы екі қайтара жарақат бетін тазалап алу

3.Салфеткаға сіңірілген 70% этил спиртімен пинцеттің көмегімен жарақаттың бетін сүрту

4. Бір тәсілмен жергілікті жерді жансыздандыру

5.Ине ұстағышты дайындап, тескіш инені қыстырамыз.

6.Тігіс материалын иненің құлағына

7. Хирургиялық пинцет арқылы бұлшық еттің бір жағын қысып қою

8. Жарақат шетінен 1см қалдырып инені теріге еңгізу

9. Жарақат жанынан ине өткізу

10. Жарақаттың келесі бетінің шетінен 1см қалдырып инені еңгізу

11. Ине ұстағышпен ине ұшын ұстау

12.Ине еңгізу кезінде хирургиялық пинцетпен теріні ұстау

13.Бұлшық еттен инені шығарып жіптен босату

14. 3 рет хирургиялық түйінмен жіп ұшын түю

15.Түйіннен 1см жоғары жіпті қайшымен кесу

16. Түйінді тігісті алдыңғы іс әрекеттегідей ара-қашықтығын 1см қалдырып орындау

17. Тігістің бетін йодонат сіңірілген салфеткамен пинцет көмегімен сүртіп шығу

18. Жарақат бетіне пинцет көмегімен салфетканы қою

19. Сүлгінің бетін таңғыш заттармен таңып байлау.

20. Қолданған құрал жабдықтарды дезеффект ерітіндісіне салып залалсыздандыру

21. Қолғапты шешіп контейнерге тастау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]